Материалдар / С.Сейфуллин "Ақсақ киік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

С.Сейфуллин "Ақсақ киік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлеңнің мазмұнын меңгерту, қазіргі экологиялық мəселемен байланыстырып талдау жəне əдебиет теориясынан мəлімет беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2018
613
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Алимбекова Патима Сейтханқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия

Тел: 8-777-930-32-62






















5-сынып әдебиет


Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин «Ақсақ киік»

Мақсаты: өлеңнің мазмұнын меңгерту, қазіргі экологиялық мәселемен байланыстырып талдау және әдебиет теориясынан мәлімет беру.

Дамытушылық: өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.

Тәрбиелік: туған елін, жерін сүюге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты хабарлау

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, іздендіру.

Көрнекілігі: слайдтар, қосымша деректер, суреттер, видеоролик.

7 модульдің қамтылуы: АКТ, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау.

Күтілетін нәтиже: мәнерлеп оқуға жаттығады, өлеңнің идеясын меңгереді, сыни тұрғыдан ойлана білуге, талдау жасауға қалыптасады.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа көңіл аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

М. Жұмабаев өлеңін жатқа айту, түсінік айту.

1. Ақын өлеңінің мазмұны не туралы?

2. Табиғатты суреттеуде қандай көркемдегіш тәсілдерді пайдаланған?

3. Теңеу сөздер бар ма? Теңеу дегеніміз не?

4. Кейіптеу дегеніміз не?

Жаңа сабақ

1. Сәкен Сейфуллиннің өмірінен қысқаша мәлімет беру.

2. «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқу.

Өлеңде Бетпақдала туралы көп айтылады. Ол қандай жер?

- Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Сарыарқа батысында Торғай үстіртімен, шығысында Шар, Аягөз өзені аңғарларымен шектеседі, оңтүстігінде Тұран, солтүстігінде Батыс Сібір жазықтарымен көмкерілген. Бұл аймаққа Қазақстанның ірі 5 облысы орналасқан. Олар: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар. Қысы суық, жазы ыстық болады. Пайдалы қазбаларға өте бай. Басты өзендері – Есіл, Нұра, Сарысу. Бетпақдала Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан. Елді мекенсіз шөл дала. Шөлге төзімді киіктер ғана мекендейді.

3. Сөздік жұмысы. Өлеңде жабайы жануарды бірде киік, бірде бөкен деп суреттейді. Екеуінің қандай айырмашылығы бар?

- Киік – аталық, бөкен – аналық жануар.

4. Әдеби тұрғыдан өлеңнің көркемдігіне талдау жасау. Өлеңді құрылысына талдау. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған.

Теңеу, эпитет, портрет, суреттеу.

5. Болжам жасау кестесі.

Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған.

Ендеше өлеңді өзіміз аяқтап көрейік.

Не болады деп ойлайсың?

Дәлеліңіз қандай?

Не болды?




ІV. Сабақты бекіту.

Байланыстыру. Құрманғазының «Ақсақ киік» күйіне жасалған видеоролик.

«Хайуанатқа жасаған қиянатың –

Бауырыңа жасаған опасыздық», - деген ақын Қадыр Мырза-Әлінің сөзін сендер қалай ұғасыңдар?

V. Сабақты қорытындылау.

Өлеңде көтерілген экологиялық мәселелерді ақын осыдан жарты ғасыр бұрын айтса да, әлі де шешуін таппай келеді. «Табиғат – тал бесігің» видеоролигін көрсету.

- Осы 2 түрлі көріністі көре отырып біз не ұғындық? Қандай көңіл күйде болдық?

2. Адамзатқа қандай ұсыныс айтар едіңдер?

VI. Үйге тапсырма беру.

Өлеңнің ұнаған шумақтарын жаттау.

VII. Білімдерін бағалау.













































5-сынып әдебиет

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин «Ақсақ киік»

Мақсаты: өлеңнің мазмұнын меңгерту, қазіргі экологиялық мәселемен байланыстырып талдау және әдебиет теориясынан мәлімет беру.

Дамытушылық: өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.

Тәрбиелік: туған елін, жерін сүюге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты хабарлау

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, іздендіру.

Көрнекілігі: слайдтар, қосымша деректер, суреттер, видеоролик.

7 модульдің қамтылуы: АКТ, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау.

Күтілетін нәтиже: мәнерлеп оқуға жаттығады, өлеңнің идеясын меңгереді, сыни тұрғыдан ойлана білуге, талдау жасауға қалыптасады.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа көңіл аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

М. Жұмабаев өлеңін жатқа айту, түсінік айту.

А. Орынбасар Айсұлу

Ә. Орынбасар Аруай

Б. Рашид Жұлдызай

1. Ақын өлеңінің мазмұны не туралы?

2. Табиғатты суреттеуде қандай көркемдегіш тәсілдерді пайдаланған?

3. Теңеу сөздер бар ма? (аңдай ұлып)

4. Теңеу дегеніміз не? (Заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Көбіне –дай, -дей жұрнақтары арқылы жасалады. Мыс: арыстандай, аңдай, жас балаша, т.б.)

5. Кейіптеу дегеніміз не? (Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандырып, құлпырта суреттеу. «Қысқы жолда» өлеңіндегі кейіптеулер: ызғарлы жел долданып, екі иінінен дем алып, ішін тартып осқырып, қатты ысқырып, аңдай ұлып, екі санын шапақтап, сақ-сақ күледі)

Жаңа сабақ

1. Сәкен Сейфуллиннің өмірінен қысқаша мәлімет беру.

2. «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқу.

Өлеңде Бетпақдала туралы көп айтылады. Ол қандай жер?

- Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Сарыарқа батысында Торғай үстіртімен, шығысында Шар, Аягөз өзені аңғарларымен шектеседі, оңтүстігінде Тұран, солтүстігінде Батыс Сібір жазықтарымен көмкерілген. Бұл аймаққа Қазақстанның ірі 5 облысы орналасқан. Олар: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар. Қысы суық, жазы ыстық болады. Пайдалы қазбаларға өте бай. Басты өзендері – Есіл, Нұра, Сарысу. Бетпақдала Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан. Елді мекенсіз шөл дала. Шөлге төзімді киіктер ғана мекендейді.

3. Сөздік жұмысы. Өлеңде жабайы жануарды бірде киік, бірде бөкен деп суреттейді. Екеуінің қандай айырмашылығы бар?

- Киік – аталық, бөкен – аналық жануар.

4. Әдеби тұрғыдан өлеңнің құрылысына талдау жасау. Өлеңді құрылысына талдау. Өлең 17 шумақ, 4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған.

5. Жұптық жұмыс. Көркемдегіш тәсілдерді табу.

І қатар: теңеу мен эпитетті табу.

ІІ қатар: портрет

ІІІ қатар: суреттеу (пейзаж).

Теңеу

эпитет

портрет

суреттеу

Қазақтың малдарындай,

Жас балаша

Қу баялыш, қара жусан, байғұс киік, қара жерге, ақ денесі, қызыл қан, қоңылтақ жел.

«Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара»

«Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім».

«Көздері мөлдіреген ақбөкенді»

«Қап-қара екі көзі мөлдіреген»

«Әдемі екі танау желбіреген»


«Арқаның Бетпақ деген даласы бар,

Бетпақ –шөл, ойлы-қырлы панасы бар».


«Бетпақта қысы-жазы ел болмайды, Ел жайлау, өзен яки көл болмайды. Бұтасы қу баялыш, қара жусан, Көгала бетегелі бел болмайды»


«Бетпақтың көкпек, жусан, шөбі сұйық»


«Қиырсыз Бетпақдала... Қураған шөл

Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел.

Меңіреу тірі жан жоқ жып-жылмағай»


5. Болжам жасау кестесі.

Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған.

Ендеше өлеңді өзіміз аяқтап көрейік.

Не болады деп ойлайсың?

Дәлеліңіз қандай?

Не болды?

Киік жапан далада қиналып келе жатқанда талып жығылады, әлсірейді.

Көп қан жоғалтты, шаршады.

1. Осы кезде бір қасқыр кездесіп, жеп қояды.

2. Мейірімді адам қорыққа апарып емдейді.

ІV. Сабақты бекіту.

Байланыстыру. Құрманғазының «Ақсақ киік» күйіне жасалған видеоролик.

«Хайуанатқа жасаған қиянатың –

Бауырыңа жасаған опасыздық», - деген ақын Қадыр Мырза-Әлінің сөзін сендер қалай ұғасыңдар?

V. Сабақты қорытындылау.

Өлеңде көтерілген экологиялық мәселелерді ақын осыдан жарты ғасыр бұрын айтса да, әлі де шешуін таппай келеді. «Табиғат – тал бесігің» видеоролигін көрсету.

- Осы 2 түрлі көріністі көре отырып біз не ұғындық? Қандай көңіл күйде болдық?

2. Адамзатқа қандай ұсыныс айтар едіңдер?

(Табиғат –біздің анамыз. Сондықтан адамзатқа мынадай ұсыныс жасаймыз:

А) Қоршаған ортаны таза ұстаңдар.

Ә) Жасыл желектер өміріміздің сәні болғандықтан баптап күтейік.

Б) Айналамызда жан-жануарлар да тіршілік ететіндіктен, оларды аялап қорғайық.

В) Жануарларға ешқандай қатыгездік, қиянат жасамайық.

VI. Үйге тапсырма беру.

Өлеңнің ұнаған шумақтарын жаттау.

VII. Білімдерін бағалау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!