Материалдар / «Тәуелсіз ел – Қазақстан»

«Тәуелсіз ел – Қазақстан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас Ұлан және Жас Қыран ұйымына оқушыларды қабылдауға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2021
256
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәуелсіз ел – Қазақстан»

І жүргізуші: Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Бүгінгі  жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін  «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

ІІ жүргізуші:
Сөз кезегі ұланбасыға беріледі.

І-жүргізуші:
«Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

ІІ-жүргізуші: «Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:

І жүргізуші: Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

ІІ жүргізуші: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

ІІ жүргізуші: Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

І жүргізуші: Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

ІІ жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының адал азаматтары.

І жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі — оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

ІІ жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі — шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.

І жүргізуші: Ендігі сөз кезегін мектебіміздің аға тәлімгері Кенжеғұл Қаламқас Нұрманқызына береміз.

Жүргізуші:

Егеменді еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері

Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

Ендеше 5 «А» сынып оқушысы Спанова Анель ант беруге дайын!

(«Жас ұланның»,1 мүшесі ант береді,қалғандары «Ант етеміз!» деп 3рет қайталайды

1 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Мукашева Кульназия Жумабаевнаға беріледі.

1 - жүргізуші: Ендігі құттықтау сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимахан Гүлназ Мағауқызына беріледі.

1-жүргізуші: Жас Ұлан және Жас Қыран ұйымына қабылданған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

1-жүргізуші: «Біз»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

1-жүргізуші: Ұранымыз:

Оқушылар: «Жас Қыран! – Жас Ұлан- Қазақстан» 3 рет

Әнұран: «Жас Ұлан»
1-жүргізуші:

Білімді – көкіректе нұр деп түсін

Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.

Аталған мақсат, талап ережені,

Орындауға бәріңде міндеттісің

1-жүргізуші: Келесі кездескенше, сау саламатта болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ