Материалдар / Тақырыбы: Қазақ тіл білімі. «Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы қос сөздер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Қазақ тіл білімі. «Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы қос сөздер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
434
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Оқыту мен оқудағы өзгерістер


Бұрынғы жылдар бойы қалыптасып кеткен іс-дағдылардан, оның ішінде жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден(Мұғалімге арналған нұсқаулық 87 бет Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, 2012) мектепке бара салып ажырадым деп айту ол оңай, әрине.Бірақ мектепке барғанда мектеп басшысы мен өз әріптестерімнің көзінен маған деген басқа көзқарасты байқадым. Содан «біз мұғалім ретінде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігімізбен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымыз»(Оқытудағы басқару және көшбасшылық 87 бет,Мұғалімге арналған нұсқаулық Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, 2012)туралы ой келді және мектептегі тәжірибе кезеңіндегі орындауға арналған тапсырмалар ішіндегі бірінші тапсырма

Әріптестермен кеңесуді орындауға бет бұрдым.Ең бірінші күні мектеп басшысымен, оқу ісінің меңгерушілерімен кездесіп, жеке жұмыс жоспарым жайында айттым,олардың тарапынан және әріптестерімнің қолдау тапқан соң, мен мұғалімдермен семинар өткізуді ұсындым.Мектеп әкімшілігі тәжірибе кезіндегі орындауға арналған тапсырмалар төңірегінде әңгіме қозғап, кабинетті безендіру мәселесі бойынша өз көмектерін аямады.Семинар өткізу барысында әріптестер арасында қызығушылық білдіріп орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар жайында түрлі сұрақ қойып «Сонда сіз болашақта үнемі орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспарыңызды осылай жазасыз ба?»оны көріп кейбіреуі таңқалды.Сонымен қатар Бағдарламада күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін оқушылар ретінде қалыптасуын қамтиды(Мұғалімге арналған нұсқаулық 4 бет, Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, 2012) және біздің енді сабақ беру тәсіліміз өзгереді, ендеше көзқарасымыз,яғни оқушыға деген көзқарасымыз да, сабақ кезіндегі сұрақ қою техникасы да өзгеруі тиіс дедім. Алғашқы кезде олар маған тіпті басқа әлемнен келгендей қарады.Жеті модуль идеясының ықпалдасуымен сабақтар, тап бір сахна төріне шыққандай сипатта болады деп әсірелеп айтып жіберген сияқтымын ба,бір мұғалім «Оқушыларға еркіндік береміз дейсіз, сонда сабағыңыздың бас-аяғына қалай ие боласыз?»-деген сұрақ қойды, оған басқа мұғалім «Әрине сіздің сабағыңызда оқушылардың тыныс алуына да рұқсат жоқ ғой, сондықтан бұл Сізге өрескел болып тұрған шығар» -деп жауап берді.Кітапханашы көрмесін өткізу үшін, менен кеңес алды. Өз сыныбымдағы оқушыларым және олардың ата-аналары материалдық жағынан(фото, бейнетаспа) кеңес беріп, демеушілік қолдау көрсетті.Семинар кезінде мұғалімдердің көпшілігінен өзіме деген сенім мен қолдауды байқаған соң, сабаққа дайындықты бастап кеттім.Сабағыма дайындық барысында әріптестерімнің ішінде менен көмектесуімді өтінбей өздері келіп, менің жанымдағы оқушылармен бірігіп, «алтын ереже мен кері байланысты және топ жұмысына қатысты іс-шараларды» жасауға ат салысқандары да болды.

Сонымен қатар сенімсіздікпен қарап, бірақ осы не істер екен деген? Сұраулы көзқараспен де қарағандары да болды, олар әрине шамалы.Оқушылар тарапынан «Мұғалім, сабақта не болады?» деген сұрақтар болды.Тізбектелген сабақтар топтасының орта мерзімді жоспарының жалпы мақсаты:Бағдарламаның жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасына кіріктіре отырып, тақырып тарауының мазмұнын ашу. Сабақтар тақырыбы:«Менің мектебім» Қазақ тілі сабағында»,« Математика сабағында», «Сурет сабағында»,сабақтардың мақсаты: мәтінді өз бетімен түсініп оқу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.Ақпаратты өңдеп, салыстыра отырып, оған мәлімет қоса алуы.Сабақта топ жұмысы барысында өз іс-әрекеті мен сыныптасының іс-әрекетін бағалауы. Бар мәлімет пен дәлелдерді жинап, талқылауы, салыстыруы, деректерді өңдеп, бөлшектеп, сызбанұсқаға салуы.

Оқушылармен сабақ өткізу алдында «алтын ереже» туралы әңгіме өткізіп, оның ішіндегі жеке бөлімге, яғни әр оқушының пікірінің құндылығы жөнінде бөлімді баса айтып, өзара бірін-бірі құрметтеу, ізгілік, шыдамдылық қасиеттеріне тоқталып өттім.«Кері байланыс» туралы да әңгіме қозғап, оның өзара бағалауға қатысты екендігін, өздері үшін де мен үшін маңыздылығын айттым.Стикелерде жазылған оқушының сұрақтары(сыныптастарына, маған), пікірлері менің барлық сабақтарымда өз пайдасын тигізді.

Сабақ барысында оқушылар топтарға тез бөлініп, жұмысқа тез бейімделіп, ортада өздерін еркін сезінгенімен, жұмысқа деген қабілеті әртүрлі екенін де көруге болады.Сол сияқты оқушыларды топқа бөлу кезінде бұрын бірге жұмыс істемеген, тіпті бірге отырғысы келмеген оқушылармен бірлесіп жұмыс атқарды(А және С оқушылар).Жұптасып әңгімелесу топ ішінде талқылау кезінде, бастапқыда абайлап, сосын өз ойларын еркін айтуға тырысты.Сабақ барысында кейбір оқушылардан сұрақтарға нақты жауап алмадым, оны аңғарсам да, мен өз тарапымнан кірісіп кеткім келіп тұрсам да, оқушылардың пікірінің маңыздылығына тоқталып кідіріс жасап, сұрақты өзгеше қойдым (Харгривс, Гэлтон,2002).Мысалы: сұрақтың бірінші нұсқасы« Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?», екінші нұсқасы «Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?,(өзің қос)».Сұрақтар сабақтың әр кезеңіне сай құрылғанымен, сабақ уақытында оқушылардың жауабына қарай әрекет етуіме байланысты көп емес кейбір сұрақтың түрі оның мақсатына сай өзгеріске ұшырады.

Сабақ барысында үш оқушымның ішінде В оқушымның көшбасшылық қасиетінің басым екендігін көрсетті. А ақпаратты тез өңдеп, салыстырып, жинақтай алды. С сурет салуға бейім және сыныптастарымен пікір бөлісуге ұмтылды.

Жұптық, топтық талқылау кезінде өзіне сенімі аздау оқушылардың бұрынғыдай қате айтам ба? – деген сенімсіздіктен арылғандарын байқадым. Мысалы:С оқушы бұрын сұраққа жауап беруден қашқақтаса, сабақ барысында Араб,парсы сөздерінің соңындағы «а» әрпі «ә» болып қалай естілсе де?»-деген сұраққа «а» болып жазылады -деп жауап берді. Мен өз сабақтарымда оқушылардың зейіні тез тұрақтана ма, олар қате пайымдаулар шеңберінен қалай шыға алады, екі оқушының бірі қате жауап айтады ғой –деген сұрақтарды өзіме қоя отырып, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер(Қалай оқу керектігін үйрену және үйрету, Мұғалімге арналған нұсқаулық 33 бет Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, 2012 ) назар аудардым.Тіл қаншалықты қолданылса, ол оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді(Барнс), ендеше тіл оқудағы мықты құрал, ол арқылы оқушы өз ойларын білдіреді, басқалармен ой бөліседі. Метатануды оқушы қалай ойлатынын, оқитынын қадағайды, бақылайды деп тұжырымдайтын болсақ, (Мұғалімге арналған нұсқаулық 32 бет Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, 2012) ендеше оқушы білім міндеті қойып отырған талаптарды түсініп, қабылдауы, жауапкершілікті өзіне жүктеп алуы керек емес пе? Оқушы өз алдына мақсат қойып, өз пайымдауларын негізге алса ғана ішкі уәжі ашылады(Чиксентмихаи,2008).Суреттерде А мен С оқушылар бірінші сабақ кезіндегі өздерінің сабақ басындағы және сабақ соңындағы ағаштың қай тұсында тұрғанын анықтаған.

В оқушы сабақ басынан өзіне артқан жауапкершілікті бірден түсініп, жұмысқа кірісіп кетсе, С оқушының сабақ басында өзіне деген сенімі аздау, сондықтан ол ағаштың орта тұсында құлап қалғанын көрсетіп қойған «мен сабақ соңында оған: мына ағаштың ортасында неге өзіңді құлатып салып қойғансың дегенімде, ол мен тапсырманы орындау кезінде басқа балалардан қалып қойдым, сосын ұялып отырдым, бірақ жанымдағы В маған көмектесті»-деді.Топ ішінде бірлескен жұмыстың оң әсерін осыдан көруге болады(бірінші «Бетпе-бет кезеңіндегі 3апта 4 күн»).

Жалпы біздер өзіміздің іс-тәжірибемізді сын тұрғысынан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асыратылатынына негізделген(Оқытуды басқару және көшбасшылық, Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, 2012).Оқушының білімін бұрынғы іс-тәжірибеміздегі бағалауымыздың оқушыға әсерін қазіргі сабақ кезіндегі формативті бағалаумен салыстыра отырып, оның келеңсіз тұстарын байқадым.Бағалау оқыту мен оқытудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді (Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау 57 бет, Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, 2012)

Мысалы: оқушыға Өте жақсы! Жарайсың! Дәл тауып айттың!сияқты

қалыптастырушы бағалауға оқушының оны тағы есту үшін, менен сұрақ күтіп оқулықты қарап жатқанынан байқадым.

Мен әр модульде қарастырылған идеялар қолданылған стратегиялар бір-бірімен тығыз байланыста болып сабақтың әр кезеңінде жұмыс атқаратынын ұқтым.Жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибемдегі іс-әрекеттерді түбегейлі өзгерткен жағдайда әр сабағым табысты, тиімді болады деген ой түйіндедім.Сабақ барысындағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру кезінде әрдайым жағымды ахуал тудыру үшін «Ыстық алақан», «жүректен-жүрекке» сияқты, «шаттық шеңберлерін» жасау стратегиялары тиімді болатындығына баса назар аудару керектігін білдім.Қазіргі уақытта бірлескен жұмыстың және сабақта қолданған модульдердің, стратегиялардың ықпалдасуы арқасында тапсырмаға қойылған критериилер нақтыланып жұмыстың табысты аяқталуына жетеледі.Менің оқыту мен оқуда өзгерістерістер енгіздім, әрине бәрі сәтті шықты деп айтуға болмайды, ол тіпті орынсыз да болар, дегенмен бірінші «Бетпе-бет кезеңіндегі» алған біліміміз, теориялық ой түйіндеріміз әр сабақта азды-көпті көрініс тапты деп ойлаймын.Мектептегі тәжірибе кезіндегі орындауға арналған тапсырмаларды басшылыққа алып. алғашқы сабағымда жеті модульді ықпалдастыру мақсатын көздей отырып «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» оның ішінде «Қалай оқу керектігін үйрену және үйретуге» басымдылық бере отырып, өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылатынын(Perry et al, 2002) ескеріп балалардың жеке тәжірибесі мен мәдениетінің құндылығы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтынын және бұл негіздеменің «жағдаяттық тануға» (Lave 1988) арқау болатынын ескере келе, оқу үдерісі барысында оқушылардың тәжірибесін пайдалану керектігін ұғындым. Көбіне балаға еркіндік бермей, олардың іс-әрекетін белгілі тапсырманы орындау шеңберіне сиғызып қойып қате жіберген екенбіз. Міне, мен осыны бірінші сабақ барысында байқадым.Оқушыға тапсырманы нақтылап беріп, бағыттап отырса ғана ол тапсырманы қызыға орындайды және өзінің тәжірибесін немесе ересектерден естіген , білген, көргендерін орынды қолданады.Менің А, В,С оқушыларым өз міндеттерін рөлдерді орындағандай көрсетуі де тапсырманың, сұрақтың дұрыс берілгенінің арқасында ма деген ой келді. Оқушылар әңгіме жүргізуге әбден дағдыланған деп кесіп айтуға әлі ерте, дегенмен жұптық, топтық талқылау кезінде өзіне сенімі аздау оқушылардың бұрынғыдай қате айтам ба? – деген сенімсіздіктен арылғандарын байқадым. Сабақ барысында «диалог жүргізу мүмкіндігі болмады»- деп әрине айтуға болмайды, сөйлесу, талдау, дәлелдеудің (Барнс) бәрі де көрініс тапты.

Сабақ барысында «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модуліне басымдылық танытып, «мозаикалық джигсо» стратегиясын тиімді пайдаландым деп ойлаймын, себебі екі топтағы төрағалар, баяндамашылар, хатшылар, таймкиперлер, төрт бақылаушы да өздеріне қойылған нақты міндетті тез түсініп, жұмысқа бірден кірісті.Ал С оқушының сабақ басында өз бетімен ойнап отырғанына бастапқы кезде іштей ренжігенімді В оқушы сезді ме, оны жұмысқа тартып көмектесті.Біз жалпы бала ешнәрсе аңғармайды дейміз ғой, керісінше бала бәрін сезеді, өз ойын түйіндейді, мүмкін олардың өзін өзі реттеуіне қолданған стратегияның әсері болды ма?-деп ойладым.Бұл сабақта бақылаушылар шыншылдығымен ерекшеленді. Сабақтың сергіту сәтінде оқушылар бір серпіліп, әрі қарай жұмыстарын жалғастыруға көшті.Сонымен қатар қолданған әдіс-тәсілдің арқасында оқушылар бұрынғы «қате айтып, жазалану қаупінен де сейілді». Негізінен ынтымақтастық атмосферасындағы стратегияны дұрыс қолданып, сабақтың келесі кезеңіне жол салып алу керектігін ұқтым.Соңғы сабақта визуалды айғақтармен жұмыс істеу барысында оқушылар ойлау үдерісін жылдамдатып, тапсырманы бөлшектеп, тереңдете түсті, соның нәтижесінде суреттерді дұрыс пайдалана білді.Нәтижесінде жұмыс өнімді болды. Мәселе стратегияның көп болуында емес, оны дәл,әрі тиімді қолдана білуде екен. Сонымен қатар «Ақпараттағы ақаулар» стратегиясы да оқушының іздену мүмкіндігін ашады.Оқушының жүзінен сабаққа деген қызығушылық, құлшыныс көру мұғалім үшін бір тамаша сәт! Мен осыны өзіме ой ретінде түйдім.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші) негізгі деңгей «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012

2. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің таратпа материалдары 2,3 апта

Бағдарлама (үшінші) негізгі деңгей «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012

3. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі орындауға арналған тапсырмалар(үшінші) негізгі деңгей «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!