Материалдар / Тайыр Жароков туралы баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тайыр Жароков туралы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жүктелген материал мұғалімдерге, студенттерге пайдағасады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
1286
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті



















Shape2 Тақырыбы: Тайыр Жароков







Орындаған: ҚТӘ-33-топ студенті Сырым А.Ж

Тексерген: PhD доктор, доцент Султаниязова И.С













Орал, 2020

Мазмұны:

I. Кіріспе

1.1. Тайыр Жароковтың өмір жолы

II. Негізгі бөлім

2.1. Шығармашылығы

2.2. Ақын шығармашылығының көркемдік ерекшілігі

2.3. Тарлан ақын Тайыр Жароков

2.4. Шығармаларының тақырыптары

2.5. Аудармалары мен марапаттары

III. Қорытынды

Тамаша талант туралы толғаныс

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі























Жароков Тайыр 1908 жылы 26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Жетібай ауылында, Нарын құмының етегіндегі Темірбек деген жерде дүниге келген. 1920-1923 жылдары өз ауылындағы орысша-қазақша мектепте оқып, соның үш класын бітіреді. Туып-өскен ортасы – кедей шаруа, бірақ қара сөзге шешен, суырып салып өлең айта беретін адамдар болған. Үлкен әкесі – Малтахан, өз әкесі – Жарок, онымен бірге туысқан Ғалым, Сапақ деген кісілер өлең тілімен бірін-бірі қағытып, әзіл-қалжың айтысып отырады екен. Бұл – жас Тайырға әсер етіп, жасынан ол да Сапақтың әзіліне өлеңмен жауап беріп үйренген.Талапты Тайыр білім жолындағы ізденісін 1920 жылы өз ауылындағы орысша-қазақша мектептен бастайды да, 1923 жылы сол кездегі Қазақстан астанасы Орынборға барып, қазақтың халық ағарту институтында жалғастырады. Онда 1927 жылға дейін оқып, орта мектеп көлемінде білім алады. Содан кейін 1928 жылы Алматыда ашылған қазақтың тұңғыш жоғарғы оқу орны – университетке түседі. Кейін қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты болып қайта құрылған бұл оқу орнын 1931 жылы бітіреді.

Тайырдың ақындық жолға түсуі осы институт қабырғасында басталады. 1927 жылдан бастап оның өлеңдері қазақ баспасөзінің бетінде жарық көреді. Оны 1936 жылы бітіріп қайтқан Тайырдың кейінгі өмірі «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Қазақтың көркем әдебиет баспасы», Жазушылар одағы сияқты шығармашылық өнерге жақын мекемелерде өтеді, оларда біраз уақыт басшылық қызметтерде болады.

1923–1927 жылдары Орынбор қаласындағы Қазақтың Халық ағарту институтында (Кино) оқиды. 1928 жылдың күзінде Алматы қаласындағы Қазақ педагогика институтына оқуға түсіп, 1931 жылы соның тіл-әдебиет факультетін бітіріп шығады. 1932-1933 жылдары Қазақстан Жазушылары ұйымдастыру комитетінің хатшысы, Қазақ мемлекет баспасының көркем әдебиет бөлімінде редактор болып істейді. 1934-1936 жылдары Леиинград қаласындағы тарих, философия және тіл-әдебиет институтының аспирантурасында оқиды. 1936-1938 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторының орынбасары болған. 1938 жылдан 1942 жылдың сәуіріне дейін Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болып істеген. 1942 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып, содан 1945 жылдың аяғына дейін әскери қызметте болады. 1946–1965 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында әртүрлі жауапты қызметтер атқарған.

Тайыр Жароковтың көп жылдарғы жемісті әдеби еңбегін мемлекет жоғары бағалап, бірнеше орден, медальдармен марапаттады. Қайтыс болғаннан кейін, ақын есімін мәңгі есте қалдыру туралы үкімет қаулысы шығып, бірнеше елді мекенге, мектептерге, Алматы қаласындағы ең үлкен көшеге ақын есімі берілді. 1972-1975 жылдары «Жазушы» баспасы ақынның төрт томдық таңдамалы шығармаларын жарыққа шығарды.

       Тайыр Жароковтың шығармалары орыс және ТМД халықтары (өзбек, тәжік) сондай-ақ, ағылшын, неміс, поляк тілдеріне аударылып, шет елдерде де кең тараған.Тайыр Жароковтың шығармалары туралы жазылған ғылыми еңбектер де аз

емес. Оның шығармашылық жолы жайлы «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі»

(Алматы, 1949), «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» (Алматы, 1958), «Очерк истории казахской советекои литературы» (Алма-Ата, 1958), «Очерк истории казахской советской литературы» (Москва, 1960), «Қазақ совет әдебиетінің тарихы» (Алматы, 1967), «Казахская советская литература» (Алма-Ата, 1971) сияқты ұжымдық зерттеулерде арнаулы тараулар берілген.

М. Қаратаев, Т. Нұртазин, С.Қирабаевтар жазған «Қазақ совет әдебиеті» (Алматы, 1971) атты жоғарғы мектепке арналған оқулыққа кірген. С.Сеитов «Ақын сапары» (Алматы, 1958) атты шығармашылық очерк жазған.





































Ақынның шығармашылығы

Ақынның алғашқы өлеңдері

Бірінші өлеңдер жинағы 1932 жылы

Әр жылдарда

Аэроплан

Күлімдейді күміс күн де” 1927 — 1928 жылы жарияланды.


Жұлдыз жарығы” деген атпен басылып шықты.


Нефстан”,“Мотор жыры”,“Күн тіл қатты” (1934), “Мұз тұтқыны” (1935), “Тасқын” (1937, 1949), “Нарын” (1935), “Тастағы жазу” (1940), ”Бақыт жырлары”, “Жапанды орман жаңғыртты” (1949),“Қырда туған құрыш” (1954, 1955, 1956),“Жыр қанаты” (1956), “Құмдағы дауыл” (1958), “Тау жырлайды” (1962),“Теңіз баласы” (1963),“Тасқынға тосқын” (1965), т.б. кітаптары жарық көрді.Ақынның таңдамалы шығармаларының 1958 — 1959 жылы екі томдығы

1972 — 1975 жылы төрт томдығы, 1951 — 1978 жылы бір томдығы басылды.


Тайыр Жароков әдебиетке өткен ғасырдың 20 жылдарының аяғында, 30 жылдарының басында келді. Алғашқы «Күлімдеді күміс күн де» атты өлеңі 1927 жылғы «Ақындар шашуы» атты жинақта (құрастырған Сәбит Мұқанов) жарияланған. 1928 жылы «Жаңа әдебиет» (Қазіргі «Жұлдыз») журналының бірінші санында «Аэроплан» атты өлеңі жарық көреді. 30-жылдардың басында алғашқы кітаптары шықты: «Жұлдыз жарығы» өлеңдер жинағы, (1932) «Коммунизм таңында» Поэма, (1933) «Нефтьстан» Поэма, (1933) «Мотор жыры» өлеңдер жинағы, (1934) «Өмір сөйлейді» өлеңдер жинағы, (1934) «Күн тіл қатты» Поэма, (1934) «Мұз тұтқыны» Поэма, (1935). Осылай баспа бетінде жиі көрінген ол, ақын ретінде жұртшылыққа кеңінен танылды. Анығына келсек, идеялық-көркемдік тұрғыдан ақынның ол тұстағы көпшілік шығармалары оқырманның эстетикалық биік талғамын өтей алған жоқ. Ақын туындыларының ішінен көпшіліктің жақсы қабылдаған шығармалары –«Бес жылдықтың балғасы» (1931), «Миллион толқын» (1931-1936) еді. Көркемдік дәрежесі биік бұл өлеңдер сол жылдарға қазақ поэзиясының елеулі жетістіктері қатарынан орын алды. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші ғалымдар Тайыр Жароковтің бұл өлеңдерін жоғары бағалады.

Тайыр Жароков – диапазоны (ауқымы) кең ақын. Ол туған елі – Қазақстанмен қатар, сол тұстағы бүкіл Кеңестер одағын мекендеген көптеген ұлттардың жарқын өміріне жақсы өлеңдерін арнады. «Кавказға саяхат», «Дон», «Украина», «Баку», «Мақашқала»,«Грузин қызы», «Кавказ шыңы» т.б. өлеңдерінде орыс, украин, грузин, әзірбайжан т.б. елдердің ұл, қыздарының биік тұлғасын, сұлу келбетін тануға ұмтылды. Мұндай өлеңдерден кеңес жерін мекендеген туысқан халықтардың тұрмысы туралы ақынның терең ой-сезімдерінің шын шабыты қанат қаққанын көреміз.

       Тайыр Жароков – шын мәніндегі патриот ақын. 1941–1945 жылдары ол өзінің қара басының жеке өмірімен де, жүрегінен жарып шыққан буырқанған отты, жігерлі өлеңдерімен де Отан сүйгіштігін көрсетті, перзенттік сезімін жырлады. Ел басына күн туып, соғыс өрті бұрқ ете қалған алғашқы мезгілде-ақ,ол майданға аттануға бірден тілек білдірді. Әскерге алынды да, кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен, Қазақстан республикалық әскери коммисариатының бұйрығымен майданнан елге оралып, Алматы облысы, Қаскелең аудандық әскери комиссары болып істеді.

         Елге оралған Тайыр Жароков те Ж.Жабаев, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов сияқты ақындармен бірге өзінің жауынгер жырларымен жауды талқандау ісіне көркемдік үлес қосты. Соғыс жылдарындағы ақын өлеңдерінің бәрі де халықты жауынгерлік рухта тәрбиелеуге бағытталды. Ақын өлеңдері бастан-аяқ кеңес халқының басқыншы фашистерді талқандап жеңетін биік сеніміне толы болды. Онда фашизмнің зұлымдық, опасыздық әрекеттері әшкерленді.

                                         

  Шаптың ба бізге атылып,

                                           Күннің көзін қара бұлт

                                           Жаба алмайды, қылма, үміт,

                                           Сен шөкім бұлт, біз – күнбіз,

                                     Құр үмітті тез ұмыт! – деген жолдардағы туған елін, халқын күнге, басқыншы дұшпанды қауқарсыз шөкім бұлтқа теңеу өлеңнің бейнелік бітімін биіктетіп тұрғанын көреміз.Ақын өлеңдерінде жаумен майданда ерен ерлік көрсеткен жауынгер тұлғасын бейнелеудің тың  құралдарын да таба білді. Мысалы: «Киемін сұр шинельді» өлеңіндегі Марат, «Ол туғанда» өлеңіндегі Таймас т.б. «Зоя туралы жыр» атты белгілі поэмасында фашистерге қырғидай тиген батыр қыз Зояның әдеби тұласын сомдады.

        Достыққа құштарлық–жеке адам бойындағы да,тұтас ел, ұлт, халық бойындағы да асыл қасиеттердің бірі дейтін болсақ, достық туралы
Тайыр Жароков қаламынан шыққан жақсы өлеңдер өте көп. Бұл ретте
оның қазақтардың украин («Днепр дәптерінен», «Тарас Маңғыстауда»),грузин («Грузин қызы», «Грузия»), өзбек («Дутар мен домбыра», «Хош келіпсіз»), башқұрт («Ақ Еділ», «Ақманай», «Түймазы»), қарақалпақ («Қыз кет-кен»), қырғыз («Жыр сапары», «Қырғыз– менің өз елім», «Қос алмадай», т.б.) халықтармен жарастықты жарқын достығына арналған өлең-жырларын бөліп атау орынды. Ақын аталған халықтардың жақсы қасиеттерін биік шабытпен толғай отырып, олармен өз халқының достығына үлкен мақтаныш сезіммен қарайды. Мәселен, украин туралы жырларында украин халқының даңқты перзснттері Богдан Хмельницкийді, Тарас Шевченконы өз халқының туған перзенттеріндей шын пейілмен сүйген ақынның сезімін танымау мүмкін емес.

                                          Сенің отты өлеңің қол бұлғап бір–

                                          Кең даламның үстінде күй толғап тұр,

                                          Абай жырын тыңдағандай Днепр,

                                           Тарас жырын кәрі Каспий тыңдап тұр  –

деп, тебіренеді ақын. Грузияның көркем бау-бақшаларын, толқынды Кура, Арагвасыи, бұлтпен таласқан Қазбек, Эльбурс тауларын сүйсіне жырлаудың өзінде грузин халқына деген қазақ елінің, достық сезімі жатыр. Өзбек пен қазақтың тарихи достығын:

Дутармен шегі жалғас домбыраның,

Күйіне қосса қазақ қоңыр әнін,

Сол әнге өзбек қызы кетсе билеп,

Кеудеге көк кептерді қондырамын! -деп, әдемі бейнелейді.

       Қырғыз бен қазақ елдерінің тамыры тереңге кеткен ұлы достығы туралы Тайыр Жароков өлеңдерін қазақ поэзиясындағы достық жырларының шынайы көрінісі деп білген жөн. Ақын бірде:

                                             

Мейман емен, Қырғыз-менің өз елім,

                                             Өз еліне-кісі мейман бола ма?

                                             Ақын қырғыз жырласа да әр сөзін

                                             Ырғақтары секілді бір өз үнім!  – деп тебіренсе, енді бірде:

                                              Көріп өмір күндізін

                                              Өстің гүлің үзілмей,

                                              Тұлғаң биік, қырғызым,

                                               Алатаудың өзіндей.

 

Қазақ, қырғыз елінің

                                               Жайлағаны бір дала,

                                               Екі Алатау биігін

                                               Туғандай-ақ бір ана - деп, қырғыз халқының биік бітімін Алатаумен салыстырады. Өз елінің де жарқын келбетіне лайықты теңеу таба отырып, екі халықты бір ананың егіз перзенті деп жырлау да ақынның көркемдік олжасына жатады.

        Үлкенді-кішілі белгілі адамдарға арнап өлең шығару, қазақ поэзиясының арғы-бергі тарихында үзілмей жалғасып келе жатқан үлкен сала. Бұны біздің әдебиеттегі қалыптасып, дамыған көркемдік дәстүр деуге де болады. Тайыр Жароков те бұл дәстүрге сан рет оралған.Махамбет пен Абайдан бастап, өз тұстастарына арнаған оның әр қилы өлеңдері аз емес («Ақ Әбуге», «Қырғыз ақыны Темірқұлға», «Қалам шеберіне», «Сәбитке», «Тұстас», «Ақын досқа», «Әбіл қарттың баласы», «Әлжеке», т.б.). Негізінен, ақын арнау өлеңдерінің бәрінде де өз замандастарының ұнамды қасиеттерін тануға ұмтылады.

Қазақ поэзиясында табиғат туралы көп өлең жазған ақындардың бірі-Тайыр Жароков. Ол әдебиетке келген алғашқы жылдардан бастап өмірінің соңына дейін айналадағы табиғат көріністерін үздіксіз жырлап өткен ақын. Түн («Қырмандағы түн», «Нарын түні», «Алматы түні»), таң («Таң шапағы»), күн («Күн шықты»), тау («Қордай тауы туралы аңыз», «Қалба құзы», «Кавказға саяхат», «Тау қызы», «Қақса бұлбұл таңдайын», «Ақын көзі қадалса», «Ұйқыдағы тау», «Кавказ жырлары»), теңіз («Қара теңіз», «Каспий»), өзен («Дон», «Днепр», «Орыстың ұлы өзені», «Қусақ өзенінде»), көл («Есік көл») туралы ақынның өлеңдері қазақтың табиғат лирикасының көркемдік жетістіктерінің қатарына қосылады.

 Т.Жароков табиғат суреттерін беруде едәуір шеберлік танытты. «Кас-пии» атты өлеңінде ақын теңіздің буырқанған келбетін оқырманның көз алдына алып келеді. Түн мезгіліндегі асқар таудың ұйықтап жатқан қас батырдың айбынды келбетіндегі жанды бейнесі ой-сезімге әсер етіп, оқырман қиялына қанат бітіреді.

Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазу дәстүрін қазақ поэзиясында Абай Құнанбаевтың қалыптастырғаны баршаға аян. Табиғаттың айтулы кезеңдерін бейнелеудегі ұлы Абай дәстүрі кейін қазақ поэзиясында үзілмей, жалғаса түсті. Жалғасқанда қайталау емес, қайта жаңара, құлпыра, байи түсу бағытындағы дәстүр жалғастығы болды. Тайыр Жароков осы дәстүрді сәтті жалғастырушылардың қатарында болды.Ол жыл мезгілдеріне арнап бірнеше өлең жазды («Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Күз көрінісі», «Қаңтар», «Тұңғыш жаз», «Қысқы ымыртта», «Суретші күз», «Ақ кіреуке орнатып», «Қыр бораны», «Шаруа күз», «Себеле, себеле!», «Қанатты керуен», «Көктемгі найзағай»,т.б.).Оларда ақын өзіне дейінгі поэзияда бар ескі сүрлеуден шығып, табиғатты суреттеуде жаңа өрнектер, тың бояулар да таба білді.Мысалы, қыс туралы өлеңіндегі:

                                             Қаңтардың айы сұлу, аспаны ашық,

                                             Айнадай айналамды ақ қар басып,

                                             Жондарды жарқыратып алыпты орап,

                                             Қойғандай құмшекерді жерге шашып.

                                             Не деген тамаша еді қаңтар айы,

                                             Жұтқанда таза ауаны қан тарайды.

                                             Қарасаң күнге шыңы шағылысқан

                                             Күміске жалатқандай тау торабы –

деген шумақтардағы жердегі қарды құмшекерге балау, яки ақ қарға оранған тау кейпін күміске жалатқан бейнеде алуы– ақынның өзіндік тың сөз қолданыстары. Алматы қысын суреттеген  бір өлеңінде, Алматы қысының еліміздің өңге өлкелеріндегі қысқа ұқсамайтын, өзіндік ерекше бейнесін дәл суреттейді.Сондай-ақ,«Қыр қысы» атты өлеңінде де тың көркемдік бояулар кездеседі.Қазақ даласындағы ақ қарды таудай болып үйілген ақ мақтаға теңеу, сол тау болып үйілген қарды айға ұшқан кеңестік ракетаның бұлттан саумалап жолдаған сәлемі ретінде тану да ақын тапқан поэтикалық тың бояулар.

         Махаббат – бүкіл әлемдік ақын атаулының бәріне де ортақ тақырып. Поэзияның арғы-бергі тарихында махаббатты жырламаған ақын жоқ. Тайыр Жароков те махаббат тақырыбына біраз өлеңдер жазған («М...ға», «Сүйгенім», «Беті сұлу»). Махаббат туралы әр ақынның өзіндік пікірі, көзқарасы бар екені де мәлім.Тайыр Жароков өз өлеңдерінде махаббат туралы өз тұжырымын (кредо) білдіріп отырған:

                                                    Түзей берме, қарындас,

                                                     

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!