Материалдар / «Таныстыру» поэмасы, «Алаш ұраны» өлеңі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Таныстыру» поэмасы, «Алаш ұраны» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2018
1322
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән:әдебиет

Мектеп: «Қайназар ауылындағы №1» КММ

Күні: 26.02.18

Мұғалімнің аты-жөні: Асқар Гүлнұр

Сынып: 9 «Ә»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

«Таныстыру» поэмасы, «Алаш ұраны» өлеңі

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып береді


Басым көпшілігі: шығармаларының басты идеясын анықтайды


Кейбірі: жинаған мәліметтерін сақтап блиц кестесін толтырады

Ойлау дағдыларының деңгей

Білі, түсіну, Қолдану, талдау

Бағалау критерийі

  • Мәлімет жинайды

  • Нақты ақпаратты айтады

  • Дәлелдер келтіреді

  • Ой толғау жазады

Құндылықтарға баулу

оқушыларға Жамбыл Жабаевтің өлеңінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық патриоттық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Сұтанмахмұттың «Шығамын тірі болсам адам бролып» өлеңін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


2 минут



10 минут





Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Психологиялық атмосфера қалыптастыру. Өткен сабақты түйіндеу үшін

БЛИЦ кесетсі


Ж ы л д а р ы

      Б о л ғ а н   о қ и ғ а л а р

    1893 жылы  28 қазан

Омбы  уезі , Шағырай  болысының  Қарауыл Шабар   ауылы,  қазіргі   Көкшетау  облысының   «  Қызылту»  ауданы.

    6  жасында

Әкесіне  хат  танып,  молдалардан   сабақ алады.

   1902 – 1903 ж

Әлі,Тортай,  Мұқан  молдалардан  оқиды.

Мұқан  араб,  парсы  тіліндегі  өлеңдерді қазақшаға   аударған.

    1906 – 1907 ж

Сұлтанмахмұт   Мұқан   молдаға   еліктеп,13  жасында  өлең   жазады. « Секілді  өмір қысқа   жарты   тұтам ».

1908 -  1910 ж

Баянауыл

Молда  үйінде   жатып   Әбдірахман медресесінде оқиды.  Өлең   атаулыға  жаны қас  молда   « Өлең  жазсаң , теріс  батамды беремін » деп  қорқытып,  малай  есебінде ұстайды.   Молда   қаталдығына  шыдамай оқуды   тастап   кетеді.

1911- 1912 ж

Көрші  ауыл Нұрғали   Бекбауов  деген жаңаша  оқыған,  қазақ – татар  тілдерінде шығатын   газет - журнал, пән   әдебиеттерін оқып   тұратын   кісіні   молдалыққа жалдай-ды.  Бала   ақын   қазақ - татар  тіліндегі әдебиеттермен   танысып,  таланты оянып,  дүниенің   мәнін , заман  жайын   ұғына   бастайды.

Өлеңдері

« Дін »,  « Сарыбас »,  «Соқыр  сопы», «Оқу»,  «Кезек  қашан  келеді. Ескі  оқу  мен  жаңа  оқудың  айырмасын,

өнер - білімнің  пайдасы,  дін,  байлық, кедейлік,  еңбек   жайында   толғанады.

1912 ж   қыркүйек

Троицк.   «Ахун   Рахманқұли »  деген  татар медресесінде  оқиды.  Бір  қыс  оқыған  соң денсаулығына   байланысты  шығып  қалады. «Іздегенім  табылды,  халқыма  күн  болам » деген   ақынның   судай   тасыған  көңілі  сап тыйылып,   жазда Троицк   маңына   бала оқытуға   кетеді.

Осы   кезде

1913 – 1914 ж

«Ауырмай   есімнен  жаңылғаным »  деген әңгіме   жазады.

Троицк. «Айқап » журналы   шығып  тұратын. Соған   хатшы   болып  орналасады. Ойы

толысып,   шабыты   тасып, өлең,  әңгіме,

мақала  жазған  кезі. « Қамар сұлу » романын, «Өлең,  ән  айтушылар », « Қазақ  тілінде  оқу оқыту  қалай ? »  деген  мақалаларын  жазады.

1914 ж    жаз

Ізденіп  оқу  үшін  әрі  тура   айтар  өрлігінен  редакциядан    кетуге   тура  келеді.

1914 ж    күз

Баянауыл.   Мақсаты  қаржы  жинап, үлкен қалаға  барып,  оқу  оқымақ. Елде  бала оқытып,   елді  оқуға, мәдениетке  талпын-дырмақ  болады.   « Шоң   серіктігі » деген мәдени - ағарту   ұйымын  құрады.

1914 – 1916 ж

күзіне  дейін

Семей.  Мақсаты – орысша  оқу, бірақ  тиісті оқуға  білімі   жетпейді,  кісі  жалдап  оқуға қаржысы  болмайды,  төменгі   дәрежедегі оқуға   жасы   келмейді.

1916 – 1917 ж

Қатонқарағай.  Зайсан   жерлерінде  бала оқытады.   Сәті   түскенде   оқытушы  жалдап, орысша  оқиды.  Елде   жүріп  « Кім  жазық-

ты ? » деген  өлеңмен  роман  жазады.

1917 жыл    наурыз

Томск  қаласына   келіп   оқуға түседі.  Пән сабақтарынан   басқа  орыс тілі  сабақтарына көңіл  бөледі.  Ресейде   Ақпан  революциясы болады.

1918  жылы

Семей.   Қазақ   комитетінде   қызмет  істеп «Сарыарқа »газеті, «Абай » журналына  өлең-

дер мен  мақалалар   бастырады. «Алаш   ұра-

ны »,   « Таныстыру »   сияқты   шығармалар туады.

Осы   кезде

Баянауыл. Ауылда   жатып,  философиялық кітаптарды  оқып,   білімін   тереңдетіп, көзқарасын    кеңейтеді.  « Кедей »,

«Адасқан  өмір»,  « Айтыс»

( аяқталмаған) поэмаларын  жазады.

1919 ж

« Социализм » ( мақала), « Осы да әділдік пе ? », « Неге жасаймын ? », «Ғайса кім?», шығармаларын жазды.


Павлодарға келіп уездік революциялық комитеттің бастығына жолығады. « Шідерті» деген жерге революциялық комитеттің бастығы етіп жібереді. Мұнда 2-3 айдан кейін ауруы меңдеп, төсек тартып жатып қалады.

Ауырып жатып «Айтыс» поэмасын бастайды. , бірақ аяқталмай қалады.

21.05. 1920 ж

27 жаста Қайтыс болады


Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын оқушылармен бірге қою.

Ой қозғау сұрақтары




https://www.youtube.com/watch?v=A7xFpyRJnws



Сабақтың ортасы


10 минут








10 минут






5 минут



Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой — түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы “Таныстыруда” Алашорда қозғалысыөкілдерін елге таныту мақсатын көздеді.

Сұлтанмахмұт 1918 жылдың қысында Абай елінде болып, «Таныстыру» атты поэмасын жазады. Ақын «Ақпан төңкерісінен кейін сара, даңғал жолға бастайтын азаматтар кімдер?» деген сұраққа жауап іздеп шарқ ұрады. Халыққа жаны ашитын, жол сілтейтін қазақ зиялыларының жарқын бейнесін ерекше мақтаныш сезіммен жырлай білді. Поэма қара қазақ пен оқыған зиялы қазақ арасындағы диалогке құрылған. Қара қазақ:

Туғанда құдай иіп мұндай заман,

Сұрайтын бір сөзім бар сенен, балам.

Тап біздің осы Семей облысының,

Көшбасшы адамдарын айтшы маған.

Біз — дағы жоспарлайық өзімізше,

Десе де түк білмейтін қазақ надан.


Аумалы — төкпелі кезеңде бұл сауалды ел болашағын ойлайтын әр адамның қоятын сұрағы екенін көреміз. Бұған оқыған зиялы қазақта бірден жауап береді. Ол:

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан,

Талассыз жеке — дара тұр ғой өзі.

Елі үшін құрбандыққа жанын берген,

Бит, бүрге, қандалаға қанын берген.

Ұрыдай сасық ауа, темірлі үйде,

Зарығып алаш үшін бейнет көрген.

Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкәрімді ерекше атап көрсетеді.


ІІІ 1-топ Ментальды карта. Сұлтанмахмұт өмірі мен шығармашылығына

2-топ «Таныстыру» поэмасына

Алты телпек:

1. Ақ телпек – факт /тарихи шындық/

2. Сары телпек – сәттілік /Сәтті кезенді айту/

3. Қара телпек – сәтсіздік

4. Көк телпек – талдау жасау Неге? Не үшін?

5. Қызыл телпек – сезімтал /эмоция/

6. Жасыл телпек — шығарма /ақылға сыйымсыз ойлар/

3-топ «Алаш ұраны» өлеңі. Тв-шоу құру

ІҮ Тест тапсырмалары

Бейнеролик






Білім ланд сайты

Сабақтың соңы


5 минут

Рефлексия. Ой таразы

1.Не жақсы өтті?

2.не жақсы өтпеді?

3.Өзіңнің қандай күшті жақтарыңа арқа сүйендің?

4.Нені өзгерткің келеді?

5.Саған не ерекше қиын болды?

6.Саған ең пайдалысы не болды?

Үй тапсырмасы: «Таныстыру» поэмасындағы кейіпкерлерге мінездеме беру


Қосымша мәлімет

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Бағалау критерийіне сәйкес

Білім ланд бойынша жұмыс

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді м е?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!