Материалдар / ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адамзат ұрпағымен мың жасайды», - дегендей ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халықтық мәселе болған. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеріп отыратын әлемде табысты білім алуға деген сұранысын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу және оқыту басты мақсат болып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2021
323
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ ҰЛТ БОЛАШАҒЫ


54 «Асыл-Арман» бөбекжай бақшасы

«Қарлығаш» тобының тәрбиешісі

Бекболова Нургуль Ауельбеккызы

Шымкент қаласы 

   «Адамзат ұрпағымен мың жасайды», - дегендей ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халықтық мәселе болған. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеріп отыратын әлемде табысты білім алуға деген сұранысын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу және оқыту басты мақсат болып отыр.  Соған орай біздің бүгінгі күнгі білім беру жүйесінің негізгі бағыты балалардың білімі мен іскерлік дағдыларын кеңейту, олардың мәдениеттілігін арттыру, қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін, жеке даралығын, гуманистік құндылық жүйелерін қалыптастыруды мақсатты түрде дамыту болып табылатын әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған. Бұл қағидаға жауап беретін бірден-бір бағдардама жаңартылған білім беру – бала тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жаңа бағдарлама жеке тұлғаның қалай оқу керектігін түсіндіре отырып, соның нәтижесінде еркін,  өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерген, сандық технологияларда құзырлылық танытатын тұлға ретінде қалыптасуын қамтиды.

          Ал, «тәрбиеші» бүгінгі заманның жаңаша ойлайтын, уақыт ағымымен үндес жұмыс істейтін, ең бастысы, жас ұрпақтың нағыз тәрбиешісі болғаны  абзал.

      Әрі қарай ой қозғасақ, Александр Македонскийдің «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» -дейді. Міне осы тұлғалар,  өзінен кейінгі ұрпаққа өнеге болып, өзге жүртпен бәсекеде ырықты орынды иелеп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері қақ екендігін дәлелдегендей.

       Ал, Ян Амос Коменский «Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында:-не естіп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен. Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне өздеріне шәкірттер тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады». Бұдан  қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты екендігін айшықтайтындай.

Білім беру ісін дамыту сол себептен де әрқашан бірінші орында болып келеді. Бүгінгі таңда мұғалім мәртебесін нығайту мәселесіне үлкен  мән  беріліп отыр. Білім беру жүйесінің барлық  саласында  педагог, мұғалім – шешуші буын және ең басты тұлға.  Терең  білім  терең ғылыми ізденіске, ғылыми жаңалықтарға жетелейді. Білім мен ғылымды қатар алып жүрген адам ғана қанатын кең жайып, қыран құстай биік тау мен зеңгір көкті бағындыра алады. 

Қазақстанның өсуі, өркениетті елдер қатарына қосылу, болашағының жарқын болуы бүгінгі жастарға байланысты. Қазіргі жас ұрпақтың  білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген мақалдың айтылуы  тегін  емес. Халқымыздың асылдарын үлкен асуға жетелейтін, еліміздің еңсесін биіктетін өскелең  ұрпаққа білім беруде ұстаздардан бүгінгі таңда көп өзгерісті талап етеді. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

  Я.А.Коменский балаларға білім  беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады:    «Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».  «Жаңа адамды –жаңашыл ұстаз тәрбиелейді» деген сөзімен қорытындылай келе, келешек ұрпақ тәрбиелеуде еліміздің  болашақ  иелеріне  заман талабына сай білім беріп, бәсекеге қабілетті, өз ойы бар, интелектісі жоғары жеке тұлға дайындауда  аянбай, талмай қызмет жасайық, әріптестер!

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. Б. Тұрғанбаева «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту». Алматы, 1999

2. С.Мирсеитова «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері»;

3. Жарқынбеков С., Сманқұлова Ж. «XXI ғасыр мұғалімі».  Алматы, 2006

4. Солташұлы Ы. «Заман талабы ــ көптілді болу». // Ақиқат. 26 қараша 2012 ж. №11. 14-15 б.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!