Материалдар / «Тарихи тағылымға толы, киелі білім ордасына 50 жыл»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Тарихи тағылымға толы, киелі білім ордасына 50 жыл»

Материал туралы қысқаша түсінік
Киелі шаңырақ колледждіміздің 50 жыл толуына байланысты жазылған мақала
Авторы:
12 Ақпан 2024
70
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Тарихи тағылымға толы, киелі білім ордасына 50 жыл»


Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің

Орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Сундетбаева Айман Жетгенбаена


Елу жылдам астам тарихы бар, ұлттық тәлім тәрбие мен білім құндылықтарын, кәсіби мамандықты игертудің бай тәжірибесін жинақтаған Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіміз республикадағы іргелі оқу орындарының бірі.

Негізгі сонау 1972 жылы қаланған білім ордасы талай жастарды өмірге қанаттандырды, өзіндік айқындамасы бар нағыз азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Жүйелі жұмыс атқарып отырған колледж ұжымы өзінен ұшқан, білім нәрімен сусындаған түлектерімен мақтана алады. Қоғамның әрбір саласында түрлі қызметте жүрген жастар Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Колледждің әрбір оқу жылындағы басты бағытытәрбие мен білімді ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Осы бағытта, колледж ұжымы - жастардың жан-жақты дамуына аянбай еңбек етеді. Өткенімізді саралап, ертеңімізге көз жүгіртсек, жас ұрпақты тәрбиелеуде, білікті техникалық маман даярлауда ұстаздар қауымы талай асуларды бағындырып, зор жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

«Іздесең- табасың, алыссаң аласың» мақсатқа жету үшін қайтпас қайсарлық, асқан төзімділік, таудай талап пен табандылық керек болса сол табандылығыммен үлгі- өнегесін жан-жақты көрсетіп жүрген үлгілі ұстаз болсам деген арманым әлі күнге дейін мені алға жетелейді. Осы аталған колледжде 20 жыл ұстаздық етіп келемін. «Адамға бақыт та, бақ та, абырой да, атақ та тек адал еңбекпен келеді» деген қағиданы ұстанып, шәкірттерім қазіргі таңда шетел асып және Қазақстанның түпкір түпкірінде өмір көшін өткізер әлеми ауқымда қызмет атқаруда. Білімді де, саналы етіп тәрбиелеу басты мақсатым екенін үнемі есіме сақтай отырып, осы білім ордасында еңбек етуге құлшынып жұмыс жасаудамын.

Биыл біздің колледжіміз 50 жыл мерейтойын тойлады. Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап, бойындағы бар жинап-терген білімін шәкірттерінің санасына сапалы етіп сіңіре білетін, жастардың білімді, парасатты болып шығуын мақсат ететін ұстаздардың еңбегі орасан зор екені белгілі.

Құрметті колледж ұстаздары! Ұстаздық жолдағы ерен еңбектеріңіз еленіп, шығармашылық жұмыстарыңыз жемісті бола берсін!

Колледждің 50 жылдық мерей тойы құтты болсын!

Энергетик дайындайтын мамандарын,

Шәкірті жүр колледждің қоғамда мың.

Мақтанамыз шәкірті,ұстазымен,

Осындай білім берер кең орданың.


50 жыл мерейтойы бүгін, міне

Шамшырақ жағылған боп білімдіге,

Құтты болсын ордамыз, мерекеңіз!

Тәлім берген тәрбиені білімдіге.


Орындалсын ойдағы асқақ арман,

Көрінсін білімен жастар алдан.

Шәкірті де,ұстазы да үлгі болып,

Биік болсын аты озар басқалардан.


Тек естиік білімің мол екенін,

Жастары да рухты өр екенін

Бекбосынов колледжі биіктерден

Көрініп көп болсыншы мереке күн!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!