Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты "Ұлылардың ұлысы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ашық тәрбие сағаты
«Ұлылардың ұлысы»
(Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай)
6 «А» сыныбы
Сынып жетекшісі: Мусин Сағынжан Сәлімұлы
Өткізген: практикант Хайролла Жәния Темірбекқызы
2020-2021 оқу жылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлылардың ұлысы»
Жүргізуші: Қазақтың ұлы ақыны, поэзия көсемі Абай Құнанбаевтың өмір жолын үлгі етіп, қасиетті қара өлеңімен сусындамақ ниетпен 6 «а» сыныбы ұйымдастырған «Ұлылардың ұлысы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қатысып отырған барша ұстаздар қауымы мен білім алушыларға қош келдіңіздер дейміз!
Жүргізуші: Абай-қазақ абыройын асқақтатқан, ұлан-байтақ жерді мекендеген батыр да жомарт, кеңпейіл, дархан халықтың төлқұжатындай, соншалықты ардақты есім. Абайдың асыл мұрасы – биік адамгершілік үлгісі, ізгілікті өмір үлгісі, адамды құрметтеп, сыйлау үлгісі. Абай поэзиясының нұрлы шуағынан қуат алған әдебиетіміздің ірі тұлғалары данышпан ақын жайлы жарқын лебіздерін жүрекпен толғады. Міржақып Дулатов: «Зәредей шүбһа етпейміз, Абайдың өмірден өткен күнінен қаншалықты алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар»-деп ұлы ақын болашағына зор сенім артқан.
Олай болса, тәрбие сағатымызды ұлы ақынның өмірбаянымен танысудан бастасақ.
(Абайдың өмірбаяны туралы видео көрсетіледі)
Жүргізуші: Енші болып Абайға ерек
мол дарын,
Қайда барсаң қамтып кеткен ол
бәрін.
Тілге жеңіл, жылы тиген
жүрекке,
Кімдер жатқа айтпайды өлең
жолдарын.
"Қаламқастан" авторы бар тарайды
ән,
Аударма да басталады
Абайдан.
"Ғақылия" қарасөздің
қайнары,
Той тарқамас Абай соққан
сарайдан.
Олай болса, келесі кезекте сіздерге Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп
оқитын 6 «А»-сынып оқушылары:
1)Ермекқали Айдана
2)Жұмакелді Оразалы
3)Жолдығали Лалита
4)Қуандық Жауқазын
5)Қайратқызы Гүлімай
Жүргізуші:
Қосты Абай ән мен күй
көшін
Дастан, сөз, өлең,
сықаққа.
Тұр тауып бәрі
үйлесім,
Бір ағаштағы ұқсап
бұтаққа.
(Абайдың өлеңдері мен әндерінің тақырыптары сурет ретінде беріледі. Оқушылар табуы тиіс)
«Күз», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Желсіз түнде жарық ай», «Аттың сыны», «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Жүргізуші:
Абайдың қара сөздері жайында толық мәлімет беріп, сөз еткен адам – заңғар жазушы Мұхтар Әуезов болатын.
Абай қарасөздері – ақыл, ғибрат, өсиет қана емес, болашаққа берік бағдар, жалғаса берер жарқын істер. Абай рухани мәдениет көгіндегі ұлттың темірқазық жұлдызындай шоғырлы жұлдыздар арасында мәңгі дара тұрады. Абай – ұлттың рухани көсемі.
Ендігі кезекте ұлы ақынның қара сөзіне құлақ түрсек...
(Абайдың жетінші қара сөзі видео арқылы көрсетіледі)
Видеоны көріп болғаннан кейін оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
1)Қандай мәселе көтерілген?
2)Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?
3) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?
Жүргізуші:
Абай - дара портретім үйге
ілген,
Абай томы бас боп кітап жидым
мен.
Абай тұңғыш эпопеям,
қазақты
Күллі әлемге
сүйдірген.
Абай мәңгі хан бір түспес тақтан
еш,
Қазақ даңқын таратқан әр жаққа
алыс.
Рухани
энциклопедиям,
Абай - ұлттық
мақтаныш!
Оқушылар, Абай атамыздың қандай әндерін білеміз?
(Оқушылар жауап береді)
«Көзімнің қарасы» әнінің шығу тарихы айтылады.
Абайдың «Көзімнің қарасы» әнінің шығу тарихы
Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін білмейтін қазақ кемде-кем. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін ән салуға аса бір қабілеті болмаса да, ыңылдап жүріп айтатын әні.
Қазақтың табиғатына ерекше жақын. Қоңырқай тірлігімен әннің биязы болмысы әп сәтте астасып кетіп кез келген адамның жансарайын ашатын қасиетті музыка туындысына айналды. Осы кезге дейін бұл әннің бірнеше нұсқасы жетіп отыр. Әннің әр алуан орындалуынан бөлек тақырыбына қатысты да қазіргі күні ғалымдар арасында сөзталқы болып жүр. «Көзімнің қарасы» әнін көпшілік махаббат тақырыбына арналған деп топшылап жүрсе, әдебиет мамандары алғашқы төрт шумағы Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахманға арналған деген пікірді жиі айтады. Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы.
Бітпейді ішімде,
Ғашықтың жарасы.
Рас, Әбдірахман Абай үшін «көзінің қарасы» мен «көңілінің санасы» еді. Балқожа биді бек ынтызар еткен Ыбырай секілді «Үміт еткен көзімнің нұры балам» ықыласының шын иесі-тұғын.
Мүрсейіт Бікі баласының қолжазбасымен жарияланған Абайдың алғашқы жинағында «Көзімнің қарасы» өлеңі 1891 жылы жазылған деп көрсетілген екен. Әбдірахманның 1895 жылы не бары жиырма жеті жасында мерт болғандығын ескерсек, аталған ғазал сүйікті ұлының көзі тірісінде туған. Біз ақынның «Өзі де білмей ме» ишарасынан осыны аңғарамыз. Екінші жағынан, осы бір өлең жолдары әке мен бала арасында орнаған шын асықтықтың ұлына да айпарадай анық екендігін әйгілеп тұр. Не бары төрт шумақтан ғана тұратын ғазалдың соңғы жолы ақынның сөз түйіні іспетті. «Көп сөйлеп созбайын» деп өз-өзіне тоқтам жасайды.
«КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ» – көзінің қарашығындай болған Әбдірахманға әке тарапынан жазылған ғажайып туынды.
Жүргізуші: Қазақ аспанынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздардың үркердей ұлы шоғырында алдымен есімі аталатын арысы, бәйтерегі- Абай.
Шыңғыстауда дүниеге келіп, әлемді мойындатқан, дала сахнасының төрінен көрініп, тұтас адамзатқа ортақ биік парасатты мұраттарымен, болашаққа деген сенімдерімен, бүгінгі ұрпаққа ұлылығымен әйгіленген ұлы тұлға ол-Абай.
1)Абайдың шын аты кім?(Ибраһим)
2)Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үш күйі бар: «Тоғжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»)
3)Абайдың аяқталмаған поэмасы(«Әзім әңгімесі»)
4) Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата ( Зере, Ұлжан)
5)« Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов)
6)Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы)
7)Абайдың неше поэмасы бар?(«Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі»)
8)Абайдың неше қара сөзі бар?(45)
Жүргізуші:
Көрсетсе де заманасы мың қысым,
Үркітсе
де әуелеген түз құсын.
Мақтанышпен тұр ғой қарап әлемге,
Кеуде керіп
Шыңғысың!
Тербеп жатқан атын қазақ даласы,
Кемеңгердің келбетіне қарашы!
Адамзатты жүгіндірген алдында,
Құдіретті,
Құнанбайдың
баласы!
Қорытынды сөз кезегін 6 «А» сыныбының сынып жетекшісі Мусин Сағынжан ағайға береміз.
Осымен, 6 «А» сыныбы ұйымдастырған «Ұлылардың ұлысы» тақырыбындағы тәрбие шарасы өз мәресіне жетті.