Материалдар / «Технология сабағында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту әдісінің тиімділігі» (Эссе)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Технология сабағында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту әдісінің тиімділігі» (Эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарында әр ұстаз қолданса, білім сапасы артып қана қоймай,педагогикалық қызмет барысында оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасының түпкілікті өзгеруіне сенімін мол дегім келеді. «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық менгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте ынғайлы. Бұл технологияны пайдалану және тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады. Қорыта келгенде қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесін жасақтау және білімнің мазмұны мен әдіс –тәсілдерін жаңғырту бәсекеге қабілетті, шығармашылық бағытта еңбектенетін, әрі өзіндік ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
375
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Технология сабағында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту

әдісінің тиімділігі»


«Юрий Гагарин атындағы орта мектебі,» коммуналдық мемлекеттік мекемесі технология пәнінің мұғалімі Қызайбекова Гүлсара Наушанқызы.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында « Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үдерісіне қазіргі заманға әдістемелер мен технологияларды енгізу» қажеттілігі айтылған.

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай Қазақстан Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұруы және еліміздің болашағымен қазіргікезеңі үшін білімді зерделі, өз бетімен іс-әрекет ете алатын қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұзтаздардың міндеті.

Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке ,іскерлікке баулу, әсіресе ,қазіргі кезде ауадай қажет. Сондықтан «Технология» бөлімінің арнайы тарауларын оқыту, сабақта жаңа технология -лар мен әдістерді қолдану, оқушылардың өз бетімен ізденуіне және шығармашылык дамытуда,іскерлігін икемдағдыларын қалыптастыруда,, қазіргі экономикалық жағдайға үйренуін қамтамасыз етеді.

Ұстаздық қызмет үздіксіз ізденісті, уақыт ағымымен бірге дамуды талап етеді. Осы орайда, іс-тәжірибемде «Сын тұрғыдан ойлау технологиясын» сабақта үнемі қолданып келемін. Себебі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қабілетін анықтауда, оларды кұшейтуде және білім беру сапасымен тиімділігін артыруда ерекше маңызды болып табылады

Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты –Барлық жастағы білім алушыларды, кез келген мазмұн, түсінікке сын тұрғыдан қарауға, ең керекті пікірді немесе ұйғарымды таңдауға ,осы арқылы шешім қабылдалуға үйретеді. Яғни бағдарлама оқушылардың білім деңгейін көтеруді, оларды шығармашылыққа баулуды және өз ойларын еркін айтуға жетелеуді көздейді. Басты назар аударатын жайт, оқушыларды ұсынылған тақырыпты сын тұрғыдан ойлауға үйрету ,бұл біржақты сынауға емес,терең талдауға негізделе отырып, жан-жақы ойлауға,өзіндік көз қарасын қалыптастыруға бағытталған әдістеме болып табылады.Ең негізгісі ,дара,топтау немесе білім деңгейін көтеру тәсілдері мұқият сұрыпталып барып қолданылса, бұл стратегиялардың білім беру сапасын арттыруға қосар үлесі зор.

Жалпы, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлау» бағдарламасы ұстаз бен оқушыны жаңа ізденістерге жетелейтін,шығармашылық шабыт беретін және болашағынан үлкен үміт күттіретін бағыт болып саналады. Бағдарламаны жүзеге асырудың әдістемелік жолдары:

  • Тақырыпқа байланысты ойын дамытуға,ойға қозғау салуға көмектесетін мысалдар.

  • Мақсат қойып үйрету қажеттілігін ұғу.

  • Қызу пікір алмастыра білуге дағдыландыру.

  • Өзінің және өзгенің пікірін, жұмысынбағалай білуге үйрету.

  • Өз пікірін орынды жерде айта білуге және жұмысын дәлелдеуге ұмтылу.

  • Сұрақты нақты қоя білуге дағдыландыру .

Аталған әдістер дұрыс орындалған жағдайда,біршама оң көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғыдан ойлау» бағдарламасының басты мұраты-жеке тұлғаның шығармашылық дамуына жол ашу.

Сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігі :

  • Оқушыларға өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасау;

  • Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану;

  • Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік;

  • Жеке қабілеті мен өз бетімен жұмыс істеуі;

  • Мұғалім мен оқушы арасындағы ізгілік қарым-қатынастың орнауы;

Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, түрлі әдіс –тәсілдерін іздестіруде жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы зор демекпін. Технология сабағында «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып,оқушының танымдық белсенділігін жетілдіру» тақырыбында өткізген әдістемелік сабағымды топтық жұмысқа негіздедім. Сабақ барысында оқушыларға мақал-мәтелдің алғашқы жолы жасырылғаннан кейін, кейінгі жолдарын өздері табуы керек болды. Әрі сұрақ- жауап арқылы сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамытуға бағытталды. Оқушыларға өздерін еркін сезінуге мүмкіндік туғызу, жұмыс жасау барысында субьектілік қарым-қатынас орнатып, ізденістеріне жол ашу, жөн сілтеу,шығармашылықпен жұмыс жасауына көмек көрсету, сол арқылы бойындағы өзіндік құндылықтарды бағалай білуге үйрету жолға қойылды. 
«Сын тұрғысынан ойлау» – мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болатындықтан, оқушылардың шығармашығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай , барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз.
Бұл технологияны сабақта үнемі қолдану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім


Қызығушылықты ояту

Мағананы ажырату

Ой толғаныс

-Сабақта өзін еркін сезінеді

-Пәнге қызығушылығы артады, тез бейімделеді.

-Жаңа сабақты меңгеруге талпынады,ынталы болады.

-Танымдылық белсенділігі артады.

-Өз бетінше ізденеді.

-Ойын жеткізуге дағдыланады.

-Мәселелік жағдаяттарды шешеді.білімін кеңейтеді.

-Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

-Талдау жасауға, топтық жұмысқа үйренеді.

-Өз пікірін айтуға,дәлелдеуге үйренеді

-Ақпаратты саралап тиянақтайды

-шығармашылықпен жұмыс жасайды, пікір алмасады;

-өз еңбегін басқаның еңбегімен салыстырады


Сондай-ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде көмектессе , бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен,өз біліктілігі мен алады, іскерлік дағдылары қалыптасып,артады,

Менің алға қойған мақсатым-оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы оның алған білімі мен тәрбиесі болашақта қажетіне жарап, шығармашыл жеке тұлға қалыптасуына үлес қосу. 

Сөзім дәлелді болу үшін биылғы оқу жылында 7 сыныпта «Ұлттық ою-өрнектер» атты тақырыбында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен өткен ашық сабаққа қысқаша талдау жасап өтейін.
Қызығушылықты ояту кезінде оқушыларға ою-өрнек түрлері салынған қағаз қиықтары таратылып, сол бойынша ою түрлері 4 топқа топтастырылды. 
Ою-өрнектер деген сөзді естігенде нені елестетеміз-деген сұраққа үзбей жазу стратегиясын қолданып, оқушы жауаптары тақтаға жазылып, кластер құрылды. Кластерді талдау нәтижесінде ою-өрнектердің қолданылу аумағын білдік.

Миға шабуыл ретінде ауылымыздың мектебіміздің қай жерлерінде ою-өрнектерді көрдіндер?-деген сұраққа жауап берілді. 
Мағынаны ажырату кезенінде әр топ өз тақырыбына сай ұлттық ою-өрнек түрлеріне жасаған зерттеулерін қорғап, ортаға салып, әр ою-өрнектің астарында алуан мағыналы тарих, ақпарат жатқанын дәлелдеді.
Ой толғаныс кезенінде әр оқушы ою-өрнектердің түрлерін қағаз бетіне түсіріп, оны қиып алып, іскерлік дағдыларын қалыптастырды.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолдана отырып өткен бұл сабаққа оқушылар белсенділік таныта, қызығушылықпен, ізденімпаздылықпен қатысты,әр топтың оқушылары өздеріне бөлініп берілген ою-өрнек түрлерін зерттеп, мағынасын ашып, жоғары дәрежеде дәлелдеп бере білді. Тағы айта кететін жайт, сабаққа араласпай, қатыспай қалған оқушы болған жоқ, олардың бірі ауызша жауаптар беріп жатса, келесісі қолөнер шеберліктерін ортаға салды.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарында әр ұстаз қолданса, білім сапасы артып қана қоймай,педагогикалық қызмет барысында оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасының түпкілікті өзгеруіне сенімін мол дегім келеді. 
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық менгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте ынғайлы. Бұл технологияны пайдалану және тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.

Қорыта келгенде қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесін жасақтау және білімнің мазмұны мен әдіс –тәсілдерін жаңғырту бәсекеге қабілетті, шығармашылық бағытта еңбектенетін, әрі өзіндік ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.



Пайдаланған әдебиеттер:


1.Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауы

2 «Мектептегі технология»-журналы //2014 №8; 2009 №11

3 «Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы» //

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»

Ұ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
4. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық»// «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015

5 Райысова У. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы Бастауыш мектеп. 2004ж

6. Ғаламтор материалдары

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!