Материалдар / Тақырыбы: Мұғалім шеберлігі-ізденіс нәтижесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Мұғалім шеберлігі-ізденіс нәтижесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Заман ағысына орай,болып жатқан өзгерістерге үнемі ілесіп отыру-ұстаздың басты парызы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2018
909
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалім шеберлігі - ізденіс нәтижесі


Заман ағысына орай,болып жатқан өзгерістерге үнемі ілесіп отыру-ұстаздың басты парызы. Оқыту үрдісіндегі жаңалықты игеріп, болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындату, білімді ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Оқушылардың жан-жақты білімін, сабаққа қызығушылығын, шығармашылық ізденімпаздығын қамтамасыз ету үшін жаңа технология әдістерін қолдану өте тиімді. Спиральды оқыту жүйесінің оқушы үшін пайдасы өте зор. Бұл тәжірибелер оқушылардың сабаққа ынтасын оятып, ойлау, сөйлеу қабілетін дамытуға, "енжар", "үндемейтін" оқушыны " сөйлетуге болатындығын өз іс-тәжірибемнен байқадым. "Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді" дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымыздағы балаға зор ықпалын тигізеді. Ал, егер өтер сабағымның бір тұсында шалынып құласам, бала обалына қалатыным сөзсіз. Сондықтан алдыңғы қатарлы тәжірибелерді жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдері, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуіміз керек. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының сабаққа белсенділігін және қызығушылығын арттыру нәтижесінде білім сапасын көтеруге болатындындығына көз жеткіздім. Білім сапасы-мұғалімдер қызметінің сапасы. Олай болса,оқушыларға нені үйрету керек екендігін мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал, қалай оқу керектігін мұғалімнің кәсіби даярлығынан,баланың әрекетін ұйымдастыра білу шеберлігінен іздеу керек. Баланың өздігінен тақырыпты меңгеруі, ойын ашық жеткізуі, сабақта қалыс қалатын баланың болмауына көңіл бөлу қажет. Ол жеке тұлғаның дамуы үшін тиімді болып табылады.Өз сабағымда жеке, жұптық,топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге ынтасын арттыру, жаңа әдіс-тәсілдің өзі тек баланың дамуына арналған екені белгілі. Осылайша өткен сабақтарымда баланың да қызығушылығы біртіндеп қалыптаса бастады. Интербелсенді сабақта ұстаным жоғары болады. Себебі, адамның өз қолымен жасаған әрекеттері жақсы есте қалатындықтан, оны өмірде қолдана алады. Интербелсенді сабақ кезінде оқушылардың тақырып бойынша қандай сұрақтар қызықтырады, нені білгісі келетінін анықтауға мүмкіндік туды.Әр сабағымда жоспарлағанда оқушының жас ерекшелігін ескере отырып және оқушымен бірлесе отырып құрған сабағымның нәтижесін көре бастадым.Сабағымдағы сергіту сәтінің өзі оқушының сабаққа ынтасын тудырып,қызықтыра бастады.Оқушылар әр сабақтың қызықты өтуіне өздері де үлестерін қоса бастады.Әсіресе,сабақтағы әртүрлі әдіс-тәсілдің оқу сапасын арттыруға көмегі зор болды. Топтық жұмыс кезінде әр бала жеке тұлға ретінде ашыла түседі. Оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнайды. Оқушылардың топпен жұмысқа қызығушылық танытуы,өз ойларын еркін жеткізе білуі, тіл байлықтарының дамуы, топтық жұмыста өз пікірін көпшілік талқысына салмаған оқушы болмайтындығын, өз ойларын шамасы келгенше түсіндіріп, жеткізіп жатқандарын байқауға болады. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың танымдық қасиеттерін, ақыл-ойын дамыту, сөздік қорын молайту, өздерінің ой пікірін, оқыған тапсырманы мазмұндату арқылы тілін дамытуға көп көмегін тигізеді.Топта жұмыс істеу ой еркіндігін, жауапкершілігін, ізденуге және ойларын ортаға салуға мүмкіндік береді. Қазіргі заман талабына сай, білімді тек сөз арқылы үйрену мүмкін емес екендігіне, білімді әрекет арқылы ғана игеруге болатындығы дәледенді. Конструктивтік білім ой-толғаныс арқылы өзінің тұлғасын өзгертуге ынталанады.Сабақта оқушы білімі нақты бағаланады.Бағалау кезінде қандай білім бағаланады, қандай тәсілдер арқылы, не үшін бағаланғанын білуіміз керек. Топ ішінде барлық бала бағалауға қатыса алды. Әрбір баланың пікірі саналып, бағалау-шындыққа ұласады. Сонымен бірге, сабақта формативті бағалаудың да маңызы зор.Формативтік бағалау оқушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.Оқушының өзін-өзі бағалауы,топпен-топтың бағалауы, топбасшысының топ мүшелерін бағалауы қызығушылықпен іске асып,бір-біріне сыни пікірлер айтып үйренеді.Оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдап, ынтымақты қарым-қатынастың негізін қалайды. Сабақ барысында оқушы пікірін бірінші орынға қоюды,олармен жылы қарым-қатынас жасап, ашық пікірлесуді, өз беттерінше білім алуға бағыттауды, тақырыпты меңгертуде жаңа әдіс-тәсілдердің түрлерін қолдана білу- мұғалімнің тікелей шеберлігіне байланысты.Сабақтың сапасы оқушы пікірімен санасудың негізгі құндылықтарына байланысты болады. Өйткені, оқушы пікірімен санасу арқылы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Қазіргі заман талабына сай оқушы еркін сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге, білімді өзі алуға, үйренуге талпыныс жасап оқуы керек.Білім алуға бағыттай отырып, тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылауға болады.Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ барысында тақырыптың мазмұнына, оқушылардың икемділіктеріне қарай әдіс-тәсілдерді қолдану сабақтың сапасын арттыра түседі. Өзіндік "Мені" бар жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сол себепті де жаңа оқыту жүйесі әр бала үшін маңызды болады. Өйткені, оқушы өздігінен үйренуі керек, сонда ғана білімі толысады, ол білімді өмірде қолдана алады. Интербелсенді сабақта оқу мен оқытуда іздену процесі маңызды болғандықтан, оқытушы сол процесті ұйымдастыра білу керек. Жаңа оқу жүйесінде оқушылардың бойынан өте көптеген қасиеттерді көруге болады. Болашақта әрбір оқушыда жеке интеллектуалды қасиеттердің дамуын, сөйлеу мәдениетін, өз бетімен жұмыс істеу жауапкершілігін тани білу, бағалау дағдысын қалыптастыру,қызығушылығын дамыту,дарындылықты тани білу-әр ұстаздың шеберлігіне байланысты.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!