Материалдар / «Таза ауа жасасын» спорттық кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Таза ауа жасасын» спорттық кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың денелерін шынықтыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Ептілікке, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2018
784
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Раушан» балалар бақшасы




«Таза ауа жасасын!»

( Спорттық кеш)




Дене нұсқаушысы: Жамирова А.



2017 жыл







Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: «Таза ауа жасасын» спорттық кеш

Мақсаты: Балалардың денелерін шынықтыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Ептілікке, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Өтілетін алаң: Таза ауада

Қолданылатын құралдар: кедергілер, 2 қапшық, 2 доп, 2 доға , арқан.



Оқу қызметінің барысы.

Балаларды жалпы сапқа тұрғызу, түзелу, амандасу. Оңға бұрылып бір қатармен жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен денені тік ұстап жүру. Баяу қарқында жүгіру.


2 топқа бөліну. «Қыран» тобы ( Таңшолпан)тобы

«Салауат» тобы, (Көгершін)тобы

Таныстыру:

І-топ «Көгершін» тобы.

Ұраны: Жас қырандар балапан

Жайып қанат ұмтылған.


ІІ- топ «Таңшолпан» тобы.

Ұраны: Ұшқан құстай ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз.

Жарысуға ортаға,

Келіп тұрған мықтымыз.



Ал сайыскер балалар

Ешкімнің жоқ алалар,

«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік,

Оны әділқазы бағалар – деп әділқазыларды сайлап алайық.


Бүгінгі біздің сайысымыз 6-бөлімнен тұрады.

  1. «Кім жылдам?» ойыны

  2. «Кім шапшаң?» ойыны

  3. «Жылдам жүгір» ойыны

  4. «Жыланша жүр» ойыны.

  5. «Арқан тарту» ойыны.




Ойынның барысы:


  1. «Кім жылдам?» ойыны.

Ойын шарты: кедергілердің арасымен қапшық киіп қос аяқпен секіру

  1. «Кім шапшаң?» ойыны.

Ойын шарты: Доппен секіру.

  1. «Жылдам жүгір» ойыны.

Ойын шарты: доғаның астынан еңбектеп өту.

  1. «Жыланша жүр» ойыны.

Ойын шарты: Кедергілер арасынан топпен бірге жыланша жүріп өту.

  1. «Арқан тарту» ойыны.

Ойын шарты: арқан жібін тарту арқылы мәре сызығынан асыру.


Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген

Сайысқа баға беріңіз!


Қорытынды: Балаларды мадақтап, диплом беру.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!