Материалдар / Сөз басы. Ертегі. Шыншыл ертегілер

Сөз басы. Ертегі. Шыншыл ертегілер

Материал туралы қысқаша түсінік
6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2024
161
1 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Туған жерім -аялы алтын бесігім

Педагогтің аты-жөні:

Көрпебаева А.

Күні:

3.09.24ж.

Сыныбы:6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сөз басы. Ертегі шыншыл ертегілер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:

Сиқырлы айналу. Жылулық шеңбері.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Балалар үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдап,әуенге сай билейді.Мұғалім қолына «сиқырлы таяқшаны » алып,әр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне айналдырады.

Балалар бір-біріне ертегі кейіпкерлері атынан тілектер айтады: « Мен -бауырсақпын,сендердің бір-біріңе ыстық ықылас танытып,құрметтей жүрулеріңе тілектеспін.......Мен-Қар ханшайымымын,сендерге қайырымды,сыпайы болуды тілеймін....» т.с.с.


Тиімділігі:оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа білім



Білу және түсіну


Ертегілер әнін аяғына дейін тыңдату. Тыңдаған ән туралы ойларын сұрау.

1.Бұл ән не туралы деп ойлайсыңдар?

2.Бұл әннің біздің сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

3. Ертегілер туралы не білесіңдер?


Дескриптор

1 Сұрақтарға дұрыс жауап береді

2.Өз ойын еркін жеткізе алады

«Жарайсың!»деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

.


Қолдану.

Берілетін тапсырмалар:

І тапсырма


Шыншыл ертегілердің қиял-ғажайып және хайуанаттар жайлы ерт егілерден айырмашылығы – мұндағы оқиғалар өмірлік талас-тартыстардан туып, шындыққа жақындау болып келеді. Шыншыл ертегілердің мынадай негізгі түрлері бар:

  1. салт ертегілер;

  2. күлдіргі ертегілер;

  3. аңыз-ертегілер;

  4. күй аңызы

Топтарға ертегі түрлерімен танысуға тапсырмалар беріледі. Топтағы оқушылар топта оқып талдайды.

Оқылған мәтін бойынша кластер толтырады.



Дескриптор:

-Шығарманың тақырыбын ,идеясын табады;

- Тәрбиелік мәнін анықтайды

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК

Сабақтың соңы

Бекіту

«Қобдишадағы тапсырма»











Кестемен жұмыс


Сабақты бекіту үшін оқушылар ертегімен жұмыс жасайды.

Әр топқа ертегілер үлестіріледі.

І топ. «Қарттың ұлына өсиеті» ертегісі. Ертегіні оқып суретті ретімен орналастыру.


ІІ топ. «Еріншек етікші» ертегісін оқып түсініп ертегінің желісі бойынша ертегіден үзінді қойылым жасайды.


ІІІ топ. «Жиренше мен Алдар көсе» ертегісін оқып ертегі үзіндісінен қойылым жасайды.


3 топ тапсырманы орындап болған соң кестеге өздері оқыған ертегідегі әлеуметтік- қоғамдық мәселені анықтайды


Үзінді

Көтерілген мәселе




  • әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру



Үй тапсырмасы

Өз бетінше шағын ертегі жазу



Рефлексия

Рефлексиялық шеңбер


Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен











Қарттың ұлына өсиеті


Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
- Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке:
- Неғып отырсың? - дейді. Жігіт:
- Жәй отырмын, - деп жауап береді. Шал:
- Шыныңды айт! - деп қыса бастайды. Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:
- Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - дейді. Жігіт:
- Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, - дейді. Шал:
- Қандай өсиет айтып еді? - дейді. Жігіт:
- Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», - деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», - деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», - деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, - дейді. Шал тұрып жігітке:
- Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал» - дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» - дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» - дегені еді. «Ас ішсең бал же» - дегені: «Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады» - дегені еді, - деп, қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті.


Еріншек етікші

Ешбір жұмыс тындырмас, шөптің басын сындырмас, еріншек бір етікші болыпты. Еріншек етікшінің үш ешкісі бар екен. Күн суытып, қыс түсіп келе жатқанын көре тұра еріншек ешқандай қам жасамапты. Ешкілеріне азықтық жем-шөп жинамапты. Бір түнде боран қар жауады да, жердің бетін ақ көрпе бүркеп қалыпты. Ешкілері енді бұрынғыдай өрістеп жайыла алмай, суық қорада бүрісіп, дірдектеп тұрады.

Етікші, керек десең, сыртқа шығуға да ерініп, әйеліне:

Реклама

—  Барып көріп келші, ешкілерге не болып жатыр екен,— деп жұмсайды. Әйелі барып көріп келеді де:

—  Бір ешкі өліп қалыпты,— дейді. Сонда еріншек:

—  Е, мал іші болған соң, өлім-жітімі де болады ғой,— деп жата беріпті.

Ертеңіне еріншек ешкілерді көріп келуге әйелін тағы жұмсайды.

—  Тағы бір ешкі өліп жатыр,— деп келеді әйелі. Еріншек келесі жамбасына аунап түсіп:

—  Мал іші болған сон, өледі де,— дейді де қояды.

Үшінші күні етікші әйелін "малды көріп кел" деп тағы да жұмсайды. Әйелі жалғыз ешкінің де қатып қалғанын айтып келеді. Сонда етікші жаны жай тапқандай, бір аунап түсіп:

—  Бәйбіше, біздің малдың өлімі осымен тыйылған да шығар,— депті.





Жиренше мен Алдар көсе

 


Жиренше ханның заманында Алдар көсе деген бір пысық болған екен. Ел күндеп, Алдар көсе деген бір қу шықты деп, ханға жамандапты. Бір күні Жиренше хан Алдар көсені шақыртыпты. Алдар көсе жаяу ханға келіпті. Тегінде, Алдар көсенің жаяу жүретін әдеті екен. Алдар көсе үйге кіріп келсе, сәлем берген, хан сәлем алып, қолын басына қойыпты. Сонда Алдар көсе тілін жалаңдатыпты. Ол өйткенде, хан өз құлағын ұстапты, онда Алдар көсе қарнын түртіпті де, қолдарын қусырады. Сонда хан оған басын изеп, их па қылып еді. Алдар көсе керегенің басындағы бір баспақ ділдәсін алып, жүріп кете береді. Сонда жиылып отырған әлеумет:


Тақсыр-ай, әлгінің алып кеткені не? — депті. Хан:


Ділдә,—деді.


Тақсыр! Пендесің деп, өйтіп ділде алған соң сізді, тіпті, құртады, оны қайтып алыңыз, біз алып келіп берелік, — деді де, артынан бір адам қуып келіпті де:


Мені хан жіберді, «Алдар көсе жер ортасын көрсетіп болмаса, алған ділдәмді қайтарамын» дейді, — депті. Сонда Алдар көсе:


Жарайды, мен жаяумын, атыңды бере тұр. Атыңа мініп көрсетейін, — деп, атқа мініп алып, жан-жағына қоқырайып қарапты да, жердегі баспағымды әперіңізші, -— деп, баспағын алып, астына қойып, жер ортасы осы сенің атыңнан айрылған жерің болады, — деп жүріп кетіпті. Бұл қайтып ханға барғанда ел ханнан:


Хан, сен Алдар көсенің қылысқан іспарларының мәнісін айт, —-деп сұрағанда хан:


Мен басымды көрсеткенім басқа бәле қайдан дегенім еді. Ол «Басқа пәле қызыл тілден»,—деп, тілін жалаңдатты. Құлағымды ұстағанымда, ол құрсағын көрсетіп, құлаққа тиген суық сөз құрсаққа барып, мұз болар, — деп жауап қайтарды. Қолын қусырғаны тілегім бар дегені еді. Оның тілегін бердім. Алтын алып кетті, —депті хан.





Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!