Материалдар / Шығарма "Жүрегі жүз жыл жырлаған
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығарма "Жүрегі жүз жыл жырлаған

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқы табиғатынан ақын халық. Есте жоқ ескі замандардан бергі ел тарихының көркем шежіресін жасаушылар да,оның сақтаушылары да сөз зергерлері – ақындар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
2560
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жүрегі жүз жыл жырлаған


Қазақ халқы табиғатынан ақын халық. Есте жоқ ескі замандардан бергі ел тарихының көркем шежіресін жасаушылар да,оның сақтаушылары да сөз зергерлері – ақындар.

Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің айшықты бір саласын тілегей-теңіз жыр тудырған жыраулар құрайды. Олар: Йоллығ-тегін,Тоныкөк, Сыпыра, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Майкөт. Байтақ қазақ даласын жырға кенелтіп,осы бір теңдесі жоқ өнерді биікке көтерген, ілгері дамитын даңғыл жыраулардың ең соңғы үздігі-Жамбыл.

Жамбылдың құдіреті оның осындай асқан шеберлігімен ғана емес, халық поэзиясының бұтақ жайған алып бәйтерегі болуымен де, халық ақындарының жаңа көшін бастаған даралығымен де әлемді таңғалдырған.

Әдетте, Жамбыл атаны қазақтың Гомері деп атайды. Оның өмір- баянын зерттеушілердің мәліметіне қарағанда Жамбыл 1846 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шу өңірінде Хан мен Жамбыл тауларының бауырында боранды күні дүниеге келіпті.

Жамбыл ақын жүз жасауға бірнеше ай қалғанда 1945жылы

22- маусымда дүниеден өтті.

Жамбыл қазақтың халық ақыны, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

Жамбыл Жетісудың төрінде, жырдың тұнып тұрған шағында туды. Бұл кезде Жетісу ән мен жырдың бесігінде болатын.

Өлең кірген түсіне

Жөргегінде мен болам, - деп өзі айтқандай, Жамбыл өмірге өлең болып туған. Жарық дүниеге көзін ашқанда алдында Сүйінбай ақынның болуы Жамбылдың ең ұлы бақыты еді. Жамбыл батаны Сүйінбайдан алды, отыз бес жыл ұлы ақынның өнегесін үйренді.

Менің пірім – Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай – дегендей Сүйінбайды пір тұтты. Ұстаз өнегесін жанымен сезініп, өсиетін өзінің ақындық мұрасына айналдырған Жамбыл барлық шығармаларында ұстазы секілді халық өмірінің ақиқат шындығын,елінің асыл арманын, мұратын жырлады. Мұның айқын мысалын ақынның айтыстарынан «Домалақ ананы», «Өтегенді», «Жеті дастанды», «Сұраншыны» жырлағанынан көреміз. Сөйтіп, Сүйінбай Жамбыл өмірінде шыншылдықтың, азаматтықтың, халық мүддесі үшін күресудің үлгісіне айналды. Жамбыл бір ғана Сүйінбайдан үйренген жоқ. Ол ел өнерінің қайнар көзінен, мөлдір тасқынынан туған, сол өнердің бөлеуінде өскен, халық жырауларынан үйренген. Жамбылдың өнеге мектебі бір ғана Сүйінбай емес, Қабан, Майлықожа, Құлыншақ, Жанақ, Түбек, Бақтыбай, ақындар, т.б.

Жамбыл ана құрсағынан жарық дүниеге ақын болып туған, халық әдебиетінен өнген. «Ертөстік», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Манас», «Шаһнама», «Ерназар мен Бекет», «Шора батыр» эпостарын дамытып, өз жанынан қосқан оқиғалармен, толғаулармен байытып, нұрландырып жырлаған. «Қыз Жібек», «Мұңлық-зарлық», «Көрұғлы», «Ер Қосай» эпостарының сюжеттерін дамытып, өзінше толғаған. Көлемді эпостармен қатар халық жырларын да, қара өлеңді де білген. Ауыз әдебиетін көп білу, халық эпостарын бірнеше күн бойы толғау Жамбылдың кемел ақындық өнерін қалыптастырды. Ақын эпостарды ғана жырлап қойған жоқ, өзіне дейінгі дәуірдің, өз заманының құбылыстарын да эпос үлгісіндегі тамаша толғау өнеріне дейін көтерді.

Топ десе он жетіде тартынбадым,

Семсердей майдандағы жарқылдадым.

Ақынды ауылға ермек басып озып,

Жұлдыздай көзге түсіп жарқылдадым, - демекші, Жамбыл алдымен айтыста танылды. Айкүміспен, Сарамен, Бұрыммен айтыстарынан соң-ақ түлеп келе жатқан жыр-қыранның есімі ел ішіне аңыз болып тарай бастайды. Әсіресе, Сарамен, Бұрыммен айтыстары жарық дәуренінің қимас сырлы оқиғасына айналады. Жамбыл жиырма жеті жасында Айқым еліндегі бір тойда Қыдырма қызы Бұрыммен танысады. Бұрым да әнші, көрікті қыз екен, екеуі әуелі қайымдасып, жөн сұраса келе бара-бара айтыстың ұзақ сүресіне түседі. Сан рет кездесіп, бірін-бірі жеңе алмайды. «Жамбыл-ау, бұл қызбен ұзақ айтыстың ғой, не жеңбедің, не жеңілмедің» - дегендерге: «Мен Бұрыммен айтысқанда жеңейін деп айтысып жүр деймісіңдер», - дейді екен.

Айтыстың аяғы жарастыққа ұласады. Ақыры қызды алып қашады. Бірақ қоршаған орта Бұрымды Жамбылдан айырып тынады. Осы оқиға жас ақынның ойын ойрандап, жанын жаралайды. Махаббат, жастық мұңы Жамбылға терең ой салады.

Заманның ағымын аңғарған, кедейдің күйін көрген, әділетсіздікті жан-тәнімен сезінген Жамбылдың тұла бойын ашу-ыза кернейді, жұртқа бірдей өмірді аңсайды. Қоғамдағы теңсіздік ақынды тез есейтеді, ащы тілін, азаматтық үнін шығарады. Балбыраған бай мен қалжыраған кедейдің арасы жер мен көктей еді. Осының бәрін көзімен көріп, жанымен сезінген ақын көпшіліктің сөзін сөйлейді; ендігі жырлайтыны да сол кедейдің күйі, жарлы мен жалшының өмірі болады.

Кеңес дәуірі орнағанда қарт Жамбыл барлық отандастары секілді менің заманым туды деп ойлап, балаша қуанды. Жаңа қоғам, жаңа идеология Жамбылды алақанына салды, сөзін сөйлетті. «Тұрмыс түрленіп, өмір өзгерді. Қуатым кіріп, жасарып, домбырамды қайта алдым. Ауыл-аймақты аралап, жаңа өмірді жырға қостым. Мен халықты түсіндім, халық мені түсінді. Менің өмірім қайта басталды», - деп ағынан жарылды.

Өмірде адам баласы танымайтын, болжай да алмайтын құбылыстар аз емес. Сондай ашыла алмай кеткен баянсыз тарих жұмбақтарының бірі – Кеңес дәуірі, социалистік қоғам. Ол біздің айналып өте алмайтын, соқпай кетпейтін, пешенемізге жазылған тарихымыздың бір кезеңі еді. Бұл дәуірді Жамбыл жетпіске шын жүрегімен, қуана қарсы алды, бар шынымен қабылдады. Ақын болсын, қайраткер болсын - бәрі де өз заманының перзенті, ол өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, керісінше сол өмірге тәуелді болады. Ақын - өз заманының шежіресіші. Сондықтан да біз ақынды нені жырлады, неге жырлады деп емес, қалай жырлады деп бағалауымыз керек. Осы тұрғыдан келгенде, Жамбыл өзі өмір сүрген екі дәуірдің де айғағы, шын айнасы, заңғар тұлғасы бола алады.

Ойлап қарасақ, Жамбыл өмірінің адам таңғалатындай ғажайыптары аз емес. Ол – Абайдың құрдасы. Дүниеге екі рет келген адам. Тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан туды, тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан қайта туды. Ақынның екі рет дүниеге келгені де, түрлі дәуірде жасағаны да, қартайған шағында күллі әлемге танылғаны да, қайта жасарғаны да – феномен.

1916жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатысты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүріп,өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Кеңес дәуірі жылдарында Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Ол байырғы ұлы жыраулардың дәстүрін қайта түлетіп, біздің дәуірімізге жаңа сапада, соны мазмұнмен байытып жеткізді.

Кеңес өкіметі тұсында Жамбылдан мәртебесі биік ақын болған жоқ. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы деп аталды. Жаңа сипаттағы, жаңа мазмұндағы халық поэзиясының көшін бастап, көсемі атанды. Қайта туды, қайта түледі. Дәуір шындығын анықтады, ел бірлігі мен халық тағдырын жырлаудан жалықпады, туған елінің құрметіне бөленді. Өле-өлгенше қалың елінің тәтесі, асқақ жырдың атасы болды. Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылары – бір жағынан, Қоқан хандығы екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар – үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік-саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Сәт сайланарда», «Шағым», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен, азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді.

Жамбыл өз заманының тұтас келбетін жасады, қазынасына, жырдың алтын діңгегіне, өшпейтін өнегесіне, ұлы мектебіне айналды. Нені жырламасын, нені толғамасын, шыншылдықпен, ұлылықпен жырлады, сөйтіп өзі өмір сүрген дәуірдің тұтас бейнесін, келбетін жасады. Ақынның ұлылығын осынан білуге болады.

Абай да, Жамбыл да қазақ халқының аяулы да ардақты перзенттері. Біз Абайды Пушкиннен де жоғары бағаласақ, Жамбылды қазақ жыр дүниесінің алыбы, қазақтың ХХ ғасырдағы Гомері атадық. Бұл Жамбыл атаға деген тегін баға емес болар. Абай ағартушы, ойшыл-философ, ғалым, әлеуметтік зертеушісі-шежіреші болса, Жамбыл Жабаев қазақтың ауыз әдебиеті өнерінің теңдесі жоқ шебері, халықтың шын мәніндегі өкілі болатын. Оның домбыра үніне қосып айтқан барлық жырлары қарапайым халықтың арман-тілегімен терең үндесіп жататын.

Жамбыл жасы 70-тен асып қалғанда, басынан Қазан төңкерісін өткізді. Ол кеңес өкіметі тұсында 30 жыл өмір сүрді. Жамбыл да Абай сияқты алғаш рет сауатын ауыл молдасынан ашты. Жамбыл Абай поэзиясын жалғастырып, қазақ әдебиетін әр түрлі жанрмен байыта түсті. Сөйтіп көптеген ақынның кемеңгер ұстазына айналды.

Жамбылдың даңқы жөнінде мына бір әңгімеден де білуге болады. М.Әуезов Үндістанға барып қайтқан сапарында, ақынның «Абай жолы» романын үнділер жақсы білетінін, бірақ өзінің қазақ ұлтынан екенін білмеген. Қазақ елінен екенін білдіретін боп талай мысалдар келтіріп, жеткізе алмады. Ақырында Жамбылдың есімін атағанда, үнділер қол шапалақтады. Үндінің бір ақыны Жамбылдың «Жаңа заң» дейтін өлеңін өз тілінде оқып берді. Міне, Жамбылдың даңқы әлемге жайылғаны былай тұрсын, ұлы ақынның есімі қазақ ұлтының паспортына айналған екен, -деген екен асыл ағамыз М.Әуезов.

Шынында да Жамбыл – қазақ халқының төлқұжатына айналған адам. Қазақ халқы барда Жамбыл есімі де бірге жасай беретін болады.

Жамбыл – әрі эпик, әрі айтыс ақыны, абыз жырау, әрі жауынгер жыршы. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. Жамбыл – халық мүддесін ғасырлар бойы армандаған жыршы, елдің мұңын мұңдаған мүддегер, ойшыл, данышпан ақын, туған халқының ар-намысы, үні, жүрегі және ақиқат шындығы. Оның поэзиясы жалпақ әлемдей ұлан-ғайыр. Жырлары ғасырлар бойына бір тұтанып, бір сөнген, сөйтіп қайта лаулаған қазақ халқының өз жыры, өз сыры бар ақын. Сондықтан да ол әр ұрпақтың сырласындай, қимасындай, халық пен поэзияның өзі секілді мәңгі жасай береді. Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тілінде аударылып, дүниежүзіне тарады.

Жамбыл шын мәнінде халық ішінен қайнап шыққан нағыз халық ақыны еді. Өзі де айтады ғой:

Жамбыл – деген жай атым,

Халық – менің шын атым,

Жал-құйрығым, қанатым, - деп. Осы – дәл айтылған сөз. Жамбылды Жамбыл еткен – ең алдымен, өз халқының мол рухани мұрасы. Оның бостандық, әділдік, теңдік жайлы ойлары да сол халық жырларынан ауысқан. Ақын мұрасының бағалылығы да, өлместігі де сол халқына деген сүйіспеншілігінен, оған деген өлмес махаббатынан.

Жамбылдың ғұмырнамасы «Өнегелі өмір» сериясынан шыққан емес. Жиырмасыншы ғасырдың Гомері аталған қазақ халық поэзиясының атасы жүз жасаған, оның 85 жылын ақындық өнермен өткізіп, бүгінде өлең, жырлары елуден астам шетел тіліне аударылған алып ақын.

Қазақтың қазақ екенін, қандай халық болғанын, мәдени, рухани мұрасын түсініп, өзіңді байыту үшін алдымен Абай мен Жамбылды, содан кейін қалған әдебиет үлгілерін оқып үйрену керек.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!