Ұлт-аспаптар
бөлімі
Шеберлік
сағат
Шертер сыныбы
оқытушысы: Қалелова Анар
Қалымбекқызы
Қатысатын оқушылар: «Тұмар»
тобы
Серікжан Нарқыз, Калимбек
Айзере, Әділқызы Саяжан
І. Сабақтың
тақырыбы: «Ансамбльмен
жұмыс»
Ойнайтын
шығармасы: 1. Раздық «Аңшының
зары»
2. Байжігіт
«Көксерке
3. Қ.Ахмедьяров
«Қосбасар»
4. Тұран. «Ер-Тұран»
этно
ІІ. Сабақтың
мақсаты:
-
Ансамбль ойынындағы өзіндік
ережелерімен таныс болу, сезіну, бірін – бірі тыңдап
ойнау.
-
Ансамбльде көне аспаптар –
шертер, үш ішекті-қос бұрау домбыра, сазсырнай, даңғара, шаңқобық,
құссайрауық, ортеке аспаптарын пайдалана отырып, оқушылардың ойын
барысында, бірнеше аспапты алмастыра
ойнау.
-
Білімділігі: Оқушылардың ансамбльдің
шығармаларын тыңдай білу қабілетін дамыту және түсініп орындауға
тәрбиелеу. күйдің аңызыдарын
білу.
-
Дамытушылығы: Оқушылардың өнерге деген
сүйіспеншілігін, эстетикалық қызығушылығын арттыру, қиялын
дамыту
-
Тәрбиелігі: Музыкалық шығармалардың
мазмұның эмоциялық сезінуге
тәрбиелеу
ІІІ. Сабақтың
көрнекілігі: Аспаптар - шертер, сазсырнай,
үш ішекті домбыра, ортеке, құссайрауық, шаңқобыз, даңғара, кітап
құралдары.
VI. Сабақтың
барысы:
-
Оқушыларды
таныстыру
-
Уй тапсырмасы. Өткен күйлерді
ойнау
Раздық «Аңшының
зары»,
Байжігіт «Көксерке»,
Қ.Ахмедьяров «Қосбасар». Тұран «Ер-Тұран»
күйін этно ансамбльге
дайындау.
V. Сабақты
қорытындылау:
Оқушылардың білім деңгейіне
сай бағалау
IV. Үйге
тапсырма: Берілген барлық күйлерді
жаттау,
«Ер-Тұранды» техникамен ойнауға
дағдылану.
САБАҚТЫҢ
ТАЛДАУЫ
Тақырыбы: Ансамбльмен
жұмыс
-
Сабақтың
мақсаты: Ансамбль ойынындағы өзіндік
ережелерімен таныс болу, сезіну, бірін – бірі тыңдап
ойнау.
-
Ансамбльде көне аспаптар –
шертер, үш ішекті-қос бұрау домбыра, сазсырнай, даңғара, шаңқобық,
құссайрауық, ортеке аспаптарын пайдалана отырып, оқушылардың ойын
барысында, бірнеше аспапты алмастыра ойнауын
қалыптастыру
Дамытушылық:
Оқушылардың өнерге деген
сүйіспеншілігін, эстетикалық қызығушылығын арттыру, қиялын
дамыту
Білімдік
: Оқушылардың ансамбльдің
шығармаларын тыңдай білу қабілетін дамыту және түсініп отырдауға
тәрбиелеу
Тәрбиелік: Музыкалық шығармалардың
мазмұның эмоциялық сезінуге
тәрбиелеу.
Көрнекілік
құралдар: Аспаптар - шертер, сазсырнай,
үш ішекті домбыра, ортеке, құссайрауық, шаңқобыз, даңғара, кітап
құралдары.
Міндеті: ұжымдық топтарда шығарманы
түсініп, тыңдап ансамбльде ойнауға
баулу.
Ұйымдастыру
барысы
1.Амандасу
2.Бүгінгі сабақтың
ерекшелігі
3.Оқушыларды таныстыру және
бүгінгі сабақтың тақырыбы туралы қысқаша
түсінік
Оқушымен
жұмыс: Ең алдымен орындыққа өз
ережесі бойынша ыңғайлы отыру, аспаптың құлақ күйін келтіріп алу,
аспаптарды дұрыс ұстап отыруы, оң және сол қолдың дұрыс қойылуын
бақылау.
Құрметті біздің сабағымызға
қытысушылар, біз әр баламен жұмыс жасап келемізде, балалардың жас
ерекшеліктеріне емес, қабілетіне, алғырлығына қарай, ансамбль
құрамыз. Сол ансамбльде, олар бірін-бірі тыңдауды, ұжым болып жұмыс
жасауды үйренеді. Мен сіздерге бүгінгі сабағымызға қатысып отырған
оқушыларыммен таныстырып өтейін.
Әділқызы Саяжан, Калимбек
Айзере, Серікжан Нарқыз, және домбыра сыныбы оқушыларынан 3 оқушы
іріктеп алып отырмыз. Бекарыс, Мирас және тағы Бекарыс деген
оқушыларымыз.
Шертер және сазсырнай
аспабында осы оқушылар үлкен топта ансамбль болып ойнап жүрген
оқушылар. Кейде кіші топ оқушыларын үлкен топқа қосып ойнататын
кездер де болады. Енді өз сыныбымнен бөлек домбыра сыныбынан
ансамбльге оқушылар қосып отырмын.
Үй
тапсырмасы: Жалпы оқушының оқу жылында
халық күйлерінен, әндерінен және өңірлік күйлерден тапсырма
береміз. Себебі қанында бар дүниені қабылдау да жаттауы да оңай
болатын болғандықтан, қазақтын әуендерін үйрету арқылы өнер жолына
жетелейміз.
Бүгінгі сабығымызда
Раздықтың «Аңшының
зары» күйін орындап көрейік. Сонымен
қатар, Байжігіт
«Көксерке» және
Қ.Ахмедьяров «Қосбасар» күйін ойнаймыз. Және этно
стильге Тұранның «Ер-Тұран» күйін
талдаймыз.
1.Ең
бірінші Ойнайтынымыз - Раздықтың
«Аңшының зары» күйі
Бұл күйде шертер, үш ішекті
домбыра және сазсырнай аспабын көрсету. Әр аспапты уақытымен
ауыстырып үлгеру, келесі аспапқа қайта ауысу ережелерін
үйрену.
Раздық
Ахметжанұлы - 1905 жылы дүниеге келген. Ол
шертпе күйдің шынайы шебері болатын, күйді ерекше бір шабыт
құшағында отырып шертетін.
Раздық әбден қартайған Шабатай
атты домбрашыны «пір» тұтатын еді. Қолына домбыра алғанда
Шабатайдың атын атамайтын кезі болмайтын. Раздық дүние жинап,
малдың басын құрауға құлқы болмаған, дүниеқор кейбір, ағайындарын
ұнатпайтын. Оның есесіне жалғыз жүйрік аты, қыран бүркіті мен құмай
тазысы болды.
-
Қ.Ахмедьяровтың
«Қосбасар»күйі
Үш ішекті қос-бұрау домбыра
аспабында екі дауыста күйді орындап
көрсету.
Қаршыға
Ахмедиярұлы - Қазақстанның халық артисі,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Парасат" орденінің иегері.
Қаршыға Ахмедиярұлы 1946 жылдың 25 наурызында Атырау облысы,
Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. Өзі күйші, саятшы,
қисса-термелерді төгіп айтатын Ахмедияр ақсақал жанұясында
өнер-ғұмырлық жолмен
тәрбиеленеді.
Қаршыға Ахмедиярұлы- қазақтың
аса бағалы рухани қазынасы саналатын құдыретті күй өнерінің асқан
жүйрік дүлдүлдерінің бірі. Ол- Исатай, Махамбет, Құрманғазы,
Шернияз, Диналардай батырлар мен ақындардың, жыршы-жыраулардың,
біртуар бірегей күйшілердің Отаны болған Атырау өңірінің түлегі.
Күйшілік өнерге деген құштарлығы мен құлшынысы жетелеген ол 1965
жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның домбыра
кафедрасының дайындық курсына түсіп, үлкен өнер жолына бет
бұрады.
Қаршыға Ахмедиярұлы
консерваторияда оқи жүріп, оркестрде қызмет еткен жылдары оркестр
құрамында да жеке орындаушы ретінде шынайы шебер күйші екенін
танытты.
-
Байжігіттің «Көксерке»
күйін орындаймыз
«Көксерке» күйінде - ортекені ойнатуды
көрсету. Күй мен ортекенің үйлесімділігін қалыптастырып, күй
сарынына ортекені бағындыра ойнату.
-
Тұран «Ер-Тұран» /этно
топқа бығыттау сабағы/
Бұл күйде – техникамен жұмыс
жасалады. Оқушыларды этноға қарай бағыттау көзделеді.
Шертершілерге, сазсырнайшы, домбырашылардан оқушы қосып, ұрмалы
аспап қосып күйді әсемдеумен жұмыс
жасалады.
Жарайсындар
балалар!
Өте жақсы Әрдайым осылай
сабаққа дайындықпен келетін болсаңыздар, үлкен жетістіктерге қол
жеткізетініміз аңық.
Балалар , өте жақсы. Бүгінгі
ойындарың көңілімнен шықты. Алдағы уақытта әлі талай шығармаларды
қарайтын боламыз. Дегенмен күйлерді әлі де жаттауымыз керек,
динамикалық белгілерін жасаған уақытта ғана, күй өз нақышында
естілетіні рас.
- Жарайды, ендеше бүгінгі
ансамбльмен жұмысымызды аяқтаймыз.
Келгендеріңізге
рахмет!
Үйде әрдайым дайындыққа уақыт
таба біліңіздер.
Оқушыларға көп
рахмет!
Қортынды: Бүгінгі ашық сабақ берудегі
мақсатым: балаларды ансамбльде ойнатып үйрету болса, сол
ансамбльдің бір күндік дайындығына куә
болдыңыздар.
Жалпы ансамбль дегеніміз, тек
бірін – бірі тыңдап, шығарманы бірдей ойнап, бірдей аяқтау емес,
бір – біріне деген достастығы, бір – біріне үйренуі, бірге
сахналарға шығып, бірге байқауларға баруының өзі үлкен тәрбиелік
рөлге ие.
Ал менің педагогдық ұстанымым,
баланы тек аспапта үйретіп қана қоймай, оны қоғамға қажетті тұлға
ретінде жан-жақты етіп тәрбиелеп,
өсіру.
Осымен сабағымыз
аяқталды.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға
көп-көп рахмет!
Орындаған:
«Шертер және Сазсырнай»
сыныбы оқытушысы: Калелова Анар