С.Торайғыровтың 125 жылдық
мерейтойына арналған
«...Қазақпын деп
мақтанамын» атты әдеби кеш
Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен
егемендігі үшін күрескен, қазақ әдебиетінің талантты ақыны, Алаштың
ардақтысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқып білуге,
поэзияны сүюге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық
көзқарасын таныту, рухани танымын кеңейту. ұлтжанды ұрпақ
тәрбиелеу.
Түрі: әдеби
кеш
Көрнекілігі: Сахна мерекеге сай
безендіріліп, кештің тақырыбы ілінеді. Керекті құралдар : үлкен
экран,проектор, компьютер, үн
таспа,
Барысы:
I.Ұйымдастыру
бөлімі:
Іс- шараға қатынасушы білім
алушылардың әзірлігін бақылау, түгендеу. Сахнаға шығу реттік санын
бойынша білім алушыларды дайындау.
«Шәкірт ойы» өлеңі (Қалиев
Бейбарыс)
1-
Жүргізуші: Қазақ әдебиетінің алып ұлдарының
бірі «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам», -
деп жырлаған ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туылғанына 125 жыл
мерейтойына арналған әдеби кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер!
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет
әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар
бар. Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр
жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі
Сұлтанмахмұт Торайғыров болды.
2-
Жүргізуші: Ол –
шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен,
жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата
келген оптимистік көзқарастағы ақын — жазушылар көші Сұлтанмахмұт
Торайғыровтан басталады. С. Торайғыров — халқымыздың ой тілегін
білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен. Ақын өз атынан
сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат — мақсатын, арман —
аңсарын жырға қосады. Назарларыңызға
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы
дайындалған бейне фильмды
ұсынамыз.
С. Торайғыров дүниеге келген күн» видео
көрсетілім
1-Жүргізуші: C.Торайғыров –
қазақ тарихында ой-санасы ең қырағы, ең қанатты, ең қазыналы
қайраткерлердің бірі.
Ақынның өмірі ұмтылыс пен
ізденіске толы болды. Әлеуметтік оқиғалардың шиеленісті дәуірінде
өмір сүрген ол өз заманының сыры мен қайшылықты шындығын тануға
тырысып бақты. Сол жолда не қилы өмір өткелдерінен өтті.
Сұлтанмахмұттың екі жасында анасы өліп, болашақ ақын жетімдік пен
жоқшылықтың қасіретін бірдей көріп өседі. «Оқып жүрген жастарға»
өлеңінде ол жас адамның оқуға деген ынтасы мен келешекке деген
сенімін бейнелейді.
«Өмірімнің уәдесі»
өлеңі. ФТ-813 б Ырыс
Думан
«Үміт қып менен
қарайсың» Ф-811 б Чамаев
Марлан
-
Жүргізуші: Ақын халықтың
қараңғылықтағы күйден шығуы үшін өнер-білімнің қажет екенін айтар
ағартушылық идеяны көтереді. Өзінің бұл тақырыптағы алғашқы
өлеңдерін Сұлтанмахмұт қазақ жастарына
арнайды.
-
Жүргізуші: Сұлтанмахмұт – тым
ерте оянған және халық, ел мұңын ерте түсініп, жырла ған ақын. Ол
бала жігіт кезінде жазған өлеңдерінің кезінде әлеуметтік
теңсіздікті, қазақ халқының қоғамдық өмірінің мешеулігін, ескі
ауылды езіп жанышқан әдет-ғұрып заңдарының қырсығын анық көрсетеді.
Өз дәуірінің озат ақыны, ауырпалықтарға жаны ауыра қарады. «Қамар
сұлу»романы, «Кедей», «Адасқан өмір», аяқталмаған «Айтыс» деген
поэмалары бар. «Кедей» поэмасында қазақ кедейінің басынан кешкен
ауыр тұрмысын, тіршілік жағдайын суреттей отырып, оның өз ортасынан
бөлінуін көрсетеді.
(Көрініс «Кедей» поэмасынан
үзінді) В-811 б тобы Болат
Асқарбек.
1-
Жүргізуші: «Анау-мынау» өлеңінде қазақ
халқының тіршілігін көрші елдермен салыстыра суреттеп, оның
басқалардан кейін тұрғанын көріп,
күйінді:
2- Жүргізуші: Анау қырда татар
тұр,
Басқалармен қатар
тұр.
Мынау ойда қазақ
тұр,
Бастарында азап тұр, -
өлеңінде осыған себепкер болып отырған ел пысықтары
сыналады.
«Анау-мынау» өлеңі.
В-811 б Сыдық Бекзат.
«Туғандар жүрген қандай»
Р-811 б Жантилеуов Мадияр
-
Жүргізуші: «Адасқан өмір»
поэмасының негізгі сарыны – қоғамдағы әділетсіздіктің, теңсіздіктің
себептерін ашу және теңдік жолын іздеуге талпыну. Поэма 5 бөлімнен
тұрады. Бұлардың бірі- адамның сәби шағын, 2-сі жігіт шағын, 3-сі
ұлғайған тоқтаған кезін, 4-сі кәрілік кезін, 5-сі өлген мезгілін
суреттейді.
«Мен сәби...» өлеңі. ФТ-813
б Саналбек
Мақпал
«Адам тобын...» В-811
б Изтелеу
Асем
2-
Жүргізуші: «Қамар сұлу» - өзінің
тақырыбы мен мазмұны жағынан әлеуметтік роман. Жазушы қазақ
әйелінің теңсіздіктегі жай-күйін роман оқиғасының негізіне
алғанмен, сол арқылы өз дәуірінің қоғамдық шындығын әлеуметтік
тұрғыдан талдайды. Романның негізгі идеясын Сұтанмахмұт әр қилы
тағдарлар, адам бейнелері арқылы ашуға тырысады. Оның кейіпкерлері
көзқарасы әр түрлі адамдардың қақтығыстары негізінде жіктеледі.
Қамар, Ахмет және оларджақтаушы Омар ұнамды кейіпкерлер ретінде
танылып, жорға Нұрым, Қалтан қажы, Оспан билер жаңалыққа қарсы
іс-әрекеттерімен көрінеді. Романнан
көрініс.
(Көрініс ) «Қамар сұлу»
романыны
-
Жүргізуші: Романның өткен
өмірді, ондағы әділетсіздікті реалистікпен суреттей отырып, еңбекші
халықты надандыққа, феодалдық кертартпа салсанаға қарсы күреске
үндеуде ерекше маңызы бар. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы
публицист-жазушылардың бірі Сұлтанмахмұт атамыздың өлеңдері сан
түрлі тақырыптарға жазылған. Оның ішінде нәзік сезім сырларын
шертер өлеңдері де бар.
«Қыз сүю»
Ф-811 б
Тұрар Алинұр
«Гүләйім»
Ф-811 б
Мұратбек Айбек
1-Жүргізуші: Қазіргі таңда колледж
білімгерлері арасында арасында ақындық өнерін шыңдап, поэзия
саласында өлең жазып, жеке шығармашылығын ұсынып
отырған колледжіміздің білім алушылары
ПЭ-612 б топ білімгері Қалиев Бейбарыс ақын атасына арнау
өлеңімен ортамызда.
2-
Жүргізуші: «Айтыс» - ақынның соңғы, әрі аяқтай алмаған шығармасы.
Мұнда ол дала ақыны мен қала ақынын айтыстырып, сол арқылы қала мен
даланың әрқайсысының өзіне тән артықшылығын және қайшылықтарын
талдайды. Дала ақынының сөзін басымырақ ұстап, Сұлтанмахмұт соның
аузымен қазақтың жерін, табиғатын, елін, ел басшылары мен
батырларын, ақын-жыршыларын, салт-дәстүрін мақтан тұта жырлайды.
Қазақтың тілі мен дүниетанымының биіктігін суреттейді. Даланы ол
қалаға қарсы қойып, оның у-шуын, адамдарының дала адамдарындай
кеңпейіл еместігін, жіктелушіліктің молдығын, әділетсіздікті ашып
көрсетеді. Сірә, қаладағы өмірін оқу іздеп, үнемі жолы сәтті
болмай, көп қиыншылықпен өткізген Сұлтанмахмұттың қала туралы әсері
жақсы болмаған болуы керек, ол көбіне даланы баса айтып, тіпті оның
көрер көзге оғаш кертартпа әдет-салттарын, емші бақсы-балгерлеріне,
«қайырымды байларына» шейін асыра мақтап жіберетіні көзге шалынбай
қалмайды. Сонымен бірге қала ақынының аузымен ауылдағы алауыздық,
барымтаның, партияның күштілігі, ғылым-өнер жоқтығы
сыналады.
Назарларыңызда «Айтыс»
поэмасынан үзінді
тыңдаңыздар.
Ис-810 б топ білімгері
Абдрақым Абдуғазиз
В-811 б топ білімгері
Жамақов Олжас.
Сұлтанмахмұт ақын туралы
өзінің танымал замандастары былай деген
екен.
(естеліктер
оқылады.)
1-Жүргізуші: Сұлтанмахмұт шын
мағынасында осы сөзге татитын ақын. Ол көп жабының бірі емес, от
болып жанып кеткен, құйрықты жұлдыздай ағып түскен тұлпар талант
еді. Сондықтан Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр-дариясын құрайтын
үлкен, асау, арналы өзенінің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен
құрметті орын алады.
Әдеби кешіміздің қортындылау
үшін «Тілтану» ЦӘК меңгерушісі Садвакасова М.Н. сөз
береміз.