Материалдар / Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Қасиетті домбыра»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Қасиетті домбыра»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білімділік Балаларға қазақтың ұлттық аспаптары жайлы мағлұмат бере отырып, оның ішінде домбыра аспабының басынан өткерген тарихы жайлы ертегіні еске түсіре отыра, ертегі қойылымын ойнатуды үйрету; Дамытушылық: Қазақтың басқа да аспаптарының әр атауларын айтқыза отырып тілдерін дамыту; Тәрбиелік: Өз ұлтына, қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту, өз дәстүрін сүйіп өсуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2021
3775
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 











Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі: А. Жәлеке.

«31 » 10. 2020ж





Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қасиетті домбыра»

Мақсаты:  Білімділік

Балаларға қазақтың ұлттық аспаптары жайлы мағлұмат бере отырып,  оның ішінде домбыра  аспабының басынан өткерген тарихы жайлы ертегіні еске түсіре отыра, ертегі қойылымын ойнатуды үйрету;

Дамытушылық:

Қазақтың басқа да аспаптарының  әр атауларын айтқыза отырып тілдерін дамыту;

 Тәрбиелік:

      Өз ұлтына, қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту, өз дәстүрін сүйіп өсуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:   Қазақтың  ұлттық  аспаптар көрмесі ,үнтаспа, буклеттер,

                     балалардың қолөнер жұмыстары  т.б.

 

Сабақ барысы:  

Балалар, мен қазір сендерге жұмбақ жасырып көрейін. Ал сендер жауабын дұрыс шешуге тырысыңдар!

                                Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,

                                Сөйлейді шежіредей адам соқса.

                            Тағы бір мінезі бар таңғажайып,

                             Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.

                                                                                    (домбыра)

Балалар бүгін біз қазақтың ұлттық аспаптарын тамашалап, танысатын боламыз.. Қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері өте көп екен. Ендеше тақтаға назар аударайық.

(аспаптарды көрсетіп, аттарын айту)

                                   Ұйымдастыру-іздестіру.

-         Балалар,  домбыра  дегеніміз не? (балалардың жауабын тыңдау)

Асылжан: - Домбыра қазақтың ұлттық аспабы. Ол қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан музыкалық аспап.

Мейірлан: - Қазақ халқында қуанышты, бақытты, әнді, күйді домбыра әуенімен  жеткізе білген.

Каусар: - Домбыра аспабы той думанда, жиын тойлардың сәнін келтірген.

- «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»  деп тектен тек айтылмаса керек.

- Балалар, мен сендерге «Домбыра туралы» аңыз ертегі айтып берейін.

(ертегіні айту)

      «Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен  дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында  бұл «Шайтан тиек»  деп аталып кеткен».

- Міне балалар, содан бері халқымыз домбыраны «Киелі домбыра» дейді. Адамдар өз сезімдерін домбыраға салып күймен жеткізген.


- Сендер қазақ халқының қандай күйшілерін білесіңдер?

(балалардың жауабын тыңдау)

 - Домбырамен Абай, Жамбыл, Құрманғазы, Тәттімбет, Біржан сал, Ақан сері, Дина апаларымыз да ән-күйлерін арнаған. Ал, балалар  ән-күй аспаптары  туралы қандай өлең-жырлар білесіңдер?

Гүлім:                 Домбырадай мұраны,

                            Қастерлеуге тұрады.

                            Сонда жатыр даланың,

                            Үні менен ұраны.

 

Темір Әсел:        Дыбысы оның мың сырлы

                       Бал бұлақтай күмбірлі

                       Ынта қойсаң рахат-ақ

                      Ол аспаптың бір түрі


Арман:    Қамыс құрай ағаштан

                    Түтікше боп ысылған

                    Үрлемелі ойықтың

                    Дыбысы нәзік сызылған.

 

Айсұлтан:        Жорғалатқан жетіген,

                   Сыбызғы үні лекіген.

                   Сызылтады қылқобыз,

                  Шалып ойнар шаңқобыз.


Ән: Сыбызғы – сазсырнай. Орындайтындар: Қарлығаш, Әсел, Әдемі.

 

Ерасыл:        Адырна, ұран, қос сырнай,

                      Саз қалыспас,  қосылмай.

                     Соғар дабыл, жыланбас,

                      Шындауыл мен дауылпаз.

 

Мансур:      Тоқылдайды тоқылдақ,

                       Асатаяқ тайтұяқ.

                       Әуез кернеп, ысқынып,

                      Шығар керней, ысқырық.

 

Шамшырақ:   Домбыраны қолға алып,

                     Күйшілерше шертейік.

                     Әсем әуен сазымен

                     Біз өнерді жалғайық.

                     Бишілерше бұралып,

                     Дөңгелене билейік.

Би: Қазақ халқының ұлттық биі: « Қамажай». Орындайтындар: Әдемай,Нұрай.

  

- Жарайсыңдар, балалар! Сендер білесіңдер ме? Қазақ халқы қайғыны да, қуанышты да домбырамен халқына жеткізе білген. Осы жайында аңыз-ертегілер де бар.

Жүргізуші:           Бабамыздың мұңысың сен домбыра,

                          Анамыздың сырысың сен домбыра.

                             Қазағымның жүрегінен жаралған,

                             Даламыздың үнісің сен домбыра -

 дегендей, қане балалар, бізде бір әнге қосып ән айтайық:



Ән: « Домбырасыз сән қайда ? ». орындайтындар: Шырай, Айназ,Ақмерей.

Вальс: Орындайтындар: Мейірлан – Каусар

Асылжан – Нұрай


 

Қорытынды:   1. Балалар жарайсыңдар , бүгін біз қазақтың қандай

аспаптарымен таныстық?

                     2. Қандай аспаптар туралы тақпақтар айттыңдар?


Осымен « Саз аспаптары » деп аталатын тәрбие сағатымыз аяқталды.


Сөз: Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары.

Көріп тамашалағандарыңызға рақмет

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!