Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
-Қимыл-қозғалыс кезінде топ болып,қауіпсіз жұмыс жасау, жүру,жүгіру жаттығуларын орындай алады; -Жаттығуларды орындау кезінде аяқ-қолдың жұмысын, жаттығудың жасау әдісін біледі; -Қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім:

Гимнастикалық элементтер және оның түрлері


Мектеп: Теректі ауданы, Аңқаты ЖОББМ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жумагалиев М.Е.


Сыныбы: 8

Қатысқан оқушы саны:18

Қатыспағаны:0

Сабақтың тақырыбы:

Снарядтағы гимнастикалық жаттығулар жиынтығы.

Меңгеру мақсаттары:

8.1.4.1­ қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра білу.

Сабақ мақсаттары:

-Қимыл-қозғалыс кезінде топ болып,қауіпсіз жұмыс жасау, жүру,жүгіру жаттығуларын орындай алады;

-Жаттығуларды орындау кезінде аяқ-қолдың жұмысын, жаттығудың жасау әдісін біледі;

-Қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра біледі.

Жетістік критерийлері:

- Жаттығуларды орындау кезіндегі ағзада (жүрек соғысы, тыныс алу) -болатын өзгерістерді айтады.

- Жаттығуларды орындау кезіндегі қиындықтар мен тәуекелдерді атайды.


Дескрипторлар

Білім алушы:

  • Қимыл-қозғалыс кезінде топ болып,қауіпсіз жұмыс жасау, жүру,жүгіру жаттығуларын орындай алады.

  • Жаттығуларды орындау кезінде аяқ-қолдың жұмысын, жаттығудың жасау әдісін біледі.

  • Қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра біледі.

Тілдік мақсаттар: Оқушыларға

арналған ғылыми /академиялық

тілде жазылған.

Пәнді меңгеруге көмектесу үшін, ойын техникасына қатысты сөз тіркестерін түсініп, сабақта қолдану үшін төмендегідей сөз тіркестерінің анықтамаларын сабақ кезінде жеткізу.

Гимнастикалық жаттығулар – гимнастические упражнения – gymnastic exercises, гимнастикалық орындық – гимнастическая скамья – gymnastic bench, төсеніштер – матрасы – matrasses.

Құндылықтарды дарыту:

Осы сабақта кіріктірілген оқу бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту арқылы іс-әрекеттерді сипаттау.

Пән аралық байланыс:

Математика, алғашқы әскери дайындық, анатомия.

Бастапқы білім:

Оқушыларда алдыңғы сабақтардан, сондай-ақ сабақтан тыс әрекет мәліметінінде алынған командалардағы өзара әрекеттесу тәжірибесі бар.

САБАҚ БАРЫСЫ.

Сабақ кезендері:

Уақыт

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Құрал жабдықтар

Сабақтың басы:


Сапқа тұру, бір түзудің бойымен тіктелу. Сәлемдесу. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жетістік өлшемдерімен таныстыру, қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін тексеру

Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік.

Спорттық киіміне назар аудару.


Сабақтың ортасы:

10-15мин











5-7мин



2-3рет






2-3рет








5-7мин




2-3рет








2-3рет









5-7мин




2-3рет





2-3рет







2-3рет


5мин










Саптық жаттығулар : оңға, солға,артқа бұрылулар, адымдау.

1.      Қолды жоғарыға көтеріп, аяқтың ұшымен  жүру

2.      Қолды белге қойып, өкшемен жүру

3.      Қолды белге қойып, аяқтың сыртқы қырымен жүру

4.      Аяқтың ішкі жағымен жүру.

      Жеңіл жүгіру.


 Қозғалыстағы жаттығулар :

1.  Оң қырымен және сол қырымен иықты

2.   Қолды алдыға созып, тізені жоғары

көтеріп жүгіру.

3.  Қолды артқа қойып, аяқты артқа

лақтыра жүгіру.

4.  Қолды аяқтың сыртқы қырына тигізе

отырып жүгіру.

5.      Қолды желкеге қойып, аяқты алға

лақтыра жүгіру

6.  Артқа қарап жүгіру.

7.  Жылдам шапшаңдықпен жүгіру

 

Бір орнында жасалатын

жаттығулар :     

  1. 1. Екі қолды белге қойып, басты оңға және

солға айналдыру.

  1. 2. Қолды иыққа қойып,иықты айналдыру.

3.     Қол кеуде тұсында. «1-2» қысқа,

 «3- 4»  толық ашып сермеу.

  1. 4. Қолды қайшылау.

  2. 5. Қолды алдыға, жоғары, жаңға көтеру және бастапқы қалыпқа келу.

  1. 6. Оң қол жоғары көтерілген, сол қол белде. Екі жанына кезектесіп иілу.

  2. 7.Екі қол белде «1-2» алға иілу, «3-4» артқа иілу.

8.    Екі қол белде «1-2» оңға бұрылу,     «3-4» солға бұрылу.

  1. 9. Қолды алдыға созып, орнында

отырып – тұру.


-   Топқа бөлу :

1   топ : Гимнастикалық   орындықта жасалатын жаттығулар :

 

-  Гимнастикалық орындықтың алдында бір қатарға сапталу.

-  Мұғалімнің белгісі бойынша жаттығуларды бастау.

-  Екі қолды екі жанға созып,басты тік ұстап орындықтың соңына және кері бағытта жүріп өту.

-  Кітапты басқа қойып, екі қолды екі жанға созып кітапты түсірмей орындықтың соңына дейін жүріп өту.

 

2  топ : Гимнастикалық   төсеніштерде жасалатын жаттығулар :

 

- Гимнастикалық төсеніштердің алдында бір қатарға сапталу.

-  Мұғалімнің белгісі бойынша жаттығуларды бастау.

-  Төсеніштің алдына келіп, тізені бүгіп, оны қолмен ұстай   отырып алдыға қарай баспен аунап түсу;

-  Төсенішке келіп атып,қолмен жамбасты тірей отырып   жауырынға тұру. Аяқ ұштарын жерге дейін тигізу.

  

3  топ : Гимнастикалық   сатыда орындалатын жаттығулар:

 

- Гимнастикалық сатының алдында бір қатарға сапталу.

-  Мұғалімнің белгісі бойынша жаттығуларды бастау.

- Белгі берілгеннен кейін  сатыға жоғарыға шығып,  қолды ең жоғарғы таяқшасына

 қолды тигізіп төмен қарай түсу.

- Сатыға  асылып аяқты тізе  тұстап бүге кеудеге дейін жеткізу.

- Сатыға асылып тұрып, аяқтың ұштарын қосып аяқты 45 градусқа көтеру.

 

«Уакыт» белгісі берілгенде сапталып оқу орындарын ауыстыру.

 

Сапта жүріп тыныс алу жаттығуларын орындату.




Жаттығулардың

дұрыс орындалуын

бақылау.




Түзу жүруін қадағалау.

Ара – қашықтықты сақтау.

 

 













Жаттығулардың жасалу реттілігі мен тәртібін көрсету және дұрыс орындалуын қадағалау.















Қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуын талап ету.



Гимнастикалық орындықта басына кітап қойып жүру қалпы.

 



Сапты бұзбау, алдыңғы білімгердің жаттығуды толық аяқтауын күту.

Төсеніште алға қарай аунап түсу қалпы.

 

Сапты бұзбау, алдыңғы білімгердің жаттығуды толық аяқтауын күту.



Сатыда орындалатын Жаттығулар қалпы: тізені көтеру және аяқты 45 градуска көтеру.







Сапты бұзбау,алдыңғы білімгердің жаттығуды толық аяқтауын күту

Сабақтың соңы:


Сабақ соңында мұғалім оқушылардың осы сабақ кезінде не үйренгендерін және қандай қозғалыстың қиын немесе жеңіл болғанын сұрайды. Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Ауызша сұхбат

Саралау:

  • Қабілеті жоғары оқушылар қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра біледі.

  • Қабілеті орташа оқушылар орындай алады қимыл-қозғалыс кезінде топ болып, қауіпсіз жұмыс жасау,жүру,жүгіру жаттығуларын

  • Қабілеті төмен оқушыларға төменгі гимнастикалық жаттығуының қауіпсіздік техникасын түсініп орындайды.


Бағалау: Оқушылар берілген тапсырмаға сай жұмыстануына байланысты және жоғарыда көрсетілген критерийлерге байланысты бағаланады. Сабақ кезінде визуалды бақылау арқылы және сабақ соңында сұрақ-жауап арқылы бағаланады.


Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Сабақ бойынша рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім ?

- нені толық орындай алмаймын?

-қандай дескрипторды орындай алмадым ?




Сабақтың жақсы екі аспектісі(оқытуға,үйренуге қатысты.)



2)




Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту және үйрену)

1)



2)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
9246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі