Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие жоспар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие жұмысының жоспары
реті |
Тәрбие бағыты |
сағ |
тақырыбы |
формасы |
мерзімі |
қыркүйек |
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. |
1 |
«Патриот- ұлттық рухтың асқақ белгісі» |
Ашық тәрбие сағаты |
01.09.2018 |
Отбасы тәрбиесі |
2 |
Отбасы –қорғанышым |
Тәрбие сағаты |
06.09.2018 |
|
Рухани – адамгершілік тәрбиесі |
3 |
Рухани байлық-игілік көзі |
/танымдық тәрбие/ |
13.09.2018 |
|
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. |
4 |
Құқық –әділет пен парасат белгісі |
сайыс сабағы |
||
қазан |
Ұлттық тәрбие |
5 |
Қазыналы қарттарым |
Әдеп сағаты |
28.09.2018 |
Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие |
6 |
Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам |
Тәрбие сағаты |
04.10.2018 |
|
Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие |
7 |
Тамыры терең, тарихы бай тіл |
Тәрбие сағаты |
12.10.2018 |
|
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
8 |
Салауатты өмір салты |
Тәрбие сағаты |
18.10.2018 |
|
қараша |
Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие |
9 |
Мемлекеттік рәміздер- менің мақтанышым» |
Тәрбие сағаты |
25.10.2018 |
Отбасы тәрбиесі |
10 |
Отбасыдағы сүйіспеншілік. Адамзаттың бәрін сүй,бауырым деп. |
Дәріс-әңгімелесу. |
08.11.2019 |
|
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие. |
11 |
Мен бақытты баламын» |
Тәрбие сағаты |
15.11.2018 |
|
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
12 |
Еліміздің даму бағыттары |
Тәрбие сағаты |
22.11.2018 |
|
желтоқсан |
Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие |
13 |
«Білімді ұрпақ кемел мемлекеттің тірегі» |
Тәрбие сағаты |
29.11.2018 |
Рухани – адамгершілік тәрбиесі |
14 |
Қанағат, рақым ойлап қой |
Тәрбие сағаты |
06.12.2018 |
|
Рухани – адамгершілік тәрбиесі |
15 |
Тәуелсіздік толғауы |
Тәрбие сағаты |
13.12.2018 |
|
Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық тәрбие |
17 |
Ұмытылмас,көңілді кештің қызықтары |
Тәрбие сағаты |
20.12.2018 |
|
Отбасы тәрбиесі |
16 |
Қыз баланы тәрбиелеу-ұлтты тәрбиелеу. |
Әдеп сабағы |
10.01.2019 |
|
қаңтар |
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие |
18 |
Ақша.Еңбекке төленетін ақы. |
Тәрбие сағаты |
17.01.2019 |
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі |
19 |
«Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік» |
Тәрбие сағаты |
24.01.2019 |
|
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты |
20 |
«Сыбайлас жемқорлықсыз өмір» |
Дамытушылық сабағы |
24.01.2019 |
|
ақпан |
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі |
21 |
Әлеуметтік желі дертпе , әлде қажеттілікпе.: Мен және менің ортам. |
әнгімелесу |
31.01.2019 |
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие |
22 |
Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі |
Әдеп сабағы |
07.02.2019 |
|
Кәсіби бағдар беру тәрбиесі |
23 |
Пән таңдаймын |
ойталқы |
14.02.2019 |
|
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие |
24 |
«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады» |
тәрбие сағаты |
21.02.2018 |
|
наурыз |
Ұлттық тәрбие |
25 |
Ақша және өмірдің мәні |
Ашық тәрбие сағаты |
28.02.2019 |
Ұлттық тәрбие |
26 |
Аңызға айналған арулар |
Ашық тәрбие сағаты |
07.03.2019 |
|
сәуір |
Ұлттық тәрбие |
27 |
Жыл басы наурыз ,мол болсын дәм тұз |
Дөңгелек үстел |
14.03.2019 |
Рухани -адамгершілік тәрбиесі |
28 |
Жақсылық – жан шуағы |
ойқозғау |
04.04.2019 |
|
Кәсіби бағдар беру тәрбиесі |
29 |
«Мамандықтар әлемі» |
Тәрбие сағаты |
11.04.2019 |
|
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие |
30 |
Құқық – әділет пен парасат жолы» |
Тәрбие сағаты |
18.04.2019 |
|
мамар |
Рухани – адамгершілік тәрбиесі |
31 |
Татулығы жарасқан қазақпыз! |
Тәрбие сағаты |
25.04.2018 |
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі |
32 |
«Қауіпсіз Интернет» еліне саяхат», «Пайдалы және Қауіпсіз интернет» |
тәрбие сағаты |
02.05.2019 |
|
Ұлттық тәрбие |
33 |
Жеңістің рухы биік,даңқы мәңгі |
Әңгімелесу |
16.05.2019 |
|
Рухани – адамгершілік тәрбиесі |
34 |
Әдеп, әдептілік ұғымдары |
Тәрбие сағаты |
23.05.2019 |
«Бекітемін» «Келісемін»
Мектеп директоры Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
----------------------- --------------------Асылбекова Қ.Б
« »----------2018 ж « »-------2018ж
Тәрбие жұмысының жоспары
«МОЙНАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ БАР №23 ОРТА МЕКТЕП» КММ 10 «А» СЫНЫП
2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫ
Сынып жетекшісі: Класхан К
Талдықорған 2018 ж
8. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психоло-гиялық денсаулық сақтау дағдылары, оған зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату
№ |
Тақырыбы |
мерзімі |
1 |
Бақытым да, байлығым да – денсаулық |
|
2 |
Қауіпсіздіктің жаңа ғасырында /экология және көлік/. |
|
3 |
Деніміз сау болсын десек...... |
|
4 |
Қазақстан –ортак үйіміз |
|
5 |
Жол қауіпсіздігін сақтайық |
|
7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлілігін дамыту.
№ |
Тақырыбы |
мерзімі |
1 |
Елін танытқан ер Қонаев |
|
2 |
|
|
6.Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие
Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңестік құру.
№ |
Тақырыбы |
мерзімі |
1 |
Туған жерім, тұғырым Қазақстан |
|
2 |
Мен көп тіл білемін |
|
3 |
Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам |
|
4 |
Мәңгілік ел –біздің ұлы және лайықты Қазақстан |
|
5 |
Жемқорлыққа жол жоқ! |
|
6 |
|
|
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту
№ |
Тақырыбы |
мерзімі |
1 |
Еңбек әр адамды мейірбан, ал елді ұлы етеді |
|
2 |
Ақша және өмірдің мәні |
|
3 |
Береке бастауы-тынымсыз еңбек |
|
4 |
Мамандық таңдау |
|
5 |
|
|
4.Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психология-лық педагоги-калық құзіретті-ліктерін және жауапкерші-ліктерін арттыру.
№ |
Тақырыбы |
мерзімі |
1 |
Шаңырағым- шаттығым |
|
2 |
«Жасыл шырша жанындағы оқиға» атты ертеңгілік кеш |
|
3 |
Отбасы бақыт мекені |
|
3.Ұлттық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностармен этикалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
№ |
Тақырыбы |
мерзімі |
1 |
Қазыналы қарттарым |
|
2 |
Аңызға айналған арулар |
|
3 |
Жыл басы наурыз ,мол болсын дәм тұз |
|
4 |
«Мәңгілік елдің ұлы тарихы» |
|
5 |
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас |
|
6 |
Жеңістің рухы биік,даңқы мәңгі |
|
2.Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтары-мен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
№ |
Тақырыбы |
мерзімі |
1 |
Ұлы дала ұрпақтарымен келген Тәуелсіздік! |
|
2 |
Ата өнегесі ұрпаққа аманат |
|
3 |
«Қайсарлықтың қастерлі қамқорлығы» |
|
4 |
Имандылық ізгіліктің негізі |
|
Тәрбие жұмысының 8 бағыты
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты: жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жкмқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру
2.Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтары-мен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
3.Ұлттық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностармен этикалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4.Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психология-лық педагоги-калық құзіретті-ліктерін және жауапкерші-ліктерін арттыру.
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
6.Көпмәде-ниетті және көркем эстетикалық тәрбие
Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңестік құру.
7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестен-діруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлілігін дамыту.
8. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психоло-гиялық денсаулық сақтау дағдылары, оған зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты: жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жкмқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру
№ |
Тақырыбы |
мерзімі |
1 |
«Мен- өз елімнің патриотымын» |
|
2 |
Рухани жаңғыру. Адамзат болудың мағынасы неде? |
|
3 |
Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі |
|
4 |
Ризашылық |
|
5 |
Құқық – әділет пен парасат жолы» |
|
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері: 1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.
6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ризашылық
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу
Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Ризашылық өлеңін оқу
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.
Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады.
ІІ. Кіріспе.
«Орынын тап» ойыны
Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.
Шаңырақ – күн,
Уықтары - нұр, шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб)
Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде,
Адам оны жоғалтқан. (Отан)
Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)
Егіз қайың,
Бой - бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес - бестен. (Қол)
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап - жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе)
Тұмсығымен ояды,
Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ)
Қиналмай тауларды, орманды,
Теңізді, дария, жондарды,
Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)
Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр. (карта)
Емес ол кітап та, дәптер де,
Жүреді бірақ та портфельде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік)
Тақырыптың мақсатын түсіндіру.
Әңгімелесу
Ризашылық дегеніміз не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
- Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
- Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай, тұрмысқа қажет құралдар мен киім - кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.
Топпен жұмыс
І - топ: Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
ІІ - топ: Ағалы - қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау
ІІІ - топ: Сендер қандай жағдайда риза боласыңдар?
ІҮ - топ: Ризашылықты қандай жолдармен білдіруге болады?
Ү - топ: Дәйексөздің мағынасын түсіндіреді. «Өмірге риза болып, алғыс айт»
“Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
«Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз»
Проблемалық сұрақ: «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар? Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»
Видео ролик. «Жақсылығың қайтар өзіңе»
ІҮ. Қорытындылау
- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
«Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет.
Пікірлер себетін толтыру.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Осы сабақта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?
Осы сабақтан кейін қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерді ме? Өзгерсе қалай?
Осымен концертіміз аяқталды.
Сабақтың тақырыбы: «Астана – арман
қала»
Сабақтың мақсаты: Елорда туралы түсініктерін
кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын
арттыру,
Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту,
сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс
істеу дағдыларын қалыптастыру.
Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне
тәрбиелеу, бір-біріне сыйластық сезімдерін
тереңдету;
Сабақтың түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап,
топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,
суреттер
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут): Оқушылар
дөңгелене тұрып,
«Шаттық шеңберін» құрады да бір - біріне
жақсы тілектер тілейді.
Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут) (Қазақстан
Республикасының Рәміздері) «Өрмекші торы» әдісімен үй тапсырмасын
сұрау.
• Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер
жатады?
• Мемлекеттің әнұранның авторлары
кімдер?
• ҚР мемлекеттік туының түсі
қандай?
• Елтаңбада нелер
бейнеленген?
• Елтаңбадағы шаңырақ ненің
белгісі?
• Туымыздағы қыран бүркіт ненің
символы?
• Елтаңба авторларын
ата
• Ту авторларын
ата
• Әнұранның қайырмасын орындап
бер
Қазақстан республикасының рәміздері
суреттерінің негізінде
(Ту, Елтаңба, Әнұран сөздері) 3топқа
бөлу.
«Ой шақыру».
- Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын
экранға назар аударып, Жүгінісовтер отбасының орындауындағы әнді
тыңдайық!
• Ән қай қала
туралы?
• Астана туралы не
білесіңдер?
• Кім Астанада
болды?
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол –
саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа
шығамыз.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не
болуы керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір
саяхат картасын таратып беремін.
Саяхат картасы
1.
Вокзал
2. Бәйтерек
3.
Пирамида
4. Ақ
Орда
5. «Думан»
6. «Хан
шатыры»
1 -
аялдама «Вокзал». Балалар, Астана қаласының тарихымен танысу
мақсатында, мына тапсырманы орындайық.
1 -
тапсырма. Кестемен жұмыс.
Берілген
анықтама бойынша әңгіме құрау
Оқушылар
сөйлемдерді аудармасымен сәйкестендіру
керек
2 - аялдама.
«Бәйтерек»
1.
Мәлімет беру.
Астана
қаласының сол жағалауында «Астана - Бәйтерек» монументі орналасқан.
Мұнда Өмір ағашы - Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс
тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі - 97
метр.
2 - тапсырма. Сөйлемдерді жазып, септік,
тәуелдік жалғауларын анықтау.
1.
Астана – Қазақстан Республикасының
елордасы.
2. Қазір
қаланың аумағы 200 шаршы шақырымды алып
жатыр
3. Астанада 808429 адам тұрады (1 - қараша,
2013 жыл)
4. Қала
Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл
өзенінің алқабында орналасқан.
3 - аялдама
«Пирамида»
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы
көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида.
Оның биіктігі 62 метр.
3 -
тапсырма
*Әр топ
мәтін бойынша сұрақтар әзірлеп, «Идеялар себетіне»
салады.
*Кезекпен сұраққа жауап
береді.
4 -
аялдама «Ақ Орда»
«Ақ
Орда» Қ. Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ
жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды.
Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР
министрліктер үйі орналасқан.
Үлгерімі
нашар оқушылармен жұмыс жасау.
Тапсырма: ғимарат, ескерткіш, болашақ
сөздерін септеу
5 -
аялдама «Думан»
«Думан»
ойын - сауық орталығы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д
кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көпфункционалдық зал
мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға
арналған ойын алаңдары бар.
Дарынды
оқушылармен жұмыс
Тапсырма. Берілген сөздерді құрамына қарай
талда.
сарайының, уақыттары,
тұрғындарды.
6 -
аялдама «Хан шатыры»
Ауданы
100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт
алаңы бар. Астана тұрғындары өздерінің бос уақыттарын осы жерде
өткізе алады.
4 -
тапсырма. Мәтінді оқып, Астана туралы постер жасау, оны
қорғау.
-
Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
- Саяхат
сендерге ұнады ма?
- Олай
болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де, келіп
жеттік.
Сабақты
қорыту. «Cиқырлы сандық». Берілген сандарды таңдап, жасырынған
сұрақтарға жауап беру.
1. Есіл
өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2.
Астанадағы ойын - сауық орталықтарын ата.
3.
Бәйтеректің ұзындығы қанша?
4. Қ. Р
тұңғыш президенті кім?
5. Биыл
Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл?
6. Бір
сөзбен ата. Әнұран, елтаңба, ту.
7.
Әнұранның авторларын ата.
8.
Астанаға қандай тілек айтасың?
9.
Адасқан сөздерді орнына қой.
Астана,
орналасқан, қаласы, Солтүстік, аймағында.
10.
Астананың болашағын қалай елестетесің?
Бағалау.
Оқушыларды жинаған асықтары негізінде
бағалау
Үй
тапсырмасы: Эссе жазу. «Астана – арман қала»
Қосымша мәліметтер
Елорданы Астанаға көшіру тарихи шешіміне - 20 жыл 2014 жылғы 6 шілде 07:00 13688 Поделиться: АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайын Сарыарқа төсінде Қазақ елінің тәуелсіздігінің нышаны іспеттес әсем қаламыз Астананың бой көтергеніне де 16 жыл толып отыр. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен осынау аз ғана жылдың ішінде елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріні айналды. Тарихқа сәл шегініс жасап, елордамыздың жылнамасына көз жүгіртер болсақ, сонау 1997 жылдың 20 қазанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қазақ елінің астанасы болып жарияланған күн еске түседі. Иә, сол жылдың қара күзінде Мемлекет басшысы жаңа астана төрінде республикамыздың мемлекеттік нышандарын орталық алаңда салтанатпен қарсы алған болатын. Міне, осы сәттен бастап, Алатаудың бөктеріндегі әсем қала Алматыда қоныстанған мемлекеттік органдар Арқа төсіне атбасын бұра бастаған еді. Ал 1998 жлдың 10 маусымында әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Дегенмен, 2006 жылдан бастап елорда күні 10 маусым емес 6 шілде күні кеңінен аталып өтуде. Әрине, Астана Елбасымыздың төлтумасы десек те, бұл Елбасымыздың туған күніне орайластырған шара емес. Кейде, кейбіреулердің дәл осындай ойға берілетіндігін жоққа шығаруға болмайды. Алайда, олар еліміздің жаңа тарихы бастау алатын тұстағы еліміздің елордасын ауыстыру туралы маңызды шешімнің дәл 6 шілде күні, осыдан тура 20 жыл бұрын қабылданғанын білмесе керек. Шынымен де, 1994 жылдың 6 шілдесі күні Қазақстан Респубилкасы Жоғарғы кеңесінің жалпы отырысына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев депутаттарға қазақ елінің елордасын Алматыдан Ақмола көшіру туралы идеясын ұсынып, оны нақты әрі мығым фактілермен депутаттардың алдында дәлелдеп шықты. Бұл жайында Елбасы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: «1994 жылдың 6 маусымында Парламент Мәжiлiсiнде мен астананы көшiру туралы идеяны жария еттiм. Сол кезде жұрттың бәрi менi қолдаған жоқ. Көп адамдар мұны ақылға сыймайтын әрекет деп есептедi. Өйткенi, елдiң жағдайы ауыр болатын. Жалақы, зейнетақылар уақытында төленбей жатты. Ал ендi бiреулер астананы көшiру идеясын қолдағанның өзiнде бұл шешiм 2030 жылсыз жүзеге аспайды деген ойда болды. Дегенмен, осыдан үш жыл өткенде депутаттардың өзi пойызбен жаңа астанаға көшiп келдi. Ендi шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды», - деп жазады. Елбасымыз жаңа астананы таңдауды 32 өлшем бойынша жүрізген еді. Соның ішінде аса маңыздылары: әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климат, ландшафт, сейсмологиялық жағдай, қор¬шаған орта, инженерлік және көліктік инфрақұрылымның болуы, оның болашағы, коммуникациялар, құрылыс кешені және еңбек ресурстарының болуы. Ал сол барлық өлшемінің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше оңтайлы болып шыққан еді. Бүгінде бұл шешiмнiң дұрыс болғандығына ешкiм де күмән келтiрiп, дауласпайды. Мемлекет басшысы өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында жазуынша, бұл бiрiншiден, Қазақстанды геосаяси жоспар тұрғысынан нығайту үшiн қажет едi. Астана Еуропа мен Азияның шектескен тұсында, яғни Еуразия құрлығының қақ ортасында, мұхиттардан бiрдей қашықтықта орналасқан. Еуропалық және азиялық дәстүрлердi бойына тоғыстырған бұл қала Батыс пен Шығысқа да, Оңтүстiк пен Солтүстiкке де ашық бола алады. Екiншiден, бұл шешiмде қауiпсiздiк мәселесi де елеулi рөл атқарды. Тәуелсiз елдiң астанасы сыртқы шекаралардан мейлiнше қашық және елдiң орталығында болуы тиiс едi. Үшiншiден, астананы өзгерту Қазақстан экономикасын сауықтыру үшiн де қажет болды. «Төртiншiден, Астананы құрамы жағынан көп ұлтты өңiрге көшiре отырып, бiз тұрақты саяси-этностық мемлекет құру, Қазақстанды мекендеген этностар арасындағы достықты сақтау мен байыту, дiндер мен конфессиялардың қақтығыссыз тату өмiр сүруiн қамтамасыз ету жөнiдегi бағытымызға адал екенiмiздi тағы бiр дәлелдедiк», - деп жазады Елбасы аталған кітабында. Жалпы, Қазақстан көшбасшысына елордамызды Алматыдан Ақмолаға көшіру идеясы тосыннан келмеген еді. Оны Елбасымыз өзінің жоғарыда аталған кітабында жан-жақты жазған болатын. Ол жайында Мемлекет басшысы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында былай еске түсіреді: «Баяғы бір уақытта Қазақстан Компартиясы Орталы комитетінің бірінші хатшысы кезімде менің қолыма академик Қаныш Сәтбаевтың баянхатының түскені бар. Ол анау-мынау емес, Қазақ КСР-нің астанасын Қазақстанның географиялық орталығы Қарағандығы не Целиноградқа көшіруді ұсыныпты. Ардақты ғалым, ардагер қайраткер өз дәлелдерінің бірі ретінде осындай байтақ республиканың астанасы елдің әлдебір түкпірінде болмауы тиістігін келтірген. Оның үстіне арадағы қарым-қатынас сол уақытта нашарлап тұрған Қытай Халық Республикасымен шекара да тым іргеде. Есімде қалған: осы елеулі мәні бар баянхат Мәскеуге жіберілген екен. Мұндай мәселелер Мәскеусіз шешілмек түгілі, қолға да алынбайтын еді ғой. Мәскеу: «Басқа істейтін істерің жоқ па?», - деп, келте кесіпті». Айта кетерлігі, кеңес одағы құрдымға кетіп, жаңа мемлекеттер отау тіккен тұста арандатушылық әрекетке барған адамдардың да көп болғаны тарихтан белгілі. Иә, Кеңес одағының ішіндегі көп шекара өз заманында тымеркін тұспалмен белгілене салынған болатын бұл жайт егемендік шеруінен кейін іле-шала кейбір парасатқа бойлай қоймаған әрі жауапсыздау адамдардың бар шекараны қайта қарау қажеттігі туралы тіл безеуіне апарып ұрындырған еді. Мәселен, кеңестік диссидент Александр Солжиницын өзінің «Ресейді қалай жайластырамыз?» деген мақаласында қазақтардың ежелгі ата қонысы Қазақстанның солтүстік аумағын Ресейге қосып алу қажет деп сандырақтағаны бар. Сондықтан Қазақстанның астанасын республиканың солтүстігіне қарай, орталыққа қоныстандыру тәуелсіздіктің елең-алаңында күнтәртібінде тұрған ең өзекті мәселе еді. Мұны Елбасымыз анық байқап, аз ғана уақыттың ішінде елордамызды Сарыарқа төріне қоныстандырды. Міне, осылайша әлем картасында орын алған Астанамыз бүгінде әлем жұртшылығын ауызына қаратқан айшықты қалаға айналды. Айтпақшы, Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған жиында елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап бергені есте. «Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада, Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық - Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар», - деген еді Елбасы мерейтойлық жиында. Тоқ етерін айтқанда, біз 6 шілде күні елорданың 16 жылдығымен қатар астананы Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына 20 жыл толуын да атап өтеміз. Ендеше, бүгінде қазақ елінің елордасы болуымен қатар халықаралық алқалы жиындардың да ордасына айналған Астанамыздың мерейі тасып, беделі асқақтай берсін деп тілейік!
Сабақтың
тақырыбы:Жасөспірімдердің қылмыстық
жауапкершілігі
Мақсаты:
• 1. Жасөспірімдердің қоғамдағы, ата - ана алдындағы міндетін,
жауапкершілігін кеңінен дәріптеу.
• 2. Жасөспірімдер мен ата – ана арасындағы қарым – қатынастың
нығаюына ықпал жасау.
• 3. Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін,
қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниесінің
күрделі құрылымын түсіну және өзін - өзі тану арқылы дара тұлға
ретінде өзін үздіксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу.
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Жасөспірімдік жас – сындарлы жастық кезең. Осы кезеңде адам өзінің
ішкі жан дүниесіне алғаш рет үңіліп, онда болып жатқан өзгерістерді
түсіне бастайды, алайда өзгерістердің себептері түсінікті бола
бермейді. Сондықтан да жасөспірімдік жас дағдарысының физиологиялық
және психологиялық мәнін сезіне отырып, оған қолдау мен көмек
көрсетуге тура келеді.
11 - 13 жасқа дейін балаға сыртқы орта маңызды рөл ойнайды. Ол
сыртқы ортамен үлкен қызығушылықпен танысады, өзінің қиялы мен
эмоциясын қосады. Ал жасөспірімдік дағдарыс кезеңінде бала өзінің
жан - дүниесіне назар аудара бастайды, іштегі толқуларына
қызығушылықпен қарап, айналасындағы адамдар арасында өз дәрежесі
мен өзінің бірегей болмысын білгісі келеді.
Нұргүл: Жасөспірімдік жас – барлық салаға өзгерістер әкелумен
қатар, денсаулықта да өзгерістер байқалады. Балада физиологиялық,
психологиялық өзгерістер орын алады. Осы мәселелер бәрі түйінді
проблемаға айналады. Бала үшін ол – ауыр жүк. Алайда жасөспірім осы
кезеңнің сынақ уақыты екенін әлі сезбейді. Әлеуметтанушылардың
зерттеулері бойынша, әр оныншы бала осы кезеңде өзі - өзіне қол
жұмсау туралы ойланады екен. Әр бесіншісі мынадай сөз айтады:
«Ештеңе де жақсы емес, үмітім үзілген, жылай бергім келеді».
Жалғызсырау сезімі оларға қорқыныш ұялатады.
Осы тұста оқушыларымыз сіздерді жасөспірімдердің құқықтарымен
таныстырып өтеді.
«Сенің құқығың!»
14 - бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына,
жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына,
тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар
бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
15 - бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы
адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны
үшін, сондай - ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны
үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген
адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
16 - бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен
тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға
шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі
сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір
адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап
адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
17 - бап
1. Адамның қадір - қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық - зомбылық жасауға, басқадай
қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір
көрсетуге не жазалауға болмайды.
19 - бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын
өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым -
қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға
құқығы бар.
22 - бап
1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар - ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және
азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты
болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
Жасөспірім өмірінде оның мектептегі ұжымы, оның достары,
жасөспірімдік жастың соңғы кезеңінде бірге жүретін ортасы үлкен рөл
атқарады. Ата - анамен қарым - қатынасы жақсы орныққан болса да,
олар достарды алмастыра алмайды. Бұл баланың ересек өмірдегі
шынайы, реніштер мен қуаныштардың алғашқы тәжірибесі. Балалар оның
басымдықтарын достары арқасында қалыптастырады.
Ситуациялық жағдайларды
шешу. Көшедегі көрініс
Абылай: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Айбек: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз
деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Абылай: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр
қалармыз.
Айбек: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар
мүмкін.
Абылай: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да
сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Рүстем: Жоқ, мен әуелі ата-анама ескертуім керек, әйтпесе
алаңдайтын шығар.
Абылай: Ту, ата-анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай
кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қояды.
Рүстем: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан
ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.
Абылай: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр
ме!
Айбек: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
Құрметті ата - аналар, осы жағдайға байланысты сіздердің
пікірлеріңізді білсек.
Марфуға: 1. Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?
Айғаным: 2. Мектеп инспекторына: - Осы жағдайда оқушылар және
ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?
«Көршінің «көмегі»»
Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі
жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде
тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың
машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов
есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен. Бұны
естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып: «Сенің машинаңның
доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт. Өйткені олар сенің машинаңды
бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген», - деді.
Сұрақтар қойылады:
1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?
2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді
3. Бейсенкүл біреуге жала жапқан сөзі үшін жауап бере ме? – сұрақ
инспекторға қойылады.
--: Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз
ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда
балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған
біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз.
Әзіл мен оптимистік сезімді ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан
өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі бар деп
ойлайды.
---: Жасөспірімдік жас
дағдарысы процесінде көп кездесетін физиологиялық және
психологиялық өзгерістер мынадай нәтижелерге
әкеледі:
өз бет - әлпетіне деген
қызығушылық;
тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылу;
құрбыларымен
топтасу;
өзінің жеке кеңістігіне
деген қажеттілік және оны қызғану;
кесіп айту, үзілді -
кесілді пікір;
қаталдық көрсету арқылы ренжу.
Сұхбат
бөлімі:
1. Жасөспірім жауапкершілігіне ата - ана ретінде ықпалыңыз
қандай?
2. Балаңызбен өз жас ерекшелігіне қарай еркін ашық әңгімелесіз
бе?
3. Қазіргі уақытта жас балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі.
Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
4. Қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жазалар
қолданылады?:
---Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.
---:
Мен жігіт 15 - 30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аларымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба,
- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта
шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата - анасының емес
бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен, келген ата - аналар
мен заң қызметкерлеріне алғысымызды білдіре отырып, бүгінгі
кездесуімізді аяқтаймыз.
Сау болыңыздар!
Керемет күздің сыйлар сыйы
мол
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз»
мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық,
күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш
екенінін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере
отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Барысы: Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
«
» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Берекелі, мерекелі
алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен
айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың
дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық,
молшылық.
Алтын күз біз бен сізге
шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын,
– дей келе кешіміздің шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру. (топтың аты, топтың ұраны, топ атына cәйкес
таныстыру, буклет етіп тапсыру.)
2. «Күзге сағыныш» (белгілі ақындардың өлеңін мәнерлеп жатқа
айту және күзге арнау өлеңін айту)
3. «Қосылшы менің әніме» (күз тақырыбына ұстазбен ән шырқау.)
4. «Жапырақтай жайқалып» ( би өнері)
5. «Күз әшекейі» (күз элементтерінен сән үлгісін көрсету)
6. «Күзгі дәм» (күз байлықтарынан тағам ұсыну)
Осы шарттарға сәйкес топтарға әділ баға берер әділ-қазылар
алқасымен таныстырып өтейін.
Білім- теңіз, мектепті – кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз?
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын,-
деп кешіміздің алғашқы шарттарына кезек берейік.
1 Таныстыру. (топтың аты, топтың ұраны, топ атына cәйкес таныстыру, буклет етіп тапсыру.)
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді
-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыз күз тақырыбына белгілі ақындардың өлеңдерінен көркем сөз оқиды және күзге арнау өлеңдерін оқиды. Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне баға бересіздер.«Күзге сағыныш» (белгілі ақындардың өлеңін мәнерлеп жатқа айту және күзге арнау өлеңін айту)
Алтындай сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі нұрлы күздің
Тамаша бірдей сұлу күн мен түні
Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел екені.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күздің алатын орны ерекше. Күз мезгілі адамның ішкі жан дүниесін оятып, сағыныш әлемінде тербейді. Ендеше,
3. «Қосылшы менің әніме» (күз тақырыбына ұстазбен ән шырқау.)
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылысберген сыйдай,
-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер 4. «Жапырақтай жайқалып» би өнеріне кезек берейік.
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен, -дей келе келесі кезекте сән үлгісі.
5. «Күз әшекейі» (күз элементтерінен сән үлгісін көрсету)
Жомарт-күз – деудің себебі: піскен жеміс-жидек, көкөніс, астық табиғаттың күзгі сыйы. Күзде егінді жинап болған соң ата-бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған. «Алтын күз», «Күзгі бал» кештерін өткізу дәстүрге айналған.
6. «Күзгі дәм» (күз байлықтарынан тағам ұсыну)
Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол ніріміз
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз!
Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шеберліктерін білдірсе, шығармашылығымен танылса, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. Әділ- қазылар әділ бағасын берегенше _______________________________________________________Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі « » атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!
Уақытты текке өткізбе
Тез хабар бер «101»-ге.
Мақсаты: Өрттен сақтану, өртті болыдырмау жөнінде түсініктер беру.
Ойын арқылы өрттен сақтану туралы дағды қалыптастыру.
Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.
Коррекциялық мақсаты: сөздік қорларын дамыту, сөздерді анық айтуға үйрету.
Қайырлы күн ұстаздар, қонақтар, оқушылар!
Бүгінгі « Уақытты текке өткізбе, Тез хабар бер «101»-ге. » атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. От: досың әрі жауың. Оттың адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Егер, отты тым асыра дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орын толмас зор қайғы-қасірет әкелері хақ. Сондықтан да осы отырған әрқайыссымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен мұқият ережелерді сақтай отырып пайдалану керек.
Балалардың отпен ойнауы-өрт шығуының кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт –тілсіз жау» деп бекер айтылмаған.
Екі топ бір біріне жұмбақтар сұрақ қойып, сұраққа жауап беру.
-Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері таңдалынып алынған?
(себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл. Екіншіден, ол қысқа, қараңғы жерде де теруге ыңғайлы.)
-Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101-телефоны арқылы қандай ақпараттар беру қажет.
(өрт болған нысанның орналасқан мекен-жайын, өрттің шығу орны мен өзінің фамилиясын дереу хабарлау қажет)
-Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына нелер жатады?
(2 көпіршікті өртсөндіргіштер, 2 шелек, күрек пен балта, багор, лом. Қалқан жанында құм салынған жәшік болуы керек.)
-Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма?
( Болмайды. Себебі, сынған терезе арқылы үйге ауа келеді де, ол өрттің иодан әрі күшеюіне әкеледі).
-Егер үйде газ ашық қалып, үйге таралған жағдайда электр жарығын қосу керек пе?
( электр қосқышты, разетканы пайдаланған кезде жалын шарпуы мүмкін, осының нәтижесінде газдың жарылысы болады).
-Өрт сөндірушінің қызмет киімі қандай қызмет атқарады?
( өрт сөндірушіні судан, жоғарғы температурадан, өрт сөндіру кезіндегі түрлі травмалық жарақаттардан қорғайды).
-Пешке от жағу кезінде қандай өрт сөндіру ережелерін сақтау қажет?
(отынды бензинмен, керосинмен жағуға болмайды. Пешке жанармай материалдарын салуға және балалардың отты тұтатуына болмайды..)
-Төгілген бензинді қалай сөндіруге болады?
( құм төгіп тастау қажет немесе қалың матамен жауып өшіру керек).
«Тез әрі епті » ойыны.
Шарты: кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, болып жатқан өртті өшіру керек. Жүгіріп келіп, келесі ойыншыға эстафетаны жалғастырады.
---Екі топ бір біріне жұмбақтар жасырады
-Жаурағанды күлдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (от)
-Көрмедім ешкім үйінде,
Қолданбас бұл бұйымды
Жазып қыртыс-қыртысын
Қонымды етер киімді.( үтік)
-Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық
Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып
Темір мен топырақ, тас суды жемес.
Басқаны жеп қояды қойсаң артып. (от)
-Кішкентай ғана мүсәтір,
Ол мүсәтір жоқ болса
Елдің бәрін мүсәпір. (сіріңке)
-Түймесін басқан,
Сәулесін шашқан. (электр шамы)
Жағдаяттардан құтылу
1-сендер түстен кейін сабаққа дайындалып отыр едіңдер, кенет асханадан өрт шықты. Өрттің жалыны күшті. Сен өз тобыңды 2қабаттан далаға қалай алып шығасың?( 2және 1 қабатты көрсету)
-демалыс уақытында демалып жатырсыңдар. Сен кенеттен 2қабатта компьютер кабинетінен бастап өрт тұтанып жатқанын естідің. Өз тобыңды 3 қабаттан далаға қалай алып шығасың? (схема 3,2,1қабаттарды )
2 Ұйықтап жатыр едің, кенет бөлмеде үтіктен тұтанып жанып жатқан матаны немесе киімді көрдің. Сенің іс -әрекетің...
Сенің көзің қарсы үйден өрттің басталып жатқанын байқап қалды. Сен нендей әрекетке көшесің , қандай мәлімет бересің?
Қорытындылау. Ұстаздар, оқушылар бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Екі топтың мүшелеріне көп-көп рахмет. Әділ қазыларға сөз береміз.
Бүгінгі сайыста топтарға жанкүйер болған көрермендерімізде бар. Сөз кезегін жанкүйерлердің өрт туралы тақпақтарына береміз.
Уақытты текке өткізбе
Тез хабар бер «101»-ге.
Мақсаты: Өрттен сақтану, өртті болыдырмау жөнінде түсініктер беру.
Ойын арқылы өрттен сақтану туралы дағды қалыптастыру.
Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.
Коррекциялық мақсаты: сөздік қорларын дамыту, сөздерді анық айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: -Балалардың өрт туралы суреттері.
-Өрт сөндіру құралдарын салу.
-Суретті плакаттар.
-«Өртке қатысты»жаднамалар.
-Лозунгтер.
Жүру-барысы. І. Өтетін оынды безендіру, жасақтау.
І.2.Балалардың дайындығын пысықтап, киімдерін ретке келтіру.
І.3.Қажетті көрнекі құралдарды түгендеу, сайыс кезеңі бойынша рет-ретімен қою.
ІІ.Сайыстың басталуы.
Қайырлы күн ұстаздар, қонақтар, оқушылар!
Мектепішілік « Уақытты текке өткізбе, Тез хабар бер «101»-ге. » атты шарамызға қош келдіңіздер! От: досың әрі жауың. Оттың адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Егер, отты тым асыра дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орын толмас зор қайғы-қасірет әкелері хақ. Сондықтан да осы отырған әрқайыссымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен мұқият ережелерді сақтай отырып пайдалану керек.
Балалардың отпен ойнауы-өрт шығуының кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт –тілсіз жау» деп бекер айтылмаған.
«101»-ге ХАБАРЛАСУДЫ ҰМЫТПАҢДАР!
Шарамызға қош келдіңіздер! Ортаға жеңіске деген жігермен алға ұмтылған топтарды ортаға шақырамыз.
( Екі топ ортаға келеді.)
Сайысқа қатысушы топтардың іс-әрекетіне баға беретін әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейін.
Төрайымы.
Мүшелері:
ІІ.1. Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Сәлемдесу.»
«Алау» тобы. Ұраны: «Тату болсаң, жеңіске жетесің!»
«Жалын » тобы. Ұраны: «Жеңіске жетуге талпынамыз!»
Төс белгілерін алмастырады.
2. «Кім тапқыр?» сұраққа жауап беру.
Жалын тобына:
-Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері таңдалынып алынған?
(себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл. Екіншіден, ол қысқа, қараңғы жерде де теруге ыңғайлы.)
-Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101-телефоны арқылы қандай ақпараттар беру қажет.
(өрт болған нысанның орналасқан мекен-жайын, өрттің шығу орны мен өзінің фамилиясын дереу хабарлау қажет)
-Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына нелер жатады?
(2 көпіршікті өртсөндіргіштер, 2 шелек, күрек пен балта, багор, лом. Қалқан жанында құм салынған жәшік болуы керек.)
-Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма?
( Болмайды. Себебі, сынған терезе арқылы үйге ауа келеді де, ол өрттің иодан әрі күшеюіне әкеледі).
Алау тобына:
-Егер үйде газ ашық қалып, үйге таралған жағдайда электр жарығын қосу керек пе?
( электр қосқышты, разетканы пайдаланған кезде жалын шарпуы мүмкін, осының нәтижесінде газдың жарылысы болады).
-Өрт сөндірушінің қызмет киімі қандай қызмет атқарады?
( өрт сөндірушіні судан, жоғарғы температурадан, өрт сөндіру кезіндегі түрлі травмалық жарақаттардан қорғайды).
-Пешке от жағу кезінде қандай өрт сөндіру ережелерін сақтау қажет?
(отынды бензинмен, керосинмен жағуға болмайды. Пешке жанармай материалдарын салуға және балалардың отты тұтатуына болмайды..)
-Төгілген бензинді қалай сөндіруге болады?
( құм төгіп тастау қажет немесе қалың матамен жауып өшіру керек).
3. «Тез әрі епті » ойыны.
Шарты: кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, болып жатқан өртті өшіру керек. Жүгіріп келіп, келесі ойыншыға эстафетаны жалғастырады.
АЛҒАШ БОЛҒАН ТОП ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ.
4. ОТ ПЕН СУ ТІЛСІЗ ЖАУ-СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ.
Әр топтан 1-1 суретші шығып, сурет салады. Жұмыстарын таныстырып, қорғайды.
Топтың басқа мүшелеріне жұмбақ қойылады.
Жалын тобына:
-Жаурағанды күлдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (от)
-Бір үйде тұрады екен 50 батыр,Үй сыртына сүйкенсе-ақ, өліп жатыр. (сіріңке)
-Көрмедім ешкім үйінде,
Қолданбас бұл бұйымды
Жазып қыртыс-қыртысын
Қонымды етер киімді.( үтік)
-Жалт-жалт етер,
Жалмап кетер. (от)
-Қалпағы бар, Жиегі жоқ
Аузы бар, иегі жоқ. ( шәйнек)
Алау тобына:
-Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық
Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып
Темір мен топырақ, тас суды жемес.
Басқаны жеп қояды қойсаң артып. (от)
-Кішкентай ғана мүсәтір,
Ол мүсәтір жоқ болса
Елдің бәрін мүсәпір. (сіріңке)
-Тұмсығы мықты,
Қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
-Желден желігеді,
Судан шегінеді. (от)
-Түймесін басқан,
Сәулесін шашқан. (электр шамы)
5. «Ептілер» ойыны.
-Ойын шарты: Ойынға қатысушы арқасында өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына қарамай тез табу керек.
Шарты: Ойынға қатысушының арқасына өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына жапсырылған құралды дәл таба білуі қажет.
( слайд арқылы сурет көрсетіледі)
6.«Алғашқы жәрдем» көрсету.
-сынған, қан кету, жарақат кездегі алғашқы жәрдемді айтып түсіндіру.
7. Жағдаяттар
Алау тобына:
-сендер түстен кейін сабаққа дайындалып отыр едіңдер, кенет асханадан өрт шықты. Өрттің жалыны күшті. Сен өз тобыңды 2қабаттан далаға қалай алып шығасың?( 2және 1 қабатты көрсету)
Жалын тобына:
-демалыс уақытында демалып жатырсыңдар. Сен кенеттен 2қабатта компьютер кабинетінен бастап өрт тұтанып жатқанын естідің. Өз тобыңды 3 қабаттан далаға қалай алып шығасың? (схема 3,2,1қабаттарды )
Алау тобына :-Ұйықтап жатыр едің, кенет бөлмеде үтіктен тұтанып жанып жатқан матаны немесе киімді көрдің. Сенің іс -әрекетің...
Жалын тобына:- Сенің көзің қарсы үйден өрттің басталып жатқанын байқап қалды. Сен нендей әрекетке көшесің , қандай мәлімет бересің?
8.Ойын
Шарты: Әр командаға берілген скакалкамен допқа дейін секіріп, скакалканы доптың орнына қойып, допты аяқтың ортасына қыстырып, командаға қайта жүгіреді де, эстафетаны береді.
Қорытындылау. Ұстаздар, оқушылар бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Екі топтың мүшелеріне көп-көп рахмет. Әділ қазыларға сөз береміз.
Бүгінгі сайыста топтарға жанкүйер болған көрермендерімізде бар. Сөз кезегін жанкүйерлердің өрт туралы тақпақтарына береміз.