Материалдар / тәрбие сағаты Адам құқықтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәрбие сағаты Адам құқықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ Күні: 26.09.2024 Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. ә) Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. б) Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер, слайдтар Қанатты сөздер: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы. «Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз» Н.Назарбаев.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2024
389
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Күні: 26.09.2024

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру.

ә) Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.

б) Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер, слайдтар

Қанатты сөздер: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»

Б. Момышұлы. «Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»

Н.Назарбаев.

Құндылық: Заң және тәртіп.

Құқықтық жүйе мен адам құқықтарының негіздерін білу

Сабақтың барысы: Тәрбие сабағымызды бастамай тұрып осы бүгінгі кездесуіміздің мәні болып түрған мына қанатты сездерге назар аударайық.

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б. Момышұлы.

«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»

Н.Назарбаев.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған.

Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ дегеніміз - әрбір жеке адамның қадір-қасиеті мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ететін ережелер болып табылады.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ -бұл бізде тумысымыздан бар құқықтар, жай ғана адам болып дүниеге келгендіктен ғана бұл құқықтар бізге тиесілі. Оларды ешбір мемлекет бермейді.

Жалпы адам құқықтары - азаматтығына, жынысына, ұлттық немесе этникалық тегіне, түсіне, дініне, тіліне немесе кез келген басқа белгілеріне қарамастан, әрқайсымыздың ажырамас құқықтарымыз болып табылады.

Оларға өмір сүру құқығы сияқты негізгі құқықтар да, сондай-ақ, біздің өмірімізді лайықты ететін құқықтар - тамақтану, білім алу, еңбек ету, денсаулық және бостандық, т.б. құқықтары кіреді.

Енді осы кезге дейін жүріп откен құқықтық жолымызға көз салып көрелік:

-1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды.

-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды.

-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды.

-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды.

-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды.

-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды.

-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды.

- 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары

туралы заңы қабылданды.

- 2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты Заңы қабылданды. Адамзат баласының емір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция. Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды.

Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін

айқындайды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.

Ата Заңымыздың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы

баптарын саралап шығайық:

12 - бап

1.Қазақстан Республикасында Конституцияга сәйкес адам құқықтары мен

бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріліді.

2.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар

абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де

нормативтік құқықтық актілердің мазмұны қолданылуы осыған қарай анықталады.

З.Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.

5.Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы

басқа адамдардың кұқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық

құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс.

13 - бап

І.Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің кұқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

14 - бап

І.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

17-бап

1. Адамның қадыр - қасиетіне қол сұғылмайды.

2. Ешкімді азаптауға, оған зорлық - зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір - қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайды.

18-бап

1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының кұпиясының болуына, ар - намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

2. Әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының , телефон арқылы сөйлескен сөздерінің , почта , телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғаңа жол беріледі.

19 - бап

І.Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.

2. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

27 - бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке жэне бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың етене құқығы әрі міндеті.

29 - бап

І.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30 - бап

1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 - бап

1. Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.

2. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет ақарады.

. Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде республиканың жалпы бесінші, ал тәуелсіз елдің екінші Конституциясы қабылданды. Бүгінгі қолданыстағы негізгі заңымыз кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан құралған. Ол бүгінгі заманның барлық маңызды мәселесіне толық жауап беріп келеді. Келесі маңызды заңның бірі Балалар құқығы туралы конвенция -халықаралық келісімшарт. 1990 жылы әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша кез келген бала шыққан тегіне қарамастан қамқорлыққа алынуы тиіс. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995 жылы Қазақстан да қол қойды. Конвенцияның баптарына көз жүгіртейік, өйткені біздің колледжде 18 жасқа толмаған балалар 1,2 курстарда оқып жүр :

1 - бап. Шарт бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі.

2 - бап. Әрбір баланың нәсіліне, түріне, жынысына, тіліне, дініне,этникалық және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан құқығын қамтамасыз етеді.

6 - бап. Әрбір бала өмір сүруге толықтай құқылы.

7- бап. Бала жарық дүниеге келе салысымен есім және азаматтық алуға құқылы.

9 - бап. Бала өз ата- анасынан ажырамауға құқылы.

13 - бап. Бала өз пікірін еркін білдіруге құқылы.

14-бап. Бала ойлау, ар - ұждан, діни сенім бостандығына құқылы.

15-бап. Бала кұрама одақтарға мүше болуға және бейбіт жиындарға қатысуға құқылы.

16-бап. Баланың отбасылық өміріне біреулер қол сұға алмайды.

17-бап. Бала ақпарат көздерінің материалдарына еркін қол жеткізуіне құқылы.

19-бап. Баланы күш керсету және психикалық тұрғыда озбырлық керсетудің барлық түрінен қорғайды.

27 - бап. Баланың әлеуметтік жағынан өсіп - жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді.

28 - бап. Баланың білім алу құқығын мойындайды.

32 - бап. Баланың экономикалық қанаумен денсаулығына қауіп төндіретін, әлеуметтік өсуіне нұқсан келтіретін кез келген жұмысты істемеу құқығын мойындайды.

33 - бап. Қатысушы - мемлекеттер: бір де бір баланың ар намысын аяққа таптайтын айуандық қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрлеріне жол бермейді.

31 - бап. Мемлекеттер баланың демалуына және уақытын өз қалауынша өткізуіне, ойын - сауықтарға қатысу құқықтарын мойындайды.

Баланың жеке басының құқықтары:

- Аты - жөні, тегіне құқылы.

- Жанұяда тұрып, тәрбиеленуге құқылы.

- Ата - анасын біліп және олардың қамқорлығында өмір сүруге.

- Адами қасиетін силауға.

- Туған - туыстармен араласуға.

- Өз құқығын қорғауға.

- Құқығын қорғау үшін құзырлы мекемелерге шағымдануға, 14 жастан сотқа жүгінуге құқылы.

- Мемлекеттік стандарттарга сай білім алуға құқылы.

Біз құқылы мемлекеттің азаматтарымыз, сондықтан әр бір ұжымның,

оқу орнының, ішкі міндеттері мен құқықтары,ережелері бар. Мысалы:

Геология барлау колледжінің де Жарғысында колледж оқушыларының міндеттері

керсетілген:

1. Колледждің ішкі тәртіп - ережелері мен жарғысын сақтауға міндетті.

2. Ұстаздар мен әкімшіліктің талаптарын орындауға.

3. Оқу болмелерінде тазалық пен реттілік сақтауға, колледж мүлкіне ұқыпты қарауға, егер бүлдірсе оны қалпына келтіру, шығынын өтеуге міндетті.

4. Өзінен кішіге қамқорлық көрсетуге.

5. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарының толық болуына.

6. Сабаққа 15 минут ерте келуге.

7. Кезекшіліктің міндеттерін ұқыпты орындауға.

8. Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға міндетті.

Осы колледж оқушыларының міндеттері мен қатар тиым салынатын ережелері де көрсетілген.

Тиым салынады:

1. Ішімдік, қару, темекі, наркотикалық және улы заттарды колледж аумағына әкелуге.

2. Колледж ішіне және оның аумағына өрт пен жарылысқа әкелетін заттарды жақындатуға.

3. Қорқытуға, жәбірлеуге, жеке мүлкін тартып алуға.

4. Адам өміріне қауып төндіретін әрекет істеуге тиым салынады. : Бүгін біз Еліміздегі ең манызды заң күжаттарына көз жүгірттік.

«Еркіндікте болу үшін, заңға бағыну керек деген көне нақыл сөз жүз мәрте әділетті» деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөзі бар. Еліміздің көпшілігі заңға бағынып еркін жүргенде, сонымен қатар өмірде заң бұзушылық та орын алуда.

Заң бұзушылықтың себебі қандай? заң бұзушылыққа не әкелуі мүмкін? (Жағымсыз қоршаған орта, наркотиктар, маскүнемдік, адамның әлеуметтік жағдайы, қызығушылық, заңды білмегендік). Адам өзінің іс әрекеттерін дұрыс бағалауы қажет, соған талпынуы керек өйткені ер жеткенде ол өзі үшін және басқаға да жауапты болады. Сондықтан кәзірден бастап ол өзіне болашақта жүретін жол таңдауы қажет. Алдымызда екі жол; бірі ақ, бірі қара. Қара жол дегеніміз не? ( маскүнемдік, наркотиктар, заң бұзушылық , жазалау, ыза болу, көралмаушылық, жұмыссыздық.) Ақ жолды неге теңеуге болады? Олар: жауапкершілік, сүйіспеншілік ,білімділік пен біліктілік, жұмыспен қамтылу, жауаптылық ,төзімділік, салауатты өмір салты, заңды білу және оны құрметтеу.






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!