Материалдар / Технологиялық карта "Мен бес жастамын" мектепалды даярлық сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Технологиялық карта "Мен бес жастамын" мектепалды даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
0.1.3.1 Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну 0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану 0.4.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың мазмұнын сурет, сызбанұсқа, белгілер арқылы жеткізу 0.5.1.2 Сөйлеу барысында жіктік жалғауын педагогтің көмегі/үлгісі бойынша қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
1125
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

0 сынып

Тақырыбы:

Мен бес жастамын

Күні, айы: 08.11

Педагогтің аты-жөні: Айткалиева Ж.А.

Мектепалды сыныбы/тобы: 0«Б»

ҰОҚ-ға қатысқан тәрбиеленушілер саны:

ҰОҚ-ға қатыспаған тәрбиеленушілер саны:

Оқу бағдарламасына

Сәйкес оқу мақсаты

0.1.3.1 Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну

0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану

0.4.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың мазмұнын сурет, сызбанұсқа, белгілер арқылы жеткізу

0.5.1.2 Сөйлеу барысында жіктік жалғауын педагогтің көмегі/үлгісі бойынша қолдану

Күтілетін

нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

Сөйлеу барысында лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздерді қолдана алады.«Сен неше жастасың?» сұрағын түсінеді, сұраққа мұғалімнің көмегімен жауап бере алады.

Тәрбиеленушілердің басым бөлігі:

Сөйлеу барысында жіктік жалғауын мұғалімнің көмегі/ үлгісі бойынша қолдана алады. Тақырыпқа қатысты сөйлеу/сөйлесу үлгісін түсінеді, сол үлгі бойынша сөйлесе алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

ҰОҚ-да үйренген сөйлесу үлгілерін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады, өз пікірін білдіре алады.

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

ҰОҚ басы


(ПК) Тәрбиеленушілердің ҰОҚ-ға дайындығын тексеру. ҰОҚ басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. ҰОҚ мақсатымен таныстыру.


ҰОҚ ортасы


(ПК,Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырмада педагог тәрбиеленушілердің назарын суреттегі екінші баланың қолындағы шарға аударады. Баланың қолында неше шар бар екенін сұрау арқылы сандарды қайталатады, ал түсін сұрау арқылы түстерді еске түсіреді. Осыдан кейін балалардың назарын тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Тәрбиеленушілерді өзінің жасын айта алуға байланысты сөйлесу үлгісімен таныстырады, берілген үлгіні тыңдату, қайталату жұмыстары жүргізіледі. Алғашқыда балалар педагогтің сұрағына жауап бере алуды үйренеді. Содан кейін ғана диалогті балалар арасында жүргізуге болады. ҰОҚ-дағы ең басты мақсат – балалардың берілген сұраққа жауап бере алуы. (ПК, Ұ) 2-тапсырмада педагог балаларға келесі тапсырмада үйренетін жаңылтпашқа дайындық жұмысын жүргізеді. Балаларға сурет бойынша көп сөзі түсіндіріледі. Тапсырмада берілген үлгі бойынша доптың орнына текше, алма, қарындаш, кітап, қалам сөздерін қолдануға болады. (ПК,Ұ) 3-тапсырмада педагог балаларды жаңылтпашпен таныстырады, мазмұнын түсіндіреді. Ол үшін жаңылтпаш мазмұнына сәйкес төрт суретті (шарлардың суреті) пайдалануға болады. Суреттер бойынша жаңылтпашты тыңдату, қайталату жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін педагог балаларға төрт шардың суретін бастырып шығуды тапсырады, сол арқылы сандарды қайталатады, ал шарларды жаңылтпашта айтылған түстерге бояту арқылы түстер қайталанады. Балалар өздерінің қалауы бойынша екі шарды көк түске бояйды (екі шарды боямайды), содан кейін шарлардың түсін айтады. Мысалы: көк шар, ақ шар, көк шар, ақ шар. (Ұ) 4-тапсырмада балалар негізгі диалогті тағы бір қайталайды, педагогтіңсұрағына әр бала жауап береді.Содан кейін суретте берілген орынға өзініңжасына сәйкес шардың суретін салады.Мәселен, алты жастаболса, алты шардың суретін салуы керек. Содан кейін оларды боятуарқылы түстерді қайталатуға болады.

(Ұ) 5-тапсырмада балалар бір, екі, ақ, көк, көп,төрт сөздерін тыңдайды, қайталайды. Қазақтіліне тән і, ө, қ дыбыстарын қайталайды.

(Ө) Лексикалық тақырыпқа сәйкесүлестірмелі материалды (ҮМ:№6 кесте)қолдану арқылы өткен материал бекітіледі,балалардың өз бетінше жұмыс істеу және қолқимылы дағдылары қалыптастырылады.

Әліппе-

дәптер.

Аудиодиск:

3.3.1

3.3.2

3.3.3




























Аудиодиск:

3.3.5








ҮМ: №6

кесте.

ҰОҚ соңы


(Қ) ҰОҚ-ны қорытындылау мақсатында педагог балалармен кері байланыс орнатады. Тәрбиеленушілер ҰОҚ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!