ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Қызайбекова.К.Н
«Ю.Гагарин атындағы ора мектебі»комуналдық мемлекеттік
мекемесінің технология пәнінің мұғалімі
Алматы облысы,Ақсу ауданы, Суықсай
ауылы
Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты
міндеті-ұлтық және жалпы адамзатық құндылықтар,ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағыталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;оқытудың
жаңа технологияларын енгізу,білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделеді.Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының,
әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен қайта
құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа
қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.
Білім
беру жүйесі ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,қашықтықтан
оқыту,дара тұлғаға бағытап оқыту мақсатарын жүзеге асыра отырып,
оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын
жоғарлатуды көздейді.
Білім
берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнын жаңартумен қатар,оқытудың
әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін
артыруда талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда
ақпараттық-комуникативтік технологияларды қолдану әдісі зор рөл
атқарады. Бұл технологиялар сабақтың тиімділігін, оқушылардың
белсенділігін жоғарлататын технологиялардың бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда , мектеп пәндерін компьтер көмегімен оқыту
нәтижелігін жақсарту проблемасын қарастыру ең басты орын
алады.
Қазіргі
уақытта ақпараттандыруы процесінің әсерінен жаңа қоғамдық
құрылым-ақпараттық қоғам қалыптасты.Осыған орай бүгінгі қоғам
өзінің ақпараттық технологиялар деңгейінің жоғарғы өндірісті
ақпаратты ресурстармен және қолжетімді мүмкіндіктермен қамтамасыз
ете алумен, ақпараттық іс-әрекеттер сферасының кеңеюімен
ерекшелекнеді.
Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі
маңызды мәселелердің бірі.
Қазіргі
кезде жалпы білім беретін орта мектептерде ақпараттық білімді
қалыптастыруда мұғалім оқушыларды адамгершілікке , ізгіліктілік
қасиетке және компьютерлік техникада ұқыпты қарауға тәрбиелей
отырып, ақпараттық қоғам идеяларын насихаттайды.
Ақпараттық білім беру төмендегідей біліктіліктере сүйенеді:
ақпараттық категориялар мен көрсеткіштерді пайдалана білу;
сондай-ақ оқуда және өз қызметтеріне компьютерлік техниканы еркін
пайдалана білуге үйрету; ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін
игеру; өзіндік оқу мен өзіндік іс-әрекеттің қалыптасуна әсерін
бағалай білу; практикалық іс-әрекеттерге байланысты түрлі
мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін таба білу.
Ақпараттық білімді қалыптастыру мынадай мәселелерге:
тәрбиенің мақсатына, болашақтағы және ақпараттық қоғамның саясаты
мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
жүйесіне; мектептің, орта және бастауыш кәсіптік білім беру
мекемелерінің материалдық-техникалық базасына; оқушылардың жас
ерекшіліктеріне; оқушылардың кәсаіби деңгейін анықтай білу
қабілеттеріне; педагогтардың информатикадан білім деңгейлеріне және
шеберліктеріне , тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағыты мен өзара
байланысына тәуелді.
Қазіргі
кезде әлемде ақпарат және ақпараттық технологияның маңызы ерекше.
Біз теледидар көргенде, газет, журнал, кітап оқығанда, радио
тыңдағанда әртүрлі ақпараттар жинаймыз. Осыдан «ақпарат» дегеніміз-
қандай да бір жаңалық, хабар, сондай-ақ болып жатқан оқиғаларға
шолу екенін білеміз.
Әрбір
адам ақпараттық технологияны жақсы білуі және өз іс-әрекетіне
пайдалана алуы керек. Компьютер-ақпаратты процестерді таратуда
қолданылатын ең негізгі құрал. . Компьютер ақпараттарды автоматты
өңдеуге арналған аппараттық кешеннен және бағдарламадан
тұрады.
Компьютер
технологиялық процестерді басқаруға көмектеседі.,жобалау жүйесіне
қолданылады. Компьютердің көмегімен ақпаратты жеткізу,құжатты
дайындау,өңдеу,қолдану,көбейту,сақтау процестері және электрондық
пошта
тамен
жұмыс ыңғайлы және сенімді тәсіл. . Компьютер көптен бері
өндірістің кез-келген саласында қолданылып келеді. Оның ішінде
тігін өндірісінде де бар. Киім дайындау үшін жобасын сызу, көптеген
техникалық операцияларды орындау, бұйымды өңдеу сияқты көптеген
сатылар автоматтандырылған.
Компьютерде сән журналынан киім моделін таңдап ,өлшемдерін
енгізіп (ұзындық,кеуде,бел және мықын айналымы және т.б)басуға
жіберуге болады.
Сонымен
бірге компьютерден маталар, маериалдар,бөлшектерді және
өңіржиектерді өңдеудің әр түрлі тәсілдері туралы ақпарат
аламыз.
Электрондық анықтамалықтардан сән журналындағы немесе
кітаптағы ақпараттық технологияларды ақпаратқа қарағанда әлдеқайда
көп мағлұмат алуға болады. Сол сияқты компьютор қолөнер саласынада
көмектеседі,әсіресе кестелеуде Компьютердің көмегімен сурет
салуға,оны редакциялауға түстер гаммасын таңдауға болады. Кестелеу
кезінде жіптің түстер үйлесімділігі сақталмаса, күткен нәтижеге
жете алмаймыз,кесте әсерлі болып шықпайды.
Сәндік-қолданбалы қолөнер сабақтарында ақпараттық
технологияларды қолдану-проблемалық және зертеу әдістерін,жаңа
оқыту технология-ларын,оқыту формаларын,оқыту ойындарын автоматты
оқыту жүйесіне енгізу арқылы бағдарлама бөлімдерін сапалы жүзеге
асырады және оқыту процесінің тиімділігін артырады.Сабақ барысында
ақпараттық технологияларды қолдану оқытушының уақытын үнемдейді,
оқу материалының көлемі және деңгейін шығармашылық
жоспарлауға,оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру формасының бір
түрінен басқа түріне ауысуына , барлық оқыту жүйелерін оңтайлы
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Оқыту ақпаратарын отандық және
әлемдік деңгейде түсіну білім алушының ақпараттық технологиялар
маңызы жете түсінуге жақындатады,білім беру кеңістік аймағын
кеңейтеді,өз әрекетеріне талдау жасауды
қалыптастырады.
Мектебімізде халқымыздың ұлтық салт-дәстүрі мен
әдеп-ғүрпына,қол өнеріне, оны оқып үйренуге жандандырып,дамыту
жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Оның ішінде ұрпаққа деген өсиетін
таңғажайып қолөнер туындыларымен жеткізе білген бабаларымыздан
мирас болып келе жатқан ұлттық сәндік-қолданбалы қол өнердің
бірі-бұйым түрлерін оюлап,өрнектеп безендіру өнерінің орны
ерекше.Халқымыздың ғасырлар талқысынан сүрінбей өткен асыл
қазынасы-ұлтық бұйымдарды,ою-өрнектерді технология пәні арқылы
оқыту өз нәтижесін беруде.Үйірме-зертеу жұмыстарында оқушыларымыз
жақсы нәтижелерді көрсете білді.Оқушылар арасында мектеп ішілік
және аудан көлемінде ұйымдастырылған «Сәндік –қолданбалы қол өнер»
көрмелеріне ұлттық нақышта жасалған бұйымдарын көрсетті.Мысалы
:
Киізден
жасалған бұйымдар: сырмақ,түпкиіз,аяқ қап,кесе қап. Су моншақтан
жасалған кәде сыилықтар,құрақ көрпешелер,кесте ,тоқыма
бұйымдары.
7-9
сыныптарда жүргізілген «Қазақ халқының қолданбалы өнері», «Ұлттық
бас киімдерді сәндік нақыштарда безендіру» және т.б сабақтар,
оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, ою-өрнектік шығу
тарихымен түрлерін ажырата білуге, бұйымды ұқыпты, сәнді тігуге
қызығушылықтарын артыра отырып ерекшелікпен орындалды. Мұндай
сабақтар оқушылардың ой-өрісістерін, шеберліктерін икемділіктерін,
шығармашылық қабілетін дамытады. Заман талабына сай оқу үрдісінде
компьютерлік технологияны енгізу,оны кең көлемде қолдануды қажет
етеді
.Оқу-тәрбие үрдісіндісінде ақпараттық технологияны
қолдана отырып 8-сыныпта өтілген «Мерекелік дастархан жасау»
сабағында оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыра
отырып, қонақ күту рәсімін түсіндіру, білімдерін кеңейту
мақсатында, ұлттық салт-дәстүрлері бойынша презентация көрсетіліп,
топтық тапсырмалар беріліп, тест сұрақтарына жауаптар алынып,
сарамандық жұмыстар жүргізілді.
Сабақтан
тыс үйірме жұмыстары оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, бұйымды
эстетикалық талғамға сай орындауға үйретеді , Шеберлік
икемділік,ақыл-ой жемісі, ол жеке тұлғаның бойында біліммен
ептілік,қызығушылдық қабілетерінің нәтижесі.Оқушыны ғылым жолына
жетелеудің алғашқы баспалдағы-ғылыми-зертеу
жұмыстары.
Ғылыми-зертеу жұмыстары оқушыларды ізденушіліке баулу, оған
зертеу дағдысы мен білігін игеру жолындағы бүгінгі білім беру
саласының маңызды міндеті болып саналады.Мұғалім оқушының
қабілетін, ынтасын,қызығушылығын анықтап алып, қабілетті оқушының
зертеу жұмысын жүргізуіне бағдар береді.
«Ши тоқу
өнерінің тұрмыстағы қажеттілігі, оны жаңаша өзгерту жолдары»,
«Қзақтың қара сабыны және оның жасалу жолдары» тақырыптарында
жазылған оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары алға қойған
мақсаттарына жете отырып, жан-жақты зерттеп, пәнаралық байланыста
іске асырып, қортынды ой айтуға, шешім қабылдауға үйренеді және бұл
жұмыстары белгілі бір нәтижеге жетіп, жинаққа енді. Оқушыларды
ғылыми жоба жұмыстары ізденуге талпындырып, қоршаған орта, қоғамға
деген көзқарасын қалыптастырып, олардың табиғи қабілеттерін
дамытуға жол ашты.
Ұстаз үшін нәтижеге жету
шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және
алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала –
ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын
жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және
ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана
алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім
болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету,
бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа,
жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен
бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор
міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Осындай
сапалы білім алған, танымдылығы жоғары бәсекелестіктің қайсібір
мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана ақпараттанған
болашақтың кілтін ашады.Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы
білімді, жігерлі,ұлттық моделін жетілдіретін,ақпараттық терең
меңгерген біздердің мұғалімдерінің қолында! Басқа білім беру
технологияларымен қатар ақпараттық технологияны тиімді
пайдаланғанда ғана оқушылардың деңгейі дамуы
сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Технология пәнін оқыту
әдістемесі. К.Өстеміров.
-
«Қазақстан мектебі» журналы,
2009 №4; 2010№10
-
Технология оқулығы.
Е.В.Ермилова; И.А.Товченок.
-
«Мектептегітехнология
.Технология в школе» журналы. 2011 №2
-
«Білім» ғылыми-педагогикалық
журнал 2010.№2