Материалдар / Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тахауи Ахтанов туралы толық мағұлмат алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
1571
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8


Сабақтың тақырыбы : Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»

Сабақтың мақсаты : білімділік – «Күй аңызы» туралы мәлімет бере отырып, жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу;

дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;

тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : Дамыта оқыту сабағы

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену, топтастыру, қорыту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : жазушы суреті,кітаптары, қосымша материалдар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих,ән-күй

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

б) Сабақтың жүрісі. І. Қызығушылықты ояту.

1.Үй тапсырмасын тексеру «Авторға сұрақ қою» стратегиясы бойынша сұрақ-жауап жұмыстарын жүргізу.

* Шығарманың аталуында қандай мән бар?

* Естемес, Оразымбет деген кімдер?

* Олар жолда келе жатып неге кездесті?

* Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті?

* Шығармада қандай ұлттық салт-дәстүрлер туралы айтылады?

ІІ. Мағынаны тану. Шығарма кейіпкерлеріне талдау жасау.

Семантикалық картаны толтыру.


Кейіпкер сөзі

Естемес

Оразымбет

Жаңыл














Кейіпкерлердің портретін мәтіннен тауып оқу. (Кітаппен жұмыс).

Оразымбет – «Жас жігіттің даусы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік».

Естемес – « Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған , әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған қағылез кісі».

Жаңыл – «Нар үйге жеткенде, басына үкілі тақия киген, талдырмаш денелі қыз шығып, бұйдасын шешіп, есік алдындағы қазыққа байлады. Жасы он алты-он жетілер шамасында болар. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы екен».

Нар – «Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая бастаған. Тамыры қураған ағаштай семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер етті».

«Қарама- қарсы элементтер» . Салыстыру (Дәптермен жұмыс).

  1. Естемес - Оразымбет 2. Естемес – Жаңыл

Әңгімені композициялық құрылысына талдау.

Басталуы

Байланысуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі


1.Әңгіме қалай басталады?

2.Әңгіме қалай байланысады?

3. Жазушы күй туралы, күйші туралы неге тебіреніп жазады?

4.Ботасы өлген аруана Естемеске қалай әсер етті?

5.Үй иесі шал Естемеске қандай өтініш білдірді?

6. «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астарында не бар еді?

7. «Нар идірген» атты күй дүниеге қалай келіпті?


Домбыра аспабының ерекшелігіне тоқталып өту (Слаидтар арқылы көрсету).

І. Домбыра тамырындағы пәндік сапалар:

*Домбыра үйрену – еңбек.

*Домбыра пернесін басып, ішек қағу – математика.

*Домбыра пернесін басып, әуен шығару, бір мезгілде поэзия қосып нәтижесін көрсету- логика.

*Домбырада орындалған күй мазмұнын елестетіп әңгімелей білу – бейнелеу.

*Домбыраға қосылып ән-терме, өсиет, өлең шығару, оны орындау – әдебиет.

*Домбырада орындалатын күй аңызы мен ән әңгімесін айту – тарих.

*Әуеннің пайда болуы – музыка

ІІ. Домбыра бойындағы әлеуметтік қызмет:

  • Домбыра – қазақ халқының рухы мен жаны.

  • Домбыра – сөз даналығына жетелейді, әдебиетті меңгеруге үйретеді.

  • Домбыра – адамның ішкі жан-дүниесін емдейді, қолдайды, денсаулықты нығайтады.

  • Домбыра- еңбекқорлыққа, жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.

  • Домбыра- шежірені білуді талап етеді.

  • Домбыра – арнау күй, сүйемелдеу шығармаларын шығару көзі.

  • Домбыра – жаңашылдыққа ұмтылдырады.

«Бес жолды өлең» стратегиясы


Тақырып / зат есім/ Күй

Суреттеу/ сын есім/ Сазды, мұңды

Қимыл/ етістік/ күңіренеді, төгіледі

Сезіну/ сөз тіркесі немесе сөйлем/ Қиялға қанат қақтырады

Мәнін қайта айту/ Күй – үздік өнер туындысы.

Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақ қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. «Нар идірген» атты күй қалай дүниеге келіпті?

  2. Ботасы өлген аруана Естеміске қалай әсер етті?

  3. Жазушы әңгімені неге «Күй аңызы» деп атаған ?

  4. Әңгімедегі екі күйшінің іс-әрекеттеріне қандай баға берер едіңдер?


Сабақты қорытындылау.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Қазақтың күй өнері» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!