Материалдар / Тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
692
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым»
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап
Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Президент портреті
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Рәміздерім - мақтанышым» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР - ның Әнұранын орындайды.
Нұрайна:
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

А
сылбек: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру - тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
Жүргізуші: Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?

Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов
Лаура: ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.
Ер
сұлтан:
Бәрі болған қараң сынды көне
Ел белгі де, ерлік өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

Жүргізуші: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
Фариза: 1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
Жалғас: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.
Құндызай:
Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен - таңба.

Қымбат:
Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Жүргізуші: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.
Ал, балалар, ҚР - ның Елтаңбасында нелер бейнеленген?
Оқушылар жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.

Жүргізуші: Олар қандай мағынаны білдіреді?
Ақтаң: Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.
Еркін: Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
Алпамыс: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.
Әнуар: Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.

Қорытынды.
Ай
ару: Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!
Жүргізуші: Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін.























Тақырыбы:«Ел сүйсінер ұлан бол!»

Сабақтың мақсаты:

1.Туған елін, жерін шексіз сүюге ,Отанын ,тарихын қастерлеуге және оның алдындағы борышын ақтауға тәрбиелеу.

2. Қазақстандық елжандылыққа,азаматтыққа,ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Көрнекілік: кітаптар, суреттер, нақыл сөздер, аудио жазба.

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасып, білімгерлердің көңіл-күйін, ауа- райын сұрап, сабаққа зейіндерін аудару.

Кіріспе сөз:

Балалардан қай жерде туып өскені туралы сұрап жеке –жеке жауап берулерін талап ету.

Шаттық шеңбері.

-Балалар бүгінгі көктемнің тамаша бір күні мен жұмысқа келе жатып , өзімнің туған жерімді,туған ауылымды есіме алдым. Онда тұратын ата-анам, туыс-бауырларым маған өте қымбат.

– Сендер өздеріңнің туған жерлерің,жанұяларың туралы не айта аласыздар?

-Туылған жерің өмір сүріп жатқан жерінен алыс болса, туылған жерін сағынады ма?

– Аңсайсың ба ? -деген сұрақтар қойылады.

– Туған жеріңді мақтан тұтасыңба?

– Туған жеріңнен қандай атақты адамдар шықты?

– Туған жерің несімен ерекшеленеді? (Табиғатымен, көлемімен,тарихымен,тұратын адамдарымен,батыр бабаларымен. т.б)

Ендеше, бәріміздің де Отанымыз,туған жеріміз -Қазақстан. Біз өз Отанымызды құрметтейміз. Барлығы да Отаннан патриоттық сезімге ұштасады.

Отан туралы астарлы әңгіме

( Аудиожазба арқылы тыңдайды.)

Адам өзінің туған жері Отанында, өмір сүріп жатты.Адамның басқа керемет жерлерді көргісі келіп, жұмақ өмірді аңсап , байлықта, шаттықта өмір сүргісі келеді.Сөйтіп Адам жұмақ жерді іздеп жөнеледі.

Армандаған еліне, аңсаған жеріне келіп өмір сүре бастады.Ол жақта адам туған жерінен де, тамаша өмір сүре бастады.Ол жердің табиғаты да керемет, керемет зәулім үйлер, киген киімі патшалардыңкіндей, не ішем – не жеймін демей өмір сүріп кетті.

Бірақ бәрібір бақыт үшін оған ылғи бірнәрсе жетіспеді.Адамның жан дүниесі бір нәрсені аңсап , осы бір жұмақ өмірде өзіне не жетпей жатқанын түсінбеді.

Кейіпкеріміз не үшін ондай сезімде болып, көңіл-күйі құлазыды?

Бірде айлы түні адам ұйықтай алмай, басына сан алуан ойлар келіп, сұрақтарға жауап таппай, жанына не керек болып жатқанын түсінбей делебесі шықты.Кенет ол қоңыраудың күмістей нәзік дауысын естиді.Құлақ салып тыңдайды.

«Ба! Иә мынау қоңырау ғой! Сол дауыс қой!» – деп адам қуанады.Тағы да осы дыбыстарға құлақ сала бастады.

«Туған жердей жер болмас! Туған елдей ел болмас!» – деп әлгі қоңырау сылдырлай түсті. Адам әлгі өлеңнің сөздеріне ойланып қалады да, туған жеріне деген сағыныш сезімінің артып, ата – бабалары жатқан туған елінің топырағын аңсай түсті .

Адам туған жерін аңсай бастады, бірақ мына зәулім үйлерді, шаттық өмірді де қиып кете алмады.Ал туған жерге деген сағыныш күн өткен сайын күшейе түсті.Зәулім үйлер өзінің туған жеріндегі үйінің жанында түк болмай қалғандай, киіп жүрген қымбат көйлектерінің өзінің туған жеріндегі көйлекке татымай, дастарқандағы молшылық, өзінің туған жеріндегі ыстық нанның дәміндей тәтті болмай қалғанын сезіне бастады.



Сол сәттен бастап адамға өзінің ата – бабалары жатқан, өзінің еккен тал – дарағы өскен жері, өзінің маңдай терімен соққан үй – жайы тұрған жеріне деген сағыныш сезімі маза бермеді. Адам бұл жұмақ жерді тастап өзінің туған жеріне жөнелді.

Адамның жан дүниесі шаттықтан жарқырап күн сәулесі жолын нұрландырып, туған жеріне деген сағыныш сезімінің жетегінде кете береді.Жүрегін қуаныш сезімі билеп туған жеріне жетеді.

- Туылған жеріне жеткенде кейіпкеріміз қандай сезімге бөленді, өз туған жерінің қадірін түсінді ме?

Адамның бойын бақыт сезімі билеп, туған жеріңді, Отаныңды дүниедегі қандай да бір байлыққа ауыстыруға болмайтынын түсінеді.

Балаларға үй тапсырмасы ретінде «Отан» тақырыбында өлең шумақтарын жаттап келуге берілген. (Балалар жаттаған өлең шумақтарын оқиды.

Айару:

Отанды біз атамекен

Деп аялаймыз

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз

Ару:

Отанды жас,кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәрімізде

Туып өмір сүреміз

Ақжүніс:

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді бағалап

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер, аялап

Қымбат:

Отан деген- атамекен

Отан деген- туған жер

Отан-ана,Отан-үлкен

Қазақстан -туған жер

Енді Отанды сағынамыз, Отанды қастерлейміз, құрметтейміз. Жай сөзбен айта саламыз ба, әлде өзіміздің іс-әрекетімізбен Отанға деген патриоттық сезімімізді білдіреміз бе? Ол қандай іс-әрекеттер деп ойлайсыңдар ?

– әскерге барып Отан алдындағы борышын өтеу.

– туған жердің табиғатын қорғау

– адал еңбегіңмен еліңнің көркеюіне үлес қосу

– білімгерлердің қазіргі міндеттері – білім алып, елінің болашағын жақсарту, дамыту үшін білім алу.

– еліміз үшін күрескен батыр бабаларымызды құрметтеу , олардың ерліктерін ұмытпай дәріптеу.

Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орманы, тауы, өзені көлі бар,

Қазағымның жерін, елін қорғайтын.

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Міне осындай егеменді еліміз


Кең жазира ұлан байтақ жеріміз,

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз , еріміз.

Сынып сағатымызды батыр бабамыз Б.Момышұлының «Отанды сүйер ұлан болыңдар ! Өз Отаныңа – лайықты азамат болып өсіңдер!» деген даналық сөзімен аяқтаймыз. Біз Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландары өз жерімізді, өз елімізді, өз Отанымызды қадірлеп, қастерлеуге мәңгі сүюге әрқашан қолдап - қорғауға уәде етеміз.

Бақытты күндер аясында кездескенше сау болыңыздар!






Тақырыбы: Тіл- ұлттың тірегі

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.


Мұғалімнің сөзі :Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні. Тәуелсіз еліміз – көпұлтты мемлекет екендігі баршамызға аян. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздегі барша ұлт өкілдерінің ана тілдеріне ешқандай нұсқан келтірілмей, мемлекет қолдауымен өркендеп дамуда. Сонымен қатар, тілдерді құқықтық тұрғыдан қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңымен және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етілген.

Оқушыларды тыңдайық

Қазақ тілі –ұлт тілі

Дүние жүзінде халықта тіл де көп.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие.

Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.


Қазақ тілі өте бай тіл білгенге.

Оның сырын түсіну де тереңде!

Сан ғасырды бастан кешкен қазақ тіл

Дәл қазірде жойылуы мүмкінбе?


Жойылмайды, жойылмайды туған тіл.

Тілдің сырын тереңірек бойлай біл,

Жоғалту да, дамыту да тіліңді

Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл!


Кейбіреулер туған тілін білмейді.

Білмесе де білгісі олар келмейді,

Туған тілін түсінбеген азамат

Өз ұлтының қасиетін сезбейді.


Қате болар туған тілін білмесе.

Тілін сатып өзге тілге бой берсе,

Тілін сатып деп айтпасам не дейін?

Туған тілін білгісі де келмесе!



Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі

Өзге тілмен араласып жүрмеуі.

Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.

Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!


Әлеуметтік –тұрмыстық қарым –қатынас тілі және әдеби тіл

Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр.

белгілі.

1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.

Тіл туралы мақал –мәтел, қанатты сөздерді айтайық


Нұрайна:

Өнер алды – қызыл тіл


Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.


Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.


Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.


Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.


Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?


Айару: Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.


«Тіл –құдірет».


«Тіл - тәуелсіздік тұғыры».


Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең.


Лаура : Әр халықтың өзінің ана тілі бар.

Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.


Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.


Тіл – еліміздің іргетасы

Ұлттың қуаты тілінде


Бпғғила: Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша.

Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».


«Тіл – асыл ойдың бұлағы».


Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.


Санжар:«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.


Олай болса, «халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білімі»,- деп жазушы М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы - тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мәртебесін көтере білейік!


Қорытынды сөз

Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы. Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.



































Сабақтың тақырыбы: «Білімнің көзі кітапта» ой бөлісу

Мақсаты:

а) Оқушыларды білімді болуға, кітапты көп оқуға деген қызығушылығын арттыру.

ә) Оқушылардың білімділік танымын және кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

б) Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Кітап туралы қанатты сөздер, мақал – мәтелдер, шарлар т. б.

I Ұйымдастыру бөлімі

II Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Білім көзі кітапта» атты тәрбие сағатын Ахмет Байтұрсынұлының мына өлеңімен бастағалы тұрмын.

Балалар, бұл жол басы даналыққа

Келіңдер, оқып байқап қаралық та,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық

Жүріңдер, іздеп тауып алалықта.

Әнұран айтылады

Ал балалар білімді біз қайдан аламыз? (өмірден, мектептен, кітаптан, журналдан, кітапханадан)

Мектеп бізге не береді? (тәрбе, білім)

Білімді кім береді? (Ұстаз)

Білімнің алғашқы баспалдағы неде? (Әліппе)

Кітап:

Мұғалім: Мен адамның досымын. Менің атым – кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманннан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрка ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Міне, енді бүгін сендердің қастарында тұрмын. Мені күтіп, жартпай ұстаңыздар. Мен сенімді досыңмын.

«Кітап – білім бұлағы, білім – өмі шырағы» -

деп халқымыз бекер айтпаған, Кітапты халық ағып жатқан бұлақтағы суға теңеген. Судан қанып ішсең, сусының қанады, сол сияқты кітап оқысаң білімін молаяды, көбейеді.

«Білім – өмір шырағы» -

деп білімді жанып тұған шамға теңеген. Шам сөнсе, айналаны тас түнек қараңғылық басады. Надандық түнек ол – қараңғылық.

Пайда ойлама – ар ойла,

Талап қыл артық кітапта,

Ерінбей оқып көруге – деп

Ұлы Абай атамыз жырлағандай.

Енді мен сіздерге жұмбақ жасырамын шешуін айтасыздар.

Көп әңгіме, өлеңім

Күнде ақыл беремін

Жақсы көрсе мені кім,

Менде жаксы көремін.

(Кітап)

Үндемес серік, ақылы берік.

(Кітап)

Білмейтіндерге әріпті

Біртіңдеп тұрып танытты.

(Әліппе)

Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,

Бұл үйден көреген боп шығасың.

(Мектеп)

Енді балалар біздерге Теректі ауданынан мынадай қорапша беріп жіберіпті, ішінде тапсырмалар бар. Қорапшада Ұлы адамдардың пікірлері жазылған карточкалар бар. Соны дауыстап оқимыз.

Хормен айтамыз

*Білім біздің шырағымыз

*Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал.

*Өмірде ең жақсы кеңесші – кітап

*Кітапсыз үй – жансыз дене.

Кітап өлеңін Наурызов Диас оқып береді.

Бірдей әріптерден сөз ойла сөйлем құрау.

Б б б б С с с с

К к к к Т т т т

Мұғалім: Әдепті бала қандай болу керек.

Бану:

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз? (әдепті екен бұл дейміз)

Тапқыр болсаң тауып көр

Ұйқасын тап

Жазу үшін саған

Қажет қағаз (қалам)

Дауысына құлақ түр

Жер жыртып жүр (трактор)

Өзіңше ноян

Қорқақ кім? (қоян)


Қорытындылау: Бәрін, бәрін білсең, оқи берсең кітапты, дегендей көп оқысаң, көп білесің ...

Сендерге мен тәтті тоқаш әкелдім. Осы тәттінің дәмі, сендердің кітапқа деген құмарлықтарыңды арттырсын деген ниетімді білдіремін.






























«Сыпайылық – адамгершілік айнасы»

Сынып сағатының мақсаты:

а) Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету,  имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.

ә) Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

б) Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Ақын жазушылардың сыпайылыққа, әдептілік туралы    ойлары

ІІІ.Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдер.

IV. Ойын «Жалғастыр»

V. “Құпия хаттарға” жауап беру

VІ. Шығармашылық тапсырма

VІІ Ойын “Саяхатқа шығу”

VIII. Қорытынды

ІІ.Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин.
 Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған  қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.

ІІІ.Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдер

1.Әдепті бала –арлы бала
------------------------------.
2. ------------- сөздің анасы.
3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар
------------------------------.
4. Сәлем беру де парыз,
---------------------------.
ІV.Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?». 
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

V.«Құпия хаттарға» жауап беру
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады.
Хаттардың мазмұны:
1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?

VI. Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:
Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т.б.

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.
Сұрақтар:
– Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
 
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
– Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
– Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
Сынып сағатын қорытындылау:
- Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адамгершілік, әдептілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерді қамқорлай білейік!

VIII.Қорытындылау. Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адамгершілік, әдептілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерді қамқорлай білейік! Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың.







Сабақтың тақырыбы: «Кең болсаң -кем болмайсың»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға адамгершілік, сыйластық, бауырмалдық және жомарттық қасиеттерін түсіндіріп, оларға осы ұғымдар туралы мағлұматтар беріп, оны меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін және қабылдауларын дамыту, әсіресе, оқушыларды жылдамдыққа тәрбиелеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру.
Тәрбиелілік: оқушыларды бауырмалдыққа, бір – бірін дұрыс қабылдай білуге, туыстарын, достарын сыйлауға және «Кең болсаң, кем болмайсың» деген мақал – мәтелді басшылыққа ала отырып, жағымды қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: ойын, әрі жарыс сабақ
Сыныпты екі топқа бөліп, оларды 1) топ «Жомарт» тобы. 2) топ «Мейірім» тобы.

І Ұйымдастырушылық кезеңі:
1. Сәлемдесу,
2. Оқушыларды түгелдеу.
ІІ Жаңа сабақ:
Балалар біз өткен сабақтарымызда әдептілік, сыпайылық және сонымен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы қарастырған едік. Қазақ жерінде қазіргі таңда 136-дан астам ұлт өкілдері тұрады, олар елімізде тату – тәтті, достықта, бірлікте, бір аспан астында өмір сүруде - «Кең болсаң, кем болмайсың», «Кекшіл болма, көпшіл бол» деп бұл қазақ халқының бауырмал, басқа адамдарды жанына жақын қабылдай білетін жомарт халық екендігін сипаттайды. Сонымен қатар біздің еліміз кеңпейіл, жомарт – дархан халық. «Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар» дейді халқымыз.
Ал, бүгінгі сабағымызда сол тақырыптардың жалғасы ретінде «Бауырмалдық және кеңпейілділік» деген тақырыпты қарастырамыз.
Жақсы болсаң – жердей бол,
Шыдап бәрін көтерген.
Таза болсаң – судай бол,
Жуып бәрін кетірген – деген сияқты адамның да бойындағы осы сынды жақсы қасиеттердің терең дамуына түрткі болу және оқушылардың бойында жомарттық, қолы ашықтық сияқты адамзатқа тән жағымды қасиеттерді дамыту.
«Лашын құсқа ауа қадірлі,
Жүйрік атқа дала қадірлі,
Ата – анаға бала қадірлі» дегендей, оқушылардың бойында бір-біріне деген бауырмалдықтарын, кішіпейілділіктерін және жақын туыстарын, достарын сыйлай, құрметтей білуге үйрету мәселелерін қарап, талдаймыз.
Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады.
1. Шаттық шеңбері: 11 – 12 оқушы өз қалауларымен шығып, өздерін таныстырып, топтарға сәттілік тілейді және оқулығымызда берілген «Кел, достар» өлеңін оқып, мағынасын түсіндіреміз.
2. Ойланайық, пікірлесейік: сұрақтарға жауап беру.
3. Жаңа ақпарат: яғни оқушылар 43 бетте берілген әңгімені оқып, талдау жасау.
4. Әңгімені оқып, талдау жасау: «Алма ағашы» өсиетті оқып, өмірмен салыстыра отырып талдау жасау.
5. Венн диаграммасы.
6. Викториналық сұрақтар
1. Сіздің ата – анаңыздың ата –анасы сізге кім болады?
(ата - әже)
2. Сіздің туған ініңіздің немесе қарындасыңыздың анасы сізге кім болады? (анам)
3. Үйде сізден үлкен, әрі туған бауырыңыз сізге: (аға немесе әпке)
4. Сізден үлкен ағаңызға немесе тәтеңізге сіз кім боласыз? (інісі немесе сіңлісі)
5. Қазіргі таңда бауырмалдық, татулыққа, достыққа шақыратын «Хабар» арнасынан көрсетілетін қандай бағдарламаны білесіздер? («Бармысың, бауырым!»)
1. Қорытынды:
2. Бағалау

Жеңіске жеткен топқа: Тамаша!
Т - Татулықтың үшінші әрпі
А - Біз қандай тақырыпта өсиет оқыдық?
М - Біз «Жомарт» тобы және қандай топпыз?
А - Жаңа жылда бізге қонаққа келетін ата ...
Ш - Адамның қуануы, мәз болуын тағы қалай аталады?
А - Әлемдегі ең асыл жан!
Жеңіліс тапқан топқа: Ренжіме!
Р - Сұлулықтың белгісі ретінде сыйға тартатын, гүл атауы
Е -... етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Н - Ас атасы!
Ж - Алда келе жатқан қандай мереке бар?
І - Ағасы бардың жағасы бар,
... бардың тынысы бар
М - Білім алатын ордамыз
Е - Ертең сөзінің соңынан санағанда екінші әріп
Үйге тапсырма: эссе жазу



































Тақырыбы: Аққуды атпа,досыңды сатпа

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Тәрбие сағатының түрі: дамытпалы саяхат сабақ. 
Мұғалім сөзі: — Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймын. Балалар, сіздер дос болу деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз төрт топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.

Топты түрлі-түс қағаздармен бөлу. Топтың атын оқушыларлың өздері қою.

1-Топ. «Татулық»

2-топ . «Сыйластық»

3-топ . «Ынтымақ»

4-топ. «Бірлік»

Ойын барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру
1-өлке. «Аққуды атпа,

Досыңды сатпа!»
2-өлке. Достық туралы мақал-мәтелдер.

3-өлке. Достық туралы сұрақтар. Сандыққа салынған.

4-өлке. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»

5-өлке. « Әдебиет – өмір айнасы,

                Сахна оның жолдасы»            

1- өлке. «Аққуды атпа, Досыңды сатпа»
Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу – киелі құс, сұлулық символы. Ал достықты сатпау деген не?
— Дос алдамау керек
Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек.
2-өлке. Достық туралы мақал-мәтелдер.

Мақалды жалғастыр

«Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».

«Дұшпан …. айтады, дос….айтады».

«…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».

«……….ақшаң болғанша, көп досың …».

«Досы көппен …. ,

Досы жоқпен … ».

«Досы … , өзі де жақсы».

«…. басқа қарайды,

аяққа қарайды».

Жауаптары

«Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

«Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

«Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

« Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

«Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

«Досы жақсының-өзі де жақсы».

7. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

3-өлке. Достық туралы сұрақтар. Сандыққа салынған сұрақтар.

1.Дос сөзін қалай түсінесіндер?

Достық дегеніміз не?

Шын дос қандай болуы керек?

Жалған достық дегенді қалай түсінесіңдер?

 4-өлке. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»

Достыққа байланысты ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін айту.

М. Мақатаев

Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген — адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің…
Досым-ау менің, тапшы емін?

 5-өлке. « Әдебиет – өмір айнасы,

                Сахна оның жолдасы»   

         Көрініс. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: “Достық нешеу?” – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
— Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
— Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
— Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет шешен.

Қорытындылау
— Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір — біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық тілеп жүрейік.





























Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Батаменен ел көгерер». 
Мақсаты: 
Оқушылардың рухани байлығын дамыту,атадан қалған асыл сөздерді естерінде сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. 
Жүру жоспары: Мұғалімнің «Бата мен тыйым сөздер» туралы кіріспе сөзі.

1.І-ші бөлім: «Тапқырлық» сайысы. 
2.ІІ-ші бөлім: «Тыйым сөзді жалғастыр» сайысы. 
3.ІІІ-ші бөлім: «Кім жылдам ?» сайысы. 
4. ІV-ші бөлім: «Біліктілік» сайысы. 
5. V-ші бөлім: «Бата беру» сайысы. 
Ойын шарты: 
Әр бөлім бойынша сайысқа түсушілер дұрыс жауап үшін жұлдызшалар алады. Ең көп жұлдызша жинаған топ «Бата мен тыйым сөздер» ойынының жеңімпазы болады.

Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгінгі 3- «В» сыныбыныңоқушылары дайындаған «Бата мен тыйым сөздер» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын. 
Бата, бата беру — 
адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүріДастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою- ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп таныған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған.

 Жүру барысы: Ән «Домбыра»

Жүргізушілер: Қош келдіңіздер ,құрметті қонақтар! Бүгінгі 3- «В» сынып оқушылары дайындаған «Бата мен тыйым сөздер» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымызды тамашалауға келген қонақтарымыздың арасынан әділқазылар алқасын тағайындап алайық.

------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------

1-жүргізуші: Сіздерді ойынымызды тамашалауға шақырамыз.  
2-жүргізуші: Білген-түйгендерін ортаға салуға келген ойыншыларымызды, яғни бугінгі сайысқа келіп отырған «Ай», «Күн» және «Жұлдыз» топтарын ортаға шақырамыз. 
1-жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар қызықты бір жиын болсын. 
Білімдірек шәкірт озар сұрақтары қиын болсын. 
2-жүргізуші: Ойынымыздың
 1-ші бөлімі «Тапқырлық» деп аталады. Шарты : Сұрақ қойылғаннан кейін ойлануға 1-минут уақыт беріледі. 
Тақтадағы 4 жауаптың біреуі қате,сол жауапты тауып «уақыттарыңыз бітті» деген кезде қате жауаптың номерін (көрсет) көтересіздер.Дұрыс жауап берген топтар бір-бірден жұлдызшалар ұтып алады. 
1-жүргізуші: 1-сұрақ. «Батамен ел көгерер, Жаңбырмен жер көгерер» - дейді атам қазақ. Бірінші сұрағымыз батаға байланысты. Бата қай кездерде беріледі? 
Жауаптар:1-Үйлену тойында, 2-алыс сапарға шығарда, 3- жігіт әскерге аттанғанда, 4-оқушы тақтаға шыққанда. 
2-жүргізуші: 2-сұрақ. Шәкәрім: «Үш анық» деп айтарлық үш нәрсе бар,- деген екен олар қайсылар?
Дұрыс жауап: Мінсіз сөз,Кірсіз ақыл,Адал еңбек 
1-жүргізуші: Ойынымыздың 2-бөлімін бастаймыз.  Ойынымыздың 
2-бөлімі «Тыйым сөзді жалғастыр»:

Бас киімді кез-келген жерге тастама,.................................... басың ауыратын болады.  

Жұма күні кір жума,............................................. әруақтар ренжиді.

Балаға ортан жіліктің майын беруге болмайды, ...................ата-анаға мейірімсіз болады.  

Бас киіміңді біреуге берме,...............................................басыңнан бағың кашар.

Шашыңды кез-келген жерге тастама,..............................құстар іліп кетсе, ауруға шалдығасың.

Аяқ киімді сол аяқтан бастап киме, ..................................жолың болмайды.
2-жүргізуші: 3-бөлім «Кім жылдам?» деп аталады.Сұрақтарға кім жылдам белгісін көтерсе, сол жауап береді. 
1. Үш байлық (ден саулық,ақ жаулық,он саулық). 
2. Үш қуат (ақыл,жүрек,тіл). 
3. Жеті жұт (құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала) 
4. Жеті жоқ (жерде өлшеуіш, аспанда тіреу,таста тамыр, тасбақада талақ, аллада бауыр, аққуда сүт, жылқыда өт жоқ). 
5. Жеті ата (ата,әке,бала,немере,шөбере,немене,шөпшек). 
6. Жеті қазына(ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы). 1-жүргізуші: Ойынымыздың
 4-бөлімі«Біліктілік» сайысы деп аталады. 
2-жүргізуші: Келесі сайысымыздың шарты стол үстіндегі қима-кеспелерден қойылған сұраққа дұрысын іріктеп алу. 
1-сұрақ: «Үш көз» (су анасы-бұлақ,жол анасы-тұяқ,сөз анасы -құлақ). 
2-сұрақ: «Үш тоқтам» (ақыл-арқан,ой-өріс,адам-қазық). 
3-сұрақ: «Үш мұрат» (сауда мұраты-ұту,жол мұраты-жету,дау мұраты-біту). 
1-жүргізуші: Келісейік айтыспай, 
Бірігейік ренжіспей 
Бөлінгенмен жан-жаққа 
Мақсатымыз бір жақта,-деп ойынымыздың 
5-бөлімін, «Бата беру» сайысын бастаймыз. 
2-жүргізуші: Жүлде үшін жарыстың 
Көрініп тұр әне мәресі 
Сөйлемнен сөз тудырып 
Байқайық кім зерделі 
Әр түрлі баталарды кезек-кезек айтып, кімде бата болмай қалса, сол жеңіледі. 
1-жүргізуші: Бас қатырып бәріміз 
Еңбектеніп терледік 
Аяқтайық осымен 
Сайысты біз зерделі 
2-жүргізуші: Енді бізде айтарлықтай ешбір күмән қалмады. 
Аталардың асыл сөзі сақталсын деп жадыңда 
Осы айтқан біліміңді өз бойыңда жинақта 
Дәріс берген ұстаздарды әрқашан да ардақта, - деп бүгінгі ойынымыздың, жеңімпаздарын жариялау үшін. сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

















Қайырымдылық – имандылық

Мақсаты:
1. Оқушы бойына тазалық пен әдепті сіңіру, эстетика - этика, психология мен имандылық, сенім мен төзім арқылы бала зердесіне ғибрат ету;
2. Баланың бойында үнемі тазалық пен әдеп дағдыларын дамытып отыру;
3. Болашақ ұрпақты иманды етіп тәрбиелеу.
Әдісі: эвристикалық, проблемалық
Көрнекіліктер: таблица, суреттер
І. Психологиялық дайындық.
Күннің сәулесі ананың нәзік алақанындай екенін білесіңдер, аялайды, жылытады. Олай болса, қолымызды созып, күннен жылу алайық.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламыз
Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда мына жан - жағым. Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен бір - бірімізбен амандасайық. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Рахмет.
ІІ. Оқушылар білімін жан – жақты тексеру.
- Ғибрат деген не?
Ата - баба салт дәстүрін үйрену. Ырым - тыйымдар меңгеру. Имандылықты үйрену.
- Иманды адам қандай мақсатқа жетеді?
1. Өзі иманды адам басқаға жамандық жасамайды.
2. Иманды пенде шыққан түбін біледі, яғни Алланың жаратқанын біледі.
Олөзініңұстазын да, ата - анасын да, жүрген ортасын да сыйлайды. Сыйлы да болады.
3. Ондай
пенде екі жүзді адам болмайды. Жалғансөйлеужәнежалған ант екіжүзділіктіңнәтижесідеугеболады.
4. Қоғамға, Отанғапайдалы, білімді бала боламыз.
5. Мұндайбалаларданкелешектехалыққапайдалыадамшығады.
6. Осы айтылғандарды
меңгерген бала ұлық болады, бір ақ кішік. Мансапқор болмайды.
ІІІ. Оқушыныбілімді, саналымеңгеругедайындау.
Балалар
алдымен бір жақсылықты кімге жасау керек?
- Өзіме;
- Үй – ішіме;
- Туған - туыс, көршіме;
- Көшеге, туғанауылыма;
- Отаным
Қазақстанға, яғни оның табиғатын қорғауға, шекарасын қорғауға;
Дұрыс – ақ. Олай
болса, қолымыздағы 5 саусақты салалап көрелік.
1. Жан. 2. Тән. 3. Рух. 4. Ақыл. 5. Көңіл.
ІV. Жаңасабақ.

Бүгінгі біздің сабағымызда жан мен тәнге қажет тазалық және әдепке тоқталамыз.
ТАЗАЛЫҚ
Ішкі жан
Сыртқы тән
иман
әдеп (жақсылыққа тәрбиелеу) Әдепті бала болу үшін не істеукерек?
1. Тазалықты үйрену.
2. Иманды болу.
3. Қайырымды болу.
V. Сұрақ – жауап.
1. Тазалық деген не?
Тазалық дегеніміз адам өз денесін, киген киімін, жүрген жерін, отырған орнын таза ұстау. Иман деген не? Иман - сенім.
Неге сенеді?
1. Аллаға
2. Періштеге
3. Пайғамбарға
4. Құран - Кәрімге
5. Ақыреткүннің бар екеніне
6. Өліп - тірілуге
7. ОсыныңбәріАлладан
Әдепдеген не?
Әдеп - деген тек жақсылыққатәрбиелену.

VІ Ой шақыру.

Осы айтылғандарға діннің қатысы бар ма?
Имансыз деген дінсіз. Дінсіздегенөзіне – өзісенбегенадамнанешопаболмайды. Оданұры да, қанішер жауыз да, адамға да, қоғамға да пайдасызұрпақшығады.
Қорыту. Имандылық жолы, яғни имандылық тәрбиені тек діни қағидалар деп түсіну – қате. Ислам біздің тарихымызбен, наным - сенімімізбен, мәдениеттілік, әдебиет, ғылым, экономика, педагогика, дүние – танымдарымыз бен тығыз бірлікте болады.
Исламдылық – жаманды ажырату, ойлаған мақсатын орындауды, ой – пиғыл тазалығымен болашаққа сену болып саналады























«№7 мектеп-лицейі» ММ









Сынып сағаты




Тақырыбы: «Рәміздерім – мақтанышым»

Өткізген:Әлкеева Б

Сыныбы:7 «а»










2018-2019 оқу жылы

«№7 мектеп-лицейі» ММ









Сынып сағаты




Тақырыбы: «Кең болсаң – кем болмайсың»

Өткізген: Әлкеева Б

Сыныбы:7 «а»










2018-2019 оқу жылы

«№7 мектеп-лицейі» ММ









Тәрбие сағаты




Тақырыбы: «Батаменен ел көгерер»

Өткізген: Әлкеева Б

Сыныбы:7 «а»










2018-2019 оқу жылы

«№7 мектеп-лицейі» ММ









Сынып сағаты




Тақырыбы: «Ел сүйсінер ұлан бол»

Өткізген: Әлкеева Б

Сыныбы:7 «а»










2018-2019 оқу жылы

«№7 мектеп-лицейі» ММ









Сынып сағаты




Тақырыбы: «Сыпайылық- адамгершілік айнасы»

Өткізген: Әлкеева Б

Сыныбы:7 «а»










2018-2019 оқу жылы

«№7 мектеп-лицейі» ММ









Сынып сағаты


Тақырыбы: «Тіл – ұлттың тірегі»

Өткізген: Әлкеева Б

Сыныбы:7 «а»












2018-2019 оқу жылы

«№7 мектеп-лицейі» ММ









Ой бөлісу


Тақырыбы: «Білім көзі – кітапта»

Өткізген: Әлкеева Б

Сыныбы:7 «а»












2018-2019 оқу жылы


«№7 мектеп-лицейі» ММ









Тәрбие сағаты




Тақырыбы: «Аққуды атпа,досыңды сатпа»

Өткізген: Әлкеева Б

Сыныбы:7 «а»









2018-2019 оқу жылы

«№7 мектеп-лицейі» ММ









Тәрбие сағаты




Тақырыбы: «Қайырымдылық-имандылық»

Өткізген: Әлкеева Б

Сыныбы:7 «а»










2018-2019 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!