Материалдар / "Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шешендік сөздердің тәрбиелік мәнінің адамдар өміріне пайдасын анықтау, қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар салаларын зерттеу және шешендік сөздердің нұсқаларын біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысуы өзектілігін көтеру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
7341
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі МДШО» кмм













Тақырыбы: «Шешендік сөздердің

тәрбиелік мәні»







Орындаған: Кыркынбаева Диана 10 сынып оқушысы

Жетекшісі: Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Ташенова Болган















2017-2018 оқу жылы

Мекеме : Алматы облысы,Қарасай ауданы,Қырғауылды ауылы


«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі МДШО»

коммунадық мемлекеттік мекемесі



Жұмыс тақырыбы : «Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні»

Орындаушы : Кыркынбаева Диана

«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі МДШО»

коммунадық мемлекеттік мекемесі

10 «А»сынып оқушысы



Жетекшісі : «Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ташенова Болган Таргиновна





















Аннотация



Мақсаты : Шешендік сөздердің тәрбиелік мәнінің адамдар өміріне пайдасын анықтау



Зерттеудің міндеті : Шешендік сөздердің қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар салаларын зерттеу



Тақырыптың өзектілігі : Шешендік сөздердің нұсқаларын біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысуы.































Мазмұны

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2.1 Шешендік сөздердің түрлері

2.2 Шешендік сөздердің қолданылуы

III. Қорытынды



Қолданылған әдебиеттер































Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Академик В.В.Радлов(XIX ғ.): "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.   

           Шешендік сөздерді оқып-үйрену - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені тіл тазалығын сақтау, ана тілін сүю, шебер сөйлеуге машықтану, көпшілік алдында сөйлей білу, өз ойын жеткізе алу халық өнерінен білім алумен тікелей байланысты деп ойлаймын.

Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер мойнына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз ортасында құнды.Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз.Төменде түсінікке тоқталып кеткім келеді. 

«Шешен» сөзі қазақ тілінде ертеден қолданып келеді. Бұл сөздің мағынасы данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. 

«Шешен» сөзі қазақ тілінде «сөзшең», «айтқыш», «тапқыр», «суырыпсалма», «ділмар», «қызық тілге жүйрік» дейтін сөздермен қатар қолданыла береді. «Шешен» сөзін халықаралық терминмен атасақ, «оратор» деген сөз. Дальдің түсіндірме сөздігінде «оратор» - краснослов (қызыл сөз), речистый человек (сөзшең адам), мастер говорить (сөйлеудің шебері). Осының бәрінде де шешен (оратор) әсерлі, әдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді. Қазіргі тіл білімінде «шешен» деген сөз көп мағыналы:

1.  Шешендік өнермен айналысатын адам;

2.  Көпшілік алдында сөйлейтін адам;

3. Қызыл тілді меңгерген, шешен сөйлеуге қабілетті адам.

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер ақындық секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр. 

Шешендік дегеніміз – белгілі бір оқиғаға байланысты айтылған және жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар.

Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.

Шешендік өнер айтыс-тартыста дамиды. Ердің құны, елдің тағдыры талқыланатын парламент сарайлары мен сот залдары шешендік өнердің ежелгі мектебі болған. Дүние жүзіне әйгілі шешендердің көпшілігі парламенттік қайраткерлер мен заң қызметкерлерінен шығатындығы кездейсоқ емес. Атап айтсақ, ежелгі афина шешені Демосфен мен Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент мүшелері, басшылары болған. Ал ХІХ-ХХ ғасырдағы орыс шешендері А.И.Урусов пен Ф.Н.Плевако заң қызметкерлерінен шыққан. 

Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. Сондай –ақ, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билердің жарқын бейнелерін әлі де қазақ даласындағы айтулы шешен-билер есімімен толықтыра, молықтыра айтуға болады. 

Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің жеке саласы ретінде қарастырған бұл тұстағы зерттеулер А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Сейфуллин есімдерімен тығыз байланысты.

Бұл тұстағы шешендік сөздердің функционалдық сипатын жазған, Ш. Уәлиханов еңбектеріндегі ой сарабын тереңдеткен, дамытқан ғалым Халел Досмұхамедов. “Қазақ халық әдебиеті” атты зерттеуінде Х. Досмұхамедов халық әдебиетін қырық алты түрге жіктей отырып, соның бір үлгісіне, жанрлық түрге “Билік сөз” деп шешендік сөздерді жатқызады. “Әртүрлі сот істері кезіндегі билердің тамаша үкім сөздері, екі жақтың ұтымды даулары мен тапқыр жауаптары, әдетте, ұйқасты мәтел не өлең түрінде айтылады

Шешендік сөздер мазмұнына қарай үшке бөлінеді: 1) шешендік арнау; 2) шешендік толғау; 3) шешендік дау.

Шешендік арнауға шешендік бата, тілек сөз, көңіл айту сөзі, ақыл-насихат сөздер жатады

Шешендік толғаудың бір түрі – ақыл-кеңес, тәлім-тәрбиеге бағытталған шешендік нақыл. Шешендік нақылға Малайсарының: «Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең, ауылыңда ақылгөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең» деген сөзі жатады.

Шешендік дау мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар дауы болып бөлінген.

Шешендік сөздер – құнды мұра, асыл қазына.Төле би. Қазыбек би. 

Әйтеке би.

Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.

Қазақ шешендік өнері- атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.“Өнер алды – қызыл тіл” деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз. 

Шешендік сөз – адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі.Шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді оқу бала тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады.

Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер.

Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау: 

...Көш бастау қиын емес – 

Қонатын жерде су бар. 

Қол бастау қиын емес – 

Шабатын жерде жау бар. 

Шаршы топта сөз бастау қиын – 

Шешімін таппас дау бар, –

 деп дұрыс аңғартады.

Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз деп жатады менде зерттеуші ғалым ағалар сөзіне қосыламын

. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.

Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздері шартты түрде үшке бөлінеді: 

шешендік толғау

шешендік арнау

шешендік дау 

Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. 

Шешендік сөздер үш түрлі болады: 

кеңесу 

билік 

салтанатты сөз

Ал құрылысы жағынан да үш бөлімнен тұрады.

1. Кіріспе

2. баяндау 

3. қорытынды

Халық шығармаларының қайсысын алсақ та алдымен оны жеке адамдар 

Шығарғанын аңғарамыз. Одан кейін оныбіреуден біреу естіп, жатқа айтып, жаңғыртады, өңдейді, өзгертеді. Ақырында әлеуметтік мәні, әдеби құны бар әрбір шығарма сынала сырлана келіп, белгілі бір халықтың тұрмыс-салтына, тіршілік тілегіне, ұғым-сеніміне үйлесіп қалыптасады да, бүкіл халықтық мұраға, ортақ  рухани қазынаға айналады. Алайда кейіпкерсіз, оқиғасыз шығарма болмайды. Өйткені адамсыз жерде әлеуметтік өмір жоқ. Ал әдеби шығарма дегеніміз өмірдің сәулесі. Сондықтан халық шығармасы да адамсыз, кейіпкерсіз жасалмайды. Әдетте ауыз әдебиетіне тарихи қайраткер белгілі бір оқиғаға қаһарман етіп алынады немесе әр түрлі оқиға белгілі бір қайраткердің төңірегінде топталады. Мысалы, Алдар көсе, Қожанасыр, Жиренше, Қарашаш – сондай жиынтық образдар. 

Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр. Шешендік сөздер қазақ халқының даналық үлгісі болып табылады. Шешендік сөздер тарихы бірнеше кезеңге бөлінеді:

1. ХІІ – ХІІІ ғасыр – Майқы би, Аяз би.

2. ХІV – ХV ғасыр – Асан қайғы, Жиренше шешен.

3. ХVІ – ХVІІІ ғасыр – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Қазақ шешендік өнері Майқы би мен Аяз биден басталады. Халық арасында «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген нақыл сөз содан қалған. Шешендер – «ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін», жауласқан елдің арасына бітім айтатын даналық сөздің иелері.

Бөлтірік шешеннің айтуынша, тәтті де, ащы да сөз болған. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау да ерекше айтып кеткен.



Оның мынадай талаптары бар:

- Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында ауызша айтылған сөз болу керек.

- Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет.

- Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі. 

Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірте-бірте жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін. Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп, қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.

Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып, қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды түр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді. Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген. Мыңдаған, жүздеген жыл өтсе де, Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ ана, Гауһар, Ақбикеш, Айбике аналардың, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынбай батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады. Шаршы топта сөз бастау қиын: Тауып айтсаң, мереке қылады, таппай айтсаң, келеке қылады. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз.

Біз – шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда", - дейді дана халқымыз. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шығарған қазақтың өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десек, нағыз бағасын бергеніміз. Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керек-ті.

Шешендік нақылдар мен толғаулар - ата-бабаларымыздың тіл маржаны, ақыл ойдың дариясы, қасиетті ата-бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлы өсиеті. Ана тілімізді меңгерем, оның астарлы сырларына үңілем, шешендік өнерден тәлім алам деушілер көп.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік қасиеттерін көрсететін жанр.
Шешендік дегеніміз – белгілі бір оқиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап елге тараған белгілі, үлгілі ойлар, тұжырымдар. Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмаған. Бізге тек ұзын ырғасы, желісі жеткен.
Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зерттеушілердің бірі – М.Әуезов.
Шешендік сөздерді жинау, зерттеу ісіне үлкен үлес қосқан адамдардың бірі – Сәкен Сейфуллин.
Шешендік сөзде халықтың бастан кешірген оқиғалары, ақыл-ойы, арман-тілегі бейнеленеді, дүниеге көзқарасы көрінеді.

Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі керек.

  • Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында ауызша айтылған сөз болу.

  • Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет.

  • Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сөз дәстүрінің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы, кеңіген сайын арта түсуде. Жиналыс, мәжіліс, құрылтайларда, пікірсайыс жиындарда, семинар, симпозиумдарда шешендік өнер өте қажет.

Қазіргі замандағы шешендік сөздердің түрлері бұл сөздердің жанрына (мазмұнына) қарай негізінен былайша ажыратылады.

  • Әлеуметтік -саяси тақырыптағы шешендік сөздер, бұларға осы тақырыптарға жасалған баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференциядаайтылатын сөздер, хабарламалар, баяндамалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.

  • Академиялық шешендік, бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама, шолуларқұрайды.

  • Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сөзі, айыпкердің қорғану сөзі кіреді.

  • Әлеуметтік тұрмыста жұмсалатын шешендікті мерей-тойларда, салтанатты дастарқан басында айтылатын сөздердің » шешендік сөз» деген мәртебеге ие болу үшін оған қойылатын талаптардың бірі — оның ішінде көркем, әсерлі болуы. Ал көркемдік жалпы тілде, оның ішінде көркем әдебиетте, поэзияда жұмсалатын көріктеу құралдары мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, билер аузынан шыққан шешендік үлгілерде дәл өлеңдегідей өлшемді, жүйелі болғанымен, ұйқасырғақ сияқты поэтикалық элементтер қатысады. Бұрынғы шешендік сөздерге тілге демеу, ойға дәлел ретінде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, бүгінгі шешендердің аузынан шыққан сөздерде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, бүгінгі шешендердің аузынан шыққан сөздерде мақал-мәтелдермен қатар, өзгелерден келтірілген сілтемелер орын алады. Сондай-ақ шешендік сұраулар да, ықшамдау тәсілімен келген сөйлемде де шешендік сөздерге эмоциялық реңк беріп, оның экспрессиясын күшейтеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!