Материалдар / Станок жанындағы халық биінің элементтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Станок жанындағы халық биінің элементтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Италиьян биін үйрете отырып,сол халықтың мәдениетінен, сал- дәстүрінен хабардар ету. Білімділік:Оқушылардың шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдікпен сұлулықты бағалай білугеүйрету. Дамытушылық:Оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру ой өрісін кеңейту.Оқушылардың дене икемділігін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2019
1068
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ МИЯЛЫ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІ


Көрнекі сабақ


Тақырыбы: «Станок жанындағы халық биінің элементтері»



Дайындаған: Мұғалім Сарсенова.А

Миялы селосы 2018 жыл

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: А.Жәлеке
‹‹11›› желтоқсан 2018


Хореография сабағының көрнекі сабақ жоспары



Сабақтың тақырыбы:Станок жанындағы халық биінің элементтері

Би сыныбы:2-сынып

Мұғалімі:Сарсенова.А

Оқушылар:Мұхамбетжан.А.Ерланқызы.Н.

Халық биі сабағы:3-оқушы

Сабақтың мақсаты:Италиьян биін үйрете отырып,сол халықтың мәдениетінен, сал- дәстүрінен хабардар ету.

Білімділік:Оқушылардың шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдікпен сұлулықты бағалай білугеүйрету.

Дамытушылық:Оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру ой өрісін кеңейту.Оқушылардың дене икемділігін арттыру.

Сабақтың түрі: Көрнекілік сабақ.

Көрнеілік құралдар: Айна, магитафон,флешкі,суреттер,схема.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу. Сабаққа даярлығын бақылау. II.Үй тапсырмасын сұрау III.Жаңа сабақты түсіндіру. IV.Сабақты қорытындылау V.Оқушыларды бағалау VI.Үйге тапсырма беру

I.Ұйымдастыру кезеңі Ашық сабақтың тақырыбын,мақсатымен таныстыру.Оқушыны ортаға шақыру(Тарантелла биінің әуенімен).

Ортаға орналастырып алып‹‹ Тәжім беру››жасау Дене қыздыру жаттығуын орнату

II. Үй тапсырмасын сұрау «Қардың астындағы жүріс түрлері» атты ойын арқылы үй тапсырмасын тексеру(Оқушылар қарды бір-бірлеп алып,қарға жазылған жүріс түрлерін жасап көрсетеді, бәрі бірігіп орындайды Осылай үйге берілген тапсырманы қайталатып алу). Итальян биіндегі жүрісті меңгеру үшін

Үй тапсырмасының түрлері: Demi plie,echappe, pas echappe.

Дайындық қалып ортада аяқ III-қалыпта қол белде болады.

1-дегенде сол аяқты алға созып, оң аяққа demi plieге отырып

2- дегенде оң аяқты алға созып сол аяқты demi plieге отырып

3-дегенде сол аяқты алға созып, оң аяққа demi plieге отырып

4- дегенде оң аяқты алға созып сол аяқты demi plieге отырып қайталап жасалады.

Дайындық қалып Жеке және жұпталып орындалады. Бастапқы қалып – аяқтардың III позициясы.

Аяқты жоғары көтерумен жасалатын қимыл.

1- дегенде оң аяқпен алға аттап, дененің салмағын оң аяққа ауыстыру.

2- дегенде оң аяқта ыршып түсіп, алқымында және башпайларында созылған сол аяқты 45 0-қа алға көтеру. Осы қимылды сол аяқпен де орындау.

Осы қимылды па эшаппе мен енгізіп орындау.

Дайындық қалып-аяқтар  III позицияда. Оң қолда тамбурин (кішкене барабан).

1- дегенде pas echappeні орындау керек,

2- дегенде оң аяқты алға көтеру (сол аяқпен сәл ғана секіріп түсіп), содан соң оң аяқты алға көтеріп, (сол аяқпен сәл ғана түсу), қозғалысты екі рет алмасып басып III позицияға көшу. Оң аяқты алға көтерген кезде сол қол жоғары көтеріледі, оң қол төмендетілген II позицияда болады.

III.Жаңа сабақты түсіндіру. Сабақтың тақырыбы:Станок жанындағы халық биінің элементтері Емдік мақсатта алғашқылардың бірі  Италияндық тез және көңілді темпте орындалатын – Тарантелла биі қолданылды. Тарантелла биінің тарихымен көптеген аңыздар байланысты. ХV ғасырдың  II жартысынан бастап, тарантелла «тарантизм» ауруының бірден - бір емі ретінде қолданысқа енді. Осыған байланысты XVI ғасырда Италияда  арнайы  оркестр ұйымдастырылып, тарантизм ойын биі арқылы  көрсетілді. Тарантелла биінің басқалардан ерекшелігі сазды әуенмен бірнеше сағаттар бойына билеуге болады. Тарантелла биі флейтамен, ұрғыш барабандармен, кейде дауыс үнінің сүйемелдеулерімен орындалады.

«Тарантелла» үшін аяқтарды көтеріп, алға шығарумен істелетін би жүгірісінің қозғалыстары тән болып келеді.



Rond de jambe par terre

Жұмыс аяғын ұшымен еденге тіреп тұрып шеңбермен қозғалыс жасау, бір шетіне тоқтау немесе тақаның қырымен артқа қозғап, бір шетке тоқтау.

Оқытудың (үйретудің) бірінші сатысында қозғалыс табанды бұрмай істеледі және ол классикалық rond de jambe par terreдің бір түрі болып табылады.

Дайындық қалып- аяқтар I позицияда. Қолдар мықында. Жұмыс табанының өкшесі сырғымалы қозғалыспен алға өткізіледі (аяқтың ұшы жоғары көтерілген, алқымы барынша қысқартылған). Содан кейін сырғымалы қозғалыспен бір шетке өткізіліп, I позицияға қойылады. Қозғалыс басында тоқталулармен жүреді: такт-қозғалыс, такт-тоқтау, сосын бір тактіге бір қозғалыстан, бірге.

Тобықтан созылған аяқ басымен жасалатын шағын лақтырулар (ашық жағдайда алға бір жаққа, станокқа бүйірімен тұрып). Тобықтан бір шетке лақтыру және жұмыс аяғын бастапқы қалыпқа қайта әкелу.

Дайындық қалып- III позиция.

1- дегенде жұмыс аяғы бір шетке 300-қа шығарылады;

2- дегенде осы аяқ тізеден бүгіліп, сол аяқтың алдынан табанымен лақтырылып әкелінеді, жақындасқан кезде жартылай башпайларымен еденмен жанасады. Жұмыс аяғының табаны мен бұлшық еті бос ұсталады. Тірек аяғы созылып тұрады.

1- дегенде (екінші тактінің) осындай қимылмен жұмыс аяғы 300жағдайына бір шетке қарап ашылады.

2- дегенде жұмыс аяғы жеңіл қозғалыспен тірек аяғының тобығына әкелінеді (артқы жағынан және тағы да 300 жағдайына шетке қарай ашылады).Бұл қимыл табанға күш түсіріп істемеу техникасын жаттықтырады. Қимылды бір қалыпты істеуге, өзіңнің салмағыңнан шайқала, яғни «маятник» қозғалысы сияқты істеуге қол жеткізген жөн.

Шағын лақтырулар (battement tendu) – би жаттығулар оқушылардың ұсақ және күшті қимыл-қозғалыстарды орындау қабілеттерін арттырады.

Дайындық қалып- аяқтар III позицияда, қолдар әзірлік жағдайында.

Бірінші ширекке қол I позицияға өтеді, екінші ширекке шетке қарай ашылады.Білезік алақанмен алға қараған. Үшінші ширекке қол жатық қимылмен шынтақтай белге жабылады, тірек аяғының өкшесі көтеріледі; төртінші ширек- үзіліс.

«Бір және» - тірек аяғының өкшесі еденге кілт (тез) қойылады. Тізесі бүгіңкі, жұмыс аяғы тізеден созыла түсіп, кенеттен алға 300 биіктігіне лақтырылады.

«Екі және»- жұмыс аяғы тізеден бүгіліп, III позицияға алдыңғы жағынан барлық табанға немесе жартылай башпайларға тартылады. Тірек аяғының өкшесі еденнен ажырайды, тізе бүгілген. Қимыл бүгілген аяқтарды дене тұрқын тіке ұстап істеседі, дене өкшені еденнен көтерген кезде көтерілмейді және өкшені еденге түскен кезде төмен түспеуі тиіс.

Жұмыс аяғын кезектеп біресе ұшына,

біресе өкшесіне шығару

Дайындық қалып-аяқтардың V позициясы. Жаттығу екі тактіде жүргізіледі.

Бірінші аккордта «бір» дегенде қол әзірлік жағдайынан I позиция арқылы шетке қарай ашылып, білезік алақанымен алға бағытталады; «екі» - қолдың білегі қозғалмай белде жабылады, тірек аяғының өкшесі еденнен ажырайды, тізелер аздап бүгіледі.

«Бір» - тірек аяғының өкшесі еденге түседі. Жұмыс аяғы айналымды жағдайда тізесінен бүгіліп, табанды тірек аяғының сирағына алдыңғы жағынан алып келеді, аяқ алқымы тартылмаған (созылмаған).

«Және» жұмыс аяғы тізесінен жазылып, тірек аяғынан бір адым жерге өкшесімен қойылады. Тірек аяғының өкшесі еденнен ажыратылады. Жоғары көтерілген тірек өкшесінің және еденге түсірілген жұмыс аяғының жағдайлары бекітіледі.

«Екі» тірек аяғының өкшесі еденге түсіріледі. Жұмыс аяғы еденнен ажырап, тізеден бүгіліп, тізеге ішке қарай айналымсыз жағдайға бұрылады.

Екінші тактіде «бір» дегенде тірек аяғының өкшесі еденге түседі. Жұмыс аяғы тізеден бүгіліп, еденнен ажырай түсіп, айналымды жағдайға көтеріледі.

«Және» дегенде жұмыс аяғы тізеден жазылып, тірек аяғынан бір қадам жерге өкшесімен қойылады. Тірек аяғының өкшесі еденнен ажырайды. «Екі» - тірек аяғының өкшесі еденнен түсіріледі. Жұмыс аяғы, тізесінде бүгіліп, тірек аяғының тобығына алдыңғы жағынан әкелінеді, аяқ алқымы созылмаған

«Және» жұмыс аяғы табанмен толық III позиция бойынша тірек аяғының алдынан зірк еткізіп әкеліп қойылады.

Тірек аяғының өкшесі еденнен ажыратылады. Жаттығу тек бір жаққа орындалады.

Екі аяқты алға қарай ұшымен

«Тарантелла» сипатында кезектеп «лақтыру»

I позиция бойынша сол және оң аяқпен жартылай тізе июмен істеледі.

Дайындық қалып-аяқтардың I позициясы, қолдар әзірлік жағдайында. Қол I және III позициялар арқылы ашылады.

1- дегенде тізеден созып және 300-қа көтеріп сол аяқты лақтыру, оң аяқ айналмалы түрде тізеден иіледі. Осы жаттығуды оң аяқпен де орындау керек. Дене тұрқы аяқты лақтырған сәтте алға қарай көтерілмейді.

Тірек аяғында қарсы өтумен алға және артқа

істелетін өтпелі «лақтырулар»

Әзірлік осының алдындағы қозғалыстары сияқты аяқтардың I позициясы, тек қол ғана I содан кейінгі II позициялармен өтіп, төмен-артқа жабылып тамбуринді ұстап тұрған сияқты болады; бас сәл ғана сол жақ иыққа қисайтылады, оң жаққа бұрылады. Дене тұрқы алға лақтыру кезінде сәл артқа шалқаяды, содан кейін артқа лақтырған кезде сәл ғана алға еңкейеді. Бұдан әрі «тарантелланың» бірінші және екінші қимылдарын қосып істеген жөн.

Төмен және жоғары айналулар (battement fondu) – жұмыс аяғының тізесін жабық жағдайдан ашық жағдайға бұру.

Дайындық қалып–аяқтардың III позициясы. Қолдар әзірлік жағдайынан I позиция арқылы II позицияға өтіп, белде жабылады, үшінші ширекке жұмыс аяғы бір шетке 300 биіктікке көтеріледі.

1- дегенде жұмыс аяғы айналымдық жағдайда тізеде бүгіледі және табанның жұмсақ бөлігімен еден бойынша «өзін» «сүртіп» өтіп тірек аяғының тобығына артқы жағынан табанның ішкі бөлігімен тартылады. Аяқ алқымы созылған. Екінші он алтыншыға жұмыс аяғы тірек аяғының тобығы бойынша сырғып алға қарай тізесін ішке қаратып айналымды емес жағдайға шығады. Аяқ алқымы созылған.

1 такт. «Бір,екі» жұмыс аяғы тізені жазбастан толық айналымдылыққа дейін тірек аяғының тобығының алдында қала отырып жәйләп қана айнала бастайды, бірақ оның сыртқы табан жағын – тиіп өтеді.

2 такт. «Бір,екі» жұмыс аяғы тізеден созылып, 300 биіктікке шетке қарай ашылады. Аяқ алқымы созылған. Тірек аяғы жартылай тізе июден түзетіледі. Қимылды бірге істеудің маңызы зор, дегенмен оны дәл орындау үшін барлық қозғалыстар жолымен өте отырып, бірнеше жағдайды бекіту қажет:

1. «Сүртіп» өткеннен кейінгі тізенің айналымды жағдайы 2. Тізе ию сәтіндегі айналымсыз тізе жағдайында алға шығару. 3. Тізе ию сәтіндегі созылған жағдайы (жұмыс аяғы бір шетке 30-қа).

Осы қимылдарды үйрете отырып шағын этюд құрастыру.

IV.Сабақты қорытындылау : Оқушылар бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?

- Дұрыс,Итальян биінің станок жанында халық биінің элементтері

-Сонымен қандай?

- Rond de jambe par terre ,battement tendu, battement fondu

- Бұл қимылдардың барлығы да қай бидегі қимылдар ?

-‹‹Тарантелла››биінің

-Оқушылар сендер осы сабақтан қандай әсер алдыңда ?Соны мына смайликтерден көрсете қойыңдар. –Жақсы ендеше сабаққа жақсы деңгейде атсалысқандарың үшін сендеді бағалаймын.

V.Оқушыларды бағалау

VI.Үйге тапсырмаТарнателла биінің элементтері мен этюдты келесі сабақк жатқа орындап келу.Ендеше сабағымыз аяқталды.Соның белгісі ретінде ортаға орналасып Тарантелла биінің‹‹тәжім етуімен››аяқтаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!