Материалдар / Сынып аруы - 2016
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып аруы - 2016

Материал туралы қысқаша түсінік
категорияға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып аруы – 2015 жыл.

Мақсаты: Қыздарды мейірімділікке, ұлттық қасиеттерін танып- білуге және салауатты өмір салтын ұстану барысында сөйлеу, жүріп- тұру мәдениетін қалыптастыру. Бала бойында ізгілік, шабыттылық, биазылық, сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Мұғалім: Келді көктем қоңыр салқын желімен,

Келді көктем нұрын шашқан күнімен.

Келді көктем қызыл- жасыл гүлімен,

Келді көктем әдемі құс үнімен.

Көктемнің жарқыраған, жайдары күнімен бірге келген- аналар мерекесі құтты болсын!

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен ата- аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар.

Қыздарының көрсетпекші өнерлерін,

Бар қауым тамсана таудай қағар.

Мұғалім: Біздерде ойын- сауық басталады,

Тамаша би билейді, ән салады.

Қошеметпен қол соғып қарсы алайық,

Қатысушы аруларды ортаға шақырайық.

Мұғалім: Ал құрметті халайық,

Жартысы енді көріңдер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

  1. Мектебіміздің тәлімгері- Гүлмаржан Жасқайратқызы.

2.

3.

4.

Байқау мазмұны.

  1. Таныстыру.

  2. « Өнерлі өрге жүзер» ( ән, би,).

  3. «Білім жеткізер мұратқа» ( білімін анықтау).

  4. Сән үлгісі.

  5. Ас- адамның арқауы. ( салат).

-Ендеше ару қыздарымыз реттік нөмірін суырып, өз орындарын анықтасын.

Мұғалім: Сайысымыздың 1- кезеңі- «Таныстыру». Бұл кезең бойынша қыздарымыздың сөз шеберлігі, жүріс- тұрысы бағаланады.

Мұғалім: Ал қыздар кезің келер жайнай тұған,

Бұлбұлдай бақшадағы сайрай тұғын.

Өнердің қиясына шыққан сайын,

Қырандай аспандағы сайрайтұғын, -деп сайысымыздың 2- бөлімі – «Өнерліге өріс кең». Бұл бөлім бойынша қыздарымыз өз өнерлерін көрсетеді.

  • Бұл бөлімнің бағасы қандай болды екен?

Мұғалім: Ана тілім- қазақ тілім,

Өмірімнің айнасы.

Биікте сен тұрған кезде,

Қазағымның жазылар жан жарасы, - деп келесі бөлімде « білім жеткізер мұратқа». Бұнда қыздарымыз сұраққа жауап беріп, білімдері анықталады.

Әдеби монтаж.

Мұғалім: Ал, халайық, ықыласын демейік,

Қыздарымыздың сән үлгісін көрейік.

Сыры менен сымбатына қарап біз,

Әділдікпен бағаларын берейік,- деп келесі бөлім- «Сән үлгісі» деп аталады.Мұнда қыздарымыз табиғи материалдан жасаған сән үлгісін көрсетеді.

  • Әділқазылардан сән үлгісінің бағасын сұраймыз.

Мұғалім: «Ас- адамның арқауы» атты бөлімде қыздарымыз үйден дайындап алып келген салатты түсіндіріп өтеді.

Мұғалім: Ардақта ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ән «Анашым» Абдолла Айбат.

Мұғалім: Сайыста жеңіс те бар, жеңіліс те бар,

Қуанып, шаттанып, күлу де бар.

Өнерлерін бағалап отыратын,

Сайыста әділқазы тағы да бар деп сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Мұғалім: Қасыңда аңсағаның болып тұрсын,

Құдайым ақ ниетке жолықтырсын.

Тойға той, қуанышың еселеніп,

Көңілің ортаймайтын толып тұрсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын аналар мен арулар! Осымен бүгінгі «Сынып аруы- 2015» сайысымыз аяқталды.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!