400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: Шығыс септік

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

«№372 бастауыш мектебі» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі 77-сабақ

Бөлім:

Табиғат құбылыстары

Мұғалімнің аты-жөні

Салахиева А.Т

Күні:

30.01.2023ж

Сынып: 4 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шығыс септік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.4.2.3 – зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу

Сабақтың мақсаты

зат есімді септеуді біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру

10 мин







Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.

«Санау» әдісімен топқа бөліп отырғызу.

- 1,2,3,4-ке саналып, топқа бірігіп отыра қалыңдар.

- Топқа ат қойыңдар.

- Топ басшысын сайлап, топ ережесін еске түсіріңдер.

Өткен сабаққа шолу, жаңа сабаққа кіріспе:

А)Үй тапсырмасын тексеру.

Ә) Сұрақ-жауап:

- Өткен сабақтарда қандай тақырыптарды өттік?

-Атау септігінің сұрақтарын кім айтады?

-Атау септігінің жалғаулары қандай?

-Ілік септігінің сұрақтарын кім айтады?

-Ілік септігінің сұрақтары қандай?

-Барыс септігінің сұрақтарын кім айтады?

-Барыс септігінің жалғаулары қандай?

-Табыс септігінің сұрақтарын кім айтады?

-Табыс септігінің сұрақтары қандай?

-Жатыс септігінің сұрақтарын кім айтады?

-Жатыс септігінің жалғаулары қандай?

-Ал бүгінгі сабақта келесі септік- шығыс септікті ажыратуға арналған тапсырмалар орындайтын боламыз.

Сабақ мақсатын хабарлау.

Жаттығу жасайды.



Топқа бірігеді.

Топ басшысын сайлайды.

Топ ережесін еске түсіреді.

Тапсырма тексертеді.


Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды.











«Ауызша мадақтау» әдісі:

Жарайсың!

Тамаша!

Жақсы!

Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.



«Дорба»әдісі






Кестелер


Жаңа білім

15 мин




























2 мин


15 мин












Жаңа сабақ

(Ұ) 1-тапсырма - «Ашық микрофон» әдісі.

62-жаттығу.

Ертегіні тыңдап, нақыл сөзді тауып, мағынасын ашыңдар.

Көжектердің қуанғанын, ренжігенін ым-ишара ақылы көрсетіңдер.

63-жаттығу.

Жұмбақты оқып, шешуін табыңдар.

Аттан биік,

Қойдан аласа.(ертоқым)

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

- Неден?

Олардың қай септікте тұрғанын айтыңдар.

Ж: шығыс септікте тұр.

Анықтамамен жұмыс.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Ілік септігіне мысалдар келтір.


Сергіту сәті: «Қаражорға» биі.


(Т) 2-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.

65-жаттығу.

Сызбадағы жалғауларға сай келетін зат есімдерді табыңдар.Бұл сөздерге шығыс септік жалғауының әртүрлі жалғану себебін түсіндіріңдер.

Гүлжаннан

Сәкеннен

кітаптан

күшіктен

оқушыдан

дәптерден

Ж: Сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын жалғау да жуан, жіңішке болса,жіңішке болады.

66-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, мақал-мәтелді көшіріп жазыңдар.

Ақыл жастан шығар, асыл тастан шығар. Отан оттан да ыстық. Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар. Барлық өнерден сөз өнері күшті.

Сөйлем мүшесіне талдаңдар.

Шығыс септігіндегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?

Ж: тұрлаусыз мүше.

Топта мақал-мәтелдің мағынасын талдаңдар.

67-жаттығу.

Берілген сөздердің шығыс септігінде тұрғанын дәлелдеңдер.

Арайлымнан, өрістен, теңізден, кітаптан.

Ж: Бұл сөздер шығыс септігіндегі сөз, себебі олар кімнен? неден? деген сұрақтарға жауап береді. Әрі

-нан, -тен, -ден, -тан деген шығыс септік жалғаулары жалғанған.

Тапсырмамен жұмыс жасайды.



























Билеп сергиді.


Тапсырма орындайды. Пікірін дәлелдейді.





Дескриптор:

Нақыл сөзді тауып, мағынасын ашады-1балл.

Жұмбақты оқып, шешуін табады-1балл.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды-1балл.

Сөздердің шығыс септікте тұрғанын анықтайды-1балл.















Сызбадағы жалғауларға сай келетін зат есімдерді табады-1балл.

сөздерге шығыс септік жалғауының әртүрлі жалғану себебін түсіндіреді-1балл.





Тиісті жалғауды қойып, мақал-мәтелді көшіріп жазады-1балл.


Сөйлем мүшесіне талдайды-1балл.

Шығыс септігіндегі сөздер сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі екенін анықтайды-1балл.

Берілген сөздердің шығыс септігінде тұрғанын дәлелдейді-1балл.

Қазақ тілі 4 сынып оқулығы

2-бөлім






















Қорытынды

5 мин


Кері байланыс

Сабақтан алған білімдерің жайлы пікірлерін жазыңдар.

- Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді бағалаңдар.

Үй тапсырмасы: 64-жаттығу.

Өзінің жұмысын бағалайды.

Жазады.

ҚБ қойылады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.01.2023
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі