Материалдар / Тау тұлға (Ауылдас аға,академик Қ.Оқаев туралы)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тау тұлға (Ауылдас аға,академик Қ.Оқаев туралы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрманғазы топырағы-тектілердің мекені. Оған дәлел ұшан-теңіз. Сондай елге елеулі,халыққа қалаулы ел ағасы Қаби Оқаев осы топырақтың төл перзенті. Бұл кісінің есімі маған ыстық. Өйткені, ол кісі туылған Бірлік ауылында менде туылғам. Сол мақтаныш өзекті кернеп қолға қалам ұстадым. Оқаев Қаби Оқаұлы 1929 жылдың қыркүйек айының 2 жұлдызында Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,Бірлік ауылында(бұрынғы Утеры) дүниеге келген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2020
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Иманғалиев Ұлан Өтешқалиұлы

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Бірлік ауылы

С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Тау тұлға

(Ауылдас аға,академик Қ.Оқаев туралы)

Құрманғазы топырағы-тектілердің мекені. Оған дәлел ұшан-теңіз. Сондай елге елеулі,халыққа қалаулы ел ағасы Қаби Оқаев осы топырақтың төл перзенті. Бұл кісінің есімі маған ыстық. Өйткені, ол кісі туылған Бірлік ауылында менде туылғам. Сол мақтаныш өзекті кернеп қолға қалам ұстадым.

Оқаев Қаби Оқаұлы 1929 жылдың қыркүйек айының 2 жұлдызында Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,Бірлік ауылында(бұрынғы Утеры) дүниеге келген. Қ.О.Оқаевтың еңбек жолы бұрынғы Гурьев облысы (қазіргі Атырау) Денгиз ауданы Утеры селосындағы «Қызыл таң» колхозында колхозшы болудан басталып, сол ауданның «Путь к коммунизму» колхозында бас бухгалтер қызметін атқаруға дейін жетті. Сол жылдардағы өндірістің бастапқы буынынан бастау алған еңбек жолы Қаби Оқаұлы үшін нағыз өмір мектебіне айналды. Сол кезден-ақ өзіне және айналысындағыларға қатал талап қоя білу, басқалардың қуанышын шын жүректен бөлісу, жанындағылардың мұң-қайғысына ортақтаса білу сияқты өмірлік ұстанымдар қалыптаса бастады.

Қаби Оқаұлы елуінші жылдардың басында тез мерзімдік әскери қызметте жүріп, әскери және саяси қызметтің үздігі атанды, оған команда бөлімінің әртүрлі құттықтау хаттары мен марапаттау құжаттары тапсырылып, команда мен әріптестер арасында үлкен абыройға ие бола білді. Әскери бөлім орналасқан Иркутск облысындағы Братск аудандық комсомол комитеті пленумына мүше болып сайланады. Соғыс кезінде үзіліп қалған оқуды әскерде жүріп Братск қаласындағы жұмысшы жастардың кешкі мектебінде жалғастырады.

Еңбек жолы Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау шағында қарапайым колхозшыдан басталып, одан кейін өзі білім алған қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 15 жыл бойы шыңдалудан өткен Қаби Оқаұлы ел аузында «Нархоз» деп айтылып кеткен, бүгіндегі республикамыздағы беделді білім ордасы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің шаңырағын көтеруге, уығын шаншуға, түптеп келгенде, бұл оқу орнының көшбасшылар арасынан көрінуіне есепсіз тер төкті.

Жиырма жылдан астам уақыт Алматы халық шаруашылығы институтында, кейіннен Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті болып қайта аталған осы оқу орнында екі ірі факультетті және отыз жыл бойы кафедраны үздіксіз ізденісі мен іскерлігінен танбай, тамаша басқара білді, қоғамдық ұйымдарға басшылық жасады. Сондай-ақ, ол докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесті басқарып, Қазақстан Республикасы Ғылыми кадрларды аттестациялау жөніндегі сараптау кеңесіне төраға да болды. Осы қызметтерде жүргенде оқу үрдісін жан-жақты меңгеретін және қызметкерлердің үйлесімді жұмыс істеу мәселелерін шебер шеше білетін басшыға тән жағымды қасиеттерімен ерекшеленді.

Профессор Қаби Оқаұлы мемлекеттің экономика саласына қажетті мамандар әлуетін қалыптастыруға және оны толықтыруға үлкен үлес қосты. Факультет деканы, кафедра меңгерушісі болған кезінде оның басшылығымен дайындалған мыңдаған экономист-мамандар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде экономиканың барлық салалары мен аймақтарында жемісті еңбек етуде.

Қаби Оқаұлы басқарған кафедра Қазақстанның барлық аймақтарына экономист-мамандар даярлаумен қатар ірі ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Сол ғылыми ортадан түлеп ұшқан түлектердің арасында мемлекеттің көрнекті қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен өндіріс ұйымдастырушылары, кәсіпкерлер мен еліміздің барлық аймақтарындағы жоғары оқу орындарында қызмет етіп жатқан педагогтар бар. Академик Қаби Оқаұлының ғылыми мектебінен 6 ғылым докторы мен 30 ғылым кандидаты, 20-дан астам магистр шықты. Соның ішінде, бүгінде республикаға аттары мәлім қоғам қайраткерлері Тимур Құлыбаев, Бердібек Сапарбаев, Жексенбек Әділов, Байболат Әубәкіровтер бар.

Қаби Оқаұлын білім мен ғылым саласының майталманы.

Нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарында қайта бейімдеу бағдарламасын дайындауға зор күш жұмсап, отандық білім ошақтарының Ресей, Белоруссия, Украина және басқа да елдердің жоғары оқу орындарымен байланысын кеңейтуге елеулі үлес қосуы, Ресей академиясының корреспондент-мүшесі П.Г.Бунич сияқты атақты адамдармен етене араласуы, кандидаттық диссертациясын айтпағанның өзінде, 1978 жылы ҚСРО-ның жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен профессор ғылыми атағын алуы осының айғағы. Мұндай аптал азаматты туған жеріндегі жерлестері ерекше құрмет тұтады. Атырау облысы Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы атанды.

Қаби Оқаұлының 300-ге жуық ғылыми еңбегі, соның ішінде 20-дан астам монографиялары мен кітаптары жарық көрді. Оның ғылыми еңбектері экономиканың теориялық проблемалары мен қолданбалы аспектілеріне арналғандықтан ғылымда, шаруашылық тәжірибеде кеңінен пайдаланылып келеді. Ол құрған ғылыми мектеп барлық уақытта ұлттық экономиканың нақты секторымен тығыз байланысын үзген емес. Қ.О.Оқаев көптеген халықаралық, республикалық және тағы басқа ғылыми-теориялық конференцияларда экономиканың өзекті тақырыптарына қызықты баяндамалар жасаудан еш жалыққан емес. Республикалық «Білім» қоғамында экономика секциясына, республикалық радиода берілетін экономика саласы бойынша миллиондардың экономика мектебіне басшылық жасады, экономика тақырыбына көптеген ғылыми семинарлардың ұйымдастырушысы бола жүріп, журналдар, ғылыми жинақтар, энциклопедиялар шығаратын баспаларға да көп еңбек сіңірді, экономика жөнінде Қазақ энциклопедиясының редакциялық кеңесінің төрағасы болды.

Қаби Оқаұлы Оқаев экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Жоғары мектебі ғылым академиясының академигі, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі, «Бухгалтер бюллетенін» шығарудың ұйымдастырушысы… тізбелей түссең, осындай-осындай толағай табыстары жалғаса береді.

Оның еңбегі «Парасат» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» және «КСРО Жоғары білім беру министрлігінің білім беру үздігі» атақтарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, А.Байтұрсынов атындағы алтын медалімен, «Қазақстан ғылымын дамытудағы ерен еңбегі үшін» төс белгісімен және басқа да марапаттармен бағаланған.

Міне өмірлік жолы – мектеп, ақыл-парасаты – ғибратты жол ғалым-ұстаз Қаби Оқаұлы Оқаев әр қазақтың мақтаны.

Ауылдан түлеп, Алашқа мәлім болған тау тұлға мәңгі мақтаныш.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!