Материалдар / Тәрбие сағаты: Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі және шекараларды қорғау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Тәрбие сағаты: Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі және шекараларды қорғау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі және шекараларды қорғау.» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, қызығушылығын арттыру; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор желісі Қазақстандық жасөспірімдердің өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады. Осындай жағдайда, желі этикасын сақтап, желідегі қауіпсіздік ережелерін білу - әр оқушының міндеті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2024
906
17 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып жетекшінің аты-жөні


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны: 26

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі және шекараларды қорғау.

Тәрбие жұмысының бағыты


Мақсаты

Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, қызығушылығын арттыру; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


  1. Сәлемдесу. Қайырлы күн, құрметті оқушылар!

ІІ. Тақырыппен жұмыс

Интернетте қандай қауіптер бар деп ойлайсыздар?"

Интернет қауіпсіздігі үшін қандай қадамдар жасау керек?

Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба,  солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор

Назарларыңызға рахмет.

Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың… Бірақ ең демократияның орнаған саласы — осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
Ендігі бір мәселе — Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние

Интернет — тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

Сәлем бердік көрерменге! Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Сәлем бердік  қауымға Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің.Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару.Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ.Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:

Сақтық-деген әрқашан байқап  жүрмек,

Пайда не залал ма ескерілмек,

Көргенің естігенін есепке алса,

Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.


Қоры

тынды

10 мин

Мұғалімнің сөзі мен ұсыныстары. Интернет қауіпсіздігін сақтау қажеттігі, оның маңызды екенін тағы бір еске салу.









Тәрбие сағаттың ақпараты


Сынып:

Өткізілген күні:

Тақырыбы: «Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі және шекараларды қорғау.»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, қызығушылығын арттыру; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор желісі Қазақстандық жасөспірімдердің өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады.

Осындай жағдайда, желі этикасын сақтап, желідегі қауіпсіздік ережелерін білу - әр оқушының міндеті. 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!