Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Тарихи атаулар- Тәуелсiздiгiмiздiң бет-бейнесi»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Темiртау қаласы № 9 мектеп-лицейi»КММ
Секциясы: Өлкетану
Тақырыбы: «Тарихи атаулар- Тәуелсiздiгiмiздiң бет-бейнесi»
Авторы: Туремуратова Айдана
11 «А» сынып оқушысы
Жетекшiсi: Асимхан Катюша
2018 ж
Мазмұны.
1.Кiрicпe 4 бет
II. Негiзгi бөлiмi:
1. Облыс тарапынан атқарылып 5-8 бет
отырған ономастикалық
жұмыстардың негiзгi бағыттарын анықтау
II.Практикалық бөлiмi:
2.1.Оқушылар арасында сауалнама 9-11 бет
өткiзу арқылы облысымыздағы
жер- су атаулары туралы
көзқарастарын айқындау.
2.2.Қарағанды қаласының
құрлымдық бөлiмiн анықтау 12- бет
III.Зерттеу бөлiмi:
3.1.Тәуелсiздiк алғаннан бергi
қайта аталған тарихи атаулардың
пайыздық өлшемiн анықтау. 13- 18 бет
3.2.Жер-су атауларына байланысты
Қарағанды облысы бойынша
жарыққа шыққан кiтаптарға шолу. 19 бет
Қорытынды. 20 бет
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi 21 бет
Абстракт (аннотация)
-
Тақырыптың маңыздылығы: Кез-келген елдiң өткенi мен бүгiнiнiң сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдерi арқылы көрiнiс табады. Қазақ елiнiң де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертедi. Осы себептi де және елiмiздiң басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген топонимдердiң өзгерiске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты да тарихи атауларды зерттеу бүгiнгi күнi өзектi мәселелердiң бiрiне айналып отыр
-
Жұмыстың мақсаты: Туған өлкенiң тарихын,атадан балаға аманат болып жеткен тарихи атауларды зерттеу арқылы Қарағанды облысына қарасты қала, аудан атауларымен танысу және тәуелсiздiк алғаннан бергi қайта аталған тарихи атаулардың сырына терең үңiлу.
-
Болжамы (гипотезасы): Тәуелсiздiк алған 20 жыл iшiндегi өзертiлген елдi-мекен атауларына сараптама жүргiзе отырып, тарихи атаулар егемендiктiң жемiсi екенiне көз жеткiзу.
Аннотация (Аннотация)
Важность темы: прошлое и современность любой страны отражены ее названиями сухопутных вод - топонимами. Земля казахской земли также отражает многовековую историю населения. По этой причине изучение исторических названий сегодня стало одним из актуальных вопросов из-за изменения и забывчивости многих топонимов в «тяжелую эпоху» нашей страны.
Цель: рождение, ребенок из истории региона достигается путем изучения исторических названий, чтобы узнать имена Карагандинской области, города, района и прошлом восстановления независимости исторического значения имен.
Предположение (гипотеза). Чтобы убедиться, что исторические имена являются результатом суверенитета, проводится экспертиза названий отличительных 20-летних, получивших независимость.
Abstract (Annоtatiоn
Importance of the theme: The past and presentness of any country is reflected by its land-water names - toponyms. The land of the Kazakh land also reflects the centuries-old history of the population. For this reason, the study of historical names has become one of the topical issues today, because of the change and forgetfulness of many toponyms in the "grave era" of our country.
The purpose of the work: acquaintance with the history of the native land, acquaintance with names of the children from the names of the Karaganda region, acquaintance with the names of the cities and districts, and to look into the secrets of these historical names since the independence.
Assumption (hypothesis): To make sure that the historical names are the result of sovereignty, carrying out an expertise of the names of the country of origin for 20 years of independence.
Кiрiспе.
Адамзат тiрлiгiнiң бүгiнi мен ертеңiн тануда, сын сағаттарда сонарлы жол тауып, болмыстың мәнi мен мағынасын анықтауда, табиғи заңдылықтардың қажеттiлiгiн өтеуде адам баласы тарихқа жүгiнедi. Сол себептi де әлемнiң қай бұрышы болмасын жеке адам да, жалпы қоғам да өткенiнен сабақ алып, дәстүрiне арқа сүйеп, тарихымен мақтанады.
Далам-ай, дархан далам-ай ұлы!
Жусандарыңнан аңқитын қобыздың үнi.
Самалың сипай аймалап сарайымды iшкi,
Сiңдiрген күнiң жаныма арайын күштi.
Шомылдырады мөп-мөлдiр кәусарым күлiп,
Кәусарыңды жүрмiн мәңгiлiк аңсарым ұқылып.
Байтағым менiң кемеңгер абыздар елi,
Әр жота қыры жетелер аңызға менi, -Қарағандылық жас ақын Сәттiбай Жүнiсов жырлағандай, туған жер әрбір адамның жүрегінен түпкі орынға жайғасқан байлықтарының бірі.
Жер тарихы –ел тарихы. Өзiмiз күнделiктi басып, ауасын жұтып, суын iшiп жүрген жердiң атауларына келгенде кiдiрiп, күмiлжiп қалатынымыз сөзсiз.Сондықтан да қай кезде болсын туған жердiң әр тасын, әр көдесiн тiптi самал желiне дейiн сүю,жас ұрпақ ,бiздiң - басты парызымыз.
Бұл жобада Қарағандыға қарасты қала, аудан атауларының тарихи мағынасына тоқталдық.
Жалпы айтқанда ғылыми жобамыз ел тарихына бей-жай қарамайтын көзi қарағы адамдарды елең еткiзерi анық.
I тарау. Негiзгi бөлiм.
1.1Облыс тарапынан атқарылып отырған ономастикалық жұмыстардың негiзгi бағыттары.
Кез-келген елдiң өткенi мен бүгiнiнiң сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдерi арқылы көрiнiс табады. Қазақ елiнiң де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертедi. Осы себептi де және елiмiздiң басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген топонимдердiң өзгерiске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты да жер-су атауларын зерттеу бүгiнгi күнi өзектi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Топонимика географиялық атауларды зерттейтiн ономастиканың бiр бөлiмi. Топономика гректiң topos - орын + опума - есiм, ат деген сөздерiнен алынған. Ол өзен, су, құдық, бұлақ, көл, теңiз аттарын (гидронимдердi); тау, сай-сала, қырат, жоталар, асулар, орман-тоғай, жайлау аттарын (оронимдердi); елдi мекендердiң аттарын (ойконимдердi) жан-жақты зерттейдi. Әрбiр атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебi бар.
Егемендік алғаннан бері елімізде бірнеше
облыс, қала, 1300 ауылдың, 8000 көшенің аты мен атауы ұлттық
бағытта өзгерген. Қазақты қазақ қылған, атын шығарған, қазақтың
мақтаны мен айбары болып табылатын тұлғалардың есімдері көшелерге
беріле бастады. Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі саналатын Алматы
шаһарында азғантай ғана уақыт ішінде 158 көшенің аты өзгертіліп,
458 көшеге жаңадан атау берілді. Басқа да өңірлерде, әсіресе қазақ
қалың отырған аймақтарда бұл үрдіс асқан белсенділікпен жүзеге
асты..Көше атауларының көбісінің ел тарихына
ешқандай қатысы жоқ, жат атаулар екенін, сондықтан қазіргі
талаптарға сай етіп, мемлекеттік сипатымызға сәйкес түбегейлі
реттеуді қажет ететінін көрсетіп
берді.
Мысалы, Шахтинск қаласындағы 214 көшенің
12-нің атауы ғана қазақша аталған. Саран қаласындағы 210 көшенің
11-і ғана қазақ тілінде. Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында
253 көше бар, соның 32-сі ғана қазақша, ал Октябрь ауданына қарасты
Пришахтинск елді мекенінде 204 көшенің тек 12-сі, Майқұдықта 96
көшенің небәрі 6-уы ғана қазақша. Теміртау қаласында - 10,5%,
Приозерск қаласында - 14,7%, Балқаш қаласында - 25% Жезқазған
қаласында - 30,5%, Осакаров ауданында - 4,1%, Бұқар жырау ауданында
- 13,8%, Абай ауданында - 19,3% құраса, жалпы облыс бойынша көше
атауларының мемлекеттік тілдегі пайызы 35,6% ғана құрайды.
Осыдан-ақ болжай беріңіз, қайда тұрып
жатқаныңызды.
«Топонимикалық жүктемелері жоқ, моральдық
тұрғыдан ескірген, ұлттық болмысымызға мүлде жат: Қарағанды
қаласында «Сторожевая», «Ударная», «Бензинная», «Насыпная»,
«Складская», «Отвальная», «Лескова», «Моторная», «Зональная»,
«Кочегарка», «Звездная», «Революционная», «Тюленина», «Хрустальная»
т.б., Саран қаласында «Безымянный», «Веселый», «Зеленый» сияқты
ешқандай сын көтермейтін көше атаулары көптеп кездессе, қазақ ұлты
басым Шет ауданында «Дорожная», «Мира», «Степной», «Гаражная»,
«Рудничная», «Советская», «60 лет Октября», Ұлытау ауданында
«Огородная», «Центральная», «Школьная», «Мира», «Садовая»,
Қарқаралы ауданында «Озерная», «Заречная», «Ленин», «Комсомол»,
«Новая» сияқты көшелер де
кездеседі.
- Тәуелсіздігіміздің 20 жылының әр жылында
аудан, қалаларымызда бір-бір көшеден өзгерткеннің өзінде әр қала,
әр ауданда 20 көше атауы қазақшаланар еді. Бірақ атқарушы билік
органдары тарапынан ешбір қимыл жасалмағаны көрініп тұр. Жергілікті
билік органдары тұрғылықты халықтың басым көпшілігі басқа ұлт
өкілдері болғандықтан, оларды қазақшаға өзгерту мүмкін емес дегенді
желеу етеді.
Ең сорақы, масқара дерек мынадай: елімізде 352 көше әлі күнге дейін Ленин есімін иеленуде. Сонымен қатар 372 Октябрь, 267 Совет көшелері бой түзеп, жұрт санасын улап жатыр. Ресми деректерге сенсек, Қостанайдағы көшелердің 15 пайызы, Қызылжардың – 12 пайызы, Өскеменнің – 18 пайызы ғана қазақшаланған. Мұндай жағдай, шынын айталық, қазақшылығымызға сын.
Демек, топоним атаулы тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар берiп тұрады деген сөз. Мұның өзi белгiлі бiр өңiрдiң топонимiне қарап сол өңiрде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тiршiлiк көзi жайында, ой-өрісi хақында, тiпті сезiм сұлулығына дейiн тамаша хабардар болып, белгiлi бiр қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.
Қарағанды облысының топонимдерi де республикамыздың басқа өңiрiнiң топонимдерi сияқты белгiлi бiр мерзiм, кезеңнiң ғана емес, сан мыңдаған жылдардың, тұтас бiр дәуiрдiң жемiсi. Сондықтан да олар қоғам өмiрi, халық тiршiлiгiмен тығыз байланысты. Олардың құрамында да әр дәуiрдi, әрбiр кезеңдерде Қазақстанды, Қарағанды облысыны мекендеген әралуан елдiң тiлi мен сөзiнен қойылған географиялық атаулар саны көптеп кездеседi. Облыс топонимдерiнiң бiр тобы көне заман, ескi тарихымызбен тығыз байланысты боп келсе, екiншi бiр басым тобы Кеңес өкiметi тұсында пайда болған, социалистiк дәуiрдегi және одан кейiнгi өзгерiстердiң айқын куәсi болып табылады.
Облыстағы әрбiр топоним белгiлi бiр мағынаға, алуан түрлi қүбылысқа ие, семантикасы жағынан жеке объектiлердi атайтын жалқы есiмдердiң ерекше тобына тән. Әрбiр географиялық атау тарихи, әрi, оның мағыналық өрiсi де кең. Олар замана қүбылысына, өзгерiсiне қарай әр түрлi мағлүматқа: түрлi соғыстар, халықтық әдет-ғұрып, салт-сана, халықтардың қарым-қатынасына және т.б. тарихи оқиғаларға бай.
Топонимдер құрамына енетiн апеллятивтер объектiнiң табиғи ерекшелiктерiн айқын көрсетедi (жер бедерi, өсiмдiктер, топырақ т.б.) сонымен қатар этноним мен антротопонимдерден жасалған топонимдердiң де құрамы мол. Бұл топтағы атаулар осы өңiрдiң этногенезiнен толық хабар бередi. Олардың кейбiреулерi ұзақ уақыт қолданылу нәтижесiнде көнеленiп, географиялық атау ретiнде қойылу себептерi ескiрiп, ұмыт болған.
Облыс топонимдерiнiң стратиграфиясы олардың құрамында бiрнеше тiлдiк қабаттардың барын көрсетедi. Аталған өңiр топонимдерiнiң шығу, пайда болу, қойылуында жергiлiктi халықтың тарихы мен оның ғасырлар бойғы тiрлiк-тынысы, әдет-ғұрып, салт-санасы ана тiлiмен тығыз бiрлiкте дамыған. Ондай атаулар көптеген ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тарихи жалғасын тауып келедi. Мұның бәрi түрлi тiлдiк қабаттан тұратын, шығуы, пайда болуы жағынан әртүрлi дәуiрлерге тән топонимдердi бойында берiк сақтап отырған. Олардың iшiнде басты, негiзгi топонимдер ана тiлiмiздiң негiзiнде жасалған атаулар. Дегенмен көршiлес, кейбiр шалғай жатқан елдермен арадағы тарихи-әлеуметтiк, дiни қатынастар барысында пайда болған басқа тiлдiк топонимдер тобы да жоқ емес.
Халқымыз қашаннан, қай
заманнан ынтымақ-бiрлiктi, тату тiрлiктi қалаған елдiң ұрпағы.
Соның бiр айғағындай, талай ғасырлардан жеткен «Бiрлiгi жоқ ел
тозады, бiрлiгi күштi ел озады» деген даналық сөздерiмiздi
дәлелдеген ел бiрлiгiн сақтаған ерлерiмiз бар, ынтымағы ұйысқан
елiмiз бар.
Бүгiнгi таңда Қазақстан бiрлiгi бекем, татулығы тұрақты толыққанды
мемлекетке айналды. Ғасырлар тоғысында еркiндiктi аңсаған ата-баба
арманы жүзеге асып, тәуелсiздiкке қолымыз жеттi. Биыл, мiне,
тұғырлы тәуелсiздiгiмiзге 20 жыл толып отыр. Елiмiздiң шыңға
шығарған егемендiгiмiздiң еңсесiн нық ұстауға ұлттың, елдiң
дамуында ұлттық құндылықтардың алар орны ерекше. Оларсыз маңдайы
жарқыраған, төрт аяғын тең басқан өркениеттi ел болу да қиын.
Құндылықтар дегенде атадан балаға мирас болып келе жатқан, ана
сүтiмен бойға дарыған ана тiлiмiздi – талай ғасырдан осы күнге
жеткен тарихи атаулардың маңызы зор.
Көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ономастикамыздың жүйесi XIX ғасырдың екiншi жартысынан бастап түбегейлi өзгерiстерге ұшырап, нәтижесiнде қазақ ономастикасының өзiндiк болмысына, ұлттық ерекшелiгiне, әсiресе оның топонимикалық және антропонимикалық жүйелерiне орасан зиян келтiрдi.
Сол себептен елiмiз тәуелсiздiк алғаннан бастап ұлттық ономастика кеңiстiгiн өзiнiң төл бояуларымен, төл нақыштарымен өрнектеуге берiк бағыт ұстанылды. Қазiр ономастикалық жұмыстың үлгiлiк-құқықтық негiзi қалыптасты деп айтуға болады. Ұлттық ономастика iсiне анық мемлекеттiк көзқарас орнығып келедi.
Бұл мақсатта Қарағанды облысы тарапынан да бiршама жұмыстар атқарылуда.
Бүгiнгi таңда облыстық тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасы ономастикалық жұмыстарды мына бағыттарда жүргiзiп келедi:
-
Өзгертiлген жер-су, елдi мекен атауларын байырғы тарихи атаулармен алмастыру.
-
Транскрипциясы бұрмаланған немесе қате жазылған жер-су атауларын қайта қалпына келтiру.
-
Байырғы атаулары ұмытылған немесе жаңадан құрылған және атаулары отаршылық- тоталитарлық сипаттағы елдi мекендер мен бiлiм, мәдениет мекемелерiн, басқа да физикалық-географиялық объектiлердi қазiргi заман үлгiсiндегi жаңа атаулармен қайта атау.
-
Ономастикаға қатысты ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру.
1991 жылдан берi облыстағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге ат қою және олардың атын өзгертуге, атауларының транскрипциясын нақтылау жөнiнде жан-жақты жүйелi жұмыс жүргiзiлуде. 3 ауданның (Мичурин – Абай, Ульянов – Бұқар жырау, Совет – Қазыбек би), 1 қаланың (Никольский – Сәтбаев) атаулары өзгертiлiп, 1 қаланың (Жезказган – Жезқазган) транскрипциясы нақтыланды. 31 ауылдық округтың, 39 ауылдың, 13 кенттiң атаулары өзгертiлiп, транскрипциялары нақтыланды елдi мекеннiң, темiржол станса атауларының орыс тiлiндегi транскрипциясы нақтыланды.
Өзгертiлген ұлттық атауларымыздың бәрi де халқымыздың санасына кiрiп, айтылуы мен жазылуы да қалыптасып, ресми қатынастар мен карталарда өз орнын алғ
II. Практикалық бөлiмi.
-
. Оқушылар арасында сауалнама өткiзу арқылы облысымыздағы жер- су атаулары туралы көзқарастарын айқындау.
Ғылыми жұмыс тақырыбын алған кезде әуелi тақырыптың жан-жақты қырын зерттеп, зерделеп өзiм қатарлы мектеп оқушыларының арасында сауалнама жүргiзiп таразыға салып алуды жөн санадым.Тақырыпқа байланысты сауалнама барысында алынған тақырыптың шын мәнiнде өзектi екенiне және де бұл жобаның менiң өмiрлiк мектебiмде алатын орны зор болатынына көзiм жете түстi. Себебi, кең байтақ қазақ даласының, яғни елiмнiң, жерiмнiң тарихын олардың қызықты атауларына байланысты көптеген аңыз әңгiмелердi бiлу - мен үшiн баға жетпес қазына. Сөзiм дәлелдi болу үшiн мектеп оқушылармен өткiзген сауалнама нәтижесiнде жоба барысында көрсетiп кетудi дұрыс деп түйдiм.
Сауалнама сұрақтары:
-
Қарағанды облысына қанша қала қарайды?
-
Облысымыздағы аудан атауларын ата?
-
Құнанбай қажының мешiтi қай ауданда орналасқан?
-
Тұңғыш Президент еңбек жолын бастаған қала қалай аталады?
-
Өзен атауымен аталатын ауданды бiлесiң бе?
-
Бұқар жырау ауданының Ульяновский п. қазiр қалай аталады?
-
Шайтан көл қай жерде екенiн бiлесiң бе?
-
Жауыртау бұрын қай жердi атаған?
-
Осакаров ауданының тарихи атауын бiлесiң бе?
Жауаптары:
А) бiлемiн; Ә)бiлетiн сияқтымын; Б) бiлмеймiн.
Сауалнамаға 74 оқушы қатысты, соның iшiнде;
-
барлық сұраққа бiлемiн (иә) деп жауап берген – 25 бала,
-
барлығына бiлмеймiн (жоқ) деп жауап берген- 38 бала,
-
барлығын бiлетiн сияқтымын (сенiмсiз) деп жауап берген- 11 бала.
Қарағанды облысына қатысты жер-су атауларына байланысты сұрақтарыма достарымнан мандымды жауап ала алмағаныма кiшкене налып қалсам да жобаны әрмен қарай зерттей түсу мен үшiн қызықты болды. Өйткенi, ғылыми жеткешiмнiң белгiлеп берген күнделiк жоспарына сәйкес облыстағы тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасына барып, ономастика саласын жан-жақты бақылап, жүзеге асырып отырған бөлiм мамандарымен танысу кезiнде жобаға деген қызығушылықпен iздену жұмыстарым үдей түстi.Тiл саясатының жiлiгiн шағып, майын iшiп жүрген аға, апайларымның айтуынша бұл тақырып тәуелсiздiк алған жылдан соның өзiнде кейiнгi 10 жылдың iшiнде қолға алына бастаған тiл саласының өзектi мәселелерiнiң бiрi екен. Аталмыш мекеме жобаға қажет боларлық кiтаптар, түрлi ғылыми мақалалар жарияланған журналдармен қатар өздерiнiң атқарып отырған жұмыстарымен танысуыма көмектерiн жасады.
Облыстық тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармасының бөлiм бастығы тарихи атаулар жөнiндегi кiтаптармен таныстырды
Ниязова Сағат Құлтасқызы
Ел егемендiгiнiң 20 жылдығына орай орналастырылған
«Тәуелсiздiк» монументi жанында
Ономастика саласына жауапты бас маман
жұмыс барысын түсiндiрдi
Әсет Аманжолов
2.2. Қарағанды қаласының құрлымдық бөлiмiн
анықтау
Қарағанды облысының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгiленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екiге бөлiндi. Бiреуi Солтүстiк Қазақстан аталып, екiншiсi Қарағанды қаласы және 14 аудан қараған жаңа аймаққа айналды.
1934 жылдың ақпан айында Қарағанды кеншiлер елдi мекенi қала мәртебесiне ие болды. Бұл уақытта қала тұрғындарының саны 162 мың адамға ұлғайып, бүгiнгi орталық бөлiгiндегi ғимараттар мен үйлердiң салынуы басталды.Жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда болу себебiн анықтау, әрбiр атаудың мән-мағынасын ашу, әсiресе, жастардың туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезiмiн күшейтпек.
Қазiргi таңда Қарағанды облысына 9 қала, 9 аудан қарап, кендi шаһарымыз қарыштап даму үстiнде. Мiне, осындай алып қаланың әр тасы мен көдесiнiң тiптi керек десеңiз жусанының өз тарихы, өзiндiк сыры мол екенi ақиқат. Дегенмен, бiздiң бұл жолғы зерттеу жұмысымыз тек қана қала, аудандар атауына арналатын болғандықтан. Ең бiрiншi, құрылымдық бөлiнiсiн нақтылап алдық.
Қарағанды қаласына қарасты қала, аудан атаулары:
№ |
Қала атаулары |
Аудан атаулары |
11 |
Сәтпаев |
Ақтоғай |
22 |
Қаражал |
Жаңаарқа |
33 |
Жезқазған |
Қарқаралы |
44 |
Балқаш |
Ұлытау |
55 |
Приозерск |
Шет |
66 |
Темiртау |
Нұра |
77 |
Қарағанды |
Абай |
88 |
Шахтинск |
Бұқар жырау |
99 |
Саран |
Осакаров |
Жоғарыда берiлген кестеде көрсетiлгендей, әлiде бiздiң қала мен аудан атауларының қазақыланбағаны яғни, тарихи атаулары қайтарылмаған.Атадан -балаға аманат болып жеткен сол атаулар сырына үңiлiп, қайтадан атау сiзбен бiздiң перзенттiк борышымыз.
III. Зерттеу бөлiмi.
-
Тәуелсiздiк алғаннан бергi қайта аталған тарихи атаулардың пайыздық өлшемiн анықтау.
Тарихы жоқ елдiң болашағы бұлыңғыр, сондықтан келер ұрпақ тарихтан тағылым алу үшiн елдiгiмiздi әйгiлейтiн, ұлттығымызды ұлықтайтын тарихи атауларымыздың тарихи шежiре екендiгiн санаға құю – басты мiндет. Өлкемiздегi әр жердiң, судың, елдi мекендер мен мәдени орындардың аттарының қатпарлы сыры – кейiнгi ұрпаққа өнеге. Бiздiң мүдделi мақсатымыз – бабалар мұрасына байыппен қарай бiлу.
Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн ғана ғасырлар бойы шаң басып қалған ономастиканың тамырына шын мәнiнде қан жүгiре бастады. Бүгiнгi таңда ономастика саласы фактологиялық, ғылыми-теориялық аясы кеңейiп, күрделенiп, әралуандық сипатқа ие болды.
Ғылыми зертеу жұмысы барысында аңғарғанымыз дегенмен әлi де болса жергiлiктi жердегi қазақ емес топтасқан этностардың ынтасыздығынан кейбiр елдi мекендердiң атаулары бұрынғы орысша қалпында тұр.
Мысалы, Первое Мая, Ростовка, Петровка, Дубовка, Корнеевка, Новокарповка, Майоровка, Крещеновка, Святогоровка, Русская Ивановка, Чапаев, Комсомольское, Тельман, Пионер секiлдi халқымыздың ұлттық сипаты мен елдiгiмiзге сын болар елдi мекен атауларды облыс аумағынан әлi де болса көп кездестiруге болады.
Осы секiлдi елдi мекен атаулары тәуелсiз елдiң мүддесiне қарай неге толық өзгертiлмей жатыр деген пiкiрлердiң жиi айтылатынына да көңiл аудару қажет. Мұндайда тым асығыстыққа да салынбау керек. Кей азаматтар қандай да бiр елдi мекен не болмаса басқа да жаңа атауды қажет ететiн нысандарға ат беру мәселесiнде ұлттық мүддеден гөрi жеке мүддесiн жоғары қоя отырып, өз ата-бабасының не болмаса туған-туыстарының атын ұсынып жататыны да өтiрiк емес. Бiз ең алдымен осыдан сақтануымыз қажет. Жаңа атау беру – ағайын туыс не болмаса белгiлi бiр ру өкiлiнiң беделiн арттыру емес, сол өлкенiң тарихына деген жанашырлықпен жүзеге асырылуы тиiс.
Облысымызда басқа ұлт өкiлдерi басым орналасқан қала мен аудандар бар. Заң бойынша ол жердiң атауын өзгерту немесе қайта атау үшiн жергiлiктi халық пен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың қолдауы мен ұсыныстары керек. Сондықтан халықтың қолдауын табу үшiн әлi де үгiт-насихат жұмыстарын кеңiнен жүргiзiп, ғылыми дәлелдемелердi басшылыққа алу қажет. Басқа ұлт өкiлдерiнiң бiздiң елге, мемлекетке, тiлге, халыққа деген оң көзқарасы мен ықылас-ниетiн қалыптастырса, болашақта мұндай мәселелердi дұрыс шешуге болады.
Бүгiнгi күнi Қарағанды облысының елдi мекендерiндегi, қалаларындағы, аудан орталықтарындағы көше атауларының басым көпшiлiгi Кеңес дәуiрiндегi әртүрлi тарихи жағдайларға байланысты ыңғайластырып қойылған атаулар. Мысалы, Қарағанды облысы бойынша қазақша аталған көшелер үлесi небәрi 35,6%-ды құрайды. Ал, Шахтинск қаласында – 5,6%, Саран қаласында – 5,2%, Осакаров ауданында – 4,1% ғана.
Қала бойынша көше атауларының көрсеткiштерi:
№ |
Аудан,қала атаулары |
Барлық көшелер саны |
Мемлекеттiк тiлдегi көшелер саны |
Орыс тiлiндегi көшелер саны |
Мемлекеттiк тiлдегi атауының % |
1. |
Сәтбаев |
131 |
83 |
48 |
63,3% |
2. |
Қаражал |
159 |
91 |
68 |
57,2% |
3. |
Жезқазған |
108 |
33 |
75 |
30,5% |
4. |
Балқаш |
244 |
61 |
183 |
25% |
5. |
Приозерск |
34 |
5 |
29 |
14,7% |
6. |
Темiртау |
266 |
29 |
237 |
10,6% |
7. |
Қарағанды |
616 |
57 |
559 |
9,2% |
8. |
Шахтинск |
214 |
12 |
202 |
5,6% |
9. |
Саран |
210 |
11 |
199 |
5,2% |
|
БАРЛЫҒЫ |
1982 |
381 |
1601 |
19,2% |
Аудан бойынша көше атауларының көрсеткiштерi:
№ |
Аудан атаулары |
Барлық көшелер саны (с/о бiрге) |
Мемлекеттiк тiлдегi көшелер саны |
Орыс тiлiндегi көшелер саны |
Мемлекеттiк тiлдегi атауының % |
1. |
Ақтоғай ауданы |
156 |
156 |
- |
100 % |
2. |
Жаңаарқа ауданы |
146 |
133 |
13 |
91,0% |
3. |
Қарқаралы ауданы |
266 |
224 |
42 |
84,2% |
4. |
Ұлытау ауданы |
124 |
96 |
28 |
77% |
5. |
Шет ауданы |
366 |
264 |
102 |
72,1% |
6. |
Нұра ауданы |
300 |
173 |
127 |
57,6% |
7. |
Абай ауданы |
362 |
70 |
292 |
19,3% |
8. |
Бұқар жырау ауданы |
440 |
61 |
379 |
13,8% |
9. |
Осакаров ауданы |
265 |
11 |
254 |
4,15% |
|
БАРЛЫҒЫ |
2425 |
1188 |
1237 |
48,9% |
Қазіргі кезде әр қала мен аудандардағы, тіпті ірі облыс орталықтарындағы негізгі ономастика мәселесі- көше атаулары болып тұр. Көше атауларының негізгі мәселелерін айта кету үшін, жалпылай айту жеткіліксіз. Оны бірнеше бағыттарға бөлуге де болады:
-
Көше атауларының өзімізге таңсық, өз тарихымыздың жарқын парақтарындағы Қоғам қайраткерлеріміз емес, тұлғалар болып отырғандығы;
-
Транскрипциясы бұрмаланған және қате жазылған атаулар;
-
Атаулар өзгертілген күннің өзінде, халықтың бұрынғы атауларын қолдануды жалғастыра беруі.
Алматы қаласының өзінде әлі де толық өзгертіліп үлгермеген Ленинградская көшесі көп көзге түседі.
Алматыда әлі күнге дейін бірнеше көшелер кеңестік кезеңде берілген аттарымен аталып жүр. Мысалы Медеу ауданында «П.Морозов», «А.Чекалин», «Глубокая», «Южная», «Бригадная», «Верный», «Горно-восточная» деген атаулар үйлердің қақпасында тайға таңба басқандай жазылып тұр. Сонымен қатар, қаланың басқа аудандарында «Черепанов», «Котельников», «Попов», «Терехин», «Качалов», «Дежнев», «Тропинин» сияқты көшелерді де кездестіреміз. Тіпті, көше қиылысындағы бір үйде үш бірдей көше аттарының ілулі тұрғанын да кездестіруге болады.
Ал, өзіміздің қалаға келер болсақ, жастарды отансүйгiштiк рухта тәрбиелеуде кедергi келтiретiн атаулар көп-ақ. Солардың бiрi – Степан Разин атындағы көше. Степан Разин кезiнде өзiне тұрмысқа шығуға қарсылық бiлдiрген, кәмелет жасына толмаған қызды айуандықпен азаптап, суға тұншықтырып өлтiрген. Ол сонымен қоса бейбіт мұсылмандарды қырумен де көзге түскен екен. Біздің шаһарда әлі күнге дейін Кеңес Одағын дәрiптейтiн көше атаулары мен жарнамалар жетерлік.
Мәселен, қаламыздың басты даңғылының бiрi – «Комсомол» деп аталады. Тiптi қаланың кiреберiсiне Кеңес Одағының картасы салынған және қызыл әрiптермен жазылған «СССР» деген жазуы бар үлкен белгі де қойылған. Бұл ескерткiштiң бiр шетiндегі көрiнер-көрiнбес етiп майда әрi қарақошқыл түспен жазылған «Қазақстан магниткасына 50 жыл» деген жазу жас баланы кәмпит берiп алдаусыратып қойғандай әсер етедi.
Көше атын кім болса сол иеленбеуі тиіс. Ал елге танымал тұлғалардың есімдерін ардақтау – парыз.
Облыс аумағында ономастикалық жұмыстардың негiзгi бөлiгi болып транскрипциясы бұрмаланған немесе қате жазылған атауларды қалпына келтiру жұмыстары болып табылады. Бұл бойынша облысымызда көптеген жұмыстар атқарылғанымен әлi де болса өзгертетiн атаулар бар. Мәселен, облыс аумағында кездесетiн Нура станциясын – Нұра стансасы, Семиз-буга ауылын – Семiзбұқа, Тегисжол ауылын – Тегiсжол, Кулайгыр ауылын – Құлайғыр ауыл деп өзгерту қажет. Осы секiлдi транкрипциясын өзгерту қажет елдi мекен атаулары көп, және оларды түзету уақыт күттiрмес маңызды мәселенiң бiрi. Бұл бағытта бүгiнгi күнге дейiн атқарылған жұмыстар нәтижесiнде Джезказган қаласы – Жезқазған қаласы, Джездi – Жездi, Коунрад – Қоңырат, Гульшат кентi – Гүлшат кентi, Кызыл-Джар станциясы – Қызылжар стансасы болып өзгертiлгенi секiлдi көптеген елдi мекендерiмiздiң атаулары қазақы сипатқа сай қайта түрленген.
Сондай-ақ қазақшаланған көше аттарын әлі күнге дейін орысша атау сәнге айналуда.Кез-келген қоғамдық көлікке міне қалсаңыз, жүргізушінің өзі Қарасай батыр деудің орнына – «Виноградова», Төле би көшесін «Комсомольская» деп бұрынғыша атай береді. Ол аз десеңіз, қазір жастардың көпшілігі көше аттарын кімдердің иеленгенін біле бермейді. Тіпті білетіндердің өзі олардың елге қандай еңбек сіңіргендігінен хабарсыз. Көптеген көше аттары бұрынғы Кеңес Одағы кезінде қойылғаннан еш өзгертілмей айтылып келеді. Оны өзгерту, жаңғырту – уақыт талабы. Ал, сол уақытты жақындату – біздің, өскелең ұрпақтың негізгі міндеті болар.
Іс-шара
Көпке бағыт бергенде ғана, қозғалып, мән бере бастайтындығымыз анық. Сол үшін, мен өз сыныбыммен жаңа іс-шараны бастадым. Бұл іс-шара қаламыздың таңсық кісілер мен елімізге қатысы жоқ тұлғалар атауларын жіктеп, өзіміз
Кейбiр тарихи атауларға тоқталар болсақ.
Жауыртау - атауын халық аңыздарында жиi кездестiремiз. Бұл атау туралы көнекөз қариялардың айтуынша: «Айбас Қозының ел-жұртын iздеуге шығып, астындағы атының одан әрi жүруге жарамай, жауыр болып қалған жерi, қазiргi Темiртау маңайы болса керек, содан Жауыртау атанған едi», - дейдi.
Темiртау қаласының солтүстiк жағында жауыр аттың иығы секiлдi айғыздалып жатқандығы үшiн Жауыртау деп атап кеткен кiшiгiрiм шоқы бар. Атадан балаға ауысып отыратын халық аңызы Жауыртау деген атауды «Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу» жырымен сабақтастырады.
Ер жiгiттiң атын арытқан Жауыртауды қазiр Темiртау деп атайды. Халық жүрегiнен шыққан атау өмiршең болады. Шынында да Темiртау дегенiңiз - ел өмiрiндегi тарихи-әлеуметтiк өзгерiстерiмен бiте қайнасқан атау. Темiртау десе Темiртау. Кәдуелгi «тау-тау темiр» деген сөзден шыққан атау. Темiртау - 1945 жылға дейiн Самарқант қалашығы аталып келiп, 1945 жылдың аяғында Темiртау қаласына айналған. Қарағанды облысына қарасты, Самарқант су қоймасының жағасындағы қала. Бұл жерде темiр көп болғандықтан да Темiртау аталған.
Жезқазған - қала аты. Жезқазған атауының құрамы екi сөзден жасалған. Оның бiрi -жез, екiншiсi - қазган. Осы қазған сөзiн талдағанда: қаз деген етiстiкке есiмшенiң өткен шақтық - ған жұрнағы жалғану iс-әрекеттiң болғандығын баяндайды.
Қарағанды - 1932 жылдан қала. Республикамыздың ауыр өнеркәсiбiн дамытуға өзiндiк үлкен үлес қосып келе жатқан өркендi өнеркәсiптi қала. Қарағанды облысының әкiмшiлiк орталығы. Осы облыстың Жаңаарқа ауданында тау, елдi мекен, Ақтоғай, Ұлытау ауданында өзен де осылай аталады. 1833 жылы қазiргi Қарағандыдан 25 шақырым қашықтықта Нұра өзенi бойынан Байжан қарттың Әппақ деген қойшы баласы тас көмiр кесектерiн тауып, бұл жердiң «Қарағанды» атанғанына бiрталай уақыт өтiптi. Бiр кездерi тек «Қараған» деп аталатын тiкенек өсiмдiктен басқа ештеңе өспейтiн бұл өлкеден бүгiнде қара алтынның «Қазыналы түбегi» Қарағанды қаласының заманымыздың дәулетiне сай сәулеттi шаһарын көремiз.
Атаудың мағынасы - «қараған қалың өскен жер». Қараган - өсiмдiк аты. Қараган сөзiне -ды қосымшасы жалғанған атау.
Қаражал - биiк жал, өзен аттары. Сондай бiр жал аты бойынша Қарағанды облысына қарасты қала аты.
Саран - қала аты. Қазақша сораң «сортаң жер» мағынасындағы атау.
Шахтинск - бұрынғы төбе, жайлау, қазiргi қала. Бұл атау сырына Ғ. Қонқашбаев, А. Әбдiрахмановтар тоқтала келiп, Шаған монғолдың цагаан /ац/ деген сөзiнен бұрмаланған атау дейдi. Монғолша-қазақша сөздiкте цагаан сөзi ац деп аударылған. Монғол тiлiндегi ц дыбысының қазақ тiлiнде ш дыбысымен берiлуi заңды құбылыс
Ақтоғай - Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы село аты. «Ақтоғай» атауының бiрiншi сыңарындағы «ац» сөзi топонимдер құрамында келгенде «таза, мөлдiр, тұнық» және «кең, үлкен» деген мағынаға ие екендiгi көп айтылады.
Демек, республикамыздың көптеген облыстарында ұшырасатын «Ақтоғай» атауы «су, өзен жағасындағы шағын орман» мәнiне ие деп қарауға болады.
Ботақара – елдi мекенi /көл/тау/. Орталық Қазақстандағы ұсақ таутөбелерi. «Қара» сөзi көлемдi көрсететiн анықтауыш. Ал «Бота» сөзi халықта ХVIII ғасырда өмiр сүрген Нарбота батырдың есiмiмен байланысты. Ел ауызындағы аңыз бойынша осы таутөбешiктердiң арасында қазақ пен қалмықтың ортасында шайқас болған. Қазақтың жауынгерлерiнiң басшысы Нарбота батыр, ал қалмақтар әскерiнiң басында – Шешен есiмдi қыз тұрды. Сондықтан, қазақтар бекiнiсi Ботақара, ал қалмақтар жағы Шешенқара деп аталынды.Осынау сан ғасыр баба тарихының куәсiндей аңыз-ақиқатқа ие Ботақара атауы нешеме рет өзгертiлдi. Кейiн осынау киелi жерге Санникова, Колхозная, Ворошилов, Ульянов деген атаулар берiлген. 2001 жылы поселкенiң 100 жылдық мерейтойына қарсы қайтадан ежелгi аты берiлдi.
Бұқар жырау ауданы - Қазақ поэзиясының тарихындағы ең соқталы тұлғалардың бiрi Бұқар жыраудың есiмiн иеленген аудан 1928 жылы негiзi қаланған Тельман және 1938 жылы ашылған Ульянов аудандарының бiрiгуi нәтижесiнде 1997 жылдың 23 мамырында қүрылды. Ауданның орталығы - Ботақара поселкесi (Бұрынғы Ульянов поселкесi).
Айтағы - тау, биiк 499,9 м. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында. Е. Қойшыбаев бұл атаудың шығу жайын: «Көне түрiнде ай этнонимi тағ («тау») терминiн жалғау арқлы жасалған атау. Этимологиясы «Ай тауы», - деп түсiндiрген (Қойшыбаев, 1985, 29). Бiз бұл пiкiрге қосылмаймыз. Ерте заманда, түркi халықтары шаман дiнiн үстаған кезде Ай сұлулықтың, көркемдiлiк пен әдемiлiктiң символы боғлан және Айға табынған, «әулие», «пiр» тұтқан. Сондықтан да балаларға: Айтолды, Айтуды, Айкүмiс, Алтынай деген есiмдер қойып отырған. Әлi күнге дейiн ел арасында: «Ай көрдiм, аман көрдiм, ескi айда есiрке, жаңа айда жарылқа», - деп, жаңа туған айға қарап сыйыну дәстүрi қалған жоқ.
Демек, «Айтағы» атауы «қасиеттi тау», «сұлу тау» деген мағынаны бiлдiредi. Атаудың екiншi құрамындағы тағ // тағы - қазiргi тiлiмiздегi «тау» сөзiнiң көне тұлғасы, сөз соңындағы ы - тәуелдiк жалғау қосымшасы.
Қарқаралы - Сарыарқаның шығысындағы ең биiк жерi 1566 м, ұзындығы 35-40 км, енi 20-25 км., аласа тау жоталары. Түстi металл кендерi бар тау. Қарағайлы атты кен орны жұмыс iстейдi. Тауда қарағай өсiп, етек жағы орманды келедi. Е. Қойшыбаев: «Көне түрiк тiлiнде қарқара (қар.) тұлғасына қаз. - лы қосымшасы жалғанған атау», деген түсiнiк берген. Атау туралы толығырақ талдауды А. Әбдiрахманов еңбегiнен көремiз. Оның пiкiрiнше: «Атаудың құс атынан қойылу мүмкiндiгi басым. Сонда қарқара (құс) + лы (туынды сын есiм жұрнағы) > Қарқаралы жолымен жасалуы әбден орынды». Халық аңыздары мен көптеген ғылыми пiкiрлердi басшылыққа ала отырып, А. Жартыбаев атаудың мағынасын: «қар + қара + лы - «биiк таулар мен қырат, жота, шыңдары бар жер» дегендi бiлдiредi», -деп жазды. Э.М. Мурзаев «қар» сөзiнiң жер жүзi тiлдерiнiң көбiнде кездесiп, «жар тас, тау, жота, қыр» мағыналарында айтылатынын көрсетедi. В.М. Иллич-Свитыч атаудың екiншi құрамындағы «қара» сөзi туралы: «араб. dara - «жеке тұрған жартас, құз; «жота, шоқы, төбе», монғ. хаг, хага - "жал", "қыр", "жота" деген мәндегi сөз», - деген дерек келтiредi. Демек, қарқаралы» атауы көне заманнан келе жатқан қарқара» тауымен түбiрлес те мәндес, мағына жағынан бiр-бiрiне шендес деп бiлемiз. Атаудың топонимдiк мағынасы: «қыр, қыратты, таулы, тасты жер».
Нұра - Қостанай, Астана, Қарағанды облыстарының жерi арқылы өтетiн өзен. Бұл атаудың шығу төркiнi жайлы пiкiрлер әр қилы. Зерттеушiлер монғол тiлiндегi «нураа», «нуруу» және «нур» сөздерiн бiр қатарға қойып, осы сөздердiң бәрiн «нұра» сөзiнен өрбiген немесе өзгерген түрi деп жаңылыс талдайды. Бұл сөздердiң монғол тiлдерiнде жеке-жеке мағынаға ие, дербес лексема екендiгiнде мән бере қарастырғанымыз жөн. Монғол тiлiндегi норах - «опырылыс», «құлау; бур. нуралта - «құлау, жылжу»; монғол тiлiнен эвенк тiлiне енген «нура» - «жар». Монғол тiлiнде нуру - «тау жотасы, тау сiлемi», «тiзбегi».
Сарыбел - бел аттары. Қазiргi Осакаров ауданының бұрынғы атауы. Сарыбел қыста қарлы, жазда салқын, салиқылы сары төс, жон жер. Шөбi шүйгiн. Топырағы құнарлы, жердiң шұрайлысы. «Аумақты», «асу» мәнiндегi атау.
Ұлытау - Сарыарқаның оңтүстiк батысындағы ұсақ шоқылы, аласа таулы жер. Орташа биiк. 400-600 м, орта бөлiгi 800-1000 м, ең биiк тұсы 1134 м. Гранит жыныстарынан пайда болған тау. Етегiндегi жазықта қарағай және басқа ағаштар қалың өседi. Ұлытау - село, аудан орталығы. Елдi мекен iргесi 1846 ж. станса ретiнде қаланған
-
Жер-су атауларына байланысты Қарағанды облысы бойынша жарыққа шыққан кiтаптарға шолу.
Облыстағы ономастикалық қызметтi ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiнiң тарихшы ғалымдары Қарағанды облысы аудандарының топонимикалық карталарын жасау жұмысы қолға алынып, жүргiзiлуде. Нәтижесiнде аудандар бойынша елдi мекендер мен жер-су атауларының тарихи негiздемелерi дайындалуда. 2008 жылы «Ұлытау ауданыны топонимдерi», 2009 жылы «Нұра ауданының топонимикалық картасы: тарихи негiздеме», 2010 жылы «Қарқаралы ауданы топонимдерi», «Жаңаарқа ауданының топонимикасы» атты кiтаптар баспадан шыққан.
Жер-су атауларына байланысты Қарағанды облысы бойынша жарыққа шыққан кiтаптар:
№ |
Кiтаптың атауы |
Шыққан жылы |
Авторлары |
1 |
Нұраауданының топонимикалық картасы тарихи негiздеме |
2009 жылы |
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiнiң тарихшы ғалымдары |
2 |
Қарқаралы ауданы топонимдерi |
2010 жылы |
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiнiң тарихшы ғалымдары |
3 |
Жаңаарқа ауданының топонимикасы |
2011 жылы |
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiнiң тарихшы ғалымдары |
Қорытынды.
Әрине, бiр облыс үшiн жоғарыдағы кiтаптар көрсеткiшiн аздық етедi. Бұл сала жаңа қолға алынғанын ескерсек әлi талай том-том кітап шығады деп сенемiз.
Қорыта келе, тарихи атаулар – бiздiң тәуелсiздiгiмiзбен тамырлас, ұлттық ерекшелiгiмiзбен өзектес маңызды тақырып. Қазақстанның тәуелсiздiгi – елiмiзде тұратын азаматтардың жасына, ұлтына, өңiрiне қарамастан баршамыз үшiн қалай бағалы болатын болса, онда мемлекетiмiздiң дербестiгiн танытатын белгiлердiң қай-қайсысы да барлығымыз үшiн сондай қымбатты болуға тиiс. Ономастика болса халық үшiн ең құдiреттi ұғым болып табылатын тәуелсiздiгiмiздiң басты белгiлерiмiздiң бiрi.
Дегенменде де қуантарлық жаңалықтар жоқ емес,тәуелсіздік алған жылдардан бері көше атауларына ұлы тұлғалардың атауын беру іске асырылып келеді. Алматы қаласында жүз шақты көшенің аты өзгерді. Олардың тең жартысына мемлекеттің дамуына еңбек сіңірген қоғам қайраткерлерінің есімі берілді. Әкімдіктің хабарлауынша, 100 шақты көшенің аты өзгерген, деп хабарлайды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Көкшетаудағы 60 көшеге ұлттық атау беріледі. Облыс орталығындағы «Проезд 1, 2, 3» атаулары «Балбырауын», «Айдын», «Шұғыла» болып өзгереді. Ал, 40 лет Октября көшесін – Әлихан Бөкейханов, Мир көшесін – Ыбырай Алтынсарин есімімен атау ұсынылып отыр, деп хабарлайды. Жуырда Алматы қаласындағы Фурманов көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл деп өзгертілген болатын.Теміртау қаласына жаңа көше «Қасы Аманжолов» атымен аталды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Халық жерге ат қою арқылы елiнiң тарихын да жазып отырған. Тәуелсiз мемлекеттiң бiр белгiсi оның ұлттық нышандары десек, сол ұлттық нышандар елдi мекендердiң, көшелердiң, алаңдардың аттарынан да көрiнiп тұруға тиiс...». Сол себептен де ұлтым деп бiлек сыбанар ұрпақ барда ұлттық ономастикамыздың болашағы жарқын деп сенемiн.
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi:
-
Иманбердиева С. Тарихи ономастикалық кеңiстiк-Алматы,2010.
-
Жартыбаев А.Е. қарқаралы ауданы топанимдерi- Қарағанды,2010.
-
Қарағанды облысының ономастикалық атауларының көрсеткiштерi- анықтамалығы-Қарағанды,2008
-
Абдрахманов С.А. Суверенному Казахстану - независимая топонимическая политика. /История земли - история народа. – Алматы, 1997.
-
Абдрахманов С.А. Топонимическая политика как зеркало возрождения государственности Казахстана. /Политика», № 12, 1996.
-
Әбдiрахманов А. Қазақстанның жер - су аттары. – Алма-Ата, 1959.
-
Брагин А.И. Первый академик. – Алма-Ата, 1989.
-
Жартыбаев А. Қарағанды өңiрi топонимдерiнiң мағыналық және құрылымдық сипаттары. – Қарағанды, 1998.
-
Комков А.М. Проблемы стандартизации и нормализации географических названий в национальном и международном аспектах. Ономастика и норма. – М., 1976.
-
Конкашпаев Г.К. Казахские народные географические термины. /Известия АН Казахской ССР, № 99, Серия геогр., вып. 3, – Алма-Ата, 1951.
-
Конкашпаев Г.К. Словарь казахских географических названий. – Алма-Ата, 1963.
22