Материалдар / Ш.Құдайбердіұлы "Еңлік-Кебек" дастаны.Ашық сабақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ш.Құдайбердіұлы "Еңлік-Кебек" дастаны.Ашық сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2024
166
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің аты-жөні:

Дегенбаева Ләйла

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті

Қай аптаның нешінші сабағы

5-апта, 13-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Сабақтың тақырыбы:

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастаны

Оқу мақсаты:

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

Бағалау критерийі:

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желісін, эпилог, прологтарды анықтайды.

Саралап оқыту

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1, 2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма


Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

2 минут













3 минут









2 минут

Ұйымдастыру.























Үй тапсырмасын сұрау.

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал туғызу.

«Көңіл-күй смайликтері» арқылы көңіл-күйлерін білу,топқа біріктіру.

Ұжымдық жұмыс: «Миға шабуыл» әдісі. Сұрақтар қойылады. Суреттер (ақынның,ескерткіштің,театрдың) ұсынылады.

1. Бүгінгі сабақ кімнің шығармасы жайында болады деп ойлайсыңдар?

2. Ш.Құдайбердіұлының өмірі,шығармашылығы туралы не білесіздер?

3. Ақын қандай поэмалар жазған? Поэма мен дастанның айырмашылығы бар ма?

«6 неліктен?» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға ақын өміріне байланысты 6 неліктен деп басталатын сұрақтар даярлап келу тапсырылған.

1.Неліктен Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде болды? Өйткені әкесі Құдайберді ақынның 8 жасында қайтыс болған.

2.Неліктен Шәкәрімді өз заманының ең білімдар тұлғаларының санатына қосады?Өйткені ақын араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгерген.

3. неліктен ақын қоғамдық – саяси қызметтен іргесін аулақ ұстады? Өйткені ақын таза шығармашылық жұмыспен шұғылданғысы келді?

4.Неліктен НКВД жендеттері ақынды атып өлтірді? Өйткені Шыңғыстаудағы көтерілісті ұйымдастырды деген айып тақты.

5. Неліктен Шәкәрімді екі рет ақтады? Өйткені 1959 жылғы ақталуы сәтсіз болды, оның өлеңдерін баспаға ұсынғандар мен жариялағандар да жазаға ұшырады.

6.Неліктен оның алғашқы ақталуы тарихта қалды? Өйткені бұл – ақынның азаматтық ақталуы деп саналды.

ҚБ «Шапалақ»әдісі.

Сабақ мақсаты таныстырылып, өтілетін жаңа тақырып аясында талқылау жүргізіледі.

Не меңгеретінін білу үшін



















































































3 минут




Жаңа сабақ

«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған

18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Бүгінде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді.

«Бұл әңгіме - 1780 жылы шамасында осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс. Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер дегені. Әйтпесе «жас баланы сатып, пайдаланып, кем-кетікке беріп обалына қал» демейді. Мен соны ойлап, Еңлік-Кебекті соншалық жазалы демеймін»,- деп қара сөзбен бастаған Шәкәрім ақын.

Әдеби-теориялық ұғым


Жаңа тақырыпты меңгеру



https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22518/


13 минут















Тәжірибе

1-тапсырма.«Адасқан оқиғалар» тізбегі.

Топтық жұмыс: "Адасқан оқиғалар" әдісі бойынша Дастанның мазмұнына шолу жасап, сюжеттік желісін анықтайды. Ол үшін «Адасқан оқиғаларды» ретімен орналастырып,шығарма сюжетіндегі маңызды оқиғаларды еске түсіріп, шығарманың мазмұны не туралы екенін түсіндіреді.

«Адасқан оқиғалар»

1. Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы

2.Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.

3.Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беруі.Қара жартаста кездесуі

4.Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі

5.Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы.Кеңгірбайдың қатал үкімі.

6.Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Шырылдаған сәбидің тауда қалуы.

Саралау: "Нәтиже" әдісі бойынша барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да, олардың нəтижелері əртүрлі болуы мүмкін, «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі барлық оқушылардың жұмыстарының мықты жəне əлсіз тұстарын анықтаулары үшін төмендегі сұрақтар қойылады:

  1. Шығармадағы оқиға қай кезеңді суреттейді?

  2. Еңліктің әрекеті дұрыс па?Бақытына қол жеткізу үшін тағы не істей алады деп ойлайсыңдар?

  3. Сол кезеңде ел тыныштығын сақтау неліктен маңызды болды?

Дескриптор:

- шығарманы көз жүгіртіп оқып шығады,адасқан оқиғаларды» ретімен орналастырады

  • - Шығарманың мазмұнын түсінеді;

  • Шығарманың сюжеттік желісі бойынша жоспар құрады.

  • Қосымша сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийлері: Дастанның сюжетіне композициялық талдау жасайды.

Шығармадағы сюжет желісінің жоспарын құрады

ҚБ «Бір қошемет, бір ұсыныс»

2-тапсырма. «Жеке жұмыс»

Шығарма үзінділерін эпилог және пролог бойынша сәйкестендіріңіз.


Қалқаман мен Мамырды жаздым бұрын,
Оқығандар, байқадың оның сырын.
Енді айтамын Еңлік пен Кебек сөзін,
Тағы сынап көріңіз мұның түрін.

Эпилог

Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім:
Емес қой жастықпенен салған әнім.
Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы?
Аларсың көп ғибрат, байқағаның.



Пролог


Дескриптор:

-шығарма үзінділерін эпилог және пролог бойынша сәйкестендіреді.

ҚБ «Өзін – өзі бағалау» АКТ дан дұрыс жауап көрсетіледі.


3-тапсырма. Үзінділерді сюжеттік желі бойынша рет-ретімен қойыңыз.


1.Шеткі Ақшоқы басына алып шықты,
Қалайша өлтіруге кеңес қыпты.
Жас қой деп жаны ашыған бір адам жоқ,
Қолға түскен кісіге қатын мықты.

2.Еңлік, Кебек кеткен соң таң тағы атты,
Күн шыққанша кемпір-шал тұрмай жатты.
Қойшы Еңлікті таба алмай іздеп-іздеп,
«Қызың қашып кетті», – деп шалды оятты

3.Тастады бесігімен баласын да,
Обалға өшіккен ел қарасын ба?
Еңлік–Кебек моласы бүгін де бар
Таймақ пен Ералының арасында.

4.Ер Кебек тыным алып үйде жатпай,
Еңлікке келіп жүрді дамыл таппай.
Кейде түзден жолығып, кейде қонып,
Алты ай қыс аттың терін бір құрғатпай.

5.«Ей, абыз! Аш балыңды, қобызыңды тарт,
Алар ақың бар болса, мойныма арт.
Балыңа не түссе де жасырмай айт,
Жалғыз-ақ сол арасын қыламын шарт»


Дескриптор:

- шығарма үзінділерін оқиды;

- үзінділерді сюжеттік желі бойынша рет-ретімен қояды.




Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну.









































2 минут



1 минут

Бекіту

Кері байланыс «Жақсылық тамшысы» Сабақтағы

жақсы нәрселерді стикерге жазып жабыстыру. Әр бала тамшыға

өзі жасаған жақсы істерін немесе сабақтан алған жақсы әсерлерін өзінің стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы

өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын,

қасиеттерін жария етеді.


Үйге тапсырма: Поэманы хрестоматиядан толық оқып, «Әңгімеге негізделген жазу» атты тақырыпта өз шеберліктерімен аяқтап жазу.



Тақырыпты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну


1 минут


Қорытынды

Сабағымызды қорытындылайық.

-Жыр мазмұнымен таныстық;
-Шығарманың сюжеттік желісін анықтадық.
-Шығарманың прологі мен эпилогін анықтадық.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!