Материалдар / Технологиялық карта "Менің отбасым" мектепалды даярлық сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Технологиялық карта "Менің отбасым" мектепалды даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
0.1.3.1 Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну 0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану 0.3.1.1 Ақпаратты сурет, иллюстрациядан табу және сәйкестендіру 0.4.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың мазмұнын сурет, сызбанұсқа, белгілер арқылы жеткізу 0.5.1.2 Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын педагогтің көмегі/үлгісі бойынша қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
1082
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

0 сынып

Тақырыбы:

Менің отбасым

Күні, айы: 07.11қ

Педагогтің аты-жөні: Айткалиева Ж.А.

Мектепалды сыныбы/тобы: 0«Б»

ҰОҚ-ға қатысқан тәрбиеленушілер саны:

ҰОҚ-ға қатыспаған тәрбиеленушілер саны:

Оқу бағдарламасына

Сәйкес оқу мақсаты

0.1.3.1 Лексикалық тақырыптар бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсіну

0.2.1.1 Лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану

0.3.1.1 Ақпаратты сурет, иллюстрациядан табу және сәйкестендіру

0.4.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың мазмұнын сурет, сызбанұсқа, белгілер арқылы жеткізу

0.5.1.2 Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын педагогтің көмегі/үлгісі бойынша қолдану

Күтілетін

нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

Лексикалық тақырып бойынша жиі қайталанатын сөздердің мағынасын түсінеді, мұғалімнің көмегімен отбасы мүшелерін атай алады. Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын мұғалімнің көмегі/үлгісі бойынша қолдана алады.

Тәрбиеленушілердің басым бөлігі:

Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың мазмұнын сурет, сызбанұсқа, белгілер арқылы жеткізе алады. Тақырыпқа қатысты сөйлеу/сөйлесу үлгісін түсінеді,

сол үлгі бойынша сөйлесе алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

ҰОҚ-да үйренген сөйлесу үлгілерін өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады, өз пікірін білдіре алады.

ҰОҚ барысы

ҰОҚ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

ҰОҚ басы


(ПК) Тәрбиеленушілердің ҰОҚ-ға дайындығын тексеру. ҰОҚ басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. ҰОҚ мақсатымен таныстыру.


ҰОҚ ортасы


(ПК,Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырмадағы сурет бойынша педагогтәрбиеленушілерге отбасы мүшелері атауларынқайталатады. Балалар педагогтің

көмегімен өткен сабақтағы сөздерқатарын еске түсіреді. Содан кейін педагог тәрбиеленушілерге менің отбасым, менің атам, менің анам сияқты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді. Яғни менің деген сөз қолданылғанда, ата сөзін атам, ана сөзін анам т.с.с. өзгерту керек екені түсіндіріледі,

оларды тыңдату, қайталату жұмыстары жүргізіледі. Балаларға ата – менің атам, әже – менің әжем, ана – менің анам, әке – менің әкем сияқты үлгіде айтқызу арқылы

жаттықтыруға болады. Сондай-ақ осы тапсырмада педагог

балалардың назарын тағы бір рет қарындас, сіңлі сөздерінің айырмашылығына аударады. (ПК,Ұ) 2-тапсырмада балалар

жаңа тіркестерді тыңдайды да, суретімен сәйкестендіреді. Бұл арқылы балалар өздерінің тыңдаған ақпаратты түсінгендерін көрсетеді. (ПК,Ұ) 3-тапсырмада отбасы

мүшелері атаулары қайталанады. Бұл тапсырмада сыныптағы балалар суреттегі баланың берілген үлгі бойынша қалай жауап беретінін айтулары керек. Яғни суреттегі баланың жауабын толықтырып айтады. Мысалы: Бұл – менің әжем т.с.с. Сондай-ақ бұл тапсырма балалардың каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыруға да көмегін тигізеді. Балалар тапсырмада берілген сызықты жол жиегінен шықпай, сызып шығулары қажет. Шығармашылық жұмыс: отбасы мүшелері атауларын балалардың әкелген суреттері бойынша қайталатуға болады немесе әр балаға өз отбасының суретін салдыруға болады. Мұндай тапсырманы жасату үшін, балаларға алдын ала

дайындалған сурет үлгілерін көрсету керек. Себебі кейбір балалар сурет сала алмайтындарын алға тартады. Балаларға басты мақсат отбасы мүшелерін ұқсатып салу емес, олардың санын көрсетуде екенін түсіндіру керек. Содан кейін әр бала өз суреті бойынша отбасы туралы айта алады. Мысалы: Бұл –менің анам. Балалардың жұмысын педагог сақтап қойып, кейінгі сабақтарда пайдалана алады. Әр сабақ сайын сыныптағы бір баланың (соның өзі жеткілікті) суреті бойын-

ша отбасы мүшелері атауларын қайталатып отыруға болады. Келесі ҰОҚ-да басқа балаға айтқызу арқылы жұмыс жүргізуге болады.__

Әліппе-

дәптер.

Аудиодиск:

3.2.1

3.2.2

ҰОҚ соңы


(Қ) ҰОҚ-ны қорытындылау мақсатында педагог балалармен кері байланыс орнатады. Тәрбиеленушілер ҰОҚ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!