Материалдар / Тәрбие сағаттың тақырыбы: Шығыстың данасы Әбу Насыр әл-Фараби
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Шығыстың данасы Әбу Насыр әл-Фараби

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жүктелген материал мұғалімдерге, студенттерге пайдағасады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2020
320
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орындаған: Сырым А.Ж (ҚТӘ-33-топ студенті)


Тәрбие сағаты


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мыңжылдықтың дана ғұламасы» атты әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерекелік кеш
Білімділік: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл -Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан - жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.
Дамытушылық: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу.
Тәрбие сағатының түрі: мерекелік кеш
«Мыңжылдықтың дана ғұламасы» атты әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерекелік кештің бағдарламасы:

1 - жүргізуші: Армысыздар көрермен қауым, студенттер және ұстаздар!

Отырар қаласы тумасы

Шығыстың ғұлама тұлғасы,

Қазақтың жарық жұлдызы

әл-Фараби бабамызға 1150 жылдық мерейлі күнінің мерекелік кешіне қош келіпсіздер!
2 – жүргізуші: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе - білім» - деп М. Әуезов айтқандай, бүгінгі кеш білім, ізденіс, шығармашылыққа арналады.

1 - жүргізуші: Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Рухты жаңғыртып, әлемге көктен берді.

Білім отын жандырып өткен екен,

Әл-Фараби бабамыз көптен бері

Осы еді ғой күткені көптен елдің – деп, әл – Фараби ғұламамыздың лирикалық сәлемін қабыл алыңыздар! (поэзия)

Қашықтасың туған жер - қалың елім,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен. Қанатым талды менің,

Шаңқыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасына көз жуынар.

О, жаратқан, көп неткен ақымағың,

Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,

Әкімдікке куллісі жүгіреді.

Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,

Жаным менің түршігіп, түнереді.

Кайтейін мен көкжиек кеңдгімді.

Келер күнге үмітпен жол ашамын.

Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,

Соны медет етеді болашағым.

Бір шөлмекте көк сия толып турса,

Екіншіде - шарап бар жайы мәлім.

Даналыкты сиямен толықтырсам,

Шарабымен шерімнен айығамын.

Тамылжып бал тыныштық айналамнан,

Тылсым түнге құшағын жайған далам.

Мен жатырмын ұйқысыз жапа жалғыз

Жанымды ой жарығы аймалаған.

Аққан жұлдыз құласа кейде егер,

Сенің нұрлы бейнең болып кеудеме енер.

Әлде қайда ғайыптан ынтазар ғып,

Өмірме бір ғажап сәуле берер.

Бауырын қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алулап,

Пенделіктен бол аулақ.

Жататын ләйім жаңғырып,

Бұл ғұмыр емес мәңгілік.

Бей-опа мына заманда,

Бақыл боп кетер адамда.

Жұрт кілең күнін көп қызық,

Жіберер зая өткізіп.

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма

Тіпті кейде болса да әзәзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен

Таңда да ал дос, өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.

Қағаздың түсіп бетіне,

Сызықтан бейне тартылған.

Сап болып жігер сарқылған,

Кездейсоқ өмір өтіне

Қайыспай тұрса нар тұлғаң.

Сонда беріп кетеміз молында,

Армандап аңсап өтеміз,

Біз ұлы мұрат жолында.

1-жүргізуші: Бір күні әлде кім Әбу Насыр әл-Фарабиге тамаша болып толыса піскен алманы көрсетіп, сауал қойыпты: «Осы алманың бітім-болмысындағы жақсы қасиет не? Түсі ме, шырыны ма, дәмі ме, әлде бітімі ме?» Сонда әл-Фараби: «Бәрінен де оның ұрығы тамаша. Өйткені, осы алманың өзі сол ұрықтан өсіп шыққан және одан бүкіл бақ пайда болды ғой!» – деп жауап берген екен.

2-жүргізіші: Туған жерден шалғайға жүріп,  бар өмірін ғылым-білімге сарп еткен әл-Фараби  қартайған шағында өз елінің керуен-кіре тартып жүрген адамдарын кездестіріп қатты толқиды. Ел-жұрттың хал-жағдайын тәптіштеп сұрап, көңіл орнықтырған соң, қоштасарда өзінің жан серігі – «қыпшақ» деп аталатын домбырасының бетіне: «Айналайын атам қыпшақ, Туған жерім сағындым. Өз атыңа, үрметіңе Қайда жүрсем табындым!» – деп жазып, туған жері мен еліне сәлемдеме белгі ретінде беріп жіберген екен дейді.

1-жүргізуші: ия, туған жер қашанда ыстық қой. Ендеше, әл-Фарабидің өмірін баяндайтын бейнефильмге зер салыңыздар! (Бейнефильм)


1-жүргізуші: Әл-Фараби есімі дүние жүзіне танымал. Оны Шығыстың Аристотелі деп атайды.

2-жүргізуші: Әл-Фарабидің адам қасиеті туралы, жан туралы ұғымдары – орта ғасырдың жемісі.

1-жүргізуші: Біз сіздерге ойын құрастырғанбыз. Ойынымыз «кім жылдам» деп аталады.

2-жүргізуші: Бейнефильмді мұхият көрген болсақ, сіздерге сол бейнефильмнен сұрақ қойылады, сол сұрақтарға ең жылдам, ең көп сұраққа жауап берген білімгер жеңімпаз болады.

1. Шығыстың Аристотелі деп атаған ғұлама? (әл-Фараби)

2. Әл - Фарабидің толық аты – жөні? (Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби.)

3. Алғашқы білімін қай қалада алды? (Фараб пен Бұқарада)

4. Әбу Насыр әл - Фараби замандастары?

5. Әбу Насыр әл - Фараби қай тілдерді меңгерген?

6. Әбу Насыр әл - Фараби еңбектерін ата?

7. ХІХ ғасырдағы біздің ұлы ақындарымыздан кімге ұқсайды?

8. Әбу Насыр әл - Фараби қай қалада дүниеге келген? (Әл-Фараби Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген)

9. Әбу Насыр әл - Фараби қай жылдары өмір сүрді? ( 870 - 950 жж)

10.Әбу Насыр әл – Фарабидің философиялық және математикалық еңбектерінің ең көрнектілерін ата?

(«Алмагестке түсініктемелер», «Диалектика», «Метафизика», «Ғылымдардың шығу тегі туралы», «Кәріптер туралы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактат» және т. б.)

1-жүргізуші: Керемет! Ғажап жауаптар! (Жеңімпаз өзін таныстырып, сыйлығын алады.)

2-жүргізуші: Сенен табам, асыл үлгі іздесем,

Сен деп білем алтын бесік-ел көсем.

Өткен күннен белгі болар тарих бар,

Мекендеген бабалармен тілдесем. (Көрініс «Арман»)

Автор: Ерте, ерте, ертеде Отырарда, 

Біздің іңкәр өлкеде, 

Иық бұрмай тек білімнен басқаға 

Қатар өсті екі бірдей жас бала. 

Қатар жүріп сан өнерге машықты, 

Бірге оқыды, бірге ойнады асықты. 

Екеуіне назар бұрды ел ерек, 

Өйткені олар дарынды еді керемет. 

"Таңдайымыз өрісті оймен татымақ", 

Деп қуана езу тартты атырап, 

Ал дарындар медресені тауысты 

Он екіге жасы ілікпей жатып-ақ. 

Сыбағасын тағдыр дара бөлгендей, 

Өсе берді төске шауып, төрге өрлей, 

Екеуіне қараған жұрт сүйсінді, 

Отырардың болашағын көргендей

Отырарда жаны жайқын дария, 

Ойы безбен бар еді бір қария. 

Сол қария бір күні екі шәкіртті, 

Құрметпенен өз үйіне шақыртты. 

Қария:

- Балақайлар, балапандар, көк өрім, 

Сендерге бір сауал қойсам деп едім, 

Туған жан деп өнерімен, өртімен 

Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел. 

Мен де танып білсем деп ем, Кімсіңдер? 

Қандай арман жетегінде жүрсіңдер, 

Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде, 

Сонша неге құштарсыңдар білімге? 

Қане, Дойыл, сен айтшы?

Дойыл: 

- Жалғыз арман бар менде, 

Шектесетін қулықпен де, ар мен де. 

Жалын иі ашса өнерімнің өрнегі 

Сонау Йемен, Мысыр, Бағдад елдері 

Түгел танып жыр ететін тандана, 

Саудагер боп шықсам деймін, жан баба. 

Тірлігімде жабырқамай, жасымай, 

Ата жолын қусам деймін осылай. 

Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке 

Өмірімді құрсам деймін есепке. 

Ұтыласың, жебемесе желекті ой, 

Бұл өнердің табиғаты ерек қой. 

Қаншама елмен сауда-саттық жасауға 

Соншама елдің тілін білу керек қой 

Табу үшін жұрт таппаған айланы, 

Көру үшін жұрт көрмеғен пайданы, 

Шығу үшін жұрт шықпаған белеске, 

Жұрттан асқан білім керек емес пе? 

Тілін тапсаң кім созбайды қол ұшын, 

Өнер қажет, білім қажет сол үшін. 

(Қарт күрсінді)

Қария: 

- Ұлым, желік қуыпсың! 

Неге мұнша желтоқсандай суықсың? 

Барымызға туған дарын болар деп 

Қуанып ем, 

Сорымызға туыпсың. 

Сор боларсың, одан не мән табарсың, 

Арманыңды, бәлкім, қайта қарарсың? 

Автор:

Бірақ Дойыл тұрып алды паңдана

Дойыл:

- Арманымды өзгерте алман, жан баба! 

Қария:

- Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды, 

Жасырмай айт, 

Жасқанбай айт сырыңды – 

Автор: деп қария Дойылмен бір отырған 

Ұяң шәкірт жас Әбуге бұрылды. 

Әбу : 

- Менде де бар бір арман, 

Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан. 

Ұлы баба, бірақ менің арманым 

Парыз бенен махаббаттан құралған. 

Шамын жақсам ғылым менен өнердің, 

Елімді зор мерекеге бөлермін. 

Бұл сапарым азапты да шығар-ау, 

Не де болса пешенемнен көрермін. 

Мейлі мәңгі жарымайын киімге, 

Мейлі түйір нан қалмасын үйімде, 

Мейлі ұлының еңбек етіп арымен 

Жүргендігін ұғынбасын қалың ел. 

Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?! 

Өнеріммен тасып толам кемерге. 

Мен өзіме риза емеспін, елімнің 

Сүйеніші бола алмасам егер де. 

(Қарт жымиды) 

Қария:

- Бәрекелде, жаз жайраң! 

Көл болмаса тояттайды қаз қайдан?! 

Біреуіңнің арманыңнан шошып ем, 

Бірің, міне, еттің лезде мәз-мейрам. 

Бірің үшін күрсінумен өтермін, 

Бірің үшін сүйсінумен өтермін, 

Сөйте-сөйте мен де өмірден кетермін. 

Беттеріңнен жарылқасын, тәңірім, 

Ал жарайды, батам осы, барыңдар, 

Отырарда туған ұлы дарындар! 

Автор:

Әжуасын әжіміне жасырып, 

Жылдар ақты, 

Жылдар ақты асығып, 

Жалын еді-ау арманы айқын, 

өр көңіл, 

Екі досты екі арнаға бөлді өмір. 

Дойыл солай өзгертпеді шешімін, 

Дәулет оған жылдам ашты есігін. 

Өнері асқан саудагердің көп өтпей 

Бағдад, Мысыр түгел білді есімін. 

"Есепсіздің несібесі озар ма?" 

Әйелін де баулыды ол со заңға, 

Қонаққа арнап асылатын етті де 

Өзі салып беріп жүрді қазанға. 

Тек байлыққа деген жұтаң сараңдық 

Жіберді оның бар өнерін қараң ғып. 

Міне осылай жазық дарын, жас тұлға 

Ұшырады әбілетті тозғынға. 

Саудагерді өзге түгіл өзінің 

Ұрпақтары кетті ұмытып аз жылда. 

Ал Әбу ше? 

Кеңге жайды ол қанатын, 

Әбуіміз - әрі ғалым, әрі ақын, 

Әбуіміз - біздің ұлы бабамыз 

Әбу-Насыр әл-Фараби болатын. 

1-жүргізуші: Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, 

2-жүргізуші: Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, 

1-жүргізуші: Үлкен болып қалу үшін ғаламда, 

екі жүргізуші бірге: Үлкен арман керек екен адамға.

1-жүргізуші: Әл - Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл - Фарабиге:

- Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі - бақытқа, бірі - атақ- даңққа, бірі - өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.

- Әрине , өнер - білімге апарар жолды.

- Неге?

- Бақыт та, абырой - даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.

Студенттер, егер сіздер колледждегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңызды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдеріңіз сіздердің жарқын болашақтарыңның кепілі болмақ.

2-жүргізуші: Әл - Фараби бабамыздың аты 1150 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Адамның байлығы да, бақыты да, атақ - даңқы да, ол - білім. Білім – таусылмайтын байлық.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!