Тақырыбы: Тәрбиелі
бала –
болашағымыз
«Адамғаеңбіріншібілімемес,
тәрбиеберілуікерек,
тәрбиесізберілгенбілімадамзаттың қас жауы,
ол
келешектеоныңбарлықөмірінеапатәкеледі»
Әл-Фараби
Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі, өсуі болашақ ұрпақ
қолында. Бүгінгі күннің басты мәселе
бала тәрбиесі. Тәрбие мен білім өмір
жолындағы үздіксіз процесс.
Өркениетті елдер көшіне асқақ мұрат тұтқан әрбір ұлт ұрпақ
тәрбиесіне айрықша ден қояды. Өйткені бүгінгі бала ертеңгі өмірді
жалғастырушы,ертеңгі жарқын болашақтың , елі мен жерінің
иесі.
Демек,
Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе,
балабақшадан бастау алып, бала бойына танымдық
қабілет дарыту
міндетіміз.
Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші
сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу-қоғам
алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты
міндеті болып саналады.
Өсер ел
бірінші кезекте ұрпағын ойлайды.Оның бойында ұлағат ұрпағын себуді
мақсат етеді.Өйткені бала да балапан секілді «Ұяда не көрсен,
ұшқанда соны іледі»
Өмірді
жалғастырып , халқымыздың елдігін баянды етер сол жас ұрпақты
жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген.
Ешқандай жоғары білімсіз-ақ тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін
баласының бесігінен бастаған халқымыз адамдықтың парызын
перзентінің көкірегіне ұялатып іс-әрекетін
қадағалаған.
Адам
бойында ең тамаша қасиеттер балалық шағынан қалыптасады. Ұрпағым
өнегелі, жақсы азамат болып өсіп жетілсін десек, ең алдымен
бесігінді түзе – деген ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың сөзі тегін емес.
Тірбиенің әліппесі баланың белі бесіктен шықпай жатып ана сүтімен
сіңіріліп, ұлттық өнегенің ең асыл, ең нәрлі қасиеттері сол сәби
шақтарынан-ақ үлгі етіп тартыла басталуы
керек.
Балалабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы
әрі жан – жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін
қалайтын орын.
Балабақша – білім мен ортаға биімделудің
тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші – сол балабақшаның
жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады. Біздің
мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда
өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу.
Өмірге келген әрбір нәресте отбасында ата-анасының махаббаты
мен жылулық шапағатына бөленіп өседі.Әр отбасында тәлім – тәрбие
алып 2 жасқа толғанда ата-аналар жүректерінің бір-бөлшегін сеніп
толықтай бір күнге балабақша әкеліп тапсырады.Сол орайда ананың
орнына ана бола білетін ол-балабақша тәрбиешісі. Балабақша
баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы
қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана
бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып,
олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Аса
сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері
жұмыс атқарады. Өйткені бұл мамандық иелерінің
мойнына, ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған
тарыдай ғана бүлдіршіндердің
бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие
ұрығын егіп, таудай азамат етіп
шығару міндеті
жүктелген.
Баланың дамуының іргетасы қаланып, тұлғаның
«Мені» қаланатын кезеңі – балабакшада. Ары қарай өмірдің өсу
сатысында білім мен тәрбие ұйымдарында қалыптасқан бір ізділік жүйе
арқылы өз көзқарастарын қалыптастырып, «Мені»- танылып, жеке тұлға
ретінде қоршаған ортада өз орындарын
табады.
Бақшадағы оқу қызметері бес сала бойынша іске асып
барлығы ойын түрінде балалар бойына білім нәрін сусындатады.
Тілін дамытып ортаға биімдеп қарым-қатынасқа икемдейді, Қарапаайым
математикалық ұғымдарын қалыптастыру арқылы оң мен солын,ұзын
қысқа үлкен кішісін ажыратуға,жапсыру, мүсіндеу,суретсалу
арқылы шығармашылығы дамып, түрлі ойындар арқылы әлеуметтік
ортаға бейімдейді, қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен жақынырақ
танысады. Өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды
үйренеді, сонымен бірге шынығып, салауатты өмір салтын ұстап
өсуі жолында да берілетін осы балабақша жұмысының
еңбегі ұшан теңіз. Тәрбиеші балаларға білім беру үшін баланың
іс-әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін
арттырып, көздеген мақсатқа жеткізуші. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен
қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі
жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан
жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға
жетелеу.
Бақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып,
балабақшаны-болашақтың қақпасына деп білуіміз
керек.
Болашақтың қақпасы-әрбір бақша табалдырығын аттаған
бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде
патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен
тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. Қазіргі заман талабына сай
өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды
жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей
отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп
білемін. Ата-ана балаларын балабақшаға берместен бұрын «ол жерде
балам не үйреніп шығады, тәрбиеші қандай болады екен?»- деген
сұрақтар мазалайтыны түсінікті. Сондықтан да бақша-тек балаға
бас көз болып қарайтын, осы еңбектері үшін мемлекеттен жалақы
алатын адамдардың жұмыс орны деп қарамау керек. Керісінше, бақша
менің балама білмегенді үйретіп, жақсыны беріп, жаманнан
жирендіретін, білімді де білікті мамандардың ордасы деп білуі
керек.
Балабақшада дұрыс тәлім – тәрбие бере алсақ, ол ертең
мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның
нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз, тәрбиешілер,
түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас.
Болашақ заңгерлерді – әділдікке үйрету, дәрігерлерді –
жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды –
нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз
бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу
қажет.
Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні Ұлы Абай атамыз: «Адамның
адамшылығы –ақыл,ғылым жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы
ұстаздан болады»-деп ой түйген.Сондықтан тәрбиенің нәтижелі болуы
әрбір тәрбиешіге байланысты .
Сондықтан, алдымызға келген әр
бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп
ұлтжандылыққа тәрбиелейік. Балабақша бақыттың ең
бірінші баспалдағы, баланың
болашағы.
Ал
біздің «Жасұлан» балалар бақшасында баланы тәрбиелеуде және білім
беруде өне бойы ізденіп , жаңа техналогияларды пайдаланып ,жаңашыл
жұмыс істеуге талпынамыз .
Ендеше,
жаңа техналогиялар мен тәсілдерді қолдану негізінде жас ұрпақты
тәрбиелеу-басты мақсатымыз. Бала тәрбиесінің бағбаны атанған
тәрбиешілер, ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегі шығармашылық
жетістіктерге толы болсын.