Материалдар / Тақырыбы: Құнды білім негізі – болашаққа бастар жол
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Құнды білім негізі – болашаққа бастар жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің қоғам талабына сай алдында тұрған негізгі әрі маңызды міндеттерінің бірі-жан-жақты дамыған,білімді,рухани жағынан жетілген ұрпақ тәрбиелеу.Әрбір жас өрен ең әуелі тәрбиені өз отбасынан,ортасынан,мектебінен алады.Халқымыздың рухани мәдениетін өз бойына сіңірген,елінің тәуелсіздігін нығайта түсетін,ана тілін сүйе білетін жастарды тәрбиелеу-әр ұстаздың міндеті.Сондықтан ұстаз - тек дәріс беруші емес,сонымен бірге әр оқушы бойына ізгіліктің нәрін сеуіп, болашаққа сенімі мен мықты үмітін ұялатып, нағыз азамат қалыптастырушы тұлға.Ұстаз әр оқушының жүрегін, оның ішкі дүниесін түсіне білетін шебер жан.Қазіргі заманға сай үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаз сабағын жан-жақты түрлендіріп өткізумен бірге тәрбие мәселесіне де ерекше көңіл бөледі.Мен де өз сабақтарымда теориялық білім беруді тәрбиенің түрлі бағыттары арқылы жүзеге асыруды, кез-келген тақырыптың төңірегіне сәйкес келер тағылым мен тәлім жолдарын таңдап алып, түрліше тапсырмалар негізінде і
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Маусым 2018
791
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Атырау облысы

Махамбет ауданы

Талдыкөл ауылы

Талдыкөл мектеп-балабақша кешені










БАЯНДАМА


Тақырыбы: Құнды білім негізі – болашаққа бастар жол








Қайырлиева Зухра Амировна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

















2017-2018оқу жылы



Құнды білім негізі – болашаққа бастар жол

Қайырлиева Зухра Амировна,

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылы,

Талдыкөл мектеп-балабақша кешенінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі


Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің қоғам талабына сай алдында тұрған негізгі әрі маңызды міндеттерінің бірі-жан-жақты дамыған,білімді,рухани жағынан жетілген ұрпақ тәрбиелеу.Әрбір жас өрен ең әуелі тәрбиені өз отбасынан,ортасынан,мектебінен алады.Халқымыздың рухани мәдениетін өз бойына сіңірген,елінің тәуелсіздігін нығайта түсетін,ана тілін сүйе білетін жастарды тәрбиелеу-әр ұстаздың міндеті.Сондықтан ұстаз - тек дәріс беруші емес,сонымен бірге әр оқушы бойына ізгіліктің нәрін сеуіп, болашаққа сенімі мен мықты үмітін ұялатып, нағыз азамат қалыптастырушы тұлға.Ұстаз әр оқушының жүрегін, оның ішкі дүниесін түсіне білетін шебер жан.Қазіргі заманға сай үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаз сабағын жан-жақты түрлендіріп өткізумен бірге тәрбие мәселесіне де ерекше көңіл бөледі.Мен де өз сабақтарымда теориялық білім беруді тәрбиенің түрлі бағыттары арқылы жүзеге асыруды, кез-келген тақырыптың төңірегіне сәйкес келер тағылым мен тәлім жолдарын таңдап алып, түрліше тапсырмалар негізінде іске асырамын.

Халқымыздың асыл да құнды тәрбиелі сөздері ғасырдан ғасырға,ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Көреген де дана халқымыз ұрпағын үнемі еңбекке,білімді болуға тәрбиелеген,мәселен 9-сыныптағы «Тұрмыс-салт жырлары» тақырыбын «Өзін-өзі тану» пәніндегі «Тылсым дүние ғажаптары» тақырыбымен байланыстыра өткіздім.Бұл жердегі көздеген мақсатым – бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ тәрбиелеу.

Өркениетті елдің өскелең ұрпағына лайық терең білім,тәлімдік тәрбие беру, ұлттық дүниетаным сапаларын меңгертіп, өзіндік болмысы мен тұлғасын қалыптастыру – осындай ізденістен туған жан-жақты ойластырылған қызықты сабақтардан бастау алады.

«Тәрбие тал бесіктен» екенін ұғына білген қазақ халқы кішкене сәбиіне бесік жырын айтып,тіпті баланы бесікке бөлеуде,бесіктен шешіп алуда айтылатын өлеңдер арнаған.Әр балаға кемелденіп тұлға болып қалыптасқанға дейін жан-жақты тәрбие беру, ана тілді меңгерту тікелей отбасының басты әрі жауапты міндеті десек те болады.Ізгі көзқарасты ұстанған,ұлттық сана-сезімі өскен, ұлттық мәдениетімізді меңгерген тұлға тәрбиелеуде ата-ананың да,тәрбиешінің де,ұстаздың да ықпалы зор.Ата-ана-баланың таза киінуін,дұрыс сөйлеуін қадағалап, үлкендерді құрметтеуге дағдыландырса,ұстаздар тәрбиені біліммен ұштастырады.Әрбір сабағымда адамға қажетті рухани құндылықтарды әр оқушы жанына жарық сәуле түсіріп,жүрегіне нұр құйып,ертеңгі алыс арманға,биік мақсатқа жеткізу үшін осындай түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып іске асыруды көздеймін.

Өркениет туын көтерген елдің ұрпағының рухани әлемі кең,рухы биік болуы керек,Осы негізде халық баланың жан дүниесіне мән берген.Орынсыз жекімеген,жасытпаған,бабалардың осы салтынан ұлтымыздың өр мінезді азаматын тәрбелеген.

Бесік жырынан бастап,шешендік сөз,тыйым сөз,атқа міну,қыз айттыру - салт-дәстүріне дейінгі халықтық тәрбиенің берері мол.Тәрбиеде – әрбір ұлттың тарихы,мінезі,болмысы, дүниетанымы,ойлау қабілеті сақталатын.

Балаға отбасында ата-ана ертегі оқып беруге уақыт бөлгені жөн.Халық даналары туғызған кәусар туындылар тілінің көркемдігін,қызғылықты оқиғалар желісімен баланың ішкі дүниесінің қызығушылығын арттырады.Ертегілер баланың тыңдауы,естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі,балалық сөздік қорын молайтып,байланыстырып сөйлеу тілін дамытып,ерлікке,достыққа,үлкенге ізет,кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге,эстетикалық талғамын,қиялын дамытуға жетелеп,жамандықтан жирендіреді.Мысалы, кез-келген әдебиеттегі ертегіні «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктірілген қызықты сабақ құрылымы арқылы өткізіп, оқушының дүниетанымдық көзқарасы мен сөйлеу қабілетін еркін ұштауына жол ашуға болады.Ертегіні тыңдату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп,тілін дамытумен бірге,оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге,ұстамдылыққа үйрете білеміз.Әсіресе,ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді пайдалану арқылы әңгімелеу арқылы баланың қызығушылығы мен эстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мүмкіндіктер береді.Бала үшін сурет арқылы ертегі мазмұнын айтып беру -шығармашылық ойлауын,ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.Халқымыздың сан ғасырлар бойы жасалып келген сарқылмас асыл мұрасын шәкірт бойына сіңіру әр сабақ сайын,сыныптан тыс шаралар кезінде де үздіксіз жүзеге асу керек.Әр мұғалім сабақта көрнекіліктерді өз қиялдарымен түрлендіріп қолданса ,оқушы бойына ұлттық сана,намыссыздық сияқты қасиеттерді қалыптастыруда үлес қосары сөзсіз.Ертегі-сан қилы тарихтың,талай ғасырдың жемісі,көркем өнердің,әдебиеттің баға жетпес меруерт-маржандары.

Ұлы ойшыл Абай да бала тәрбиесін өз шығармаларынан қағыс қалдырмаған.Осыған дәлел ретінде шығармаларына біраз үңіліп көрелік.Абай «Он сегізінші қара сөзінде» адам баласына жыртықсыз,кірсіз,сыпайы киініп,һәм ол киімін былғап,былжыратып кимей,таза кимек-дұрыс іс.Ләкин өз дәулетінен артық киінбек,не киімі артық болмаса да,көңіліне қуат тұтып,тым айналдырмақ-кербездің ісі.Кербездің екі түрлі қылығы болады:бірі бет-пішінін,мұртын,мүшесін,жүрісін,қас қабағын қолдан түзетіп,шынтағын көтеріп,қолын тарақтап әуре болмақ.Біреуі атын,киімін «айран ішерім» деп,солардың арқасында сыпайы,жұғымды жігіт атанбаққа,өзінен ілгерілерге елеулі болып,өзі қатардағының ішін күйдіріп,өзінен кейінгілерге «әттең дүние ай,осылардың атындай ат мініп,киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!!»-дейтұғын болмаққа ойланбақ.Мұның бәрі-масқаралық,ақымақтық...

Ал, «Жетінші қарасөзінде» адам баласының өмірге келу сәтінен бастап,өмірде қалай өз жолын тауып,қандай азамат болып қалыптасатынын дәл,нақты сипаттап кеткен: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.Біреуі – ішсем,жесем,ұйықтасам деп тұрады...Біреуі – білсем екен демеклік»Яғни адамзат баласының өмірге келгеннен кейін тәрбиеге қарай екі түрлі қылықты болатынын анық айтады.

«Ғылым таппай,мақтанба» өлеңінде жас бала бойына сіңірілетін бес қасиет – талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақымшылықты үндей отырып,ата-анаға сол асылдардыбала бойына қалыптастыруды міндеттейді,Өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақтықтан қашу керектігін,ондай қылықтардан баланы сақтандыру қажеттігін ашық,нақты көрсетеді.Абай өз туындыларында адамгершілікке жат қасиеттерден жирене білу керектігін насихаттай отырып, ұлттық өріммен зерленген тәрбие үлгілерін айрықша айтқан. Сонымен қатар бүгінгі таңда отансүйгіштікке тәрбиелеуде,оны қалыптастыруда ұлтымыздың тарихын,батырлық дәстүрін насихаттай отырып дәріс беру арқылы қол жеткіземіз.Тәуелсіздікке қол жеткізген тарихқа да көз жүгіртіп,оны ұрпақ санасына сіңіре отырып,өз Отанын сүйетін,елімізге ұлтжанды,парасатты,саналы,сауатты,Отанын мақтан тұтатын және оның қамын жейтін,ол үшін күресе білетін мамандарды даярлау,азаматты тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Қандай іс – шара өткізіліп,сабақ берілмесін бәрінің де дәріс алу тұрғысынан,тәрбиелік деңгейден де мәндері зор болуы тиіс.Жас ұрпақты тәрбиелі,сапалы,саналы етіп даярлап шығару заман талабы,ұстаздардың міндеті,өйткені олар біздің болашағымыз.Абай атамыз айтқандай « ... сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар, қалан»деп,болашақ ұрпаққа бағыт-бағдар беріп өмірде орнын табуға дәнекер болатын-бірінші,ата-ана,екінші,ұстазы.Бүгінгі оқушы - ертеңгі еліміздің тұтқасын ұстар азаматтар. Ендеше, тәуелсіз Қазақстан елінің іргетасын нығайта түсетін білімді ұрпақтың танымдық іс-әрекеттегі біліктері мен дағдыларын, белсенділігін, сондай-ақ ғылымға деген құштарлығын тәрбиемен байланыстыра қалыптастырған жөн.

«Біздің өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді,осыны айқындап алатын үақыт жетті»,деп көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында.Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру үшін ел болашағы – жас ұрпақты ұлттық тағылым қағидалар негізінде рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып,қалыптастыру шарт.

Ұрпақ ұлтты ғана жалғастырмайды – ұлттық рухты жалғастырады,ұлт бірлігін,басқа ұлттар мен ұлыстардың әдебиеті мен мәдениетін,салт – сана,дәстүрлерін насихаттау арқылы дәнекерлейді.Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар – ұлттық сезім,ұлттық мақтаныш,ұлттық сана,ұлттық парызды әрбір қазақтың ғана емес,әрбір қазақстандықтың бойына дарыту бағытында жұмыс жасауымыз керек.Сол уақытта бздің халық тамырын тереңге жаяды,әлемдік өркениетте алдыңғы орында болады.Оған Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақта Қазақстан азаматтары әлем азаматтары деңгейіне көтеріледі,сөйте тұра олар өздерінің жедел дамып келе жатқан,күллі әлемге әйгілі де қадірлі бейбіт елдің патриоттары болып қалады»деген пікірі дәлел.«Тәртіпсіз ел болмайды,тәрбиеге бас иген құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлының сөзінен тәрбиелеу ұлы іс екені аңғарылады.«Білімдендіру ошағы – мектеп.Тәрбиенің ауданы кең,түбі терең.Тәрбиенің әсері жігіттік,кекселік кезде де қалмайды.Тәрбие сәулесі түспейтін адамның ешбір қалтарысы жоқ.Тәрбие болмаған жерде шын ақылды,мәдениетті өмір де болмақ емес»,- деген Ж.Аймауытовтың пікірінде адам өмір бойы тәрбиеленеді,өмірден үйренеді,кемшіліктерден қорытынды шығарып,жақсылықтарды жарқырата түскісі келеді деген қағида бар.Осы қағида негізінде адам ұрпақ өсіреді,оқытады,тәрбиелейді.Тәрбиенің бірінші сатысы – отбасы.Ол жанұяда ең алғаш ата – анасын танып,оларды жақсы көреді.Кейін айналаны сезініп, терең түсінуге құлшынады.Сондықтан ата – ана «бала тәрбиесі бесіктен басталады» деген халқымыздың ойын үнемі еске ұстағаны жөн.Бала мектепке дейін дұрыс тәрбие,этика нормаларын меңгеруі үшін ата – ана сауатты болуы шарт.Осы мақсатты көздеген мектепұстаздары ата – аналар оқуын,жас ата – аналар мектебін,әжелер үлгісін,ақсақалдар алқаларын, тағы басқа түрлі тәрбие шараларын ұдайы жүргізіп келеді.Сол себепті «Халықты халықпен,адамды адаммен теңестіретін – білім»,рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана – ең мықты білім,рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ ғана болашақты гүлдендіріп,тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ деген ұстанымды үнемі басшылыққа алғанымыз жөн.Ата-бабадан қалған өшпес мұра,мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақ бойына дарыту – мектептің міндеті.Халқымыздың «Ұлық болсаң,кішік бол», «Болған адам болдым демес,болдым десе,болғаны емес» деуі де,адам қанша болып – туса да,кемерінен асып төгілмеуі керектігін,кісілігі мен кішілігін,көпке деген ізеті мен инабатын үзбей,тіршілік етуі тиістігін айтқаны.Сондықтан халықтың бұл өнегесін үлкенімізде,кішіміз де дәйім естен шығармай,ұлттық тәрбие талаптарына сай өмір сүруге талаптануымыз керек.

Бала үлкенге қарап өседі. «Атаға қарап,ұл өсер,анаға қарап,қыз өсер» дейді халқымыз. «Анасын көр де,қызын ал,табағын көр де, асын іш» деген мақалдың да мағынасы соған саяды.Сондықтан ата – аналар,үлкендер өздері үлгі көрсетпесе,кішіпейілділік,қарапайымдылық,олардың кереметтігі жайындағы сөздердің әсері ойдағыдай болмайды.Бұл жөнінен үйдегі сөз бен іс және мектептегі сөз бен іс арасында шынайы сабақтастық,жалғастық болуға тиіс.“Тәуелсіз елдің ұлы-өжет,қызы-қайратты,халқы-қаһарман”,осылай екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. “Бала тәрбиесі”киелі ұғым,онымен адам тағдыры шешіледі,ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді.Егемен елдің келешегі-кемел біліммен ұлағатты тәрбиегебайланысты.

Отбасындағы тәрбиенің кереметі-еңбекке баулу.Ол-адамдық кемелденудің негізі.Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды.Өйткені ежелгі рим философы Гораций айтқандай, “өмір еңбексіз ештеңе бермейді”.Жалпы,арғы-бергі заманда ғұмыр кешкен ұлы адамдардың адамды барлық жағынан кемелдендірудегі еңбектің ерекше рөлі туралы айтпағаны кемде-кем шығар.Адам жанының асқан білгірі,әлемге әйгілі жазушы Л.Н.Толстой: “Еңбек атаулының бәрі де бағалы,өйткені ол адамды ізгілендіреді”,-дейді.Сондықтан отбасындағы да,қоғамдық ортадағы да тәрбие де балаларды еңбек ете білуге,еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуға тиіс.Сонда ғана отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынаста әдеп-инабат,адалдық пен ақпейілділік үстем бола алады.

Жеткіншек ұрпақтың дәстүрге құрметпен әрі ықтияттылықпен қарауы яғни оны түсінуі,дәстүрді бұзып алып,адамдардың көңіліне қаяу салудан қатты сақтануы айрықша мәнді,қастерлі қасиет саналады:ондай жастар “көргенді” деп бағаланып,көптің алғысына бөленеді,дәстүрмен сыйыспайтын іс істегендер “тексіз”,“көргенсіз” деген өте жеккөрінішті атқа ие болып,қауымдастықтың алдында абыройдан айырылып,ауыр айыпқа бұйырылады.

Сонымен қатар дәстүр жеке адамдардың жан дүниесіне,көңіл күйіне де жағымды әсер етіп,қуанышқа бөлейді,оларды қоғамға,бірлестіктерге ынталандырады, адамдардың қоғамдағы өзара қарым-қатынастарына әсерін тигізіп,ондағыәлеуметтік,психологиялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдеседі.Дәстүр,салт-сана,әдет-ғұрып-жалпының ортақ игіліктері.Өз елінің,халқының ортасында өмір сүре отырып,оның салт-сана,әдет-ғұрыптарынан тысқары тұратын адам жоқ.Тегінде ондай адам бола қалғанның өзінде,оның басқа бір халықтың дәстүрімен тоқайласуына,яғни санасуына тура келеді.Себебі адам қоғамда өмір сүреді,қоғам одан өзінің әдептілік-инабаттылық нормаларын,дәстүрлік,салт-саналық,тәлім-тәрбиелік қағидаларын,көнеден орныққан жол-жосынды орныдауды,сақтауды талап етеді.Халық тәрбиесі- ғасырлар бойы сараланып, көпшіліктің ой-армандарымен, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста дамып,өсіп, өркендеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұра. Адамды адам еткен еңбек пен тәрбие десек, сол еңбекті ұрпағына үйретіп, танымдық, тәрбиелік дәстүрлері мен салт-санасын игерту, оны қастерлеуге баулу – біздің міндетіміз. Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері ұмытыла бастаған салт-дәстүрлеріміз қайта жаңғырып, санамызды оятып, өмірімізге зор өзгерістер әкелді. Сондықтан әр ұстаз өз сабағынхалық дәстүрімен байланыстыра өткізгені жөн деп ойлаймын. Ендеше, егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып, халқымыздың рухани байлығын бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек ғана ұлттық тәрбиенің берері көп екені даусыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Е.Дүйсенбайұлы «Абай» 1-2 том, «Жазушы» баспасы – 2005ж.

  2. А.Нысаналин «Қазақтың салт-дәстүрлері» «Алматы» баспасы-1996ж.

  3. С.Садырбаев «Шешендік сөздер» «Алматы» баспасы -1992ж.

  4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 2008-2010ж.ж.№5,8саны.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!