Материалдар / Тақырыбы: Ш дыбысы (логопедиядан топтық сабақ )
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Ш дыбысы (логопедиядан топтық сабақ )

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ зиятында ауытқуы бар оқушыларға, яғни диагноздары "F-70, ЖТК ІІ-ІІІ деңгей, мнестикалық дислексия, дисграфия" бар оқушыларға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1168
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)

коммуналдык мемлекеттік мекемесі

Қалалық семинар





5 «а» (ІІ топ) арнаулы сынып оқушыларымен өткізілетін

ашық сабақтың жоспары

(Оқушылардың диагноздары: F-70, ЖТК ІІ-ІІІ деңгей, мнестикалық дислексия, дисграфия)

Тақырыбы: Ш дыбысы

(логопедиядан топтық сабақ )









Өткізген: логопед – дефектолог: Наурузова Нұргүл Камиловна







Талдықорған 2016жыл



Наурузова Нұргүл Камиловна

логопед


Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ш дыбысын дұрыс айтуға, дыбысты әріппен сәйкестендіруге, ажыратуға, сөздерді буынға бөлуге үйрету; сөздерді жекеше және көпше түрде айтуға үйрету

Түзетушілік: оқушылардың фонетико – фонематикалық есту қабілетін дамыту, зейіндерін, көріп қабылдауларын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, сөз қорын молайту

Тәрбиелік: мұғалімнің сөзін мұқият тыңдауға үйрету, патриоттық сезімдерін дамыту.

Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар, оқушылардың дәптерлері, Ш дыбысының профилі, айналар, резеңке доптар, суретті карточкалар

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық – педагогикалық дайындық!

-Сәлеметсіңдер ма балалар?

-Бүгін бізде ерекше сабақ болайын деп тұр, бізге сабаққа қонақтар келіп отыр, сондықтан сабағымызға жақсы қатысайық!

-Бүгін аптаның қай күні?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Оны қандай белгілерден байқадыңдар?

Үй жұмысын тексеру (карточкаларды тексеру)

Артикуляциялық жаттығулар:

- Жаңа сабағымызды бастамас бұрын тілге арналған жаттығулар орындайық! Ол үшін мен сендерге «Көңілді тіл» туралы ертегі айтып берейін, ал сендер тілдің іс - әрекетін қайталап жасайсыңдар!

Өзінің үйшігінде көңілді тіл тұрыпты. Ол үй қандай екен? Ол үйдің аты не? Кім біледі? Дұрыс, ол үйдің аты – ауыз. Үйдің есігі ашылып, жабылып тұратын болған (ауыз ашық, жабық). Ол тәңертең тұрған соң тісін жууға кірісті (тіс тазалау). Содан кейін тәтті тосаппен таңғы асын ішті (жоғарғы және төменгі ерінді жалау). Тіл бір жерде тыныш отыра алмады, үйшігінен жүгіріп шығып, айналаға қарады (тілін шығару). Аздап желдің лебі білінді. Тіл тоңып, үйшігіне кіріп, есігін жауып алды (аузын жабу). Бір мезгілде жаңбыр жауа бастады, тырсылдаған дыбыс естілді (тілдің ұшымен тіске тигізіп «д-д-д» деп айту). Үйге кірген соң тіл мысыққа сүт құйды, мысық сүтті жалады (жоғарғы ерінді жалау), соңынан есінеді (ауызды кең ашу). Тіл сағатқа қарады. Сағат сыртылдап тұр екен (ауызды кең ашып, тілдің ұшын оңға, солға қимылдату). Мен ұйықтайтын уақыт болған екен деп тіл жатуға дайындалды.

Негізгі бөлім:

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер соның шешуін табыңдар!

1. Жұмбақ шешу

Жазда да,

Қыста да,

Бір түсті (Шырша)

  • Дұрыс айтасыңдар!

  • «Шырша» деген сөздің басында қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

  • Балалар бүгін «Ш» дыбысымен танысамыз?

2.Дыбыстың артикуляциясы. Ш дыбысының профилі

-Балалар бәріміз бірге «Ш» деп айтайықшы

Балалар дыбысты айтады, ал мұғалім [Ш] дыбысының артикуляциясын түсіндіреді:

-Ерніміз алдыға шығып, домалақтанады;

-Тілдің ұшы алдыңғы таңдайға көтеріледі, бірақ тимейді;

-Тілдің шеттері жоғарғы түбір тістерге тіреледі;

- Тілдің арқасы көтеріледі, тілдің пішіні табақшаға ұқсайды.

-Тамағымыз «жұмыс» жасамайды, дауысымыз дем алады ( бақылау үшін балалар тамақтарын қолмен ұстау керек).

- Бәріміз бірге жел соққанда ағаш қандай дыбыс шығарады Ш-ш-ш-ш-ш... Жарайсыңдар!

- Ал жылан қандай дыбыс шығарады?

- Ол, да ш-ш-ш-ш –деп дауыс шағарады екен.

-Балалар бұл қандай дыбыс екен?

-Неге?

-Иә, дұрыс айтасындар, өйткені бұл дауыссыз дыбыс, оны созып айта алмаймыз (еріндер, тіл және тісіміз ауаның өтуіне кедергі жасап тұр), яғни ол көк түспен белгіленеді.

«Ш» дыбысын әліпбиден әріппен сәйкестендіру.

- Балалар, маған «Ш» дыбысының әріпін әліпбиден кім тауып береді?

3. Тапсырма. Ш дыбысын дауысты дыбыстармен біріктіріп оқы. (әріптер жазылған кесте )


ША АШ

ШО ОШ

ШУ УШ

ШЫ ЫШ

ШҰ ҰШ


4. Тапсырма «Мен бастаймын сендер аяқтаңдар»

Жаттығуға арналған сөздер

Аға---------ш

Тоқа-------ш

Қарлыға----ш

Қала--------ш

Бұры------ш

Қылы ------ш

5.Тапсырма «Буындарды, сөздерді қайталаңдар»

Шә Шө Ше

Шәлі Шөп Шет

Шәй Шөл Шек

Шәйнек Шөлмек Шеге

Шәмші Шөмелей Шеке


6.Қолдың ұсақ моторикасын дамыту

  1. Суджок терапиясы

7. Дәптермен жұмыс :

-Балалар енді дәптерлерімізді ашайық,

- Бүгінгі күнді жазып алайық?

Логопед Ш әріпінің жазылуын еске түсіріп, жазып көрсетеді

Оқушылар үлгі бойынша Ш әріпін жазады.

7. Тапсырма. Дидактикалық ойын «Дыбыстың орнын табыңдар» (дыбыстарға арналған үйшіктер)

Сурет бойынша балалар суреттің атауын тауып, «Ш» дыбысының орнын анықтап сөздерді буынға бөліп және сәйкес картон үйшіктерге салу керек.


Сергіту сәті: «Қара жорға биін билету»

- Жарайсыңдар!

Бекіту кезеңі:


8.Ойын «Ш дыбысын ұстап ал»

Сөзде «ш» дыбысын естігенде, шапалақтайсыңдар.

Сақа, мысық, шана, тышқан, қалам, сабын, қайшы, қас, жас, жол, шыбын


9.Тапсырма. Жұмбақ шешіп, жауабын торкөзге жаздырту, ал басқа оқушылар дәптерге жазады.

а) Жасыл ине киемін,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің.








б) Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге






в) Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.








10. Ойын «Көпше түрде айт»

-Балалар, мен сендерге сөздерді жекеше түрде айтамын, сендер көпше түрде айтасыңдар:

Ағаш –

Тоқаш –

Қарлығаш –

Ұшақ –

Оқушы -


11. «Сөйлем құра» тапсырмасы. Сурет бойынша сөйлем құру.

Сабақты қорытындылау

-Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

-Ол қандай дыбыс екен?


Оқушыларды бағалау және мадақтау. Үй жұмысы: Ш дыбысына байланысты сөздер жазып келу.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!