Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ — ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ туралы қазақша реферат
Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.
Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:
– жеке тұлғаны дамыту;
– қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компетентілігін, білімін көтеру;
–қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;
– өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;
– өзін-өзі және басқаларды толық тану;
– жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады.
Психологиялық тренингті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тоқталып өтейік. Кез-келген практик психолог өз қызмет жолында психологиялық тренингтерді өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Психологиялық тренинг қалай ұйымдастырылады және жүргізілу барысы туралы сөз алдында, «тренинг» ұғымын толық ашып алу қажет. Тренингтің үйрену, білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау.
Үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.
Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең мағынада шешуде білім және құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі.
Дамыту – жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.
Психологиялық тренингтің ең маңызды мәселесі — өзінің жек даралық қасиеттері арқылы тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне білуге үйренуі қажет. Тренингтердің жағымды нәтижелі болуына жаттықтырушыға бірнеше талаптар қойылады:
— қоршаған жағдай туралы мағлұмат;
— қатысушылар саны қаншалықты үлкен;
— бөлме көлемі қандай;
— бөлме жаңғырығы, акустикасы қатысушыларға түгелдей естіледі ме;
— жаттығудың негізгі құрылымы қандай;
— қандай оқу құралдары қолданылмайды;
— жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады;
— плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма;
— орындықтар қалай орналасқан;
— бөлмеде сағат бөлу қажет пе;
Психологтың қолайлы нәтиже алу мен ықпал ету қабілетін орнату үшін жүргізілетін тренингтің жалпы мақсаты төмендегі міндеттерді шешеді:
— білімдерді толық меңгеру;
— жаңаны үйрену мен тапсырманы орындау барысында және топтық қарым-қатынас өрісінде ептілік пен дағдыны қалыптастыру;
— табысты бірлескен іс-әрекет орнатуды дамыту;
— өзін-өзі және басқа адамдарды танудың толық және тепе-теңдік мүмкіндіктерін дамыту.
Әрбір бөлімнің құрылымында біз материалды зерттейтін ортақ игеру логикасын және тұлғалардың өзіндік бақылауы мен бағалауын қалыптастыруда төменгі аспектілері жүзеге асырылды:
— Мен қандаймын?
— Мен не істей аламын және осыны қалай қолдану керек?
— Менде жоқ қасиеттерді мен қалай дамытуым және икемдеуін керек?
Әрбір сабақтың құрылымында біз жұмыстың негізгі кезеңдерін ерекшелейміз. Яғни, білім алушы колледж білімгерлерімен түзетіп-дамытатын формалардың дәстүрлі түрлері:
— Сәлем беру рәсімі;
— Жаттығу тапсырмалары;
— Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы;
— Тапсырманың негізгі құрылымы
— Өткен сабақтың рефлекциясы
— Қоштасу рәсімі
Бұл жастағы тұлғалармен осы тектес жұмыстар аптасына 1-2 рет өтеді. Тренинг ұзақтығы – 1 сағаттан 3 сағатқа дейін.
Қасытушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді:
Кіріспе бөлімі. Оның басты мақсаты қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс түрімен, топтың бірігуіммен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде тануын қалыптастыру.
«Танымдық үрдісі» бөлімі. Оның мақсаты есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету түрлерін анықтауға көмектеседі.
«Назар аудару» бөлімі. Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені бірге шешуге, бірін бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру.
«Нейропсихологиялық ерекшеліктер» бөлімі мидың доминанттық бөлімімен тығыз байланыстың танымдық аспектілері қарастырылады.
Білім беру орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педагогикалық және арнайы ғылымдардағы меңгеру психолог мамандарының қызметімен үйлестіре жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы – тренинг екені дәлел. Тұлғаның жаңа ортаға енуі, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыстарға байланысты.
Тренинг мақсаты – адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т.б. Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі. Трениг принципіне жататындар:
1. Белсенділік принципі.
2. Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы принцип.
3. Мінез құлық обьективтілік принципі.
4. Қарым-қатынаста субьект, субьектілік принципі.
5. Шындық принципі.
6. Қазір, осы жерде принципі.
«Адам табиғаттың қызық қасиеттерінің бірі оның айналадағы адамдар көзқарасындағы өз бейнесін ойлауға ұмтылғандығы. Кейбіреулер қиналса да соңына дейін ойнап шығады» — деп Ф. Искандер тұжырымдағанындай әлеуметтік – психологиялық тренингтің басты жоспары – ұйымдастырылған іс-әрекетті соңына дейін жеткізу болып табылатынында. Тренинг барысында жеке бастың дамуы туралы мәселелер нәтижелі шешіледі және коммуникативті дағдылар жемісті қалыптастырылады. Сабақ, оқу процесінде ұйымдастырылған әлеуметтік – психологиялық тренингтер білімгерлердің қарым-қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне кіреді. Әр бір бастаған іс-әрекеттінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы – басқаларға өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктенуін сенуге қорықпайды. Кейбір тренингтерді арнайы жоспарланған адамдарға ғана емес, отбасы мүшелеріне, достары және жолдастарға да жүргізуге болады. Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының жетекші құралы екендігіне толық сенімдеміз.
Әлеуметтік психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Тренингтің бұл түрін тек психология маманының қызметкерлері ғана емес арнайы психологиялық білімі жоқ мұғалімдер де сабақ беру барысында қолдана алады. Оқу және тәрбие жұмысына жағымды өзгерістер енгізуге, оқу процесін белсендіруге тренингтердің ықпалы жоғары. А.С. Прутченков «Мектептегі әлеуметтік – психологиялық тренинг» еңбегінде, дұрыс ұйымдастырылған тренингтің оқушыларға жағымды әсері, ұйымдастырушының шеберлігі, педагогикалық қақтығысты реттеуші құрал екендігін атап көрсеткен.
Кез келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және тб. жағдайлары кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да байланысты әсер етеді. Сондықтан ең алғашқы кездесуде «Танысу» тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан қатысушыларды жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде жай ғана танысу мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі арқылы да есте сақтауға болады..
«Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.
«Комплимент» ойыны.
Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.
Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.
Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.
Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.
Іскерлік ойын «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі».
Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды. (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.
Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» арт терапиялық тапсырма орындалды.
Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4 және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді. Сол қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, көңілді жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады, боялады.
Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді:
— Суретте ненің бейнесі салынған?
— Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?
— Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.
ойын «Әрекет».
Ойын ережесі: Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам жауап қайтарулары тиіс:
– Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал стөлде отыруға болады……
– Астроном айға телескоппен қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше?
– Полмен патолокты аударыңыз……
– Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз……
– Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз……
Жоғарыда сипатталған жаттығуларды орындау тиімді. Бұл жаттығуда тапсырма немесе құрал – жабдықтар нақты берілмейді, оның орнына тұлғаның басқалармен бірлескен іс–әрекеттегі қарым–қатынас кезіндегі күйзелісіне, қайтар бағдар беру мүмкіндігін жасайды. Көптеген адамдар қарым қатынас кезінде қиындықтарды басынан кешіруінің бір нұсқасы болуы мүмкін. Өзіңнің көңіл – күйің дұрысталғаннан кейін өзіңе ғана емес, өзгелерге де көмек жасауға болады. Ал қайта бағдар берудің екінші нұсқасы негізсіз тәжірибелердің құндылықтары жөніндегі әңгіме. Осы арқылы адам қоршаған әлем турасында тану дәрежесіне жетеді.
Сонымен танымдық белсенділік адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшегі. Топта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін адамның, оқушының, маманның және тб. іс-әркетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол жеткізуге болады
«Ойлай отырып, ойнайық!»
-
13 сәуір 2014
-
2124
-
0
-
0
Тақырыбы: «Ойлай отырып, ойнайық!»
Мақсаты: мектеп алды дайындық тобы тәрбиеленушілерінің шығармашылық
қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Сабақ түрі: ойын, тренинг сабағы
Сабақ әдісі: ойын
Қажетті құралдар: суреттер, слайд.
Ұйымдастыру:
Тренинг ережесі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай, жақсы ма?
Ендеше, бүгінгі ойын сабағымызды бастамас бұрын, әрбір ойынды
ойнағанда мына ережелерді есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз
сәтті өтеді.
*Күлімсіреу;
*Бір - біріне кедергі жасамау;
*Өзгенің пікірін сыйлау;
*Сөзді бөлмеу, тыңда;
Барысы:
І. Кіріспе сөз.
ІІ. Танысу рәсімі:
«Достық тренингі». Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал
құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Өз есімін теңеу сөздермен(өзін
қалай атаған ұнайды?) таныстырады да, бір - бірінің қолдарынан
ұстайды. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу
керек. Соңында «достық шеңбері» пайда болады.
ІІІ. «Шеңберді бұзып кір!». Қатысушылар шеңбер болып тұрады.
Олардың біреуі шеңбердің сыртына шығып, қалғандары қол ұстасады
және бір - біріне тығыз тұрады. Басты ойыншы кез келген әдіспен,
күшпен, айла - амалмен шеңбердің ішіне кіру керек.
ІV. «Белсенді әріптер».
Әр топқа әр түрлі әріптер көрсетіледі және 1 минуттан уақыт
беріледі. Сол берілген уақыт ішінде тек тиесілі бір топ ғана
көрсетілген әріптен сөз ойлап айтып, жарысады. Бұл ойында
балалардың ойлау қабілетін арттыруға бағытталады.
Талдау: 1. Балалар, ойын ұнады ма?
2. Жауап беру қиынға соқты ма?
V. Түрлену.
Шарты: берілген әр түрлі аңдарды, жеміс - жидектерді,
мамандықтарды, т. б. ым - мимика, яғни пантомима әдісімен қимылдап
бейнелеу, көрсету. Қалған балалар жасырылған бейнені табады.
VІ. «Ертегі ойлап тап!». Суретке қарап қызықты ертегі, әңгімені
ойдан құрастыру. Әңгіме, ертегілер кейіпкерлерінің суретін көрсете
отырып, балалар сол сурет бойынша ретімен өз ойларынша ертегіні
өзгертіп, қияли түрде құрастыру қажет. Бір оқушы басын бастаса,
келесі оқушы жалғастырады.
Талдау: 1. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма?
2. Жан - жануарлардың бір - бірімен тату болғанын қалайсыңдар
ма?
VІІ. «Ойлан, тап!»
1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: кітап, доп, қарындаш (немесе т. б.
нәрселер) қойылады.. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
2. Үстел үстінде 4 алма тұр (немесе т. б. нәрселер). 1 алманы алып,
ортасынан бөліп қайтадан қояды. Үстел үстінде неше алма болды?
VІІІ. «Ойлан, не болуы мүмкін?!»
Егерде,
«... ертегі кейіпкеріндегі бауырсақ болсаң,...»
«... адамдар құстарша ұшуды үйренсе,...»
«... иттер адамша сөйлесе бастаса,...»
«... су құбыры кранынан шырын аға бастаса,...»
ІХ. «Күлегештер»(смайликтер) салу. Балалар бүгінгі ойын -
тренингтерден алған әсерлерін, көңіл - күйлерін ақ қағаз бетіне
күлегештерді сала отырып, ол арқылы өзінің көңіл - күйін көрсетеді,
салады, өз еркісімен әсемдеуге болады.
Қорытынды.
- Жақсы, балалар, бүгінгі ойын сабағымыз сендерге жақсы көңіл - күй
сыйлаған екен, оны қолдарыңдағы күлегештердің көңіл - күйі арқылы
байқап тұрмын.
- Осылайша, сабақтарда ойындарды ойнағанда үнемі дұрыстап ойланып,
белсенді ойнасаңдар, өздеріңнің ақылды бала екендеріңді дәлеледеп,
көрсетесіңдер. Бақытты балалық шақтарыңда әрдайым өмірде күлімдеп,
ақылды болып жүріңдер!
- Сау болыңдар, балалар!
Мамандық және тұлға
-
14 наурыз 2014
-
1242
-
0
-
0
Тақырыбы:«Мамандық және тұлға»
Сәлемдесу
Қатысушылар бір бірімен амандасып өзін қысқаша таныстырып
шығады.
«Визитная карточка»
Әр қатысушы өзіне визитная карточка дайындайды: қағаз бетіне үлкен
әріптермен өзінің аты - жөнін, ұранын немесе басқаларға сәлемін
жазады. Бұл карточкаларды кеуделеріне жапсырьш, бәрі сыныпқа
кіреді, бір - бірінің карточкасындағы жазбаларын оқиды.
«ЦИФЕРБЛАТ» ЖАТТЫҒУЫ
Мақсаты: психологтарды бір бірімен жақындап таныстыру,
қатысущылардың жұмылу деңгейін дамыту.
Жаттығу нұсқауы: қатысушылар сағаттын циферблатын суретке салады,
содан соң әр сағатқа қатысушылардың есімдерін жазып шығады. Мысалы
сағат бірге Мадинаны, сағат екіге Динараны жазады. Содан соң сағат
бірде тұрған адамдармен қолмен амандасады, екіде – арқаларымен, 3 -
аяқтарымен, 4 – көздерімен, 5 - құлақтарымен, 6 - бас
бармақтарымен, 7 - иықтарымен, 8 - мұрындарымен, 9 - тізелерімен
амандасады, 10 - сол адамға қарап билейді, 11 - сағатта жазылып
тұрған адамға сұрақ қояды, 12 - комплимент айтады
«Қалағаным және нақты балансы» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың өміріндегі орын алатын сфералардың дамыған
деңгейін түсіну, отбасына, жұмысқа, демалысқа, саяхаттарға, хобби
мен қызығушылықтарға тұлғанын қаншалықты берілетінін, кіштерін,
мүмкіндіктерін өмір блоктарына қаншалықты пропорционалды бөлетінін
анықтау.
Жаттығу нұсқауы: Қатысушылар ақ параққа үлкен шеңбер салып, ішкі
психологиялық сезімдеріне зейін бөліп, психологтың жұмысы (кәсіби
өмір) мен үйдегі шаруа немесе жеке өмірі (демалыс, сапарға шығу,
қызығушылықтары) осы берілген көрсеткіштерді нақты қаншалықты
дамығанын шеңберге процент арқылы бөледі. Екінші шеңберде
көрсеткіштер қатысушылардың қалауы бойынша жазылады.
Талдау жүргізу сұрақтары.
Айырмашылықтар бар ма? Олардың мағынасы неде? Неге нәтиже осындай
болып шықты? Берілген екі көрсеткішті бір біріне жақындату үшін не
істеу қажет? Бұл үрдіске кім немесе не әсерін қалдырады.
«Мен үйде, мен жұмыста» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың үйде және жұмыста өздерін қалай
көрсететінін, қандай көңілімен жүретінін анықтау.
Мен үйде және мен жұмыста екі пайымдауына неғұрлым көбірек
анықтамаларды жазуға ұсынылады. Мысалы: «үйде мен ешқашан...»,
«жұмыста мен ешқашан...»
Талдау.
Бір - біріне ұқсайтын сипаттамалар, бір - біріне қарсы тұратын және
бірдей көрінетін сипаттамаларды талдау. Қай тізімді толтырғанда
қиын болды? Айырмашылықтардың бар екеніне қалай қарайсыз?
«Менің мамандығым психолог» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылардың тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің өзгеру
динамикасын байқауға үйрену.
« Менің мамандығым психолог» тақырыбына үш сурет салуға
ұсынылады.
Еңбек жолының бастауы (студент кезі)
Бүгінгі таңда
5 лет жылдан кейін
Қатысушылар өздерінің суреттерінен алған әсерлеріне байланысты
сезімдерімен бөліседі. Психологтардың келесі мәселелерді түсінуі
маңызды: үш суреттерді сипаттау кезіңде айырмашылықтарды, бояған
түстердің маңыздылығын
«Мен психолог» карикатурасы жаттығуы
Мақсаты: өзінің мамандығына тек қатаң көзбен қарамай әзіл жағынан
көру де үйрену.
Нұсқауы: «Мен психолог» пайымдауына карикатура салу. Психолог
маманының бойында дамытып жатқан қасиеттерді және біздің
мамандығымыздың бір бөлігі ретінде орын алатын қасиеттерді
(эмпатия, сын қоймай тыңдай білу, креативтілік, құзырлылық) әзіл
түрінде суретке бейнелеу. Карикатуралар қабырғаға ілінеді.
Қорытынды бөлім
Тренинг қатысушылар мерекелік қабырға газетіне өзінің тілектерін
жазып қолдарын қойып шығуға ұсынады.
Тілек шамы
Жүргізүші қолына шам алып шеңбер бойымен тұратын қатысушыларға
тілек айтып сол жағындағы көршісіне жіберу. Әрі қарай психологтар
осылай жалғастырады.
Рефлексия
Тренингтен алған әсерлерімен бөлісу, нақты қандай жаттығулар ұнады
қатсыушыларға, қандай ұнаған жоқ, неліктен және т. б. сұрақтар
арқылы рефлексия жүргізу.
Батыс
Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Атамекен ауылы
М.Өтемісов атындағы НЖББМ-нің психологі
Көпжасарова Айнұр Ізімқызы
Тақырыбы: «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойла»
( қарым-қатынасты дамытуға арналған тренингтер)
Мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді
қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін
дамытуға, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, оларды
адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жұмыс түрі: Тренинг сабақ.
Барысы: 1 Психологиялық дайындық
2 Амандасу тренингі
3 Есіміңді бейнеле
4 Мимика тренингі
5 Мағынаны табу (Шебер қарым-қатынас мәдениеті төңірегінде
түсініктеме беріледі)
6 Майшам (шырақ)
7 Гүл
8 Қорытынды
1 Психологиялық дайындық
Балалар, ыңғайлы отырып, бір-біріміздің көзімізге қарап, әдемі
жымиып, күлейік. Әрқашан сендердің көңілдерің көтеріңкі болсын.
Балалар, сәлемдесу сөздерін естеріңе түсіріп, айтып беріңдерші (
Амансыз ба?, Сәлематсыз ба? Деніңіз саума? Қаліңіз қалай тб)
Дұрыс айтасыңдар, адамдар бір-бірімен кездескенде осы жылы
сөздермен амандасып, бір-біріне денсаулық, жақсылық тілеп жатады.
Сондықтан адамдар әрқашан да осындай жылы сөздерді естігісі келеді.
Бүгінгі сабақтан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі көңіл-күймен
қайтуға тілектеспін.
2 Амандасу тренингі
Қарым-қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады.
Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі-бейнеленсе, онда
бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол-бейнеленсе қолымызды қысып
амандасамыз. Күн- бейнеленсе жақсы ықыласпен сәлемдесеміз.
Жүрек-бейнеленсе құшақтасамыз.
3 «Есіміңді бейнеле»
Шарты: Оқушылар өздерінің есімдерін айта отырып есімінің қандай
мағына беретінін кім қойғаны туралы мәлімет бере отырып, алдын-ала
үлестірген гүлдердің күлтешелерін тақтаға кезекпен-кезек іледі.
Соңынан психолог балалар мына тақтада әдемі гүл пайда болды. Бізде
осы гүл секілді өміріміз жайнай берсін, өміріміздің гүлі болыңыздар
дегім келеді.
4 «Мимика» тренингі Көңіл-күйлерің қалай?
1 Көңілді болғанда не істейміз?- Қол шапалақтаймыз.
2 Ренжігенде-бұртияды, қабақ түседі
3 Қорыққанда-көздерін жұмады.
4 Қуанғанда, көңілденгенде- күледі.
5 Таң қалғанда-көздері шарасынан шығады.
Мимика-беттің қимылдары арқылы өз сезіміңізді, ойларыңызды,
көңіл-күйіңізді көрсету өнері. Сөзге қарағанда бет әлпет, көзқарас
адамдарға көп әсер етеді.
5 Адамның айналадағы адамдармен тілдесуі кезіндегі кішіпейілділік,
сыпайылық қарым-қатынас жарастығының басты шарты болып табылады.
Осыны білетін, іскерлікке зор мән беріп, оның психологиясын терең
зерттеген өркениетті елдерде адам бойында бұл қасиетті
қалыптастыруға зор мән береді.
Мәселен, Жапонияда адамдар бір-мәнін керсінше атаумен яғни жағымды
мағыналы сөздер арқылы білдіреді екен. Тағы бір мысал: Ертеде өте
алыс елде бір қала болыпты. Бұл өте мұңлы еді, өйткені бірімен
сөйлескенде «жоқ», «білмеймін» деген сияқты сөздерді қолданбауға
тырысады екен. Олардың онда не күн жарқырамаған, не бақшалар
гүлдемеген, не гүлдері бүршік атпаған. Кісілердің көңілдері
жабыраңқы, қайғылы, ал балалары жылап жүреді екен, өйткені аналары
оларды еркелетіп, жылы да мейірімді сөздер айтпаған. Өмірлері
қуанышсыз еді. Күндердің бір күнінде бұл қалаға бір ақылды сиқыршы
ұшып келеді. Ол өте биязы, сыпайы еді. Ол қаланың көшелерімен өтіп
жүріп, барлық кісілерге мынандай сиқырлы сөздер айтады: «рақмет»,
«өтінемін», «рақым етіңіз» оның сөздерінен адамдар күлімдей
бастайды. Адамдар биязы, сыпайы, ізетті бола бастағаннан кейін олар
күннің жарық шашқанын, бақшалардың гүлдегенін, гүлдердің бүршік
атқанын көрді.
6 « Майшам» (шырақ)
Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен
майшамды жағаман. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс
жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.
Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы
нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек
білдіремін.
7 «Гүл»
Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп
келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер
желмен жан жаққа шайқалады( қолдарын жан-жаққа шайқайды) Бір
мезгілде аспанға бұлт төніп , жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тонып,
бүрсіп жабылады. (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрсіп отырады)
Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастайды, сол
уақытта гүлдерде құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (балалар үлкен
шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады)
Қазіргі уақытта көтеріңкі көңіл-күймен жүрген адамдарды сиректеу
кездестіреміз. Олай болса бір-бірімізге күлімсірей қарап, сіздерге
гүл
Сыйлаймын!
Қорытынды
Адам денсаулығына жақсы қарым-қатынастың әсері мол. Халықта мынадай
даналық сөз бар. «Адамның саған қалай қарағанын қаласаң, басқаларға
да солай қара». Сондықтан оқушыларды жарасымды
қарым-қатынаста болуға шақырамын.