Материалдар / "Сырға толы мекенім"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Сырға толы мекенім"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сырға толы мекенім" атты мақала.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2021
385
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

УДК 911.5/.9

СЫРҒА ТОЛЫ МЕКЕНІМ

Елемесов Ә.Қ., жетекші, аға оқытушы, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.

Айтжан Қ.Ж. , студент, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.

Аннотация: «Шежіресіз ел болмайды»,-демекші шежіреден сыр шертіп,Кейінгі ұрпаққа мирас ету бүгінгінің міндеті.Бүкіл шежірелі сыр бойы сияқты Аққорған жерінің де тарихы тамыры тереңде жатқанын жақсы білеміз.Өткен тарихымызды білмей,бүгінгі тірлігімізді бағалай алмаймыз,ал онсыз ертеңгі күнімізді елестету де қиын.Тарихсыз халық жоқ,мәдениетсіз ел болмайды,қадір- қасиетсіз жер болмайды.Көнекөз қариялардан бізге жеткен әңгімелерге құлақ түрсек,құм астында қалған қалалар мен қорғандардаң,төбелер мен қамалдардың,арықтар мен каналдардың орны бар деседі.Өйткені елдің сулы жерлерді көбірек мекендегені белгілі. Осы жұмыстың нәтижесінде біраз жұмбақ сырдың шешімі табылғандай. Туған жердің сырға толы тарихын ашу,зерттеу.Тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттау және кеңінен таныстыру.

Кілт сөздер: Аққорған қалашығы, Аққорған төбе ,Түгіскен,Отырар, Кіржуған көлі , Апанқақтағы артезиан суы, жер асты сулары , төбелер мен каналдар.



Шежірелі жер-сулар

Тарихыңа үңіл бала,үңіл қыз,

Ертеңіміз-сендерсіңдер,бүгін біз.

Көтеріңдер ауыр жүгін ертеңнің,

Көтерейік бүгінгінің жүгін біз.



Ойсыз жатып жетер енді ойнауың,

Тарихыңның қопар кенді қойнауын.

Туған жердің топырағы астында,

Тарих жатыр...

Керек соны ойлауың,-

деп ақын аталарымыз жырлағандай Сыр бойы сан қилы шежірені жинақтаған алтын қойма тәрізді.Киелі де,қасиетті Сыр өңірінің бір бөлшегі-Түгіскен елді мекенінде сырға толы мекендер толып жатыр.Бір аңыздан екінші бір аңыз туындап,әр төбесі өз тарихымен қызықтырып,өткенге жетелейді.Киелі мекеніміздің тарихын саралаудың бір жолы-өткенімізге жете үңілу,байқағанымыз бен тапқанымызда ортаға салу,ескі мұраларды заман талабына сай байыптау.Ол бір жылда жүзеге аса қоймас зор міндет.Ол бір немесе бірнеше адамның қолынан келе салатын оңай шаруа емес.Көп болып қолға алуды қажет етеді. «Ұрпақ өлер,ұрпақ келер,ал қара жер мәңгі бақи қала берер» деген екен Сүлеймен пайғамбар.

Өлгенде не өлмейді? «Жақсының аты,өлмейді,ғалымның хаты өлмейді»,-депті Бұқар жырау.Көнекөз қариялардан бізге жеткен әңгімелеріне құлақ түрсек,құм астында қалған қалалар мен қорғандардың,биік-биік төбелер мен қамалдардың,арықтар мен каналдардың орны бар деседі.Ауылымыздағы әр төбе мен арық, көлдердің белгілі бір оқиға,аңызға қойылған атауы бар. Бұл өлкеде де қақтығыс-соқтығыс,яғни кішігірім рулық қақтығыстар болып өткен.Басқыншылық,ашаршылық зардаптарын да бастан өткерген.Сонда да елі мен жерін сүйген ер халқын,құт мекенінтастап,ешқайда кетпеген.Жері киелі,топырағы шұрайлы Аққорған ауылы-ықылым заманнан ел назары түскен құтты өлке.Көптеген ұрпақтар осы өлкеден ырғызын,несібесін,күн көрісін бағамдаған нулы да,сулы жер.Аққорған бүгінде 5000-ға тарта тұрғыны бар,елі баққа оранған,алқабы егіске,тоғайы малға толған берекелі жер.Ауыл атауына негіз болған-анадайдан көрінетін үлкен төбе- Аққорған көне заманның ескерткіші,тарих куәсі.Осы мекеннің барлық бағытында орналасқан төбе,сулардың азды-көпті өз тарихы бар.

Үнсіз ғана бұйығып жатқан момақан төбелер,сылқ-сылқ сырғи аққан өзендер,көз жасындай мөлдіреген көлдер елін қорғанан ерлерге де,елді қанға бөктірген жауларға да,бұрала басқан аруларда бірдей қызмет көрсетіп,барлығының сырына бірдей қанған сарбаз адамдай туған жер төбесінде керіліп жатыр.Бір ғана төбесінің өзі қаншама тағдырларды,тарихтарды жасырып жатқан Аққорған,Мейрамтөбе сияқты төбешіктер өзінің зерттеушісін,өз кезеңін күтіп жатқандай. Кезеңі келгенде бұл жер терең зерттеліп,үлкен жаңалықтарға,ғылыми еңбектерге арқау болатын дүниелер табылатынына сенімім мол.Ол-кезек күттірмейтін болашақтың ісі.Сондықтан бүгінгі ұрпақ-мына біздер бабалар үрдісін жалғастырушылармыз және тарихи шежіреге толы жерлердің сырын ашушылармыз,оны мақтан тұтамыз оның куәсі-бүгінгі аққорғандықтардың ерен еңбегі мен тұрмыс тіршілігі.Аққорғандықтар бүгінде ел үшін және ел экономикасы үшін қызмет етуде.Аққорған ауылын біріктіріп тұрған Түгіскен елді мекенінде орын тепкен сырға толы атаулар елдегі көне көз қариялардың баяндауы арқылы ұрпақтан ұрпаққа ауыз толтыра айтатын аңыз боп жете бермек.

Шежірелі сырлы өлкем,

Құпиялы жырлы өлкем.

Мәңгі бақи жасай бер,

Құлпыра бер,сен өлкем!

Бұл өлке зерттелмегенімен,кейбір кісілер тапқан дүниелер: құмыраның сынықтары,теңгелер,көделер,т.б. дүниелер №209 мектеп мұражайынан,жекелеген үйлерден де табылады.Біздің өлкеден арнайы мұражай ашылса,оған қойылатын дүние осы ел ішінен табылатынына зерттеу нәтижесінде көз жеткіздім.Сонда ғана ұлттық құндылықтарымыз сақталып,елжанды болып,өсер едік.Сондықтан зерттеу жұмыстары жалғасын тауып,өлкетану мұражайы ашылса деген ұсынысым бар.

Бұрын қариялардың аузынан естіп, Аққорған ата деп келдік. Кейінгі кезде зерттелген тарихи деректерге сүйенсек, Аққорған адам аты емес,қаланың (қорғанның) аты екен.Аңыз әңгімелерге сүйенсек,ол кезде жаугершілік болып тұратын,баба ұрпақтары ұйымдасып,қорған соққан.Қорғанның асты үй сияқты халық паналайтын және өлген адамды бір жағына қоятын (қадірлі) сардабасы болған.Қорғанның биіктігі 20 метр,ұзындығы 4 шақырым, ені 3 шақырым екен. Қарауылтөбелер болған.Қорған алыстан шандақ тартып,ағарып көрінгендіктен Аққорған деп аталған.Аққорған қаласы 50-57 ғасырлардағы қазақ хандығы кезіндегі Сыр бойындағыөркендеген қалалармен қатар аталады.Тарихшы Ибн Рузбехан «Түркістанның 30 бекінісі» атты еңбегінде,Сырдарияның сол жағалауындағы Аркөк,Өзгент қалаларымен бірге Аққорған қаласын да дамыған қалалардың қатарына жатқызады.Бұл қала үлкен сауда орталығы болмағанымен,суармалы егін шаруашылығы дамыған бекінісі қалаға жатады.Кейбір жазба деректерге қарағанда,Аққорғанда астықтың мол қоры болған.Халқы жер жыртып,егін салған.1581 жылы Өзгентке жорық жасап бара жатқан екі Абдулле Аққорғанды жағалап отырған.1582 жылы маусымда болашақ қазақ ханы Тәуекел ІІ Абдулле Сұлтанның ағасы Ибадулле Сұлтанмен Аққорғанда кездескен.Аққорған қаласы кезінде сол аймақтың саяси-экономикалық өмірінді лайықты орын атқарған.

Аққорған ортағасырындағы қала атауы.Қала аты Түркістан өңіріне байланысты орта ғасыр авторларының жазбаларында жиі кездеседі.Масуд бин Осман кухистанидің қабарлауынша Аққорған, Сығанақ,Созақ,Аркук қалалары сияқты Әбілқайыр ханға өз еркімен берілген. «Үлкен сызық» кітабандағы деректерге қарағанда Аққорған Жаңақорғанның 70км,Сайрамнан 110км жерде орналасқан.Осы тұста ежелге қаланың орны сақталған.Оны алғаш 1970 жылы Отырар археолог Экспедициясы зерттеген.Осы күнге дейін Аққорған болып аталады.Екі деңгейде тұратын трапеция тәріздес төбе.Басқа бөлігінен едәуір биік орналасақан бөлігінің көлемі 150 х 110м,биіктігі 6м.Бұл Цитательдің орны.Оны қоршай орналасқан аласа төбенің қабырғалары: шығысында 210м,батысында 200м,оңтүстігінді және солтүстік бөліктерінде 230м.Қаланың қорғанысы мен оның сыртындағы ордың іздері анық сақталған.Жинастырылған деректерге қарағанда 15-18 ғасырда болған. Орта ғасырлардағы қамалды қала орны. Жаңақорғаннан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырымдай жерде. Сырдарияның сол жағалауындағы қазіргі «Түгіскен» елді мекенінің аумағында болған. Бұл күнде қаланың төбеге айналған орны ғана қалған. Оны алғаш 1970 жылы Отырар археолог экспедициясы зерттеген. Жұрты осы күнге дейін Аққорған болып айтылады. Деңгейі едәуір трапеция тәріздес төбе.  Басқа бөлігінен биік орналасқан цитаделінің ұзындығы – 150 м, ені – 110 м, биіктігі – 6 м. Қаланың қорғаныс қабырғасы  мен оның сыртындағы ордың іздері анық сақталған. Жинастырылған деректерге қарағанда ХҮ-ХҮІІ ғасырларға тән. https://zhanaqorgan-tynysy.kz/tarih/4287-aoran.html

Picture 1

1 сурет Аққорған

Жергілікті маңыздағы Аққорған қалашығы жайлы айта кетсек. Ескерткішті 1890 ж В.Каллаур ашқан, 1900 ж А.О.Руднев, 1969-70 жж ОАЭ (К.А.Акишев) зерттеген. 2004 жылы ХҚТУ ТАЭ (М.Елеуов) географиялық координаттарын анықтап жоспарын сызып, суретін түсірген. Қалашықтың шығыстан батысқа қарай бағытталып созылып жатқан шахристанының ұзындығы 260-390 м, ені 200-100 м, биіктігі 3-5 м. шахристанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқан цитадельдің ұзындығы 120 м, ені 90 м, биіктігі 6 м. оны сырттай қоршаған үймек жалдың ені 8-10 м, биіктігі 1,5-2 м. цитадельге кіретін қақпа қабырғада орналасқан.[13]

Көлдерім бар Кіржуған мен Саусадай,арығым бар Айсадай деп айта кетсек. Сырдария өзенінің жағалауында су тасығанда құйылатын көл,тоғандар көп болған.Кейінді жылдарда халықтың өндіріс шаруалылықтардың көбеюінен дария суы азайып кетті.Бұрынға уақытта «Аққорған» ауылының төңірегінде «Кіржуған» көлі болған.Көлге көктемде дариядан су құйылып отырған.Шілде,тамыз айларында су өте аз болып,тартылып қалатын. «Кіржуған» көлінің тарихы бар.Егіншілікпен айналысқан ауыл адамдары көлді жағалай орналасқан.Осы көлге келіп,әйелдер,қыздар үнемі кір жуатын болған.Сондықтан бұл жерді Кіржуған деп атап кеткен.Өткен замандарда еліне қадірлі кемпір-шалдың бір ұл,екі қызы болады.Жаугершілікте кемпір мен шал және ағасы қайтыс болып, екі қыз өздері қалады.Қыздардың ат- Сауса,Айса.Бұлар қалған өмірін ел игілігіне жұмсау үшін қызмет етеді.Сырдариядан канал қаздырып,оны қолдан жасалған көлге құйдырады.Ол Сауса көлі болып аталады.Сауса көлінен де канал қаздырып,оны Кіші кіржуған,Үлкен кіржуған көлдерімен қосады.Қалмақ пен қарақалпақтар елді шапқанда,екі қыз халықты жаудан аман алып қалып,Кіші,Үлкен кіржуған көлдерін паналапты.Екі қыз әке-шешесі мен ағасына үлкен кесене тұрғызған екен.Дария жағасындағы бұл кесене кейін дария түбіне түсіп кетіпті.Қыздар жаудан қорғану үшін елді ұйымдастырып қорған соққан.[12]

Ə.Х.Марғұлан өз еңбегінде Орталық Қазақстан төрткүлдерін селолық елді мекен, қолөнер орталығы, қыпшақ қола деп бөлген[5]. Г.Н.Пацевич елді мекендермен қолалар орнын түрлеріне қарай алты топқа бөлген. Оның ішіндегі төрткүлдерді бекініс, керуен сарай белгілеген.[6] 74 К.М.Байпақов Жетісудың өңірінің солтүстік-шығысындағы төрткүл құрылыстарын ауылдық елді мекен, қорғаныс қала, керуен сарай, ірі қамалдар деп төрт топқа бөлген. К.М.Байпақов елді мекендердің кішіден үлкенге қарай өскенін жазған.[7] Талас өңіріндегі төрткүлдерді зерттеген М.С.Қасенов «Төрткүл» елді мекендерінің қызметі зор болды деп атап өткен. Ол өз еңбегінде Ə.Х.Марғұланның, К.М.Байпақовтың, А.Н.Бернштамның, Г.Н.Пацевичтің еңбектеріне назар аударып, кей пікірлерді қостайтының жазған[8]. М.Е.Елеуов Шу өңірінің қалаларын ұзын жолды қалашықтар, төрткүлдер, төбелер деп үш топқа бөліп, соның ішінде төрткүлдерді 6 түрге бөліп қарайды. 1) Қалалар. Ұзын қабырғалы төрткүл. Оған қабырғасы 100м жəне оданда ұзындырын жатқызады. 2) Рабаттар. Жақсы қорған қабырғасы бар, ұзын қабырғалы төрткүлдер. 3) Қала-қорғандар. Жақсы қорған қабырғасы бар, көлемі үлкен, кіші, орта келген төрткүлдер. 4) Қорғанды елді мекендер. Бұған ұзын қабырғалы 100м астам, мадени қабаты 1-2мтерендікті құрайтындар. 5) керуен сарай. Негізінен бұған қабырға ұзындығы 100м асатын керуен жолында орналасқан керуен сарайлары жатқызылған. 6)Қараауылдық бекініс. Кіші төрткүлдер, мəдени қабаттардын əлсіздігі, қараулдық беиет қызметін атқараттын төрткүлдерді жатқызған.[9] Сонымен қатар М.Е.Елеуов Қала мен елді мекендер тарихын ауыз əдебиеттер мен аңыз əнгімелерді, батырлар жырын сабақтастыра ғылымға алғаш рет енгізді. Табиғаты мен орналасу жағынан Сыр өңіріне жақын, ұқсас болып келетін Келес өңірінің ортағасырлық ескерткіштерін зерттеген Д.Ə.Таллив аймақтың тарихи-топографиялық жіктелуіне өмір сүрген кезеңіне, жасалу құрылысына үш кезенге бөлінген:

1. Ерте ортағасырлық ескерткіштер VІ-VIIIғғ, оған 27 ескерткіш енгізілген.

2. Ортағасырлық ескерткіштер ІХ-ХІІІғғ, оған 20ескерткіш енген.

3. Кейінгі орта ғасырлық ескерткіштер ІХ-ХІІІғғ, оған 16 ескерткішті жатқызған[10]. Əл-Фараби атындағы ҚҰУ ізденушісі Қ.Жолдасбаева Шу, Талас, Келес өңіріндегі ортағасырлық елді мекендердің зерттелуін жазған зеттеушілердің еңбегіне шолу жасап біршама тоқталған.[11] Шу, Талас, Жетісу өңірінің табиғаты, ауа-райы, жер рельефі бөлек, биік таулы, жыралы, көптеген өзеншелер мен бөлінген аймақ. Сырдария бойы қалың тоғайлы оң жағы сотаңды жазық, сол жағында қызылқұм жатқан өлке. Отырыр өніріңдегі торткүл типтес құрлыстардың орналасу жүйесіне назар салсақ. Төрткүлдердің барлығы дерлік Сырдария өзенінің жекелеген тармақтары өзен бойларына орналасқан. Бұлардың басым бөлігі Сырдарияның сол жағалауына орын тепкен. Төрткүлдердің өмір сүрген кезенің үстінгі қабаттарда жиналған керамика үлгілеріне қарап, б.з. І мыңжылдықтың бірінші жартысынан басталып, ХІ-ХІІІ ғасырларға дейін деп айтуға болады. Сырдарияның орта ағысы бойы отырықшы қалалар мəдениет пен көшпелі мал шаруашылығы қатар дамыған өлке. Керуен жолдардың тоғысқан тұсы. Отырықшы халықтар егін, балық шаруашылығымен, қолөнер жəне сауда-саттықпен айналысса, көшпелі халықтар мал шаруашылығымен қой, ешкі, түйе, жылқы бағып жаз, күз айларында Қызылқұм шөлінде қыс, көктем мезгілдерінде Сыр бойында көшіп-қонып жүрген. Отырар өңіріндегі төрткүлдердің бой түзеуі шаруашылық негізінде бейбіт өмірде бой көтерген деуге болады.

Қорытындылай келе Туған өлкеміздің тамыры тереңге жайылған бай тарихын ести отырып сүйсінесің.Осыншама мол сыр бүккен қорғандар мен төбелерге еріксіз үңіліп қарайсың . Сондықтан бұл жұмыста тұнып тұрған шежіре,қатпар-қатпар тарих бар жердің бірі Аққорған жеріндегі төбелер мен каналдар,арықтар,жер асты сулары жөнінде аңыздар жайлы жазылған.Ата-баба мұрасын сақтау мен ел тарихын зерттеу мақсатында біздің жас ұрпақтар осы тақырыпқа жете үңіле отырып,ой түйіндерін жасауда.Осы жұмыстың нәтижесінде біраз жұмбақ сырдың шешімі табылғандай.

Ғылыми мақалам бойынша ұсынатын Ұсынысым

  • Әрбір тарихи төбеге ескерткіш монумен орнатылса;

  • Апанқақ шипалы суының басынан емдеу кешені ашылып,ел игілігіне айналса;

  • Электронды мұражайлар ойлап табу мәселесі шешілсе;

  • Бұл жерлерге саяхат жасататын туризм ісін өркендетсе,балалар тарих сырын терең меңгерер еді;

  • Ауылдағы ішуге жарамды (36 С),емдік артезиан суы құбыр арқылы тартылып,мектеп сумен қамтамасыз етіліп,бассейн салу іске асырылса..



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Ахмет С.З. Исабек 3.Қ. Есжан Е. Отырар ескерткіштері.- Шымкент, 2005.

2. Ахмет С.З. Қожа М. Сырдарияның орта ағысындағы жаңа археологиялық 80

ескерткіштер// Қазақстан Республикасы тəуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Тəуелсіз

Қазақстанның археология ғылымдарының жетістіктері мен келешегі» тақырыбы бойынша

Халықаралық Марғұлан оқуларының еңбектері.- Қызылорда, 2001.- 102-106 бб.

3. Бартольд В.В. Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью в 1893-1894 гг. - Соч. -

Т. ІV. - М., 1966. - C.31.

4. Бернштам А.Н. Памятники старины Таласской долины. - Алма-Ата, 1941. - С.9.

5. Маргулан А.Х. Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана.-

Алма-Ата, 1950.- С.88-106.

6. Пацевич Г.Н. Историческая топография поселений и городов юга Казахстана в VІ-ХV вв.:

Автореф. дис. ... к.и.н. – М.,1954.

7. Байпаков К.М. Городища типа торткуль. Археологические памятники Казахстана.

КазССР. - Алма-Ата: Издательство «Наука», 1978.- С.81-89.

8. Қасенов М.С. Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендердің мəдениеті.-

Алматы, 1994.- 3-70 бб.

9. Елеуов М.Е. Типологическая классификация средневековых городов и поселений Шуйской

долины. //Əл-Фараби атындағы ҚазМУ Хабаршысы. Тарих сериясы, 2.- Алматы, 1995. - 93-97 бб.

10. Талеев Д.Ə. Келес өңірінің археологиялық ескерткіштері (XI-XVIII ғғ.). - Алматы, 2000.

11. Жолдасбаева Қ. Шу, Талас, Келес өңіріндегі ортағасырлық елді мекендердің зерттелуі.//

Қазақ тарихы. -2008. - №5-6. - 66-68 бб.

12. «Сыр бойы» газеті

13. «Жаңақорған тынысы» газеті











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!