Материалдар / "СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сол себепті осы мақала бәріне маңызды деп есептеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2018
925
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Жемқорлық деген не? Жемқорлық  - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің асқынуына ұрындырады. Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс - әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет. Сыбайлас жемқорлық түсінігі - өзінің пайдасы үшін пайдалануды білдіретін термин. Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да жемқорлықты арамыздан аластату, оны қоғамымызға жат қылық ретінде ашып көрсету, оған қарсы күресу баршамыз болып жұмылатын маңызды іс. Адал және сатылмайтын тәлімгердің бейнесін қалыптастыру мақсатында «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім мекемесінде 14-мамыр мен 18-мамыр аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында апталық өткізілді. Апталықтың басты мақсаты - жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда жемқорлыққа жол жоқ екендігін білімгерлердің санасына сіңіру.

Ең алдымен апталықтың ашылуында колледж оқытушысы Ербол Кемалбаевтың ұйымдастыруымен «Жемқорлық – індет, жою-міндет!» атты салтанатты кеш өтті. Студенттердің қатыстырылуымен болған апталықтың ашылуында жемқорлыққа қарсы видеороликтер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұрынғы өткен ата- бабаларымыздың дөп басып "Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ" дегендігін, олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері, қазақ халқының әйгілі билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

ҚР-ның заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымдық қылмыстар жатады.Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау т.б осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластықтың байланыстарын пайдалану арқылы жасалады,- деген ойларды апталықтың ашылуында ұйымдастырушылар білімгерлердің санасына сіңіре білді.

Жалпы пәндер бірлестігінің оқытушылары Абауова Айгүл, Өмірзақ Шолпан, Ережеп Таңшолпан жетекшілік еткен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты сурет көрмесінде тақырыпқа сай студенттер бейнелеген көріністер қойылды. Сурет көрмесіне колледждің 1-курс білімгерлері түгел атсалысты. Барлық салынған суреттер саны 70 - ке жуық болды. Оның ішінде отызға тарта сурет үздік деп танылып, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» «Туризм», «Оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар» мамандықтарының білімгерлері марапатталды. Студенттер колледжде жасалған мүмкіндіктерді қолдана отырып, жемқорлыққа белсенді түрде қарсы тұруға атсалысуға шақырылды.

Апталық аясында Жалпы пәндер бірлестігінің жетекшісі Темірханова Сәуленің басшылығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру»» тақырыбында дөңгелек үстел де өткізілді. Онда колледж білімгерлері Қазақстан Республикасы ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің инспекторы, полиция капитаны Сағимбаев Айдос Шарапұлымен кездесіп, сұхбат жүргізілді. Сұхбатта сыбайлас жемқорлық-мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт екенін жеткізе отырып, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені болып табылатындығын атап өтті. Сол себепті әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті»,- деді. Сонымен қоса колледж директоры А.Дауленбаев өз пікірінде қай жағынан болса да қолдайтынын айтып, сыбайластық – өмірдің қара жолына әкеп соқтырады,- деп пікірін білдірді. Өз кезегінде студенттер де пікірлерін айтты.

Сонымен қатар «Оптикалық және электрондық жабдықтар» мамандығы бойынша 1 курс, О-171 тобының жетекшісі Ережеп Таншолпанның ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз қоғам нұрлы болашақ кепілі» атты тәрбие сағаты да өз дәрежесінде өтті.

Аталмыш тәрбие сағатының мақсаты - студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдықпен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» сөздерінің мағынасы мен Сыбайлас-жемқорлық, әсіресе, мемлекеттік билік органдарында, экономикаға қауіпті  екенін түсіндіру болып табылады.

Тәрбие сағаты барысында студенттер «Тәрбие», «Адал» және «Білім» атты 3 топқа бөлініп, өз білімділігін көрсетіп сайысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Мысалы бірінші кезеңде студенттерге түрлі сыбайлас жемқорлыққа байланысты ситуациялық сұрақтар қойылса, екінші кезеңде студенттер экранда көрсетілген видероликке түсіндірме жасады. Ал үшінші кезеңде мақал- мәтелдің жалғасын табу тапсырылса, төртінші кезеңде әр топ сыбайлас жемқорлықты суреттей отырып, өз аттарын қорғай алатындай шағын газет шығару керек болды. Сайысқа сақадай сай дайындалған әр топ өз нәтижелерін көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.

Жалпы тәрбие сағатында студенттер өз құқықтары мен сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті  реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілермен танысты.

Г.Баттал ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты апталықтың қорытынды кешінде білімгерлерге сыбайлас жемқорлыққа байланысты ситуациялық сұрақтар берілді, оған Ш-171 оқу тобының студенті Жәли Назерке, О-171 оқу тобының студенті Серикбекова Бану, Т-171 оқу тобының студенті Қулпыбаев Асет шығып жақсы жауап берді.Сонымен қатар Ш-171 тобының қыздары флешмоб билеп, білімгерлердің көңіл күйін көтерді.1-курс студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа байланысты сұрақ-жауап айдары болды. Қорытынды кештің соңғы бөлімінде, тақырыпқа сай кереметтей көрініс қойылды. Көрініске 1-курс студенттері: Жетесбаев Дарын, Нагыманова Аяжан, Шылмырзаева Фаризат, Оспанова Камила, Акиев Фархат, Аралбаева Назипа, Ералиева Эльвира, Нұрниязов Берекет, Елеусізов Берекет, Балтабаев Рауан, Қарасаев Али, Құрманғали Нұрдаулет сынды өнерлі студенттеріміз керемет ойнап шықты. Көріністе күнделікті өмірде кездесетін әділетсіздік, пара алу мен пара беру бейнеленіп, көрініс соңында әр кейіпкер иесі пара алғанына өкінетінін айтып, "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! " деген ұранмен аяқтады.

Қорыта айтқанда, дүниежүзі елдері сыбайлас жемқорлықпен әртүрлі деңгейде, түрлі шаралар қолдану арқылы күресіп келеді. ХVІІІ ғасырдың аяғынан бастап қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қарсылық бетбұрысы басталды. Мемлекеттік қызметкерлердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Оларға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ екенін әр азаматтың түсінгені абзал. “Баланы жастан” дейтін халық даналығын естен шығармай жастардың көкейіне тәрбиелік мәні бар іс-әрекеттермен ой сала білсек, өзіміз үлгі көрсетсек, заманға сай, қоғамға қажет отансүйгіш патриот, құқықты сауатты, халқына адал қызмет ететін ұрпақ тәрбиелейміз.


Н.АЛИМБАЕВА, Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

----------------------

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!