Материалдар / Тәуелсіздік тәңір сыйы

Тәуелсіздік тәңір сыйы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған. Тәуелсіздікке жету жолындағы қиындықтар мен тарихи оқиғалар баяндалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2021
832
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік - тәңір сыйы

Тәуелсіздік! Осы бір ауыз сөз қаншама қасиетті, құдіретті десеңізші! Тәуелсіз ел болуға ұмтылу тек қазақ халқының ғана емес, барлық ұлттардың бір кездегі арманы болғаны тарихтан белгілі. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмеді, осы жолда қаншама жандар мерт болды. Басынан небір ауыр күндерді өткізген қазақ халқы «мың өліп, мың тірілді».

Тәуелсіз ел болу жолында ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша шайқасып, ұлан ғайыр жерді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғады. Қазақ халқы әрқашан елдігін сақтап қалуға ұмтылып, сол үшін табанды түрде күресумен болды. Нәтижесінде ұлттық және ұлт-азаттық күрестер тізбегінен тұратын азаттық қозғалысының тамаша ерлік дәстүрі қалыптасты.

Қазақ хандығының тәуелсіздігіне мейлінше қауіп төндірген басты жауы-Жоңғария әскери көшпелі мемлекеті болды. Тарихта қазақ және жоңғар халықтары арасындағы 100 жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысы орын алған еді. Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастыруда Әбілқайыр хан, Барақ, Батыр, Әбілмәмбет, Абылай сияқты көптеген сұлтандар үлкен істер атқарып, қажырлы қайрат көрсетті. Қазақ жерін қорғауда жоңғарлармен болған ірі шайқастарда аса көрнекті қолбасшылар- Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсенти Малайсары, Сіргелі Қаратілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, Қанжығалы Бөгенбай, Тайлақ батыр, Бөлек, Райымбек батыр және т.б. үлкен ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақ халқы үш жүз бірігіп, тізе қосқанда жауға қарсы тұра алатындығын түсінді.

Әбілқайыр ханның 1731 жылы Ресей билігін мойындауы –Қазақстан тарихындағы елеулі оқиға болды. Патшалық Ресей қазақ жерінде отарлау саясатын кеңінен жүргізе бастады. Ұлт зиялылары әкімшіл әміршіл жүйенің құрбаны болды. Қазақ халқы небір ауыр кезеңдерді бастан кешті.

Тәуелсіздікті жақындата түскен желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы зор болды. Намысшыл қазақ жастары 1986 жылы алаңға жиналып, ерлік пен өрліктің үлгісін көрсетті. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Орталық билік пен КСРО әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі саясатының нәтижесі болды.

Желтоқсан оқиғасына ушығып отырған жағдайды шиеленістірген 16 желтоқсандағы Қазақстан Компартиясының V пленумының шешімі түрткі болған еді. Мәскеуде отырған жоғарыдағылардың шешімімен Д.А.Қонаев республика Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына бұрын Ульянов облыстық партия комитетінің Бірінші хатшысы болған Г.В.Кольбин «бірауыздан» сайланды. Республика басшылығына Қазақстан халқының пікірімен санаспай, өлкенің жер жағдайын білмейтін, оның өзіндік ерекшеліктерінен бейхабар адамды әміршіл әдіспен отырғызуы бұқараның наразылығын туғызды. Наразылықтың көш басында жастар, студенттер, жұмысшылар тұрып, Желтоқсан оқиғасының қозғаушы күші болды.

1986 жылғы 17 желтоқсандағы Алматы қаласының студенттері мен жұмысшыларының қарсылығы түрі жағынан ұлттық болғанымен, ұлтшылдық сипатта емес еді. Жастардың ұрандарының бірі «Тіліміз жоғалмасын, жеріміз тоналмасын!» болатын. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды.

Демонстранттарды қуып таратудың арнайы жоспары «Құйын -1986» деп аталды. Шешімді Орталықтың мақұлдауымен жергілікті басшылық қабылдады. Осы сәттен бастап Алматыда жаппай тәртіпсіздік басталды. Қаруланған солдаттар жастарды аяусыз ұрып соғып, зорлық зомбылық жасады.

М.Шаханов комиссиясының қорытындысы бойынша сол күндері 8500 адам қамауға алынған. 1720 адам жарақат алып, 110 адам сотталған. Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағұл Әбдіқұлов, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т.б. қазақтың жігіттері мен қыздарының қаза табуы Желтоқсан оқиғасының қайғылы көрінісі болды.

1991 жылдың 12 желтоқсанында Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Жарлық шығарды. Жарлыққа сәйкес қылмыстық және әкімшілік және тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғандар ақталды. Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылдың 9 желтоқсанында еліміздің ең жоғары наградасы «Халық хаһарманы» атағы берілді.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл әлемге жария еткен бірден- бір маңызды тарихи құжат болып табылады.

1991 жылы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлауда Қазақстанның Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Н.Назарбаевтың «бірінші-экономика, содан соң - саясат» қағидасы өтпелі кезеңдегі қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік берді.

2019 жылы 19 наурызда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған үндеуінде Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөніндегі шешімін жариялады.

2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс сайлаудың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 жылға Мемлекет басшысы лауазымына тағайындалды.

Бүгінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде елімізде талай оң өзгерістер болды. Еліміз экономикасы шарықтап дамыған, өзге шет мемлекеттермен теңесе алатын дәрежеге жетті. Қазақстанды әлем таныды. Жастарға шет елдерге барып білім алуына да жағдай жасалынды.

Тәуелсіздік үшін күрескен ата-бабаларымыздың, жанын пида еткен асыл азаматтарымыздың арманы шындыққа айналды. Тәуелсіздік- елдігіміздің, тұтастығымыздың белгісі. Олай болса, тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпақ қамы үшін аянбай еңбек етіп, еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қосайық дегім келеді.

Жанар Серікқызы Мукашева

44 ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы, Меркі ауданы







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ