Материалдар / Ш.Уәлиханов – әдебиеттану ғылымының негізін салушы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ш.Уәлиханов – әдебиеттану ғылымының негізін салушы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шоқан Уәлиханов туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2023
526
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ш.Уәлиханов – әдебиеттану ғылымының негізін салушы

Ғұмырына әділдік пен адалдықты ту еткен қазақтың сайын даласында дүниеге келіп, ағартушылық бағыттың негізін қалап, аққан жұлдыздай жарқ еткен ғұмырында география мен саясаттану, этнография мен философия, тарих пен әдебиет салаларына үлес қосқан көрнекті тұлға – Шоқан Уәлиханов. Ой өрісі мен сана-сезімі қатарынан көш ілгері дамыған Шоқанның ерекше қабілеті туралы әрі досы, әрі географ-ғалым Т.Н.Потанин «Ол сондай қабілетті еді. Өзінен жасы үлкендерді де білім мен идея жағынан басып озады»-деп еске алады. Осы ретте, қағылез, білімді, бүгінгі таңда жоғары бағаланып отырған жазбалардың авторы ретінде ғылымның әр саласына елеулі үлес қосқан «Шоқанды қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы ғалым ретінде қарастыруға қандай негіз бар?» деген орынды сауал туындайды.

Ш.Уәлиханов – ұлттық әдебиетіміз бен ұлттық болмысымызды, тарихымыз бен мәдениетімізді түсіндіруді мақсат етіп, әдеби мұраларымызды ғылыми негіздеу мақсатында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалым. Оның философиялық, ағартушылық, демократиялық бағыттағы жазбалары, көзқарастыры қарымы биік, дүниетанымы терең тұлғаны танытады. Ғылыми әрі шығармашылық еңбектерінде көптеген ақын-жазушылар өлеңдерін, халық ауыз әдебиетінің жыр-дастандарын, аңыз-ертегілерін жинап, талдау жұмыстарын жазды. Орыстың ақын-жазушылары Ф.М.Достоевский, А.Н.Майков, Я.П.Полонскиймен, Петербург университетінің ректоры, профессор А.Н.Бкетовпен, саяхатшы ғалымдар П.П.Семенов-Тянь-Шанский, Г.Н.Потанинмен достық қарым-қатынаста болған Шоқан Шығыс Түркістан өлкесін, Ыстықкөл атырабын зерттеп, география ғылымына үлес қосқан саяхатшы ғалым ретінде ғана емес, қазақ халқының рухани мәдениетінің дарынды өкілі, оның жарқын болашағының кепілі ретінде танылды. Шоқан қазақ қаһармандық эпосының озық үлгісі «Едіге», «Шона батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырларын, қырғыз эпосы «Сәметей» мен «Манастың» таңдаулы тарауларын қағаз бетіне түсірумен қатар қазақ және қырғыз халықтарының әдебиеті мен мәдениетіне қатысты көптеген зерттеу еңбектерін жазды. Бұл екі жырды сайын даланың «Илиадасы» мен «Одиссеясы» деп өте жоғары бағалады. Тіпті, Осы «Манас» жырының «Көкетай ханның асы» деген бір үлкен бөлімін орыс тіліне аударып, Ресей қоғамын Орта Азия әдебиетімен сусындатты.

Құны күні бүгінге дейін жойылмаған қазақ және қырғыз эпосы жайында, қазақ поэзиясы, оның даралық ерекшеліктері туралы зерделі пікірлерін айтты. Ол туралы жақын досы, жазушы Ф.М.Достоевский өзінің Шоқанға жазған бір хатында: «Сіз өз қауымыңыздың ортасынан шыққан, еуропаша білім алған тұңғыш адамсыз... Бұл – сізге ерекше міндет жүктейді». Бәлкім, сондықтан болар Шоқан өзіне жүктелген міндеттерді сезіне отырып, аз ғұмырында артына қыруар еңбектер қалдырды. Оның елеулі мұрасы бес томдықты құрайды. Сол жоғары сапалы еңбектеріне ортақ ой, өзекті идея: қазақтар – өз тарихы бар, өзіндік мәдениет жасаған, ақыл-ой, талант жағынан еуропалық алдыңғы қатарлы жұрттардың қайсысымен болмасын парапар, алайда бар болашағы алда тұрған халық, ал болашақ – мәдени өрлеу, өнер-білім арқылы ғана өз мұратын таппақ деген пікір.

Шоқан қазақ елінің ғана емес, қырғыз, өзбек, яғни түрік тілдес халықтарының сол тұстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы, тілі мен әдебиетіне байланысты «Қазақтың халық поэзиясының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз-ертегілері», «Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «18 ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Қазақтар туралы жазбалар», «Абылай», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары», «Даладағы мұсылмандық», «Қазақтағы шаман дінінің қалдықтары», «Қазақтың көшіқоны», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер», «Ыстықкөл күнделіктері» сынды еңбектері келелі мәселелерді көтерді. Өз тарапынан дәуір талабына үн қосып, жаңа тәжірибе жинақтауда еңбектенді. Ол қазақтың ғана емес, тамырлас халықтардың озық елдерден кем түспейтін мәдени және әдеби мұрасы бар екенін дәлелдеді. Сол арқылы олардың қарапайымдылығы мен дархан көңілін, әнге, жырға әуестігін дәлелдеді. Халқымыздың ертеден ауыздан-ауызға тарау арқылы сақталып келген бай мұрасы жайында таңдана әрі тамсана жазады

Ш.Уәлиханов әдебиеттің келелі мәселелеріне байланысты тарихи тұлғалардың бірі суырып салма ақындар жырында, бірі қобыздың шанағында, енді бірі домбыраның күмбірінде сақталған дей келе, қазақ поэзиясының жанрлық ерешелігі мен өлең құрылысын зерттей отырып, орыс ғалымдарының назарын аударады. Қорыта айтқанда, Шығыстың шайырлары мен Сарыарқаның саңлақтары Жанақ, Орынбай мен Арыстанбай сынды ақындардың өлең-жырларына, Біржан сал мен Ақан серінің әні мен жырына бала күннен сусындап өскен Шоқанның қазақ әдебиетінің негізін салушы ғалым болып қалыптасуы заңды еді.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!