Таңдау Сөз өнері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таңдау Сөз өнері.

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған Сөз өнері таңдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат

«Сөз өнері» курсы «ЖББ №17 орта мектебі» КММ-нің 5-сынып оқушыларына арналған. Курс аптасына бір сағат, жылына отыз төрт сағатқа негізделген. Бұл курс оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын және рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуге мүмкіндік береді. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына қызығушылығы мен функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Сөз өнері курсы арқылы оқушылардың рухани дүниесіне әсер ете отырып, қазақ кемеңгерлері атанған данышпан би-шешендердің шығармаларын насихаттау және тілдерін көркем сөйлеуге машықтандыру, яғни ұлт шешендері шығармаларының мазмұнын аша білу болып табылады.

Курстың оқу материалына халық ауыз әдебиеті үлгілерін сабақ мазмұнына сай енгізубаланың алған білімін толықтырып, байытып, жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді. Оқушыларды шығармашылық ізденіс жұмыстарына баули отырып, би-шешендер мұраларын тани білуге және айшықты, әсерлі сөз қолданыстарына теориялық тұрғыда талдау жасауға мүмкіндік береді.

Сондықтан бұл таңдау курсында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқуға деген қызығушылықтарын оятуға, адамгершілікке, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу көзделеді.





















Мақсаты:

Ұлттық асыл мұраларымызды жан-жақты таныту арқылы ұлтжанды, халқымыздың сөз өнерін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, функционалды сауатты, білімі мен білік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін өз қажеттілігіне қолдана білетін, ұлттық сана-сезімі оянған, сөйлеу әдебін меңгерген, ойы терең, рухани дүниетанымы бай, адамгершілігі жоғары, шығармашылықпен айналысатын тұлғаға бағыттау.


Міндеттері:

  • Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);

  • Тілдік білімді функционалды тұрғыдан сұрыптау;

  • Оқушыны зейінді ұстау;

  • Пәнаралық байланысты сақтау;

  • Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу);

  • Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау;

  • Шығармаларды образға еніп оқи білуге;

  • Алған әсерлерін айшықты тілмен жеткізе білуге;

  • Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.





















Күтілетін нәтиже:



Ұлттық асыл мұрамызды жан-жақты таниды. Халқымыздың сөз өнерін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалай алады. Эстетикалық талғамы жоғары, функционалды сауатты, білім, білік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін өз қажеттілігіне қолдана білетін, ұлттық сана-сезімі оянған, сөйлеу әдебін меңгерген, шығармашылықпенайналыса алатын тұлғаға бағытталады.

Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз мәдениеті қалыптасады.













































Тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе. Шешендік өнер тарихынан

1

2

Шешен сөйлеу сыры

1

3

Дау шешетін дана сөздер

1

4

Ұлттық шешендік өнер

1

5

«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би»

1

6

Аяз бидің тағылымды ғұмыры

1

7

Жиренше шешен – тапқырлықтың символы

1

8

Асан қайғы – тереңнен толғайтын сөз зергері

1

9

Шығармаларының көркемдік ерекшелігі

1

10

Асан шығармаларындағы жер-су атаулары

1

11

Жыраулардың атасы – Шалкиіз тіленшіұлы

1

12

Шалкиіз толғауларындағы теңеу

1

13

Бұқар жыраудың даналық сөздері

1

14

Бұқар толғауларындағы егіздеу

1

15

Бұқар толғауларындағы елдік мәселесі

1

16

«Тәуке хан заңдарының»(«Жеті жарғы») қабылдануы

1

17

«Жеті жарғының» тілдік сипаты

1

18

Төле бидің тқрелігі

1

19

Төле би толғауларындағы метафора

1

20

Қазыбек бидің шешендігі

1

21

Шығармаларындағы аллитерация мен ассонанс

1

22

Ақыл-ойдың алыбы – Әйтеке би

1

23

Әйтеке шығармаларындағы шендестіру

1

24

Мөңке бидің өмір құбылыстарына берген бағасы

1

25

Шығармаларының көркемдік ерекшелігі

1

26

Бөлтірік шешеннің қанатты сөздері

1

27

Бөлтірік шешен сөздерінің ерекшелігі

1

28

Білімі кемел Сырым батыр

1

29

Досбол шешеннің тапқырлыққа суарылған сөздері

1

30

Абайдың билік айту сыры

1

31

Абайдың шежіресінің тілі

1

32

Абайдың нақыл сөздері

1

33

Шешендік сөз өнерінің Отаны

1

34

Әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы нақыл сөздері

1

















Әдебиеттер тізімі



  1. Н.Төреқұлов. Даланың дана ділмарлары. А, 2001

  2. Ай, заман-ай, заман-ай. ІІ том. А, 1998

  3. Үш пайғамбар кітабы

  4. М.Қожаев. Жеті жарғы. Шымкент қаласы, 1993

  5. «Сырымның шешендік сөздері» кітабы

  6. «Бес ғасыр жырлайды». І,ІІ,ІІІ томдары

  7. Интернет материалдары

  8. Ғылыми-танымдық журналдар

  9. «Аңыз адам» журналы

  10. Баспасөз деректері

  11. Дау шешеді дана сөз. А, 1996

  12. Абай. Энциклопедия. 1995

  13. М.Балақаев, Р.Әміров, О.Айтбаев «Сөз өнері». А, 1999

  14. Қ.Өмірәлиев. Абай афоризмі. А, 1993



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2018
904
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі