Материалдар / Сынып сағаты "Тәртіпке бағынған құл болмайды" 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты "Тәртіпке бағынған құл болмайды" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата – аналарымызға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ортаға ой салу барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу. Оқушының өз құқықтарын білуіне баса назар аудару.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2018
6588
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ...» атты танымдық басқосудың жүру барысы.

Мақсаты: Оқушыларды әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата – аналарымызға ұлтымызға жат қылықтардан ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, ортаға ой салу барысында бала тәрбиесіне көңіл бөлу. Оқушының өз құқықтарын білуіне баса назар аудару.

Көрнекілігі: Интертақта . Тәрбиелік нақыл сөздер.

Жоспар:

І. «Тәртіпке бағын жасыңнан...»Жүргізушінің алғашқы шолу сөзіне тоқталу.

ІІ. «Мектеп ережесі-тәртіптің негізі...»Мектептегі бейнебақылау жайында.

ІІІ. «Ұлды ұясында баулы!»Жолда жүру ережесі туралы.

ІҮ. «Көше бұзықтары.Олар кімдер?»Көше тәртібі туралы.

Y. Психологиялық тренинг «Жаман қасиеттерден арылайық!»

  1. Рефлексия.

І.Алғашқы сөз шараның мақсаты мен маңызы жайында тәрбие ісі меңгерушісі Алма Ықыласқызына беріледі.


Эпиграф: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас – жауы» Әл – Фараби.

Жүргізуші: Атақты ұстаз А.С.Макареньконың түсінігінде тәртіп – бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу белсенділік, жауапкершілік тәртібі.Тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез – құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. «Тәртіп – бұл ұжымның бет - әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» - деген. Тәртіпті бала сүйініш, Төбең бір көкке жетеді.Тәртіпсіз бала күйініш,Төмендеп басың кетеді – дегендей, сендер,оқушылар,мектепте жыл басында ішкі тәртіп ережесімен танысып,өз өмірлеріңіздің қауіпсіздігіне жауаптымын деп, танысып,қол қойдыңыздар. (Ішкі тәртіп ережесі суреті)

Ал,осы тәртіп дегенді қалай түсінесіздер,бір ауыз сөзбен кім жеткізе алады?

(оқушылар Тәртіп сөзіне ауызша түсінік береді.Мысалы: ол-жауапкершілік,ұстаным,ереже,т.б.)

Жүргізуші:Ал,ендеше осы өмір қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау бағытында сынып сағаттары,түрлі шаралар өтіп жатқанымен,кейбір келеңсіз жағдайлардың да куәсі болып жататынынмыз сөзсіз.Тереңірек айтсақ: мына бейнесюжетке кезек беріп тамашалайық.Назар аударыңыздар: (видео –жол ережесі.) Осы жерде қандай ереже бұзылды,қандай тоқтам жасар едіңіздер?

І. оқушыларға қойылатын алғашқы сұрағымыз – «Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, жол тәртібі туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар. (Оқушылар пікірін тыңдау)

ІІ. «Бала болмысы құрсақтан, тәлімі бесіктен» дегендей, келесі сөз кезегін ата – аналарға берейік.

  1. Баланы еркін тәрбиелеуді қалай түсінесіз? Пайдасы мен зияны. Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?

  2. Қазіргі қоғамдағы кездесіп жатқан келеңсіз жайттардың бала тәрбиесіне әсері бар ма? Онымен қалай күресуге болады? Өз ойларыңызды білдірсеңіздер екен. (пікір тыңдау)


ІІІ.Келесі бейнесюжетке назар аудару сұралады. (көше шамдарын бұзу)

Осы жерде екі топқа постер қорғау тапсырғым келіп тұр.Басты проблема көше тәртібі бұзылды.Фишбоун әдісіне салып,постер қорғасақ.Мысалы проблема: сюжеттегі бала тәртіпсіздігінің жасалуы.


Проблема,факт,себеп,қорытынды.

Екі топтың жауаптары дайын болғанша көрерменмен «бір ауыз ой» айдары бойынша сауалға жауап алу

1.Ата-ана: Ұл баланы тәрбиелеудегі басты құралыңыз?

2.Оқушыға: Баланың тәртібіне не әсер ете алады,көзқарасың...

Фишбоунның қорытындысы: Топтардың жауаптарын тыңдау.

ІҮ. Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық . Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.

Қазіргі кезде ата – ананың сабаққа қатысып, баласының білімін, тәртібін қадағалау жоқтың қасы. Ата - ана баласының болашағын ойламайды деуден аулақпын, бірақ сол болашақ күнделікті сабақтан басталатынын ұмытып кетеді. Тамшы су сияқты күнбе – күнгі сабақ болашақты қалайтынын, содан білім құралып, үздік куәлік, аттестат, грант, диплом деген ұғымдар ұласатынын ата – аналар естен шығарып алады. Күнделікті сабақты қадағаламайды да, әбден мектеп бітірерде қарбаласқа, уайымға салынады. Баланы мектепке даярлау ата – ананың міндеті. Қазіргі ата – ана бірінші кезекте баланың тамағы тоқ болса, киімі ешкімнен кем болмаса деп қана ойлайды.Тіпті балаларының сабақпен емес, агентпен әуре болып отырғанын елегісі келмейді. Өз баласының өздігінен өмір сүруге, өзі тауып, өзі ізденуіне мүмкіндік бермейді, баланың айтқанын орындайды. Бар малын, жиған – тергенін, несие алып болса да сол баланың жолына салады.

Керісінше, оқушылардың сабағын күнделікті қадағалайтын ата – аналардың балалары өте жақсы оқып, жыл сайын мақтау қағаз алады, грант иегері атанып, оқуға түседі.

Y. Психологиялық тренинг «Жаман қасиеттерден арылайық»-ақ параққа жағымсыз әдеттерін жазып жыртып қоқысқа лақтыру.

Дұрыс тәрбие, сапалы білім алу үшін, еліне адал қызмет ету үшін әрбір жеткіншек өз бойындағы жаман қылықтардан арылу керек. Ендеше осы тренингтің мақсаты - өз бойымыздағы жаман әдеттерімізді өшіріп тастау.

«Біреулер бойында жоқ нәрсені іздеп әуре, біреулер бойында бардың бағасын білмей мас», - деген екен Үмбетбай Уайдин. Сондықтан да бойымыздағы бар жақсылығымызды бағалап, талантымызды талабымызбен ұштап, жігерімізді қайратымызға серік етіп әрекет етсек, алынбайтын қамал болмайды.

Y. Рефлексия.

Тәртіпті, тәрбиелі, өнегелі бала әр ата – ананың өмірінде несі болады екен?

1.Болашағы.2. Ұрпағы. 3.Арманы. 4. Қамқоршысы. 5.Ардақтысы. 6. Өрісі. 7.Қуанышы. 8. Мақтанышы.

Қорытынды сөз.

Елбасы өз сөзінде»Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті.

Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі актуальды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.

Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім беру мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазіргі кезде жастарға, олардың тәрбиесіне қай кездегіден болса да зор үміт артылып отыр.

Ал аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр.

  • Біріншісі балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.

  • Екіншісі немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын.

  • Үшіншісі, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын» деген.

Атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық мінез, ұлттық қабілетіміздің ажарлануына жол ашады деген оймен шарамызды

Номері әселдің қорытындылайды.














































Оқушыға жадынама

Құрметті дос, сен еліміздегі ең жақсы мектепте оқисың. Жан-жағыңа қарашы. Сені сыныптастарың мен мұғалімдер қоршауда. Біз саған ақыл-кеңес ұсынамыз. Өз құқықтарың мен еркіндіктеріңді пайдалана отыра, сен мектебіміздің дамуына өз үлесіңді қоса аласың.

Біріншіден, сенің мектептегі құқықтарың мен міндеттерің жазылған, сенің ата-ананмен мектеп жасасқан Шартты алып қара. 

Екіншіден, саған және сенің оқуына қатыстының бәрін  есіне сақтап ал.   

Үшіншіден, сен мектепте жалғыз емессің, сені өзіндікіндей құқықтар мен еркіндіктерге ие мұғалімдер мен оқушылар  қоршап тұр, оларды құрметте.

Төртіншіден, мектеп сенің екінші үйің.  Онда орналасқанның бәрін: жиһаздарды, кітаптарды, құрал-жабдықтарды сақта. Оның үстіне мектеп мүлкін бүлдіргенің үшін сенің ата-анана материалдық жауапкершілік жүктелуі мүмкін. 

Бесіншіден, белсенді өмір салтын ұстан және мектептегі іс-шараларға қатыса отыра өзіңнің құқықтарың мен мүмкіндіктеріңді іске асыр.

Алтыншыдан, дәптерінді ұқыпты толтыр, ол сенің бетің.  

Жетіншіден, егер сенің сенің көмегің қажет болса, ойланба – көмектес. Келесі жолы саған көмектеседі.

Сегізіншіден, есіңде болсын, сен шылым тартып, арақ ішкен кезден ересек атанбайсың,өз ісіңе өзін жауап бере алған кезде ғана сен ересек болғаның.   

Тоғызыншыдан, мүмкіндігінше ата-ананды мектепке жиі шақырып отыр, олар сенің істеріне қанық болып отыруы қажет, себебі олар сенің заңды өкілдерің. 

Оныншыдан, егер сенде қиындықтар туып жатса, мұғалімдермен бөліс.  Мектеп әкімшілігімен бірігіп, олар саған көмектесуге тырысады. 



Егер сен жоғарыдағы ақыл-кеңестерді орындап отырсан, сенімді бол, сенде күрделі мәселелер туындамайды.  « Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» - деген сөз үнемі жадыңда болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!