Қаласова Айгүл
Кеулімжайқызы – бастауыш сынып мұғалімі
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Сарысай аулы «Сарысай мектеп-бөбекжай-бақшасы»
КММ
Тақырыбы: Қаһарман қыз -
Әлия.
Мақсаты:
-
Ә. Молдағұлованың өмірі мен
ерлік істері туралы кең мағлұмат беру;
-
ҰОС-дағы Әлияның және
қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыра отырып, танымын,
ой-өрісін дамыту, бейбітшілік туралы түсінігін
кеңейту;
-
Оқушыларды елін, Отанын
қорғауға тәрбиелеу; Ұлы Отан соғысы батырларының ерлік істерін үлгі
ету; өз Отанының адал патриоты болуға
тәрбиелеу.
Түрі: танымдық, тарихи
сағат.
Қолданылатын
әдістер: әңгімелеу,
сұрақ-жауап, суреттеу,
шығармашылық
ізденіс жұмыстары, ой қозғау,
ұқсату, топтау, әңгіме,
талдау-жинақтау, салыстыру,
көрнекілік т.б.
Көрнекілігі: портрет, кітаптар, альбом,
буклет, нақыл сөздер, плакаттар, деректер жинағы,
газет-журналдар
т.б.
Пәнаралық
байланыс: Қазақстан тарихы, ана тілі,
музыка, бейнелеу, көркем әдебиеттер, дүние жүзі
тарихы.
Өтілу
барысы:
І. Кіріспе
бөлімі.
Мұғалім: Халқымыздың басынан кешкен сан
қилы кезеңінде уақытына сай алыптар да туып отырған. Тәуелсіздік
туын көтеріп, оңы мен солын тани бастаған шақта, дәуірлер алмасып,
құндылық таразыға түскен кезде, кейбір тұлғалар қайта тіріліп,
кейбіреуі өшіп те жатады. Бірақ бір нәрсе өлмейді. Ол – ерліктің
ізі.
Қазақ халқының мақтанышы,
қазақтың кең байтақ жері Ақтөбенің топырағында дүниеге келіп, сол
ел-жұртын ерлігімен тәнті етіп, қызғалдақтай қысқа ғұмыр кешкен
аяулы да ару қызы ӘЛИЯ туралы толғанып, ол туралы естеліктер мен
әдебиеттерге, құжаттарға сүйеніп, болашақ ұрпаққа, сіздерге үлгі
болар ерлік мектебіне үңіліп көрейік.
Отан басына қауіп төнген
қаһарлы соғыс жылдары елін, жерін қорғауға аттанып, мұз жастанып
қар кешкен ерлермен бірге сапқа тұрған қазақтың қасар қызы Әлия,
азғантай қызметінің өзінде бүкіл халқымыздың қанына тән қасиет
танытып, ержүректілігімен, қайсалығымен, алған бетінен қайтпас
табандылығымен келешек ұрпаққа өнеге болатындай із қалдырған
еді.
19 жастағы бүгінгі бозбала
өзінің бойын шаққа алып жүоген болса, осындай жасатғы талдырмаш
Әлия ауыр мылтықты арқалап, қар кешіп қиындыққа мойымай өзін
адамгершіліктің өр тұлғасы ретінде мойындатқаны да
белгілі.
Әлия есімі ерлік болып
естіліп, халық жүрегінде мақтаныш болып қала бермек. 19 жастағы
ерліктің алауын жаққан Әлия, сол 19 жасар күйінде халқымыздың
көгінде, ерлік пен елдік биігінде тұрып қалғаны
анық.
Олай болса, Әлияның ғасырға
бергісіз он тоғыз жыл өміріне шолу жасап
көрелік.
ІІ. Ғасырға бергісіз 19
жас.
Әлия қалай Молдағұлова
болған
1 -
оқушы. Әлия 1925 жылдан 15 маусымында
Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі
– Нұрмұхамбет Сарқұлов, шешесі – Маржан Молдағұлова. Аласапыран
кездің тағдыр талқысы қиындық туғызды. Әкесі Нұрмұхамбетті бай
тұқымынан деп қуғындай бастады.
1932 – 1933 жылдары ашаршылық
кезінде Маржан Әлиясы мен Бағдатын ертіп Ақтөбенің қасындағы
Қурайлыға келеді. Осы жерде түнде картоп еккен бақшаның қасынан
өтіп бара жатқанда күзетшінің оғынан қаза болады. Әкесі екі баласын
Шығырлы аулында тұратын қарындасы Қаншаның қолына береді. Бірақ
жазмыштан озмыш жоқ дегендей, ұлы Бағдат сол ауылда тап болған
шығудан қайтыс болады. Сөйтіп Әлияны 8 жасында қайтадан нағашы
ағасы Әбубәкірдің қолына әкеліп, бір жолата тапсырады. Оны Әлияның
туысқандары Ж. Мұхамбет ақсақал растап жазған естелігі бар. Ол кісі
әуелден нағашы жұртына тартып өскен Әлияны Әбубәкір өз фамилиясына
жаздырып алғандығын айтады. Осылайша Әлияның өмір жолы
Молдағұловтардың жанұясында жалғасады. Осылайша оның фамилиясы да
Молдағұлова болып жазылады.
Әлия болған
жерлерде.
2 –
оқушы. Әлияны тәрбиелеуде, оны
оқытуда орасан зор еңбек еткен нағашыларына алғыстан бөтен айтары
болмаса керек. Әсіресе заманында білімді, көзі ашық азамат болған
нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың еңбегі ерекше. Оның өмір жолы
мен қызметіне қарай Әлиның да өмір баяны
қалыптасты.
3 –
оқушы. Әскери қызметтегі адамның жиі
қоныс аударатыны белгілі. Әлия бірінші класста 1933 жылы бұрынғы
Әулие ата, қазіргі Тараз қаласында №322 теміржол мектебінде
бастайды. 1935 жылы Әбубәкір Молдағұловтың Әскери Транспорт
Академиясына оқуға түсуіне байланысты Молдағұловтар жанұясы
Москваға көшіп барады. Мұнда №35 мектепте оқиды. Академияның
ленинградқа ауысуына байланысты Молдағұловтар жанұясы Нево
бойындағы осы әсем қалаға қоныс аударады. Жанұя жағдайына
байланысты Әлияны №46 балалар үйіне орналастырады. Бұл балар үйі
тәрбиеленушілері №9 (қазіргі 140) мектепте оқитын болған. Әлия осы
мектептің М. Голубьеваның естелігінде: «Әлия кішкентай, жап жақсы,
салмақты, ойшыл, сергек қыз болатын. Балалар оны «біздің тынымсыз
староста», - деп атайтын. Сабақта үздік оқып қоғамдық сабақта
белсене араласқан үшін Артек пионері лагеріне жіберілді», - деп
жазған.
Сұрапыл соғысты қарсы
алу
4 –
оқушы. №46 балар үйінің
тәрбиеленушілері жыл сайын Ленинград түбіндегі Сибирская стансасы
маңында орналасқан жазғы демалыс лагерінде тынығып демалатын. Міне,
осы жерде Әлия мен оның достары сұрапыл соғысты қарсы алды. №46
балалар үйінің тәрбиеленушілері қоршауда қалып, қатты күйзелген
Ленинградтан 1942 жылы наурыз айында Ладога көліндегі «Өмір жолы»
арқылы Ярославль облысының Некрасов ауданындағы Вятское селосына
көшірілді. Әлия Вятск орта мектебінде 7 классты бітіріп, жақсы
оқыған балалар қатарында Рыбинск авиация техникумына оқуға түседі.
Онда 3 ай оқығаннан кейін жұдырықтай жүрегінде неміс – фашист
басқыншыларына деген өшпенділік оты тұтанған Әлия өз өтінішімен
Қызыл Армия қатарына қабылданып, көптеген қиыншылықтармен, 1942
жылдың желтоқсан айында мергендер дайындайтын орталық қыздар
мектебіне оқуға түсіп, үздік бітіріп
шығады.
Мергендік шеберлікті тез үйренген 5 адамға «СВ – 40»
маркалы винтовканы сыйлыққа береді. Сол бес адамның арасында Әлия
да бар еді. Оның винтовкасының №956.
Әлия отты
жылдарда
5 –
оқушы. 1943 жылдың шілдесінде Әлия
соғысқа – алғы шепке аттанады. Ол алғашында Ленинград майданында,
кейіннен Калинин майданындағы 54 – ші дербес атқыштар бригадасының
4 – батальонына қабылданады. Осы майданда мерген Әлия көзін жойған
жай солдаттар мен офицерлердің саны туралы әр түрлі дерек бар.
Кейбір мақалаларда 78 десе, аталған бригаданың бұрынғы командирі Н.
М. Уральскидің айтуынша, бұл сан 200 – дің үстінде. Ал Әлияның
фашистермен соңғы айқасы, бұл – Отаншылдықпен өжеттіліктің ғажайып
үлгісіндей тарихта мәңгілікке қалатын
ерлік.
Осы шайқаста Әлия
жауынгерлерді шабуыл жасауға 6 рет көтеріп, бір өзі 35 – тен астам
фашистердің көзін жойған. Әскери бөлімнің саяси жетекшісі полковник
Ефимовтың Қазақстанға жазған хатында былай делінген:
«Ардақты
жолдастар, сіздерге біздің әскери бөлімнің атынан Әлия Молдағұлова
сияқты Отанға жан – тәнімен берілген, намысшыл, жалынды қаһарман
қызды тәрбиелеп шығарғандарыңыз үшін алғыс
айтамыз».
Мұғалім: қаһарман қазақ қызының
мыңдаған жауынгерлерге күш жігер берген, намысын шындаған соңғы
ерлігін Әмір Оралбай «Әлия» кітабында былай жеткізеді
...
(Ә. Оралбай. Әлия. 150 – 151
бет).
Мұғалім: Батыр қыз денесі Малый Удрай
өзенінің жағасындағы биік төбенің басына қойылады. Кейіннен
Монаковаға 1965 жылы қайта жерленеді. Ерен ерлігі үшін Әлиға 1944
жылы маусымның 4 – ші жұлдызында Совет Одағының Батыры атағы
берілді. Әлия винтовкасы батальон комсомол ұйымының секретары
Айсары Құрмановқа тапсырылады.
«Егер
өлсек, тек қана адал өліммен өлуіміз керек» - дейтін Әлия осылайша
жасырын ғұмыр кешті де, о дүниелік болып кете барды. Күндіз – түні
өлім сеуіп тұрған майданның өтінде ажал шалғысына тап болған Әлияны
еске алушылар, мақтан тұтушылар, ерлігі мен өжеттілігін аңыз
қылушылар аз болған жоқ.
ІІІ. Естеліктің хаты
болған - Әлия
1. Ленинград қаласындағы №19
орта мектептің мұғалімі М. Голубеевтің
естелігі.
2. Ленинград қаласындағы №140
мектептің оқушысы Л. Лебедева естелігі.
3. Пионервожатый Л. Костинаның
естелігі.
4. Мергендер даярлайтын
орталық әйелдер мектебі 4 – рота командирі лейтенант Шурыгинаның
естелігі.
5. 54 – ші жеке атқыштар
бригадасының барлаушысы Н. Нерушаттың
естелігі.
Мұғалім: бұдан басқа Отанын шексіз
сүйген Әлия туралы еске түсірген естеліктер өте көп. Оларды мына
кітаптан оқып танысуларыңызға болады.
Әлия соғыста таңғажайып ерлік
жасады. Ол тамаша соғыс шебері, мерген, барлаушы, сопер, автоматшы,
керек кезінде қол бастаған командир міндетін де атқарған. Сондықтан
болар Әлия туралы естеліктер ұрпақ қазынасына
айналды.
Әлия аққан жұлдыздай жарқ етті
де жоқ болды. Қамшының сабағындай қысқа ғұмырында ел сүйенерлік
ерлік жасап, артына аңыз қалдырған жан арманы қандай болады
десеңізші. Әлияның мәңгілік аңыз ғұмыры ХХІ ғасырға аяқ басты. Оның
ғұмыры жалғаса береді.
Әлия –
жыр. Оның ерлігін естігендердің қалам тербемегендері
кемде-кем.
ІҮ. Өлең – жырдың аты
болған - Әлия
1. Әлия Молдағұлова. Сағи
Жиенбаев.
2. Әлия. Өкім
Жайлауов.
3. Әлия қыз. Қ.
Аманжолов.
4. Әлия - ән. Сөзі: С.
Жұмағұловтікі. Әні: А. Сәндібаевтікі.
5. Қазақ қызы. А.
Бейтелиев.
6. Әлия жүрегі. Я. Хмелевский.
Аударған: С. Жиенбаев.
7. Әлия. Сөзі: Б.
Тәжібаевтікі. Әні: С. Бәйтерековтікі.
Әлияның есімін мәңгі есте
қалдыруда поэмалар, повесттер, шығармалар жазған ақын, жазушылар
көп. Е. Хасанғалиевтің «Әлияжан», М. Сағатовтың симфониясы бар.
Әлияға арнап 1968 жылы түсірілген «Өшпес іс қалдырған», «Әлия»,
«Алматыдан Псковқа дейін» деректі кинофильмі, Б. Шамшиевтің екі
сериалы «Мергендер» кинотуындысын ел сүйсіне
көреді.
Әлия –
бейне, кино, тас мүсіндер, мерген қыздың суреті майдангер беогісі
болып көрінеді.
Ү. Әлия тарихымыз өшпес
мәңгі
Әлияға орнатылған
ескерткіштер, көшелер, мұражайлар, Әлия туған жердегі мұражайда
қолтаңба қалдырғандар туралы буклеттегі деректермен таныстыру.
Музейге келушілер қолтаңбас көп. Олардың арасында 1984 жылы 15
тамызы күнгі
Н. Ә. Назарбаевтың қалдырған
қолтаңбасы ерекше:
«Совет
Одағының батыры, халқымыздың ардагер қызы Әлия Молдағұлованы ерекше
ықыласпен, сүйіспеншілікпен жерлестері ұйымдастырған мұражайын
терең оймен, тебіреніс үстенді қарап шықтық. Әлияның жарқын өмірі,
ҰОС көрсеткен ерлігі туған еліне деген зор махаббаты, халқымызға,
барлық ұрпаққа үлгі - өнеге. Бұл жастарды үлгі ерлікке, Отанын
сүюге тәрбиелейді».
ҮІ.
Қорытынды
1. Оқушылардың шағармашылық
еңбектері (өлең, сурет, мәтін т.б.)
Мұғалім. Ерлік есімі тек биік
қабырғаларда, тас тұғырларда, мәрмәр тақталарда ғана емес, ол
біздің әрқайсысымыздың жүрегімізде мәңгі сақталуы
керек.
Домбыраның егіз екі шегі
азалы шерден ызалы күйік қайырғанда Әлия еске түседі ... Батыр Әлия
... Қобда мен Неваға ғашық Әлия ... Жерін сүйген Әлия
...
Халқына жыр болған Әлия
... Розадай сіңілісіне ән болған Әлия ... Әлияғұмыр
...
Шаттансаң қыз тудым деп
қазақ шаттан
Әлия – Отанына болған
мақтан
Казачиха дөңінде тұлғасы
тұр,
Дегендей, ерлікке аттан,
жеңіске аттан!
Батырдың өзі өлсе де аты
өлмейді. Халқымыз қыздарына Әлия деп есім береді. 19 ғана жас өмір
сүріп, ғасырға жететін ерлік жасаған қаһарман қыз Әлияның өмірінен
өздеріңе үлгі ала біліңдер.
Үйге
тапсырма: Бүгінгі сағаттан алған
әсерлеріңді үйде жырмен өрнектеңдер. Әлия туралы деректер
жинақтаңдар.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Ұ. Қауыс, Ғ. Байдербес.
Аңызға айналған арулар.
2. Ұ. Қауыс, Ғ. Байдербес.
Әлия – батыр қызы сен халқымның.
3. Ә. Оралбай.
Әлия.
4. Бастауыш мектеп. №5.
2000 жыл.
5. Газеттер, журналдар,
кітаптар материалдары.