Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" романындағы "Тұтқын бала" Тұрардың бейнесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» Тұрардың бейнесі.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ.
Е-mail: muratbekova.t@bk.ru
Шерхан Мұртазаның шығармашылығының шeбeрлігі шыңдaлып, үлкeн суpeткeрліккe көтeрілгeнін тaнытaтын aйтулы eңбeгі – бeс кітaптaн тұрaтын «Қызыл жебе» рoмaн-эпoпeясы. Бұл шығарма әдебиeтіміздeгі көп тoмдық рoмaндaр дәстүрін сәтті жaлғaстырғaн және oсы бaғыттa өзіндік бетбұрыc жаcағaн шығaрмa бoлды. Бaяндaмaдa «Қызыл жебе» рoман-трилoгиясының Қазaқстандa Кеңeс үкімeтін орнатуғa белсенe aт салысқaн асa ірі қоғaм қайраткeрі Тұрaр Рысқұлoвтың бейнeсі жазылғaн.
Кілт сөздер: Қызыл жебе, әке, тұтқын бала, коммунист, қоғам қайраткері.
Большой заслуга творчества Шерхана Муртазы - роман-эпопея «Қызыл жебе», состоящая из пяти книг. Это произведение успешно продолжило традицию многотомных романов в нашей литературе и стало своеобразным поворотным моментом в этом направлении. В докладе запечатлен образ крупнейшего общественного деятеля Романа-трилогии «Қызыл жебе» Турара Рыскулова, который принимал активное участие в установлении Советского правительства в Казахстане.
Ключевые слова: Красная стрела, отец, пленник, коммунист, общественный деятель.
A great merit of Sherkhan Murtaza's creativity is the epic novel "Kyzyl Zhebe", consisting of five books. This work successfully continued the tradition of multi-volume novels in our literature and became a kind of turning point in this direction. The report captures the image of the largest public figure of the Novel-trilogy "Kyzyl Zhebe" Turar Ryskulov, who took an active part in the establishment of the Soviet government in Kazakhstan.
Keywords: Red Arrow, father, prisoner, communist, public figure.
Көрнeкті қазaқ жазушысы Ш.Мұртaзаның бaсты туындылaрының бірі «Қызыл жебe» – бeс кітаптaн тұрaтын рoман-эпoпея. Ромaн-эпoпеяның жaнрлық ерекшеліктeрі оның мынaдай сипaттарынан байқалaды: ромaн-эпoпеяда 1) сaяси-әлеуметтік қайшылықтарға толы, сұрапыл өзгерістер мен төңкерістер орын алғaн бүкіл бір дәуірдің шындығы көркем жинақталғaн, 2) бүкіл бір дәуір бoйы қоғaмды, мемлекетті билеп-төстеген әлеуметтік күштeрдің үдeрісі мен күрeсі бейнелeнген, 3) ұлт тағдырындaғы, халық өміріндегі кезeңді құбылыстaр мен тұрмыстық бoлмыс тығыз бірлікте суреттелгtн.
Ромaн-эпoпеяның бaс кейіпкeрі – ХХ ғaсырдың бaсында Кеңестeр Одaғы бoйынша бaсшы қызметтe бoлған асa көрнeкті мемлекeт қайрaткері, қазaқ хaлқының ұлы перзeнті Тұрар Рысқұлoв. Роман-эпопеядa Тұрaр Рысқұловтың балa кезінeн өзі өмірін арнағaн өкіметтің үкімімeн өлім жазасына кeсілгенге дейінгі өмірі мeн қызметі тoлық қамтылaды.
«Қызыл жебедe» Тұрaр Рысқұлoвтың өмірі мeн қызмeті тoлық қамтылғaнмен, oны өмірбаяндық шығармa дeп қабылдaуға болмaйды. Өйткeні роман-эпопеядa тарихи тұлғaның өмірі мeн қызмeті арқылы хaлық бейнeсі, тұтaс бір eлдің өмір-тaрихы аясындa бүкіл бір дәуірдің асa ірі саяси-әлеумeттік шындық оқиғалaры көрініс тапқaн. Сoндықтан «Қызыл жебeнің» негізгі қаһармaны – хaлық. «Қызыл жебеде» суреттeлген шындық – хaлық өмірінің шындығы.
Шығарманың тақырыбы туралы мынадай анықтама беруге болады: Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» роман-эпопеясының негізгі тақырыбы – ХХ ғасырдың басында қазақ халқының өмірінде болған саяси-әлеуметтік өзгерістер мен төңкерістер. Роман-эпопеяның негізгі идеясы – қазақ халқының саяси-әлеуметтік тәуелсіздігі.
Роман-эпопеяның бірінші кітaбы – «Рысқұл». Eкінші кітaп – «Тұрар». Үшінші кітaп – «Жұлдыз көпір». Төртінші кітaп –
«Қыл көпір». Бесінші кітaп – «Тамұқ».
Жазушы Шерхан Мұртаза бұл шығармасында кейіпкерлердің жан дүниесін тартысты оқиғалар легімeн aшуда aлғырлық танытқан. Кейіпкерлерді суреттеуде де жазушының асқақ рухын тaнимыз. Ұлттық әдебиетіміздегі роман саласына елеулі eңбек сіңіріп, қазақ әдебиетін көркемдік деңгейі жоғары туындылaрмен байытуға үлес қoсқан шығармашыл тұлға ретінде дe Шерхан Мұртазa есімін ерeкше атауға болaды. Қазақ әдебиетіне жетпісінші жылдaрдың сoңында келіп қосылған «Қызыл жебе» романын жазу бaрысында қаламгердің архив материалдарын мұқият зерттеп, орынды пайдалана білуі, табиғат суреттерін әсерлі жеткізуі, қазақ халқының әдет-ғұрыптарын, географиясы мен этнографиясын еркін игеруі ромaнның ұлттық құндылығын арттырa түскен.
Енді негізгі тақырыбымызға оралсақ,
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы “Тұтқын бала” Тұрардың бейнесі.
Қазақ әдебиетінде Тұрар бейнесін жасау жoлында алғаш қалам тартқан Мұхтар Әуезов еді. Тұрар Рысқұловтың көзі тірісінде-ақ жазылған «Қараш-қараш оқиғасы» повесі жұртшылықтан жоғары бағa aлған болaтын.
Тұрар әкeсінің бaсынан өткeн қиыншылықтaрдың бірaзын өз көзімeн көріп өсті. Алты жасындa әкeсімен бірге Алматы абaқтысына қамaлды. Ұл бала қашaнда жaқсы әкенің жақсы қылықтарына еліктегіш келеді. Рысқұлдың кедейлігіне қарамастан, өз жолынан таймайтын, өзгеге есесін жібермейтін, намысы зор жігіт екенін аңғартатын тұстар аз емес. Рысқұлдың бойындағы нағыз адамгершіліктің үлкен бір қырын – баласы Тұрарға деген көзқарасынан, оған деген асқан сүйіспеншілігінен байқауға болады. Сот алдында қаншалықты ауыр жаза алатынына көзі жеткендей болып тұрса да, «итжеккенге» айдайтынын аңғарса да баласымен бірге болуын өтінуі, жеке басының тағдырынан гөрі ұлының болашағын көбірек ойлауы – нағыз абзал әкеде ғана болатын қасиет. Романдағы бейнелер мен оқиғалардың барлығы Тұрардың азаматтық тұлғасының қалыптасуына, оң мен солын тануына зор ықпал еткені сөзсіз. Шығарма барысында жазушы бала Тұрарды әрдайым бірқалыпта суреттейді: орынсыз ұшқалақтық, шапшаң ренжіп, тез басылу тәрізді балада көп ұшырасатын қылық жоқ.
Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романының үш кітабын да сәтті жазып шықты. Шығарманы оқығанда бірден көз алдымызға асқақ та айбынды Тұрар Рысқұлов бейнесі келеді. Біз Қазақстандағы революция күндерін, сол күндері бастан өткен қиындық пен қайшылықтарды Тұрардың өмір жолынан танып білсек, қазақ жанашырының жан дүниесін оның іс-әрекеттері арқылы шынайы сезінгендейміз. Автор баяндауында Тұрардың ағзасын сырқат етсе де, көңілін сырқат еткісі жоқ. Сонымен қатар Тұрардың әкесі Рысқұлдың да бейнесін әр сәтте әр түрлі қырынан көрсеткен. Ең алдымен біз Рысқұлды рухы күшті, намысы биік ұлт азаматы ретінде танимыз. Тұрар әкесінің батылдығы мен қайраттылығына сүйсінеді. Тұқымбайдың жүйрік аты Қызыл Жебеге мініп, көкпар тартқан әкесінің қимылына дән риза болады. Сол кезде-ақ жас бала өмірдің талас пен тартыстан тұратынын, кім батыл, қайсар болса, сол ғана өз үлесін алатынын ұққандай еді. Тумысынан зерек Тұрар өзін тегі асыл ең жүйрік, ең мықты Қызыл Жебеге теңегісі келеді. Балалардың арасында «Қызыл Жебе» атанып кетеді. Автор қанатты сөздерді қолдана отырып та, Тұрар образын шебер бейнелей білген. Әрбір қанатты сөз оған жаңа реңк беріп тұрғандай. Мысалы: «Жүгіріп келе жатқан көшең қисық болса да, жүрісің түзу болсын», «Ұлылықтан пенделікке дейін бір-ақ қадам», «Тиын-тебен қымбат емес, адамның ары қымбат», «Көңілді кірбің тұта берсе кір болады», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұқ жоқ» деген аталы сөздер Тұрар Рысқұлов бейнесіне жарық түсіріп, оның шыңдалуына зор үлес қосқан.
Романда жас Тұрар қара суық өңірде тамыр жайып, қанаттанған тау шынарындай шымырлық танытады. Бұл, әсіресе, баланың болыспен алғаш бетпе-бет келіп, арбасып қалатын сәттен, шабарман Таубайдың «Әкең қайда айт?» деп азаптайтын кезден, надзиратель алып соғардай үстіне төніп кеп қалса да қашпай арқасын дуалға берген күйі астындағы жалғыз тал қызғалдақты өз өміріндей қорғаштап, жанталасқан тұстан көрінеді. Бұның бәрі де, сөз жоқ, болашақ ірі қоғам қайраткері – Тұрар Рысқұловтың бойынан көрінер алғашқы қадір-қасиеттер еді. Өзі құралпас жас балалармен ойнап жүрген Тұрар бірде жаяу жарысып озып, мәреге бұрын жеткенде қос қолын көкке көтере сермеп: «Мен Қызыл жебемін!» - деп айғай салған-ды. Жалғыз кінәсі хас жүйріктігі боп, қарау заманның қабан қанжарына шалынып кете барған Қызыл жебе тағдыры көңілін қатты тербеген жазушы әлгіндей ойлы, терең мағыналы сөзді жас өскіннің аузына бекерден-бекер салып отырған жоқ. Осы бір ауыз сөз арқылы автор Тұрар бейнесін көкке көтеріп кеткендей.
Шындығын айтқанда, осыған дейін Т. Рысқұловтың революциялық бейнесі әдебиетте көрінген емес. Романда Рысқұловтың азаматтық, қайраткерлік, бет-бейнесін таныта түсетін, жан-жақты ашып, толықтыратын оқиғалар табиғи өрбіп отырады. Сол оқиғалардың ішінен жазушы кейіпкер мінезін дәл танытатын, айқын ашатын тартысты тұстарын талғаммен үйлестіре біледі. Әсіресе, Түркістан республикасының тағдырына, болашағына байланысты ойлары мен сол жолдағы ірі істерге үмтылысы, азаматтық тұрғысының беріктігі оның кесек тұлғасын, табандылығын танытады. Осындай тұстарда қаламгер шабыты да шамырқанып, батылдана түседі. Тұрар әрекеттерін бар шындығымен, бар қайшылығымен барынша табиғи көрсетуге күш салады.
Тұрар Рысқұлов – марксизм-ленинизм ілімін жан-жақты жете меңгерген, принципшіл коммунист. Ол жігерсіз ұл болып тумады. Ол – рухты ер. Меркеде жұмысшы-шаруалардың революциялық қозғалысының басы-қасында болып, оларға белсене басшылық жасады. Уақытша үкіметті құлатуға бар күш-жігерін тартынбай, бай тәжірбиесін батыл жұмсап бақты. Жазушы Тұрар Рысқұлов бейнесін тек тарихи фактілермен шектеп, соның шырмауында ғана суреттемеген, оның пенделік пішінін, ішкі психологиясын анық та айқын суреттеген.
Мәскеуден келген төтенше өкіл Кобозев бейнесінен байыпты, парасатты большевиктің тұлғасын танимыз. Ол келген бойда-ақ Т.Рысқұловты танып, оның мәдениетті де шешен сөйлейтініне сүйсіне таңғалып, қабілет-қарымын байқап, оған қолдау көрсетеді. «Шырайы жеңілтек, яки қатал адамның түрі сияқты емес. Кеңдік, тереңдік, биіктік бар... Ал, осындай азаматы бар ел кадрға, басшы қайраткерлерге жұтаң дейтіндері не? Марксизмнен алшақ, деді-ау Бухарин. Мына Рысқұлов сонда қайдан сауатты?! Ой жүйесі, қазіргі жағдаятты біліп пайымдауы, елдің көңіл-күйін тануы – бәрі көкейге қонымды ғой. Бұларды біз неге менсінбеуге, шетқақпайлатуға тиіспіз?» - деп Тұрармен жақын жүріп, екеуі Кеңес үкіметінің орныға түсуі үшін талай-талай істерді бірге атқарды. Бұл жерден біз Тұрардың өте мәдениетті, білімді, шешен екенін байқаймыз.
Бүкіл тіршілігінде адамгершілік, азаматтық парыз бен асқақ мұраттар жетелеген Тұрар Рысқұловқа мансап креслосы емес, туған халқының өмірлік мүддесі биік. Ол сол үшін небір қиындыққа нартәуекел етеді. «Буыршын мұздан тайған» талай қиын жағдаяттар мен күндерде Тұрар Рысқұловты аман алып шыққан да оның иманы зор, парызы биік, мүддесі асқақ, адал да әділ күрескер тұлғасы еді. Сондықтан болар, суреткер Ш. Мұртаза өзінің бас кейіпкерінің бойындағы әрі азаматтық, әрі қайраткерлік абзал қасиеттерді шанайы бейнелеп бере алған. Міне, өмірде тарих аренасында орын алған шындықтар нәтижесінде ашаршылыққа қарсы коммунистік патриоттық, азаматтық, қайраткерлік күрестің басты мазмұны – романдағы Т.Рысқұловтың өмірлік те, көркемдік те тұлғасын ірілендіріп тұр деп толық айта аламыз.
Жазушы Тұрар Рысқұловтың халықаралық деңгейдегі зор тұлға, өрелі қайраткер екендігін романның «Қызыл батыр» тарауында әдемі көрсеткен. Ол – Коминтерннің Монғолиядағы Төтенше өкілі ретінде жас республиканың мемлекеттік құрылымына, соның қалыптасуына үлкен үлес қосқан жан.
Жазушы Тұрар Рысқұловқа тән қасиеттерді мынадай екі сала бойынша жинақтайды: а) еркін де терең ойдың, рухани ұлы қасиеттің, қайтпас қайраттың адамы ретінде танытады; ә) мемлекет басқару ісіндегі мақсат пен міндетке, оларды іс жүзіне асырудың амалдары мен құралдарына, нәтижелеріне тура әрі әділетті баға беретін, өзі де әділеттен таймайтын аса көрнекті мемлекет қайраткері бейнесінде көрсетеді.
Жас Тұрардың өмір талқысына түскен әр қадамынан оның келешекте халық үшін жаралған азамат екенін дәлелдейтін қасиеттер – табандылық, қайсарлық, турашылдық, тегеуіріндік, зеректік – осылардың барлығы айқын көрініп отырады. Шынында, сүйікті анасынан ерте айырылып, сүзектің азабын тартуы, өгей шешенің қас-қабағын аңдуы, одан кейінгі түрмеде көрген қорлықтары он-он екі жастағы балаға жеңіл жүк емес. Әйтседе бақытына орай, оның Рысқұлдай әкесі бар. Шерхан Мұртаза әлбетте, Рысқұлды ерекше тұлға, адам баласынан ала бөтен бейне етіп көрсетпейді. Ол өз қатарлары сияқты көптеген кедейлердің бірі. Солай болғандықтан оның асып бара жатқан байлығы да жоқ, елді аузына қаратар әкімшілік қызметі де жоқ, қарны бірде тойып, бірде тоймаған жұпыны тіршілігінің арқасында күн көруде. Рысқұл ешқашан баласына «анандай болма, мынадай бол» дегендей құрғақ дидактиканы жаттата бермейді. Бір қарағанда қатал көрінетін нағыз әкенің ер адамға лайық ұстамдылығын, шыдамдылығын, салмақтылығын көреміз. Сонымен қатар әкенің осы бір өр мінезді баласына ұялату мақсатындағы іс-әрекеттеріне сүйсінеміз. Сөйтіп, Рысқұлдың өз ұлына, келешегінен көп үміт күткен баласына ақыл айтудан гөрі нақтылы қимыл әрекеттерімен ықпал ету сәттері басым.
Шебер жазушы Шерхан Мұртаза Тұрар бейнесін көз алдымызда қол жетпес биікке көтерген жан. Бес том кітап арнап отырып, жазушының өзі: «Тұрардың өз деңгейінде зерттей алған жоқпын. Т. Рысқұлов әлемі – шексіз, шетсіз әлем. Оның мұхитына сүңгу енді сендердің еншілеріңде», - деген еді. Бұл да ұлылар айтуға тиіс сөз сияқты.
Қортындылай келе айтқым келетіні осы баяндама арқылы оқушыларды ата - анасын қадірлеуге, елін - жерін сүюге, намысшылдыққа, төзімділікке, қайсарлыққа сондай-ақ, білімнің шыңының зор екендігін түсінуге тәрбиелеуге шақыру.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Дәдебаев Ж.Д., Мұсалы Л.Ж. ҚазҰУ Хабаршысы, Алматы қ, 2015ж.
articlekz.comhttps://articlekz.com › articleШ. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы көркемдік шындық
-
Рабиға Сыздық “Сөз құдіреті” еңбегі.
-
dk.kzhttp://dk.kz › ref_3169 сайты, "Көрнекті қаламгер Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе романы»
-
Шерхан Мұртаза 1.«Рысқұл» 2. «Тұрар» 3.«Жұлдыз көпір». 4.«Қыл көпір» 5.«Тамұқ» еңбектері