Материалдар / Тарлан талантқа тағзым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарлан талантқа тағзым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тайыр Жароков туралы эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
373
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орындаған: Сырым Ақнұр (ҚТӘ-33-тобының студенті)

Эссе

Тарлан талантқа тағзым

Талант – уақытты таңдап туа алмайды. Өзі тудырған сол уақытқа бағынады. Кеңестер үкіметі тұсында жүрегіміз – Москва, Отанымыз – Москва деп жырлады бүкіл ақын біткен. Сол кезде Тайырды қазақтың Маяковскиі деп атады. Маяковский – Тайыр Жароков деп жазып жүрді. Оған ақын кінәлі емес еді. Тайыр ақынның бір ерекшелігі сол кезде саясатта қандай өзгеріс болып жатыр, орман мен егіс алқаптары қандай күйде, соның бәрін ертесіне өлеңмен суреттеп, бірінші болып газеттерге шығаратын. Отанды, елді сүйетін жалыны болмаса, досқа деген кіршіксіз көңілі болмаса ақынды жұрты баяғыда ұмытады. Ал Тайыр – ұрпақтан-ұрпаққа аты жеткен бақытты ақын.

Ғасырмен бірге жасасып, өмір кешкен замана өзі туғызған. Дархан дарын жыр өлкесінде тамыры тереңде кеткен, жастық жүрегі мәңгі жырлайтын көрнекті ақын, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» орденінің иегері,әдебиеттен ойып тұрып алар орны ерекше Тайыр Жароковтың «Кавказға саяхат» әңгімесінен алған әсерімді ортаға салмақпын. Бұл әңгімеден алған әсерім керемет. Себебі, Жабай қарттың баласы деген кейіпкер әңгіме ортасында жыр алыбы Жамбыл Жабаев болып шыққаны таң қалдырды. Әңгіме барысында әр жердегі шашыранды қазақ үйлері ақ төмпешке ғана болып көрінетіндігін, Шу өзеннің бойындағы көз ұшында тұрған Қан тауы мен Жамбы тауының аралығында шөкімдей болып шоқшиып, жымырайған үйлер көз алдымызға елестеп,ауылдың тыныс-тіршілігі,көрінісі суреттеледі.

«Кавказға саяхат» әңгімесінің идеясы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын келешекке ұрпаққа насихаттау. Әңгіме барысында Жамбылдың бейнесін бейнелейді: «Әлгі өзімізге белгілі Жабекеңнің баласы жасында ерегесіп, тентектеу, қитарлау болғандықтан, жұрттың бір қатары оның шын атын атамай, көпке дейін, «Қитар» деп те жүрді. Жасында өзі тентектеу болса да, оның бір қасиеті он бес-он алтыға келгеннен-ақ домбыра тартуды үйренумен бірге, ойынан өлең шығарып айтатын төкпе жас ақын да бола бастады. Оның үстіне оның сорғалатпа, түйдектетіп шығарып айтқан жалынды өлеңімен ілесе он саусағы домбыраның пернесіне билей ойнап, домбыраның қос шегін шарықтата шертуін атақты Сүйінбай ақын тыңдағанда ұнатып, сонан былай қарай атағы Алатаудың алабына жайыла бастады. Жиын тойда байдың, бидің ақындарымен айтысқанда алдына қара салмай жеңіп, сол кездегі Жетісу бойындағы ақындардың атақтысы болып ауызға алынды. Сонан былай қарай жұрт оны шын атымен атайтын болды. Оның шын аты Жамбыл еді. Жамбылдың Жамбыл аты ақындық жағынан-ақ жамбыдай жарқырап жерді жара шықса да, ол кезде оның алдынан кес-кестеп қолын қысқарта берген кедейлік болды».

Менің бұл әңгімеден түйгенім: өмірден көргені мен түйгені көп Жамбыл ақынның жас ұрпаққа өшпестей мұра қалдыра білді.Автор өзінің өмірбаяндық деректерін ұлттық салт-санамызбен,дәстүрімізбен,әдет-ғұрпымызбен байланыстыра отырып кейінгі толқын – жас ұрпақтың санасына ғибратты әңгімелерді құя білді.Бұл әңгіме өте әсерлі,оқырманын бірден баурап алатын жолдарымен басталатын кітап жеңіл оқылады.Оқырманын ойландырады,ойландыра отырып, Отан сүйгіштікке,туған жалқы мен ана тілін шексіз сүюге,қайратты да қайсар,өжет те ержүрек әрі ақылды һәм парасатты болып өсуге тәрбиелейді. Әңгіме өн бойындағы аңыз әңгімелерімен,ойлы әпсаналарымен де құнды.Адам өмірінің мәңгілік еместігі,дегенмен,ізгіліктің өлмейтіні оның атының мәңгі тірі болатынын айта кетті.Туған елге,туған жерге деген біртұтас сүйіспеншілік сезімін ақын шебер оятады.Бұл әңгімеге арқау болған Жамбылдың отаншыл,елшіл,сыншыл өлеңдерін танып-түсінудің кілті, оған баға берудің негізі – оған осы шығармаларының фольклорлық арманшыл сипатында болса керек.

Қорыта айтқанда,қуатты ойлар арқылы беріліп отыратын отаншыл Жамбыл шығармаларының үзілмес желісі болып табылады.Біздер бүгінгі ұрпақ жыр алыбы – Жамбыл Жабаев шығармаларын құрметтеп,дәріптеп келешекке ұрпаққа көзіміздің қарашығындай сақтап,өсер ұрпағымызға аманаттайық!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!