Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыни тұрғыдан ойлауда сұрақ қоюдың мағыздылығы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыни тұрғыдан ойлауда сұрақ қоюдың маңыздылығы
Л. Балтабаева
«№ 27 жалпы орта мектептің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
І. Кіріспе
Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруда сұрақ қоюдың тиімділігі
ІІ. Негізігі бөлім
а) Сұрақ қоюдың негізгі техникалары
ә) Ой қозғау сұрақтары
б) Блум сұрақтары
в) Сұрақ қою арқылы сыни ойлауға жетелеу
ІІІ. Қорытынды
Ілгері білімнен игерілетін білімге
Мақсаты:Барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға үйрету. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында дамыту жұмыстарын жүргізу барысында сыни тұрғыдан ойлауда сұрақ қоюдың маңыздылығын қолдана отырып, өз шәкірттерімнің алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Міндеттері:
-
ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-
жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
-
пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-
тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын қарастыру;
-
өзіндік жеке ойлау, тәуелсіз ойлау, шикізатты өңдеу;
-
сұрақтар шешімін табу, жаңа бір нәрсе тудыру;
-
мәселені шешудің жолын өзі іздеп табу;
-
әлеуметтік ойлау, таласып оқу, талқылап қарсы шығу.
Өркениет өресін өркендетуге елеулі қадам басқан тәуелсіз еліміздің еңселі ертеңіне ғылым мен білімнің қосар үлесі мол. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіз елдің тірегі-білімді ұрпақ» ,-деп айтқандай, білімнің асқар шыңына талпынған жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымына ерекше жауапкершілікті жүктейді. Берілген білімді «дәстүрлі стильге» сай механикалық түрде жаттамай, мән-мағынасын терең үйреніп, меңгерген жағдайда тиімдірек болмақ. Бұл үдерісті іске асыруда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру маңызды. Ал оқушылар үшін басты мәселе – сыни тұрғыдан ойлауды үйрену, яғни оқушы жаңа ақпаратты қабылдап, оны саналы түрде зерттеп, сын елегінен өткізуі қажет.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау оқушыларды қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттеріне жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға баулиды. Сыни тұрғыдан ойлауды,әдетте,білім берудің кейінгі кезеңдері мен орта мектептің жоғары оқу орындарындағы оқушылармен байланыстырады.
Негізгі деңгейдегі сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:
-релеванттық ақпарат жинауды;
-дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;
-кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
-ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
XXI ғасырда өмір сүруге лайықты өзіндік ой-пікірі бар тұлғаларды тәрбиелеп шығару, өскелең ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беру - әрбір ұстаздың басты мақсаты. Өзіндік ой-пікір қалай қалыптасады? Ойдан ой қозғап, пікір алмасып, өз пікірін дәлелдеу барысында оқушының бойында өзіндік ой-пікір қалыптасып, дербес қадамдарды жасай алады. Сондықтан да бүгінгі таңда заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие беруде мектептерде сыни тұрғыдан үйрету модулін қолданудың маңызы зор. Сол себепті де оқушылардың сыни тұрғыда ойлануын қамтамасыз етуде сабақ барысында ұстаз тарапынан қойылатын сұрақтар да маңызды. Яғни қойылған сұрақ тек қана берілетін жауаппен шектелмей, оқушылардың танымдық деңгейін дамытуға бағытталуы шарт. Сұрақтар төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар болуы мүмкін.Жоғары дәрежелі сұрақтар оқушылардың алынған ақпаратты кеңейтуге, қайта құруға және талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоғары деңгейлі сұрақтар оқушылардың сыни тұрғыдан пікір білдіруіне септігін тигізеді. Ал төмен деңгейдегі сұрақтар оқушылардың тақырыпты жаттап алуына бағытталған. Сондықтан да мен сабақ барысында жоғары дәрежедегі сұрақтарды қолдануға талпындым. Мысалы, «Сіз өз ортаңызда кімді білімді деп санайсыз? «Адам болу» дегенді қалай түсінесің? және т.б.. Нәтижесінде бұл сұрақтар оқушылардың ой-пікірін өрістетіп, сыни тұрғыдан ойлануға талпындырады. Сабақ барысында ұстаз тарапынан дұрыс қойылған сұрақ оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытып, оларды сындарлы сөйлеуге ынталандырады. Сонымен қатар сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқушы мен мұғалім арасында диалогтік оқыту орын алып, нәтижесінде оқушылар мұғаліммен және өз сыныптастарымен пікір алмасады. Бұл өз кезегінде әр оқушының өзіндік пікірін қалыптастырады.
Оқушылардың ой-өрісін дамытуда өзіндік пікірін қалыптастырған жөн. Бұл тұрғыда сабақ барысында ұстаз тарапынан қойылған сұрақтардың маңыздылығы ерекше. Оқушыға сұрақ қою арқылы біз диалогтік оқытудың негізінде олардың ой-пікірін жүйелендіріп, өзіндік дербес тұжырымдамасының қалыптасуына септігін тигізе аламыз. Негізі сұрақ қоюдың келесі техникалары бар:түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау. Бұл сұрақ қою техникаларын мен өз тәжірибемде кеңінен қолданамын.
Түрткі болу – түрткі болуға арналған сұрақтар оқушыдан алғашқы жауап алып, оның жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Әдетте бұл сұрақтар өтілген материалға жалпы шолу жасау үшін қолданылады. Мысалы: «Зат есім дегеніміз не? Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?»
Сынақтан өткізу - бұл сұрақтар оқушының анағұрлым толық жауап бере алатындай етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сұрақтар оқушыға тапсырма орындау барысында бағыт-бағдар беріп отырады.
Қайта бағыттау сұрақтары - сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы: «Көмектесе алатындарың бар ма?» және т.б. Мен өз тәжірибемде қайта бағыттау сұрақтарын көп қолданамын. Себебі осы сұрақ түрі оқушының өз пікірін білдіруіне мүмкіндік береді.
Сабақ барысында оқушының ізденіп, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік туындатуда миға шабуыл әдісімен ой қозғау сұрақтарын қолданудың да тиімділігі зор. Бұл сұрақтар оқушының танымдық деңгейін дамытып, сөйлеуіне мүмкіндік береді. Егер біз сабақ барысында оқушыға мүмкіндік бермесек, шәкірт өз пікірін білдіруге қысылады, нәтижесінде игерілген білім туралы айту артықша. Ой қозғау сұрақтарын мен сабақ барысында жаңа сабақтың тақырыбын ашу барысында жиі қолданамын.
Блум сұрақтары – оқушыларыдың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырып, танымдық деңгейі мен ой-өрісін дамытуда маңызды. Сабақ барысында неге?, түсіндір?, ата?, ойлан?, бөліс?, ұсын? сұрақтарының берілуі арқылы оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
Сабақ барысында Блум сұрақтарын шығарма жаздыруда қолдануға да болады. Бұл жұмыстардың сабақ барысында орындалуы оқушыларды шығармашылыққа баулып, танымдық деңгейін дамытады да, нәтижесінде оқушы шығарма тұрғысында өзіндік пікірін білідіруге, сол пікір тұрғысында сыни тұрғыдан ойлануға талпынады. Сол себепті де Блум сұрақтары арқылы біз бұл жұмыс түрлерін қиындықсыз жаздыртып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеміз. Жетінші сынып бағдарламасына сай мысал келтіріп көрейік. «Менің арманым» деген тақырыпқа сұрақтар қою.
1.Ұлы арман дегенді қалай түсінесің?
2.Арманға жетудің жолы не?
3.Болашақта кім болғың келеді?
4.Армансыз адам болады ма?
5.Арман туралы өз ойыңмен бөліс?
Сұрақ қою арқылы сыни ойлауға жетелеу:
-
Қарапайым сұрақтар: Жадының жұмыс істеуіне, нақты фактілерді білуді талап ететін сұрақтар:Кім? Не?Қашан?Қайда?
-
Анықтағыш сұрақтар: Оқушылар алған ақпараттан оқығанын түсініп, обьектілерді салыстыру, негізгі идеяны анықтау тапсырылады. «Менің түсінгенімше..», «Сізді дұрыс түсіндім бе?»
-
Талдау сұрақтары. (Интерпретация). Оқушыларға алған ақпаратты түйсініп, осыған ұқсас жағдайларда қолдану, мәселелерді шешу жолдарын табу ұсынылады. Интерпретацияға итермелеу арқылы біз оқушылардың түрлі пікірлер мен әрекет себептерін түсіну дағдысын қалыптастырамыз.- Неге?
- Егер сен .... , не істер едің?- Маған не үшін керек?
4. Шығармашылық сұрақтар немесе итермелеу сұрақтары: Оқушылар ақпаратты шағын бөліктерге бөліп, оның құрылысын анықтау тапсырылады. Оқушылар түрлі көзқарастарды талқылап, «неге?» деген сұраққа жауап іздеп, мотивацияны, себептерді анықтап, алған фактілер бойынша қорытынды жасайды.
Оқушылар мектепте оқып жатқан материал мен шынайы өмір арасындағы байланысты көреді, бұл дегеніңіз оқыту үрдісіне олардың көзқарасын өзгертуі мүмкін.
Оқушыларға ойлану мен анализдің арқасында жаңа ұғымдарды түсінуге көмектеседі:
* Сіз қалай ойлайсыз, не болады?
* Неге осындай болжам жасадыңыз?
* Бұл шешімге қалай келдіңіз?
* Неге бұлай болды?
* Қарсы мысалды елестете аласыз ба?
* Оны қалай дәлелдей аласыз?
* Дәлел ретінде неге осы мысалдарды алдыңыз?
5. Баға беру сұрақтары: Алған ақпаратқа баға беріп, өз өмірімен байланыстыра отырып, пікір білдіреді, ұсыныс жасайды, белгілі бір көзқарасты қорғайды.
Сабақ барысында қарапайым сұрақтан бастау міндетті емес. Күрделі сұрақтарға жауап бере отырып та, оқушылар мәліметті қалай меңгергендерін таныта алады.
-Әңгіме, ақпараттың, т.б.
маған пайдасы қандай? – Не үшін бұл мысал келтірілген?
Қазақ әдебиеті сабағында мен көбіне «Автор орындығы», «Өрмекші
торы», «Динамикалық шеңбер», «Фишбоун» және «Сұрақты шеңбер»
әдістерін жиі қолданамын. «Автор орындығы» әдісі арқылы оқушыларға
жоғары дәрежелі сұрақтарды қоюға дағдыландырдым. Сондай-ақ,
«Серпілген сауал» әдісі де тиімді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана
отырып, «Фишбоун» әдісінде сұрақтарға жауап бере отырып, негізгі
және түйінді ойды анықтайды. Үй тапсырмасын сұрауда «Өрмекші торы»
әдісі тиімді. Өйткені өтілген тақырыптар бойынша оқушылар
бір-біріне жоғары дәрежелі сұрақтар қоюға талпынады. Қазақ тілі мен
әдебиеті пәні ойлау мен ойлантудың пәні болғандықтан, сұрақ қою
маңызды рөл атқарады. Жоғары дәрежелі сұрақтарды қою, жауап беру
арқылы оқушылардың ойлау қабілеті де арта
түседі.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша «Абайдың қара сөздері» атты сабағымда «Сұрақты шеңбер» дісін пайдаландым. Сұрақтарды төмен дәрежеліден жоғары дәрежелі сұраққа ойыстырдым. Сабақ барысында уақытты тиімді пайдаландым. Жоғары дәрежелі сұраққа келгенде Н. есімді оқушым өз пікірін бірнеше дәлелдер ретінде айтты. Қазақ тілі пәнінде «Қарсылықты салалас» атты сабағымда үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Өрмекші торы» әдісін пайдаландым. Нәтижесінде оқушылар өз жетістіктерін көрсетті. Сондай-ақ, қазақ әдебиеті пәнінен «Қашқарияға саяхат» тақырыбында сабақты қорытындылау мақсатында «Фишбоун» әдісін қолдандым. Сұрақтарды жоғары дәрежелі етіп құрастыра, оқушылар басына негізгі ойды, құйрығына түйінді ойды жазды. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 6-сыныпқа «Өзгелік және ырықсыз етіс» тақырыбында «Серпілген сауал» әдісін пайдаландым. Оқушылар қызыға бар сұраққа толығымен дұрыс жауап берді. Сыни тұрғыда сұрақ қоюдың маңыздылығын ескере отырып, өз шеберлігімде үй тапсырмасын сұрауда, сабақты қорытындылауда және сабақ барысында қолданудың тиімді екенін анықтадым. Осы әдістерді пайдалана отырып, оқушыларды жоғары деңгей сұрағын қоюды, оған жауап беруін дағдыландырдым.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
-оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
-оқушылардың шынайы қызығушылықтары мен сезімдерін анықтайды;
-білімге деген құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
-оқушылардың білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
-оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
-оқытудағы қиындықтар мен түсініспеушілікті анықтайды.
Мектептегі іс-тәжірибе барысында өткізген сабақтарымда сұрақ түрлерін ұтымды пайдалана отырып мен келесі ойға келдім. Оқушылардың ойлауын жоғарырақ деңгейде дамыту үшін оларға жүйелендірілген тиімді сұрақтарды және жауап берулері үшін мүмкіндіктерді беруіміз керек.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақтың тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім»,-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында атап көрсеткендей, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, өз мамандығын қадірлеу — әр мұғалімнің борышы. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ-ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр. Бүгінде білім беру саласы жаңа бетбұрыс жасауды талап етеді. Педагогика ғылымы алдында оқу –тәрбие үрдісін тұрақты жетілдіру мәселесі қойылып отыр. Механикалық есте сақтау, үстірт білім беруге негізделген дәстүрлі оқыту технологиясы ғылым мен техниканың өркендеу заманында білімнің асқар шыңына талпынған жастардың қажеттіліктерін өтей алмайды. Сондықтан да шәкірттеріне нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға, танымдық белсенділігін арттыруға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап ететін сындарлы оқыту талаптарына жауап беретін сабақтарды жоспарлау маңызды. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Яғни жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі оқытудағыдай ұстаздар шәкірттеріне тек жаттанды білім беріп қана қоймай, сол білімді терең меңгеруіне септігімізді тигізуіміз шарт. Бұл тұрғыда сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырудың маңызы ерекше. Себебі сыни тұрғыдан ойлауға бейім оқушының белсенділігі жоғары болып, алған білімдерін кез келген жағдайда қолдана алады.
«Ұстаздың ұстаздығы білімділігі мен біліктілігінде»,-дегендей, білімнің асқар шыңына талпынған жастарға терең сапалы білімді беру үдерісі әрбір ұстаздан елеулі еңбекті талап етеді. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуға тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайға бейімделе алуына тығыз байланысты. «Мектептің жаны - мұғалім.Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогикадан, әдіснамадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ғылым мен технологияның өркендеп, ғаламтордың қарыштап тұрған заманы ұстаздардан жан-жақты білімділік пен біліктілікті талап етеді. Заманауи білім беру саласын дамыту үшін әлемдік деңгейде жан-жақты көңіл бөлініп жатқан заманда, әрбір мұғалім осы үдеріске өзіндік үлесін қосуы үшін өз іс-тәжірибесінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді заман талабына сәйкес келетін жаңаша арнаға бағыттауы қажет. «Білімділіктің мәні-парасаттылықта, әркімнің өз алдына мақсат қоя білуінде»,-дегендей ғылым мен техниканың өркендеп тұрған нарық заманында оқушыларға сапалы білім беруді жүзеге асыру үшін әрбір ұстаз өз алдына мақсат қойып, шәкірттеріне сапалы білімді терең сіңірту үшін елеулі еңбекті атқаруы маңызды. Шәкірттеріміздің бойындағы білімге деген құштарлық әр ұстаздан заман талабына сай жаңашылдықты енгізуді талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық
-
«Білім және ғылым» журналы
-
Д. Орынбасар, Р. Есимханова, Г. Рүстенбек, Б. Бекей, А. Қарсыбаева «Сыни ойлауға үйрету»
-
С. Әбитова «Сыни тұрғыдан ойлауда сұрақ қоюдың маңыздылығы»