Материалдар / Тақырыбы Үш тілді меңгеру -жарқын болашақ кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы Үш тілді меңгеру -жарқын болашақ кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама Мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
356
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі

Канарова Бакыт Рахимовна

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

15 орта мектеп

Түйіндеме

Бұл баяндамада үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел  азаматының  міндеті.  Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен  инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.

Аннотация

В докладе говорится о том, что мы должны знать все три языка, потому что это нам долг. Каждый образованный гражданин Казахстана в современном мире владея английский языком , должен быть научно-информационной и инновационной развитой личностью.

Annotation

The report says that we need to know all three languages​​, because it is our duty. Every educated citizen of Kazakhstan in the modern world, owning the English language shall be the scientific information and innovative development of personality.

Тіл-ұлттың жан жүрегі. Тіл байлығы, тіл тазалығы –халықтың тіл өнеріне деген ыстық махаббатының белгісі. Сондықтан халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Қазір әлем жылдам өзгеруде: жаһандану, демографиялық өзгерістер, тыныштық пен қауіпсіздік, орнықты даму, технологиялар өзара тығыз байланыста, бүкіл әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Үздіксіз жаңалық енгізу жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып табылады. Әлем елдері бәсекеге қабілеттілік рейтингін көрсетуде. [ 1 ,32-бет]

Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени жаңарулар мектептік пән ретінде ағылшын тілінің пайдалану өрісін біршама кеңейтті. Бұл мәселеге ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев “Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Үш тілдің тұғырлығы” мәдени жобада көп көңіл бөлген. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылды. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.

Үштұғырлы тіл - өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болмасын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Бүгінгі Еуропада көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма боп саналады. Ал Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы алғашқы баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шет елдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. [ 2 , 23-бет]

Ғұлама ақын Абай кезінде өз халқын орыс тілін оқуға және орыс әлемін ашуға шақырғанда, орыс тілі мен орыс мәдениеті арқылы біз әлемнің есігін аша алатынымызды түсінген Абайдың арманын енді танып отырған сыңайылымыз. Шынында да XXI ғасырда біз алатын жаңа белестер ашылды. Өз болмысымызды сақтай отырып, тіліміз бен мәдениетімізді дамыта отырып, қарқынды даму үстіндегі әлемнің техникалық және гуманитарлық үрдіс жоспарының тетігіне айналу мақсатымыз. Бұл мүмкіндікке біз ағылшын тілі арқылы жете аламыз деп есептеймін.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу-әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты". Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс" екендігін баса айтып өткен. Бұл шет тілі пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама бағдарламалар қабылданып, қаншасы жүзеге асырылып үлгерді. Барлық мекемелердің қызметкерлерін үш тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр. Елдегі барлық білім ордаларында ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастаса, орыс тілі бірнеше жылдан бері ҰБТ сынағында тапсырылатын міндетті пәндердің қатарына енді. Тіпті, мектептің бастауыш сынып оқушыларының сабақ кестесіне шетел тілін енгізсе, кей балабақшаларда көштен қалыспай, алты жасқа да толмаған бүлдіршіндердің тілін ағылшынша сөйлетуге күш салып жатқаны белгілі. [ 3 , 14-бет]

Елбасы Жолдауында еліміздің азаматтарына қазақ тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде және әлемдік экономикаға жол ашатын ағылшын тілін меңгеруді міндеттеді. «Тілдің арқасында біреуді біреу танып, бір халық екінші көрші халықты біліседі» деп Расул Ғамзатов айтқандай, ағылшын, орыс тілін үйренудің оң нәтижесін көре аламыз. Тек тәжірибе алмасу ғана емес, өз мақтанышымызды, рухани құндылығымызды осы тілдер арқылы өзге халықтарға дәріптей аламыз. Алдағы күні озық дамыған отыз елдің қатарына қосылу көп тіл білетін білімді жастардың еңбегімен, талабымен жүзеге аспақ. Сөз қадірін түсінген әрбір адам өз мәдениетін басқа да халықтарға үлгі етпек. Тіпті, ақын-жазушылармыздың шығармашылығын өзге тілдерге аударуда, сөз қадіріне жеткен азаматтарымыздың өзге тілде сөйлеткені әлдеқайда түсінікті болмақ. Өйткені олар ең алдымен өз ана тілін дұрыс түсіне алады. Сол себептен шетел тілдеріне жасалған аудармалар өз қалыбын дұрыс сақтай алады. Міне, осы себептің салдары үштұғырлы тілдің еркін меңгеру керектігін көрсетеді. Өзге елдердің тарихын, дүниетанымын, мәдениетін еркін тану үшін де олардың тілін білуіміз шарт.

Жаһандану дәуірі біздің алдымызға екі тілмен қоса, ағылшын тілін меңгеру қажеттілігін әкелді. «Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылу керек...Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек деп ойлаймын. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақ ағылшын тілін үйрену мен оқытудың іс жүзіндегі қажеттілігін сезінуде. Осыған орай халықаралық стандарттарға сай білім алуды мақсат етеді. Ағылшын тілін білу қазіргі кезеңдегі байланыс шекарасының кеңеюіне, өркениет ағынына ілесуге, ақпараттар кеңістігінде еркін байланыс жасауға мүмкіндік береді. Ағылшын тілі қазақ тілінің құнарлылығын, халықтың салт-дәстүрін, мәдениеті мен жетістігін әлемдік кеңістікке жеткізуші көз болып табылады. Мұның бәрін обьективті және әлеуметтік-экономикалық тенденция деп қарастырамыз. Мемлекетіміздің мектеп реформасына енгізбек үш тілде оқыту бағдарламасы – жаһандану заманы туғызған қажеттілік.

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары Елбасының "Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" Жолдауында айқындалған. Егемендік алған еліміздің дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қатынастарды қалыптастыруы, әртүрлі дипломатиялық қызмет атқаруы шетел тілінің бүгінгі рөлін анықтайды. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де артып келеді. Сондықтан шетел тілі пән мұғалімдері қазіргі заман талабына сай жаңашыл, ізденімпаз, өресі биік, білімді, білікті, тіл үйретудің жаңа формаларын, тиімді технологияларын меңгерулері қажет. [ 4, Қазақстан халқына жолдауы ]

Тіл – қазіргі кезеңде қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы мен ұлттың және жеке тұлғаның дамуына тікелей бағыт, бағдар беретін құбылыс. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуі ағылшын, орыс тілінде білім берудің маңызын арттыра түсуі тиіс. Себебі ана тілін ардақтап, ӛз ұлтын ұлықтай алған тұлға ғана өзге халықтың құндылықтарын қадірлей білер адами қасиеттерге ие болады. Бүгінгі таңда еліміздің мектептерінде үш тілді оқытудың маңызы арта түсумен қатар, оның бағыттары да кеңеюде. Жалпы үш тілді оқытудағы басты міндеті оқушының тілдік қарым-қатынас жасай алу қабілетін, біліктілігін жетілдіру болып табылады.

Қазіргі таңда шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты - бүкіл оқыту барысына коммуникативтік бағдар бере отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу (монолог, диалог), тыңдап-түсіну, оқу, жазудағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді:

1.Танымдық бағыт бойынша: оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; тілдің қоғамдық – әлеуметтік мәнін түсіндіру: (Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда) оқушының тілін дамыту,

  • тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

  • сөз мәдениетінің адам тіршілігіндегі мәнін ұғындыру

  • сөз мәдениетін таныту;

  • пікірталас мәдениетін жетілдіру;

  • ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;

  • мәтін арқылы танымдық қызығушылығын арттыру;

  • мәтіндегі тіл біліктерін функционалдық тұрғыдан танып білуге жетелеу.

2. Коммунакативтік, практикалық бағыт бойынша:

  • оқушыларға тіл нормаларын меңгерту;

  • тілдік жағдаяттарға лайық, дұрыс қарым – катынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;

  • оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;

  • оқушылардың тілдік – эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;

  • сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;

  • шығармашылық қасиеттерді дамыту;

  • қарым – қатынас талаптарына сай іскерліктерді қолдана білуге балу;

  • пікірталас түрлеріне сай қолдану біліктілігін қалыптастыру.

Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның) қай –қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға қарым – қатынастық дағдырларын жетілдіруге,сөз әрекеттінің түрлеріне қатынасты машықтануына әсерін тигізеді. [5 ,6-бет]

Қазіргі таңда шетел тілін, яғни ағылшын тілін үйретуде көптеген жаңа инновациялық технологиялар өте тиімді. Жалпы инновациялық үрдістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация-оқу тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда педогогикалық жүйедегі өзгеріс. Білім беру жүйесіндегі инновация - білім мақсатына жаңашылықты енгізуді көздейді,оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін,жаңа мазмұнын әзірлеуге,қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді.

XXI ғасыр - білімділер заманы. Әр Қазақстан азаматтары үшін орыс және ағылшын тілін оқып үйрену – бәсекеге қабілетті тұлға бейнесін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіндік терімізді арттыратын бірден-бір тетік. Жаһандану дәуірі кезеңінде үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-дәстүрлерімізді сақтап қала аламыз, жаңғырта аламыз. Бүгінгі таңда әр ұстаздың алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі – білімді де білікті шығармашыл тұлға қалыптастыру. Оқушылардың ақыл-ой қабілеттері мен мінез-құлық сапаларын әлемдік және ұлттық психология негізінде дамыту. Орыс, ағылшын тілдерін мектепте оқытудың негізгі мақсаты - оқушының бұл тілдерді қатынас құралы ретінде пайдалана алу қабілеттерін дамытуда, ӛздерінің тӛл мәдениетін, тілін оқып, үйреніп отырған елдің тілімен, мәдениетімен салыстыра алуда, тілдердің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін ажырата білуде жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің мектептерінде үш тілді оқытудың маңызы арта түсумен қатар, оның бағыттары да кеңеюде. Жалпы үш тілді оқытудағы басты міндет оқушының тілдік қарым-қатынас жасай алу қабілетін, біліктілігін жетілдіру болып табылады.

Қорыта айтқанда Елбасымыз өзі айтып өткендей, тілдік біліктілігі мен кәсіби біліктілігі жоғары деңгейде ұштасқан маман ғана елдің әлеуетін арттырумен қатар өзге елдердің мамандарымен бәсекеге түсуге қабілетті бола алатыны ақиқат. Еліміздің болашағы жарқын болуының кепілі – өзге елдермен иық тіресер жағдайда білімді де, білікті мамандардың көп болуы. Қай салада болмасын өз тәжірибесін өзге халықтармен салыстыра жұмыс атқару, бірінен үлгі алып, енді біріне үлгі көрсету арқылы озық ойлы мемлекетімізді әлемге бұдан да жоғары деңгейде таныта аламыз. Ана тілінің қадірін жетік меңгеріп, өзге тілдерде еркін ой бөлісе алатын жас ұрпақ еліміздің іргесінің берік қалануына мол үлесін қоспақ. Халқына шын жаны ашып, елім деп еміренген әрбір перзентті ел болашағы бей-жай қалдырмасы анық. Олай болса, әрбіріміз қолымыздан келгенше, өз мәдениетімізді құрметтеп, рухани байлығымызды бағамдап, оны өз деңгейінде әлемге танытуға тиіспіз.

 









Әдебиеттер тізімі:

  1. Шетел тілін оқыту әдістемесі . №1, 2014

  2. "Қазақстан -2030" стратегиялық бағдарламасы.

  3. Ағылшын тілі мектепте. №4, 2013.- 49б. №3, 2013

  4. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан (Қазақстан халқына жолдауы).-Астана, 2007

  5. Мұғалім шеберханасы №8, 2012.- 6 б





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!