Жаңаөзен
қаласы
Қалалық тамыз педагогикалық
кеңесінде оқылған баяндаманың
Тақырыбы:
«Қазіргі заманғы ағылшын тілі
пәні сабағы. Инновация ұғымы»
Дайындаған
: ағылшын тілі пәні
мұғалімі:
Канарова Бакыт Рахимовна
бірінші (ілгері) деңгей
28.08.2014
жыл
Маңғыстау
облысы
Жаңаөзен
қаласы
№15 орта
мектеп
ағылшын тілі пәні
мұғалімі
Канарова Бакыт
Рахимовна
Тақырыбы: «Қазіргі заманғы ағылшын
тілі пәні сабағы. Инновация ұғымы»
Қазақстан Республикасында болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық және мәдени жаңарулар мектептік пән ретінде
ағылшын тілінің пайдалану өрісін біршама кеңейтті. Бұл мәселеге ҚР
Президенті Н. Ә. Назарбаев “Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазақстан” атты
Жолдауында “Үш тілдің тұғырлығы”мәдени жобада көп көңіл бөлген.
Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді
ел ретінде танылды.Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі -
ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға
ойдағыдай кірігу тілі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
"Қазіргі замаңғы қазақстандық үшін үш тілді білу-әркімнің дербес
табыстылығының міндетті шарты". Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын
тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс"
екендігін баса айтып өткен. Бұл шет тілі пән мұғалімдеріне үлкен
жауапкершілік жүктейді.
Елбасымыз "Қазақстан-2030"
Қазақстан халқына арналған Жолдауында "Біздің жас мемлекетіміз
өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің ұрпағымыз онымен бірге ер жетеді.
Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт,
абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз
елінің патриоты болады" деп көрсетілгендей, ертеңгі күннің
бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға
апаратын құдіретті күш- білім. Мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі
мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи
қасиеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту-
бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды.
Қазақстанның бәсекеге
қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының "Бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" Жолдауында
айқындалған. Егемендік алған еліміздің дүниежүзілік аренаға шығып,
басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қатынастарды
қалыптастыруы, әртүрлі дипломатиялық қызмет атқаруы шетел тілінің
бүгінгі рөлін анықтайды. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану
қажеттілігі де артып келеді. Сондықтан шетел тілі пән мұғалімдері
қазіргі заман талабына сай жаңашыл, ізденімпаз, өресі биік,
білімді, білікті, тіл үйретудің жаңа формаларын, тиімді
технологияларын меңгерулері қажет.
Қазіргі таңда шетел тілін
оқытудың негізгі мақсаты - бүкіл оқыту барысына коммуникативтік
бағдар бере отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу (монолог, диалог),
тыңдап-түсіну, оқу, жазудағы іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастыру. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт
бойынша белгіленеді:
1.Танымдық бағыт
бойынша: оқушының лингвистикалық
дүниетанымын қалыптастыру; тілдің қоғамдық – әлеуметтік мәнін
түсіндіру: (Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде
қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік –
экономикалық, ғылыми – техникалық және жалпы мәдени алға басуында
қозғаушы фактор болуда) оқушының тілін
дамыту,
-
тілдік шығармашылық
қабілеттерін жетілдіру;
-
сөз мәдениетінің адам
тіршілігіндегі мәнін ұғындыру
-
сөз мәдениетін
таныту;
-
пікірталас мәдениетін
жетілдіру;
-
ғылыми ізденіс бағытындағы
жұмыс түрлеріне төселдіру;
-
мәтін арқылы танымдық
қызығушылығын арттыру;
-
өмір, түрлі ғылымдар саласынан
оқушылардың танымын кеңейту;
-
оқушылардың логикалық
ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру; сөйлеу түрін,сөйлеу тәсілін
меңгерту;
мәтіндегі тіл біліктерін
функционалдық тұрғыдан танып білуге
жетелеу.
2. Коммунакативтік,
практикалық бағыт бойынша:
-
оқушыларға тіл нормаларын
меңгерту;
-
тілдік жағдаяттарға лайық,
дұрыс қарым – катынас жасаудың амал-тәсілдерін
үйрету;
-
оқушылардың тілдік
сауаттылығын арттыру;
-
оқушылардың тілдік –
эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
-
сөйлеу әрекетіне қажетті
заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;
-
шығармашылық қасиеттерді
дамыту;
-
қарым – қатынас талаптарына
сай іскерліктерді қолдана білуге балу;
-
пікірталас түрлеріне сай
қолдану біліктілігін қалыптастыру.
Бұл міндеттердің жүзеге
асырылуы тілдік білімнің (мұның) қай –қайсысы да тіл арқылы баланың
логикалық ойлауын дамытуға қарым – қатынастық дағдырларын
жетілдіруге,сөз әрекеттінің түрлеріне қатынасты машықтануына әсерін
тигізеді.
Қазіргі таңда шетел тілін,
яғни ағылшын тілін үйретуде көптеген жаңа инновациялық
технологиялар өте тиімді. Инновация
терминінің өзі ағылшын тілінің
«innovation» деген сөзінен шыққан «жаңашылдық енгізу» деген
мағынаны білдіреді. Жалпы
инновациялық үрдістің негізі-жаңалықтарды
қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі.
Инновация-оқу тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда
педогогикалық жүйедегі өзгеріс. Білім беру жүйесіндегі инновация -
білім мақсатына жаңашылықты енгізуді көздейді,оқыту мен тәрбиенің
жаңа әдісі мен түрлерін,жаңа мазмұнын әзірлеуге,қолданылып отырған
педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа
технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің
принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері
мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен
тәрбие беруді көздейді. Инновация технологияның мақсаты –
технологияға бейімдеп, шығармашылық, ізденіс қабілетін дамыту, жеке
тұлғаны қалыптастыру.
Инновациялық
технологиялар:
-
Деңгейлеп саралап
оқыту
-
Сыни тұрғысынан
ойлау
-
Дамыта
оқыту
-
Модульдік оқыту және
т.б
Жаңа технологияларды тиімді
пайдалану- шәкіртке сапалы білім, саналы тәрбие беруде ұстаздың оқу
үрдісін түбегейлі өзгерту құрамының бірі. Инновациялық білім беру
құралдары: аудио-видео құралдар, компьютер, интернет, интерактивті
тақта, компьютер-мультимедиялық құралдар, электрондық оқулықтар.
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде елуден астам жаңа педагогикалық
технологиялар қолданылады екен.П.М. Эрдниевтің дидактикалық
бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б. Эльконин мен
В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің
ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу
материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту
технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту
технологиясы, П.И. Третьяковтың , К. Вазиваның модульді оқыту
технологиясы, В.М. Монаховтың , В. П. Беспальконың және басқа да
көптеген ғалымдардың технологиялары кенінен
танымал.
Мектептерде жаңа технологиялар
арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет
тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты
жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде
ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін
біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл
бөлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде
сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым -
қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге
адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта
алу және қорғауға үйрету.
Жаңа технологиямен жұмыс
істеу-оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу. Оқытудың
инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта
сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер
түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық
әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер
түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін
көздейді.
Жаңа инновациялық
технологиялардан мысал келтіретін болсақ: сын тұрғысынан ойлау
(қызығуды ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс), модульдік оқыту
технологиясы (үш бөліктен тұрады:
1. кіріспе бөлім-тақырыпқа
енгізу
2. сөйлесу- оқушылардың
танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде
ұйымдастыру
3. қорытынды бөлім- бақылау,
топпен жұмыс (ұжымдық ойлау әрекеті), мәтінмен жұмыс істеу, ойын
элементтерін қолдану, сайыс сабағы, танымдық, интеллектуальдік
технологиялар арқылы, шығармашылық пен орындауға арналған
тапсырмалар, сөздікпен жұмыс істеу, мақал-мәтелдермен жұмыс,
диктанттар өткізу, ән үйрету, жобалап оқыту, бейнематериалдармен
жұмыс істеу, сабақта ақпараттық технологияларды қолдану,
баяндамалар, эссе оқу, пікірталас, дебаттар, "Джигсо" әдісі- (жалпы
мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау), грамматикалық
тақырып болса, онда "insert" кестесін толтыру арқылы өткен сабақты
пысықтап, сол жаңа сабақта не білгісі келетінің білдіреді,
(іnsert-оқығаның түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге
үйретерін ұтымды әдіс). Жаңа сабақты (тақырыпты) бекітуге "Кубизм"
әдісінің орны ерекше. Алты жағына алты сұрақ немесе тапсырма
жазылады. Оқушы жауап береді, тапсырманы орындайды. Сонымен қатар,
бұл әдіс баланы қызықтырады, есте сақтау қабілетін арттырады, нақты
жауап беруге үйретеді. "Ой толғау" әдісін кез-келген сабақта
қолдануға болады. Бұл оқушылардың білімдерін қорытуға, оған сын
көзбен қарауға, өз ойын түйіндеуге, жазу, оқу, сөйлеу қабілеттерін
арттыруға жәрдемдеседі. "Оздыра оқыту" технологиясының бір сипаты-
оқушы қабілетінің деңгейін саралап оқыту. Бұл үшін әртүрлі
алдын-ала дайындалған "деңгейлік тапсырмалар" беруге болады.
Деңгейлік тапсырмалар әр оқушының қабілетімен мүмкіндік деңгейіне
қарай оқыту мен оқытуды әртүрлі топ ерекшелігіне сәйкес бейімдейді,
ыңғайластырады. Бұл әдіс арқылы мықтылар өздерінің қабілетімен икем
дағдысын бекіте түседі. Әлсіздер өзіне деген сенімсіздіктен
айырылады, күшті топтарда оқуға деген ынтасы артады. Оздыра оқыту
барысында деңгейлік тапсырмалармен қатар әртүрлі тестердің де орны
бөлек. Ондай тесттер уақытты үнемдейді, оқушы ойын қозғайды,
белсенділігін арттырады және есте сақтау, ойлау қабілетін
шындайды.
Ағылшын тілін үйретуде әр
тарау тоқсан сонында "Қорытынды таңдау бақылау" мен "Қорытынды
бақылау оқу" жұмысын жүргізу өте тиімді. Осы екі әдіс оқушының есте
сақтау, оқу мен ойлау қабілетін жүзеге асырудың бірден бір жолы.
Тақырып (тарау) бойынша жаңа сөздерге, фонетика, грамматикалық
материалдарға сынақ ала отырып, ағылшын тілін үйрету
әдістемесіндегі басты формаларды (оқу, сөйлеу, ойлау, жазу) жүзеге
асырылады.
Ұрпаққа білім берудің әр түрлі
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген
жаңа идеялар, инновациялық технологиялардың бірі: Lesson Study
(сабақты зерттеу) тәсілі, орта білім жүйесінде әлемдік жоғары
деңгейде қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері
арасында сындарлы (конструктивистская) оқыту теориясына негізделген
тәсіл кең тараған. Әдіс-тәсілдер, технологиялар өте көп, оларды
дұрыс қолдануда, қалай қолдану керектігі туралы білуіміз керек. Өз
жұмысымда Абрахам Харольд Маслоудың қажеттілік пирамидасы, Джон
Флэйвелдің метатану ұғымы, Выготскийдің ЖАДА (жақын арадағы даму
аймағы), Бенджамин Блумның таксономиясы, Эдвард де Бононың ақылдың
алты қалпағы, топ арасында өзара бағалауда "екі жұлдыз, бір ұсыныс"
ұғымдары пайдалы екендігіне көзім жетті. Сабақты қызықты, тартымды,
оқушы өз ойын еркін, сонымен қатар өзіндік сыни пікір-көзқарасын
жеткізе білетіндей, әрбір оқушының қажеттігін түсінуде, сабақ
барысында ешбір оқушы тыс қалмайтындай өткізуде жаңа инновациялық
технологияларсыз, әдіс-тәсілдерсіз елестету мүмкін
емес.
Жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіру
мақсатында сындарлы оқытуға негізделген. Бағдарламаның жеті модулін
өз сабақтарымда барынша ықпалдастыруға тырыстым. Сабақта оқушыларды
топта жұмыс жасату бірінші енгізген өзгерісім болды. «Топтық жұмыс
арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын қалай арттыруға
болады?»деген сұрақты қоя отырып, өзімнің іс-тәжрибеме білім беру
мен білім алудағы жаңа тәсілдерді енгіздім. Өз пәнімнің мазмұнын
меңгертудің әдістемесін жетілдіруде «Оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдер» модулінің ролі мен үшін ерекше болды. Өйткені бұл
модульдегі мұғалімнің оқушыларды қалай оқу керектігін үйрету және
олардың қалай оқу керектігін үйрену үдерісіне жете мән берілгенде
ғана пәннің мазмұнын меңгерту мен меңгеру сәтті жүреді екен.
Формативті бағалау барлық сабақ кезеңінде жүргіземін мысалы, қол
шапалақтау, қол белгісі, стикермен бағалау, критерийлер арқылы
бағалау. Сөзімнің соңында сабақта инновациялық технологияларды
қолданудың тиімділігі зор екенін баса айтқым
келеді.