Есжан Берліқожаұлы
атындағы орта
мектеп
Тақырыбы: «Қазақтың батыр
қыздары!»
Сынып: 5
Сынып
жетекшісі: Мұқанова
Г.Т.
Тақырыбы: «Қазақтың батыр
қыздары!»
Сынып:5
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны
қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға
патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен,
қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ұлы
Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар,
батырлар қыздардың суреттері, аудио және видео
слайдттар.
Шаттық
шеңбер: оқушылар бір-біріне жақсы
тілектер айтады.
Топқа
бөлу: Батыр қыздардың атын кезекпен
айта отырып топқа бөлінеді
Қызығушылықты
ояту:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті
қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат
мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында
қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы
тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы
өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше
миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен
түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін
ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Қазақтың батыр қыздары »
аталатын кезектен тыс ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс
себепкерлеріне арналады.
Жүргізуші: Саламатсыздарма
құрметті ұстаздар, оқушылар, келген қонақтар! «Қазақтың батыр
қыздары» атты ашық сабағымызға қош
келіпсіздер!
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға
1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес
елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға
Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті.
Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.
Жүргізуші : Осы соғыста Кеңес
одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан
Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және
еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар
болған.
Бірақ1945 жылы 9 мамыр күні
жеңіс жарияланды!
Жеңіс келді
далама,
Жеңіс келді
қалама,
Жеңіс келді әке
боп
Елдегі көп
балаға.
Ән
«Катюша»
Жүргізуші:
Ат ауыздығымен су ішкен, ер
етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару
алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия
Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза
тапты.
- Иә, кеудесін оққа төсеген
қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған
еді.
Әр топ өздерінің топтпрының
атына байланысты өлең жолдарын
оқиды.
Оқушы: Әлияны бұл
күнде
Барлық бала
біледі
Әлия атты
көңілде
Әпкеміз деп
жүреді.
Аты аңыз, жыр
қылып,
Елдің батыр
түлегі.
Әр жүректе тұр
күліп,
Әлия атты батыр
қыз.
:
Мәншүк апай батыр
қыз
Ардақтаймыз атын
біз!
Ұқсап Мәншүк
апайға
Өсіп келе
жатырмыз!
Жүргізуші: Қайғыны білмесін
ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.
Сергіту
сәті:
Дайындаған слайдшоуымызды
көріңіздер
«Сұрапыл
соғыс»
Көп қой батыр
апалар
Жаттап алар
балалар
Болашақты бізге мирас етемін
деп
Қыршын кетті
Әлия,Мәншүк!
Ой қозғау: Топтпрға мәтін
беріледі. Топта оқып. Өз ойларын ортаға
салады.
Алия, Мәншүк: Батыр
апаларымыздың өмірбаяндары.
Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының
Батыры.
1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған.
Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің
немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен
қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп
«Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп
жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.
Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға
түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол
соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде:
«Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да
жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері
комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу
туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші
атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер,
оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк
Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен
шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан
жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші
гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие
болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан
тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель
қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте
қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет
отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап,
Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап,
фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын
қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова
ерлікпен қаза тапты.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен
1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу
майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны
үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры
атағы берілді.
Әлия Нұрмұхаммедқызы
Молдағұлова, Кеңес Одағының
Батыры.
Әлия Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында
Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925
жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде,
анасы қайтыс болды. Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы
Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге
беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған,
немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты,
еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде,
нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейді. Үй- іші
Әлияні өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені
үйретті, оған қыздар үй жұмысында көмектесті, кішкентай бауырларын
тәрбиелеп, бақты. Өз құрдастарына қарағанда Әлияның мінезі қисық
қатал болатын. , Әлия жақсы оқитын, ән салатын, билейтін,
достары көп болатын, бірақ мінезі тұйық, өзі туралы ашылып ештеңе
айтпайтын. 1942 жылдың тамыз айында Әлия Рыбинск қаласына ұшқыштың
оқуына кететінін Лида Кротова деген досына айтты. 1942 жылдың 1-ші
қазанында Әлия Рыбинск авиатехникумының студенті болды, бірақ
оқудың ұзақтығына шыдамай 3 айдан кейін қала әскери комиссариатына
өтініш беріп, Қызыл Әскерге кетуіне байланысты 1942 жылдың 21-ші
желтоқсанында техникумнан шығып кетті.
Бүкілодақтық Лениншіл Комммунистік Жастар Одағы (Комсомол) Орталық
комитеті және КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының бастамасымен
мемлекетте алғаш рет атқыш- снайперлерді дайындайтын әйелдер
курстары ашылды. Осы курстар негізінде 1943 жылдың мамырында
снайперлік дайындық орталық әйелдер мектебі ұйымдастырылды. Әуелі
курстар Москва облысы Перов ауданы Вешняки селосында граф
Шереметьев усадьбасының оранжереясында, кейін Москва облысы Щелков
ауданы Амерово деревнясында және Подольск қаласында Силикатный
поселкесінде орналасқан. Әлия снайпер мектебінің бірінші түскен
тобының 4-ші ротасында оқыды. Кішкентай бойы үшін бұл ротаның
қыздарын «қарындаштар» деп атаған. 1943 жылдың 23-ші ақпанында
курсант қыздар ант берді. Әлия оқуға бар ынтасы мен зейінімен
берілді, көз өткірлігін, мергендігін, қолдың нақтылығын көп
жаттықтырды. Сонымен қатар ол жер жорғалап еңбектеуді, қол және
станкопулеметтен, автоматтан, танкіге қарсы қарудан атуды үйренді.
Оқу жеңіл болған жоқ. Әлия жақсы атқыш болды. Бірақ оның майданға
бару мақсатына тағы бір кедергі пайда болды. Мектеп басшылары
емтиханнан кейін Әлияні майданға жібермей мектепте басқа жаңа
курсанттарды үйрететін инструктор ретінде қалдыру туралы шешім
қабылдады. Оны естіген Әлия әскери устав пен тәртіпті ұмытып,
«бәрібір майданға кетемін», деп тұрып алды.
1943 жылдың шілдесінде Әлия Сотүстік – Батыс майданына 54-ші
атқыштар бригадасына аттанды. Бұндада алдағы қатарға жетуіне
кедергі болған оның жасы және бойы. 4-ші батальонның снайпері
болды. Көп уақыт тосып, немістерді аңдып отырып, оларды атты. Бір
рет немістің сынық танкісіне бұғып отырып, екі немісті атты, үшінші
оқпен окоптан шығып тұрған стереоқұбырды атты. Фашистер снайперді
байқап, миномет пен зеңбіректерден оқ жаудырды. Танктің астынғы
люгін ашып, Әлимя жерді бауырлап, өз бөлімшесіне жетті. Ұлы Октябрь
мейрамы алдында Әлия бір күні жеті немісті атып түсірді. Бір күні
дос қыздармен келе жатып, жеті фашистке жолықты. Біреуін Әлия,
екеуін достары атты. Қалғаның қыздар қамауға алып, бастыққа әкеп
тапсырды.
Қорытынды:
Жүргізуші:
9 мамыр – Жеңіс күні өмірді
сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен
келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5
мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды.
Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға
жетті. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де
өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда
ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ
жігіті Рақымжан
Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың
30 сәуірде тікті.
Оқушы:
Арылтып жаудан
жерінді
Табанға жаншып
өлімді
Жеңіспен желпіп
өмірді
Оралды ерлер
көңілді
Десеңдер бұл қай
күні
Тоғызыншы мамыр
күні!
Жеңіс келді ән
болып,
Келді ауылға сән
көрік
Жеңіс келді
алақай,
Ұмытылмас
мәңгілік.
Жүйрік озар
әйгілі
Күні бүгін
бәйгенің
Ура, Ура балалар!
Тоғызыншы май бүгін.
Оқушы:
Отан үшін жанымызды
береміз
Отан үшіе барлығына
көнеміз
Отанныңда анаңныңда
алдында
Осы өмірде парызды өтеп
кетеміз
Сарқылмайтын
қуатым
Тірегімсің сен
Отан
Мәнгі соғып
тұратын
Жүрегімсін сен
Отан
Туған жерде
толамыз
Ертең жігіт
боламыз
Отан ортақ
үйіміз
Көңілді әнмен
күйіміз
Оқушы:
Отан сенің ата
анаң
Отан досың
бауырың
Отан өлкең
Астанаң
Отан аудан
ауылың
бақытты
жүргенің
Сенің арқан ұлы
отан
Елің менің
тірегім
Құшағыңды гүл
атам
Асыр салған
таласып
Біз туған ел
баласы
Қандай байтақ
Отаным
Жан жағыма
қарашы.
отаным кең
көсілген
Төсінде ырыс
өсірген
Қаптаған шалғай алып
дән
Бәрі менің
несібем
Ән «Атамекен»
Е.Хасанғалиев
Жеңіс деген жақсылықтың
сыңары,
Жігер менен құштарлықтың
құралы.
Күрескердің арманы мен
ұраны,
Қуаныш пен мерекенің
бұлағы.
Ән «Жаса
Қазақстан»
Қуандық және
Бақберген
Осымен ашық сабағымыз аяқталды
тыңдағандарыңызға рахмет!